Материалдар / Ата-аналар жиналысы ".Оқушы еңбегін шынайы бағалау – жетістік" 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналар жиналысы ".Оқушы еңбегін шынайы бағалау – жетістік" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналар жиналысын тақырыптық мақсатта өткізуге арналағн. Тренинг мақсатында жоспарланған жиналыста ата-аналар жаңартылған білім мазмұнында білім беру үрдісімен танысады. Жиынтық бағалау мен қалыптасырушы бағалау негізінде ақпарат алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2019
4667
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата-аналар жиналысы

Сынып: 8 «Ғ». Сынып жетекші: Толеубаева С.Ж.

ІІІ тоқсан

2018-2019 оқу жылы


Тақырыбы

Оқушы еңбегін шынайы бағалау – жетістік

Сабақ мақсаттары

Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды.

Бағалау критерийлері

Сұраққа жауап береді, жауаптарын дәлелдейді.

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтасты орната білу

АКТ қолдану дағдылары

дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, А-4 қағаз, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериал., постер, кері байланыс парағы т.б

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Шаттық шеңбері» әдісі. «Жақсы тілек- жылы жүрек» ата-аналар топқа тұрып, бір-біріне жылы тілектерін айтады.

Қане, қане, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ үлкен шеңберге,

Алақанды ұрайық!

Түрлі-түсті жүрек суреттердің артындағы сөздер арқылы топқа бірігеді.

1-топ «Жарайсың»

2-топ «Жақсы»

3-топ «Жеткілікті»

Жұмыс ережесімен таныстыру

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!






Ата-аналарды топтарға бөлуге арналған суреттер.




Сабақтың ортасы

3 мин



5 мин











15 мин

Ойқозғау. Бейнетаспа


І-белсенді оқу тапсырмалары (жеке, жұпта, топта)

«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі арқылы жазған мәтіндерін алдымен жұпта талқылайды, топта ең үздігін анықтайды.


Дескриптор:

  • Бейнетапса мазмұнына сай мәтін құрастырады,

  • Мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.

  • Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.


Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау. Қызыл түс пен сары түсті көтергендер не үшін көтергендерін түсіндіріп, ұсыныс, ескертулерін айтады.



ІІ-белсенді оқу тапсырмалары (топта)

«Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдісі

Интербелсенді тақтада берілген есепті топта орындайды. Әр топ жұмысын тақтаға шығып, бір спикер қорғайды.


Есеп:

Есепті әртүрлі тәсілмен шығарыңыз. Сізге сыйлықтары бар қапшықтар дайындау керектігін көз алдыңызға елестетіңіз.

а) Сізде 24 шоколад пен 30 мұзкәмпит бар. Барлық кәмпитті теңдей бөліп 6 қорапқа салу керек. Әр қорапқа неше кәмпиттен саласыз?

ә) Шешуі осындай болатын есеп ойластырыңыз. Шешуін төмендегі тәсілдердің бірімен жазып, өрнек құрастырыңыз.

( + ) : □ немесе □ : □ + □ : □.

Дескриптор:

  • Есептің қысқаша шартын құра алады

  • Есептің шарты бойынша сандық өрнек жазады

  • Өрнектің мәнін табады




ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.



Тапсырманы орындағандарды мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.










Тапсырманы орындағандарды мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Сабақтың соңы

10 мин








































5 мин














5 мин

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану.

Жеке жұмыс.

Әдебиеттік оқу пәнінен жиынтық бағалау тапсырмаларын орындайды. Берілген бағалау бойынша бір-бірін бағалайды.

1-тапсырма. тыңдалым мен айтылым.

Бірде Болаттың үйіне ағасының жолдасы келді. Ол бас киімін үстелдің үстіне қойып жатып:

Бүгін бір күнімді босқа жоғалттым, - деді. Болат оның сөзіне таңданып қалды. Қонақ кеткен соң ол ағасынан:

Күнді қалай жоғалтуға болады? Барлық күндер бірдей емес пе?- деп сұрады.

Уақыты жағынан барлық күндер бірдей, ал жұмысына қарай әртүрлі болады, – деді ағасы. – Адамның ешқандай пайдалы іс жасамаған және кешегі білгенінен басқа ешқандай жаңа нәрсе үйренбеген күні «жоғалған күн» болып саналады.

Содан бері Болат ұйықтар алдында ағасына күні бойы істеген әрекеттерін айтып беретін болды. Сондай-ақ, ол күн сайын:

Менің күнім жоғалған жоқ па? - деп сұрауды әдетке айналдырды.

(В.А. Осеевадан аударылып

Тапсырма

1. Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.

Болат қандай сөзді естіп, таң қалды?

Ағасы «жоғалған күн» дегенді қалай түсіндірді?

Болат нені әдетке айналдырды?

Болат күн сайын өзіне қандай сұрақ қоятын? Осы сұрақты өзіңе қой және жауап бер. (6 балл)

Жазылым.

Әкесі Сәкенді осы үлкен пирамиданың қасына суретке түсірді. Ежелгі египеттіктер пирамидаларды үлкен-үлкен тастардан салған екен. Оның ішіне өздерінің басшыларын жерлеген. Оларды «перғауындар» деп атайды. Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынға арнап салынған. Оның биіктігі қазіргі заманғы қырық қабатты үйден де биік!

Өткен күзде Сәкен ата-анасымен бірге Египетке демалуға барды. Ол алып пирамидаларды көріп, қатты таңғалды.

3. Құрылымы қате берілген мәтіннің негізгі бөліктерін (басы, ортасы, соңы) анықтап, 1,2, 3 сандарымен белгіле. Мәтінді ретке келтіріп жаз. Мәтіннің әр бөлігіне ат қой.

1. ___________________________

2. ___________________________

3. ___________________________ [5балл]



Қорытынды: «Таңдап алған түрлі-түсті жүрекшелер қандай мінезді білдіреді?» тест бойынша сипаттама беру.

қызыл түс- энергия түсі, ол адамды іс-әрекетке итермелеп, үнемі жігерлендіріп отырады. Жоғары сезімді, жігерлі, күшті, мінез-құлқы батыл.

көгілдір түс- сенімділік, үйлесімділік, тыныштық түсі. Бұл түсті таңдап алған адамдар өз-өзіне сенімді, рухани байлығы мол

жасыл түс- адамның өз-өзіне деген сенімділігін арттырып, жүрген ортасында белсенді болуына ықпалын тигізеді. Осы түсті таңдап алған адамдар мейірімді, ақ көңіл, табиғатты сүйеді.

сары түс- көңілді түс адамдармен тез араласуға көмектеседі. Бұл түсті таңдап алған адамдар іскер, мінез-құлқы мықты.

қызғылт сары түс – шығармашыл, белсенділіктің түсі. Осы түсті таңдап алған адамдар – жауапкершілігі мол, өз сезімдеріне мықты.

қара түс- ақкөңіл,, шыншыл, бірбеткей адам.

ақ түс – өз мақсатына жетеді, дарынды әрі мәдениет саласында өнерлі


«3-2-1» кері байланыс.

сабақтан алған 3 маңызды ақпарат

1._______________________________

2._______________________________

3._______________________________

қиындық келтірген 2 мәселе

1.______________________________

2.______________________________

сабақта ұнаған 1 мәселе

1.______________________________


Ата-аналардың

бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!