400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ата аналар жиналысы:Баланың балабақшаға бейімделуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата аналар жиналысының хаттамасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-аналар жиналысы:

Бала дамуы- ортақтақ міндеті

Мақсаты:  Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мінез - құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіндігін т. б. тереңірек зерттеу. Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.  Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым- қатынасты қалыптастыру;

Жоспар:

1.  Кіріспе сөз.

2.  Тренинг: «Кел танысайық!»

3. Балабақшаның күн тәртібі.

4. « Ақпараттық технология мен жобалық әдісті пайдалану арқылы балалардың тілін дамыту мен шығармашылық белсенділігінің тиімділігін қолдану»

5. Баланың балабақшаға бейімделуі (баяндама оқу).

6. Ата-ана мен балаға байланысты ситуация шешу.

7. Сұрақтарға жауап беру.

8. Ата-аналар комитетін сайлау.

9. Сұрақ-жауап алмасу.

10. Қорытынды.

























Тәрбиеші:               
Құрметті ата - аналар! Сіздерді біздің балабақшада көргенімізге қуаныштымыз. Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен балабақша. Болашақ десекте, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат. Олай болса біз сіздермен ең алдымен танысып алайық.

Тренинг: «Кел танысайық!»

Ата-аналар шеңбер құрып тұрады. «Менің есімім .... мен ... анасымын (әкесімін). Өз баласы туралы айта кету. Сіздермен танысқаныма қуаныштымын»-әр ата-анаға ақ қағаз беріліп адамның бейнесін шығару керек әр бір ата-ана өзін таныстырып шығады.

Балабақшаның күн тәртібі

ҚР жалпыға міндетті стандартының « үлгілік оқу» бағдарламасы бойынша жұмыс жасаймыз. (тәрбиеші баяндама оқиды)

Бағдарлама, ең алдымен, балалардың жеке және біріккен әрекеттерін тиімді ұйымдастыру барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке даралықты, денені дамытуға, психикасын және эмоционалды жетістігін нығайтуға бағытталған. Осыған байланысты бағдарлама 5 сала арқылы іске асады.Осы бағдарламалармен біз жұмыс жасаймыз. Олар шығармашылық,әлеуметтік,таным, қатынас және денсаулық.

Р\с

Өткізілетін іс- әрекеттер

Өткізілу уақыты

1

«Сәлеметсіңдер ме, балалар!»

Таңертеңгілік қабылдау.

08.00-08.30

2

Таңертеңгілік жаттығу.

08.40-08.50

3

«Ас-адамның арқауы»Таңғы ас.

09.00-09.15

4

«Ойнайық та, ойлайық!»

Ұйымдастырылған оқу әрекеті.

09.15-09.50

5

«Табиғат аясында»

Серуенге дайындық. Серуен. Серуеннен қайту. Гигиеналық және шынықтыру шаралары.

09.50-11.30

6

«Ас адамның арқауы» Түскі ас.

11.50-12.30

7

Гигиеналық шаралар.

«Тәтті ұйқы»

Түскі ұйқыға жатқызу. Ұйқы.

12.30-15.00


8

«Ұйқымызды ашайық!»

Ұйқыдан ояну.Шынықтыру және гигиеналық шаралар.

15.00-15.30

9

«Алақай! ойын!»

Сюжетті рөлдік, шығармашылық, дидактикалық ойындар. Серуенге дайындық. Серуен. Серуеннен қайту. Гигиеналық және шынықтыру шаралар.

15.30-16.10

16.40-18.00

10

«Ас дәмді болсын!» Кешкі ас.Гигиеналық шаралар.

16.10-16.40

11

«Ертеңге дейін....»

Кешкі серуенге әзірлік. Серуен.

18.00-18.30



2. Медбикенің сөзі:

Қайырлы күн, ата-аналар!

Балалардың денсаулығы — бәріміз үшін ең басты байлық. Балабақшада түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында санитарлық талаптар қатаң сақталады. Сіздерден де өтінеріміз — балаларыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарап, таңертеңгі тексеруден өткізу, ауырып тұрған жағдайда балабақшаға әкелмеу. Бұл — тек өз балаңыздың емес, бүкіл топтың саулығы үшін маңызды. Рақмет!

4. Мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың әдіскері Жамшитова А.

5.Психологтың сөзі:

Құрметті ата-аналар!

Баланың балабақшаға бейімделу кезеңі – маңызды әрі жауапты уақыт. Бұл кезеңде бала қоршаған ортаға, жаңа ережелерге және адамдарға үйренеді. Бала мазасызданып, жылауы мүмкін – бұл қалыпты жағдай. Ата-ананың мейірімі, түсіністігі мен тәрбиешімен бірлесе әрекет етуі бейімделу процесін жеңілдетеді. Бүгін сіздермен бір сергіту ойынын ойнап, осындай жаттығулардың балаға қалай әсер ететінін көрсеткіміз келеді.

6. Психологтың ойыны:

Кішкентай сергіту немесе сенсорлық ойын (мысалы, «Көңіл-күй күнін салу», «Кімге не ұнайды?» ойыны т.б.)

7.Тәрбиеші:

Ситуатцияны шешу.

8.Сұрақ-жауап алмасу.

9.Құрметті ата-аналар!

Бүгінгі жиналыс барысында топтың Ата-аналар комитеті мүшесін сайлауымыз қажет. Бұл комитет балабақша мен ата-аналар арасындағы байланыс көпірі бола отырып, түрлі шараларды ұйымдастыруға, топтың дамуына қолдау көрсетуге атсалысады.

Сондықтан белсенді, жауапкершілігі жоғары, ұжыммен бірлесе жұмыс істей алатын ата-ананың кандидатурасын ұсынып, ортақ шешіммен бекітуді ұсынамыз.

Сұрақ жауап алмасу.

10.Тәрбиеші:Құрметті ата-аналар! Осы мен жиналысымыз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Бүгінгі жиналыста ата-аналар комитетінің жаңа мүшесі сайланды, өзекті мәселелер талқыланып, сіз бен біз болып ортақ шешімдер қабылданды. Баланың тәрбиесі мен дамуы — сіз бен бізге ортақ міндет. Бірлесе әрекет етсек, әр баланың болашағы жарқын болмақ.

Келесі кездескенше! Сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
03.05.2026
10
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі