жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ата аналар жиналысы хаттама
Ата-аналар жиналысының хаттамасы № 3
2018-2019
оқу жылының 2019
жылдың_19
қаңтар күні, ағылшын тілін тереңдетіп
оқытатын техникалық гимназияның 2 «б»
сыныбында өтті.
Жиналысқа қатысуға
тиісті: ...23...
Қатысқаны
–
Қатыспағаны –
Себептісі –
Сынып жетекшісі: Алтынбаева
Э.Ж.
Тақырыбы
«Кітап
- ұстаз,ақылшы дос»
Мақсаты:
1.
Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен
қарауға шақыру.
2. Баланың бүгінгі
істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде
қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап
өту.
Күн
тәртібінде
1.Баяндама «Кітап
- ұстаз,ақылшы дос»
2.
Екінші оқу тоқсанының қорытындысы
3.Ағымдағы
мәселелер.
Тыңдалды:
1.Мәселе
Баяндама
«Кітап
- ұстаз,ақылшы дос»
Нақыл
сөздер:
Білім
бұлағы кітапты сүйіңіздер!
Горький.
Өсіп келе жатқан балаға кітаптың берері мол. Оның ой-өрісін дамытуда. сөз байлығын көбейтуде, сонымен қатар еңбекқорлыққа және адамгершілікке әсемдікті түсіне ,сүйе білуге үйретуде, экологиялық білім беруде де орны бөлек ұстаз кітап болып табылады.
Жас кезінен кітап оқуды серік етіп оқығанының дұрыс немесе бұрыстығын өзі ұғып сараптай білуге, оны өзгеге де дәлелді түрде жеткізе білуге үйренудің алғашқы сатысын мектеп қалайды.
Балалар өте әсершіл. Алған әсерлерін көпке дейін ұмыта алмай әңгімелеп жүреді және жағымсыз кейіпкерлердің қылықтарына шын көңілмен реніш білдіріп отыратынын өздеріңіз де білесіздер ғой. Олар еліктегіш те.Кітаптан жақсылықтың үнемі жеңіске жетіп, жамандықтан басым түсіп,т салтанат құратынын ұғып, өздері де жаман қылық көрсетуден аулақ болады деп ойлаймын. Балаларға арналған кітаптардың түрлі-түсті болып келуі және мазмұнды да , әсем безендірілген суреттерге толы болуы да кітапқұмарлықты оятады.
2-мәселе
бойынша екінші оқу тоқсанының
қорытындысы
Екінші
оқу тоқсанының қорытындысы бойынша
3-
мәселе
Оқу
бағдарламасы, оқулықтар, кітап, дәптермен
жұмыс жүргізілуі туралы айтылды.
Қаулы
:
Ата-аналар жиналысы төмендегідей
қаулы қабылдады:
1«Кітап
- ұстаз,ақылшы дос» атты
баяндама тыңдалды.
2. Екінші оқу
тоқсанының қорытындысы бойынша үлгерім
қорытындысы
басшылыққа алынсын
3. Ағымдағы
мәселелер ата-аналар тарапынан қарсылықтар
болған жоқ.
Ата-аналар жиналысының
төрайымы: Едресова
Эльмира
Ата-аналар
жиналысының хатшысы: Ербосынова
Гүлнүр
Хаттама
№2
Жалпы ата-аналар саны – 23
Қатысқаны – 26
Қатыспағаны –
Себептісі
–
І.Ұйымдасыру.
Қаралған
мәселелер:
Тақырыбы:
І- тоқсан білім көрсеткіштері
Мақсаты:
1.
Ата - ананың өмірге деген көзқарасын
өзгерту.
2.
Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен
қарауға шақыру.
3. Баланың бүгінгі
істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде
қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап
өту.
Міндеті:
1.
Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі
ата - ананың жауапкершілігі.
2.
Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие
саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта
оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата
- ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Әдіс
- тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ – жауап
Күн
тәртібінде:
1.Баяндама
« Мектеп
ата-ана оқушы арасындағы байланыс»
2.Бірінші
оқу тоқсанының қорытындысы
1.
Кіріспе:
2. Жиналыс мақсатын
айту
Баяндама
«
Мектеп
ата-ана оқушы арасындағы байланыс» .
Жас
ұрпақ біздің өміріміздің тікелей
жалғастырушы ғана емес, еліміздің
тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың
өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы –
бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы
табиғи қасиеттер, адамгершілік
құндылықтары отбасында, мектепте,
әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың
бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің
бір тарауы отбасымен жұмыс десек,
отбасынан басталатын тәрбие мектеп
өмірінен жалғасын табады. Қазақтың
отбасында өмірге келген әр бала ес
біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен
ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі
мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен
мәдениеттің негіздерін білу және
олардың жан
- жақты дамуына ата - ана,
мектеп жағдай жасауы керек.
Сондықтан
сіздерге балаларыңыздың мектептен
барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім
алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып
өзін - өзі басқаратын азамат болуына ат
салысу қажет.
Бала тәрбиесі
отбасынан басталады. Мектепке келгеннен
кейін ол мінез отбасында қалыптасқан
тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің
яғни 24 сағаттың 5 сағаты мектепте, қалғаны
тәрбие ордасы, үнемі ата - ана болып қала
береді. Баланың сабаққа саналы қарап
озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен
ата - ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы,
немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем
артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы,
дұрыс жеміс бермесе қуануға бола
ма?
Топтық
тапсырма:
1-топ: Жеке тұлға деген кім?
2- топ: Жеке тұлға қалыптастыруда мұғалімнің рөлі қандай?
3- топ. Жеке тұлға қалыптастыруда ата-ананың рөлі қандай?
деген
сұрақтарға ой бөлісіп, постер құрастырады.
Тұжырымды ойларын ортаға салады.
Ендеше
психологиялық - педагогикалық тұрғыдан
берілетін төмендегі кеңеске құлақ
түріңіз:
1.
Таңертең (не түсте) сабаққа барарында
баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы
үніңіз бен күлкіңіз - ақ ұйқысын ашуы
тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып,
басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін
жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс
- керіс ұйымдастырмаңыз.
2. Егер
балаңыз сабақтан кешігетіндей болып
жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып
айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған
өзіңіз кінәлісіз.
3. Баланы сабаққа
(әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;
4.
«Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш
жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген
ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше,
оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне
тілектестік білдіріңіз;
5. Есіктен
кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?»
деп бас салып балыңызды сұрақтың астына
алмаңыз. Мектептен келген балаңызды
көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан
шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала
әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы
болса, «сені тындауға уақытым жоқ»
демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият
тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып
жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң,
ол болған жайды өзі - ақ айтады;
7.
Баланың бір қылығы үшін мұғалім
сізді шақыртып алса,
өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
2-
мәселе: Ағымдағы мәселер
а) Сабақтан себепсіз қалмау,қалған жағдайда анықтама әкелу.
ә) дене шынықтыру киімін өздерімен алып келу
б)форма міндетті түрде киеді,ақ бантик ,қара туфли , т.б
в) Мектеп мүлкін бүлдірмеу.Г) Оқу -құралдарын таза ұстау .
Д) Қауіпсіздік шарасы бойынша ата –ана тарапын жауапкершіліктерімен таныстыру
Қаулысы:
« Мектеп ата-ана оқушы арасындағы байланыс»
Ағымдағы мәселелер бойынша ата-аналар тарапынан қарсылықтар болған жоқ.
ІІ Қорытынды . Бүгінгі көтерілген мәселелер бойынша бірауыздан қабылданып , барлығы тарапынан ризашылық білдірілді.
Хатшы : Ербосынова Гүлнүр
Сынып жетекші:Алтынбаева Эльмира
«Бөбек»
тобындағы ата - ана жиналысының №1
Хаттамасы
Қатысқан
ата - аналар саны: 21
Қатыспағандар:
10
Күн
тәртібінде:
1.
2017
- 2018 жаңа оқу жылының іс - жоспарымен
танысу.
2.
Ата - аналар комитетін қайта сайлау.
3.
Балалабақша тәрбиеші Мамытова «Ұрпақ
тәрбиесі – ұлт болашағы» атты баяндама
оқылды.
4.
Әр түрлі мәселелер.
Бірінші
мәселе бойынша тәрбиеші Мамытова Кулимай
жаңа оқу жылының іс - жоспарымен таныстырып
өтті. Балалармен мектепке дейінгі білім
беру стандарты бойынша жұмыстар
атқарылатынын атап өтті.
Шешім:
2015 - 2016оқу жылының іс - жоспары
қанағаттандарылсын. Жауаптылар: Мамытова
Кулимай мен Аяпова Жұлдыз
Мерзімі:
Келесі ата - аналар жиналысына дейін
Екінші
мәселе бойынша ата - аналар комитетін
қайта сайлауға ұсыныс тастады. Ата - ана
Ақбаева Жазира сөз кезегін алып Изеева
Лаураны сайлауға ұсыныс тастады.
Мүшелері: Исламова Перизат ата - аналар
комитетінің мүшесі болып сайланды. Ата
- аналар бір ауыздан келісіп сайлады.
Шешімі:
ата - аналар комитетінің төрағасы изеева
Лаура мүшесі болып Исламова Перизат
сайлансын. Жауапты: ата - аналар комитетінің
төрамы мен мүшелері. Мерзімі: келесі
ата - ана жиналысына дейін. Үшінші мәселе
бойынша балабақша тәрбиешісі Мамытова
Кулимай «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы»
атты баяндама оқылды. Болашағымыз
балалар олардың жауапкершілігі біздің
қолымызда. Сол үшін болашағымыз туралы
ойланатын мәселе бойынша тақырып
қозғады.
Шешімі:
Баяндама бір ауыздан мақұлдансын.
Жауаптылар:
ата - аналар мен тәрбиешілері. Мерзімі:
келесі ата - аналар жиналысына дейін.
Төртінші мәселе бойынша Аяпова Жұлдыз
әр түрлі мәселерді ортаға салды Оқу
құралдарын толық әкелуін талап етті
Балалардың тазалығын, балабақшадан
себепсіз қалдырмай, кешікпей келуін,
төлемақысын уақытылы төлеуін айтып
өтті.
Шешімі:
«Бөбек» тобындағы кезекті ата - аналар
жиналысы қаралған мәселелерді бір
ауыздан мақұлдады
Жауаптылар:
барлық ата - аналар мен топ
тәрбиешілері.
Мерзімі:
келесі ата - аналар жиналысына дейін.
«Бөбек» тобының балаларының жаңа оқу
жылына толық дайындықпен қатыссын.
Дауыс
беру нәтижесі: «ия»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген