Авторы: Жуматаева Асем
Каупышевна
Қарағанды қаласы,Октябрь
ауданы,Сұрыптау бекеті.
КМҚК «Балдаурен» бөбекжай
тәрбиешісі
Ата-аналар
жиналысы
Іскерлік
ойын: «Біз балалар құқығын білеміз
бе?»
Мақсаты: Ата-аналар мен педагогтардың
бала құқықтары туралы
білімдерін
бекіту.
Міндеттері: 1. Ата-аналардың бірлескен
қызметін ұйымдастыру.
2.Педагогтар мен ата-аналар
сұрақтарына кәсіби және дұрыс
жауап беру дағдыларын
жетілдіру.
3. Коммуникативтік,диалогтік
қарым-қатынас дағдыларын
дамыту.
Материалдар: Бала құқығы бар суреттер мен
карточкалар.
Қазылар мүшелеріне арналған
фишкалар.
Іс-шара
барысы: Музыка қосылып тұрады.Тәрбиеші
өлең оқиды.
-Бақытты балалардың көзінен
асқан көз бар ма?
Балалар әр түрлі: бірі
қара,бірі сары.
Енді бірінің шашы қара,көзі
қоныр.
Біреуінің бет пішіні анасынан
аумайды.
Енді бір балалар әкесінен
аумайды.
Осы балалардың бәрі бақытты
да,олар керемет.
Біз осы балалардың бәрін
бірдей жақсы көреміз.
Біздің сүйкімді балаларға
жететін ештеңе жоқ.
Алайда,әрбір кішкентай
балалардың құқығы бар екенін барлық ересектер біле
бермейді.
Олардың кейбірін еске түсіріп
көрейік:
1.Бұл балалардың өмірінде
үнемі кездесетін құқықтары: есім алуға құқылы,дем алуға
құқылы,өзіне құрметпен қарауға құқылы,ойын ойнауға құқылы және
т.б.
2. Ең жиі бұзылатын
құқықтары: балалардың өз пікірін,өз
көзқарастарын білдіру құқығы,меншік құқығы,оңаша болу,таңдау
құқығы.
3.Әлеуметтік құбылыстарға
қызығушылығын дамытуға ықпал етуі мүмкін
құқықтары: білім алуға,тұрғын үйге және
отбасына,толық тамақтану және т.б.
Міне,ата-аналар сіздер
балалның құқығы туралы көптеген мағұлмат білдіңіздер.Бүгінгі
кездесуді конкурс түрінде өткізуді ұсынамын.Конкурсқа екі команда
қатысады.№ 1 команда / № 2 команда.
Әр конкурста қазылар алқасы
болады.Бүгінгі біздің конкурстада қазылар алқасы болады. (ол
кісілер сіздерді мынадай қызыл және сары текшелер арқылы бағалап
отырады.)
1 Конкурс: «Сіздің
құқықтарыңыз»
Әр команданың үстелінде алты
суреттер жатыр.Содан гүл құрастырып шығару керек?
(жылдамдық,шапшаңдығына назар аудару)
2. Конкурс: «Сіз қалай
ойлайсыз?»
Әр командада үстелдің үстінде
конверт бар.Сол конвертте баланың құқығы бар карточкалар бар.Сол
карточкалардың ішінен тек үшеуін ғана мына себеттерге
саласыздар.
1.Сіздер не себепті осы үш
баланың құқығын таңдадыңыздар?
2.Осы құқықтардың сіздер үшін
қандай орыны бар?
3.Конкурс: «Бала құқығы
туралы өлеңдер»
1.Әр кішкентай бала (В каждом
маленьком ребенке) -жан-жақты даму құқығы.
2.Қасқыр мен лақтар өлеңі -
(Волка и козлят) – өмір сүру құқығы.
3.Мектепте оқытады – (Учат в
школе) – білім алу құқығы.
4. Адамдарға демалыс не үшін
қажет? – (Зачем человеку коникулы?) – дем алу
құқығы.
4.Конкурс: «Баланың
құқықтарын суретпен көрсет»
Әр топ баланың құқықтарын ақ
қағазға суретін салып береді.
(Музыка қойылады,мыстан кемпір
келеді)
Солай,солай мені күтпедіңдер
ме?
Мені неге қонаққа
шақырмайсыңдар.
Сәлеметсіздер
ме,ханымдар.
Ия,бұл жерде не шу,не айғай
болып жатыр.
Мен келдім әдемі
киініп.
Шашымды
бұйралап.
Бетімді
әдемілеп,сәндеп.
Сіздер шақырады деп-көп
күттім.
Сосын міне өзім
келдім.
Жүргізуші: Мыстан кемпір,сіз ертегі
кейіпкерісіз ғой.Неге бізге сонша асығып
келдіңіз.
Мыстан
кемпір: Менің келгем себебім.Маған
құрбым баласын қарашы деп алып келгем.Ол маған көнбей қойды. Сосын
ол қашып кетті.Мен не істерімді түсінбедім.Ал,сендер білімді
тәрбиеші барлық сұрақтарға жауап береді деген соң сендерге
келдім.Мүмкін маған көмектесесіңдер?
Жүргізуші:
Әрине,көмектесеміз.Қазір біз ата-аналармен бірге
түсіндіреміз.
Анықтамалық бюро: «Іскерлік
ойыны»
Біздің микрофон
айналады.
Тез,тез,тез.
Ол кімде
қалады.
Сол сұраққа жауап
береді.
1.Балаға өлең айтуды қалай
үйретуге болады?
2.Менің балам иттер мен
мысықтардан қорқады.Не істеу керек?
3.Бес жастағы баланы
дернбезікке қалай үйрету керек?
4.Бала дәрігерге баруға
қорқады.Не істеу керек?
5.Менің балам ескертулерге мән
бермейді.Қандай кеңес бересіз?
6.Балам үнемі ойнайды,сабаққа
құлқы жоқ.Ол 5 жаста мектепке дайындалу керек.Оны қалай үйретуге
болады?
Жүргізуші: Міне, мыстан кемпір,сіз көп
мағұлмат алдыңыз ба?
Мыстан
кемпір: Сендерге рахмет көп-көп! Енді
мен Алдиярға жақсы қарайтын боламын.Сіздерге денсаулық
тілеймін.Жақсы көңіл-күй тілеймін.Жақсы сау
болыңыздар!
5. Конкурс: «Қиын
жағдаяттардың шешу жолдары»
1 –
жағдаят:
3 жастағы Адия колготкин әзер
дегенде киеді.Бұл Адия үшін қиын іс болды.Бірақ Адия колготкиын
теріс киіп алады.Адия оны байқамайды.Оны көрген анасы бірден мынау
не сұмдық- деп колготкиді шеше бастайды.Адия болса бар дауысымен
айқайлайды. «Өзім,өзім,өзім» Анасы: тыныш отыр,қырсықпа!Өзің кие
алмайсың,ал айқайлауды білесің,-дейді.
2 –
жағдаят:
4 жасар Әділ серуенде жүргенде
қалтасына ұсақ тастарды толтырып салып алады.Үйге барған соң
ойнаймын деп ойлайды.Анасы болса Әділдің қалтасындағы тастарды
көріп қалады. «Бұл не? Неге үйге қоқыс әкелесің,тез қалтанды
тазала!» Әділ: «Бұл тас,әдемі маған ұнайды мен олармен ойнаймын»
Анасы: «Дәл,қазір лақтыр!»- деп анасы талап етеді,ол тастарды
жан-жаққа лақтыра бастайды.Әділ
жылайды....
Жүргізуші: Міне,біздің конкурсымыз өз
мәресіне де жетті.Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына
беремін.
Жүргізуші: Мен сіздерге мынадай кеңес
бергім келеді: өз балаңызға мұқият болыңыздар.Балаларыңызды жақсы
көріңіздер,еркелетіңіздер.Мүнемі жақсы,жылы сөздер
айтыңыздар.Барлық бала бақытты болуға қашанда лайықты.Сол
балаларыңызды аялап,ардақтай отырып.Балаларыңыздың құқығын бұзбай
сақтаңыздар!!!