«Ақмола облысы Есіл ауданының
білім беру бөлімі Свободный орта мектебі»
КММ
Ата-аналар жиналысының
баяндамасы
Тақырыб:
«Ата-аналардың бала
тәрбиесіндегі
жауапкершілігі»
Бастауыш сынып мұғалімі:
Манарбек Г.
2019-2020ж
«Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі
жауапкершілігі»
«Ел болам десең бесігіңді
түзе», «Тәрбие – тал бесіктен» деп дана халқымыз айтқандай
парасатты, зерек, кішіпейіл, адал, адамгершілігі мол ұрпақ
ұлтымыздың басты құндылығы. Саналы да білімді жас ұрпақ
болашағымыздың кепілі. Бала тәрбиесінде ең маңызды рөл атқаратын
әрине ол отбасы екені мәлім. Сәби күнінен ананың әлдиімен ақ
бесікте тербетіліп, асыл әженің ертегісін тыңдап тәтті ұйқыға батып
өскен әрбір қазақ топырағының перзенті жаман болмайтыны анық. Сәби
дүние келгеннен бастап салт-дәстүріміз бойынша жоралғыларын жасап,
ұлттық құндылықтарымызды санасына сіңірсек ұлтымыздың ұлы азаматы
болары сөзсіз. Тәлім – тәрбие беруде салт-дәстүріміз бен
әдет-ғұрпымызды пайдалану ең бір оңтайлы тәсіл. Себебі, баланың
қырқынан шығару, ақ бесікке жатқызу тазалыққа, бесік жыры
мейірімділікке, тұсау кесер адалдық пен адамгершілікке, сүндетке
отырғызу мұсылмандығын тануына өз септігін тигізеді. Сондықтан әр
ата – ана балаға тәрбие берумен қатар сол берілген тәрбиенің ұрпақ
болашағы үшін маңызды екенін ескерген жөн.
Қай елде, қай кезде
болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы
да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің
болашағы.
Бала тәрбиесі ата-ана үшін
күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз
және ата-ананың орны бөлек. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында
өтеді. Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас
ұстазы – ата-ана. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз
алдында өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі
оның алғашқы ұстазы – ата-анасы. Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің
өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен
туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады.
Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда
қалыптасқан он, моральдық-психологиялық ахуал, татулық пен өзара
түсінік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы
мүшелерінің бір-біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы
кіршіксіз таза, мөлдір көңіл-күйі тікелей ықпал
етеді.
Ата-ананың бала
тәрбиесіндегі міндеттері:
1. Балаңыздың сынып
жетекшісімен тығыз байланыста болуы;
2. Сабақтан келген балаңың
күнделікті күнделігін тексеріп, көмек
көрсету;
3. Мектепішілік ата-аналар
жиналысына қатысу;
4. Сыныптың ата-аналар
комитетінің төрайымымен байланыста болу;
5. Балаңыздың мектептегі
жағдайын жасау барысында өз еркінізбең оқу-тәрбие іс-шараларына
қаржылық көмек көрсету;
6. Мектептегі ашық есік
күні балаңыздың сабағына қатысу;
Бұдан басқа сыныпта,
мектепте болатын кез-келген жұмыстарға мектепішілік іс-шараларға,
сынып жетекшілердің ең бірінші қолдап, демеу көрсететін-сынып
оқушыларының ата-аналары. Осыған байланысты сынып жетекші ең
бірінші сынып ата-аналар төрайымымен және сынып ата-аналарымен
тығыз байланыста болуы керек. Кез келген мәселенің жауабы
ата-аналармен шешімін табуға тиісті. Осы жоспарды барлық сынып
жетекшілері бұл мәселені бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе, көптеген
жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалар еді. Осыған байланысты
көптеген ата-аналар сынып жетекшінің ай сайын өткізетін ата-аналар
жиналысына келмей де жатады.
Ата-аналар
кодексінде былай жазылған:
-Ата-ана ерекше жағдайда
ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға
міндетті;
-Баланы тәрбиелеу үшін
ата-ана өзіміз тәрбиелі болуымыз керек. Тәрбие беру-ақыл айту
емес;
-Баланы жақсы
көргендізінізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп
отырыңыз;
-Мектептегі жағдайды
жақсарту мақсатында ұсыныстар айтуға құқыңыз
бар.
Ата-аналарға арналған
этикалық кодексте:
1. Мектеп білім ошағы
екенін есте ұстаңыз.
2. Мұғалімнің қоғамдағы
рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз.
3. Бала тәрбиесі тек
мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін
ұмытпаңыз.
4. Мектеп туралы,мектепте
болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып ,бөгде
орындарға таратпаңыз.
5. Мектеп – балаңыздың
екінші үйі екенін түсінсеңіз,өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп
есептеңіз.
6. Мектепішілік және
сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс
алмаңыз.
7. Өз балаңыздың мектептен
тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен
қараңыз.
8. Балаңыз сапалы білім
алсын десеңіз оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы
әперіңіз.
9. Балаңыздың денсаулығы
мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты
қараңыз.
10. Өз уақытымен балаңыздың
оқу процесін,күнделігін,дәптерін қадағалап
отырыңыз.
11. Егер мектепке сабақ
уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту
орнында күтіңіз.
12. Өз мүмкіндігіңізге
қарай мектепте өтілетін, қала көлемінде өтілетін мерекелік
шараларға,байқауларға қатысыңыз.
13. Өз еріктерімен әрбір
ата-ана мектепке ұйымдастырушылық,ақпараттық және материалдық көмек
көрсете алады.
Ата-аналар бала тәрбиесіне
уақыт жетпейді деп қиналады. Меңінше жоспарлай білсе, уақытты
жеткізуге болады. Үлкендер уақытты босқа жұмсамаса, баламен жүйелі
жұмысқа уақыт табылады. Мысалы: дүкенге, базарға, қонаққа,
теледидарға, телефонға кететін уақыттарды
үнемдесе.
Бала тәрбиесін бүгін емес,
ертеңге қалдырсаңыз кеш болады. Балаға бүгін берілуі тиіс тәрбиені
кейінгі қалдырмаңыз. Тәрбиеде із қалдыратын алтын уақыт
қайталанбайды. Өсіп кеткен балаға дер кезінде берілмей қалған
тәрбие жұғымсыз, дәмді тамақ сияқты болатыны
бар.
Өмірде көп игіліктер келіп,
кетіп жатады. Ал адам үшін ең өміршең байлық, зор құндылық –
отбасының балаға деген сезімі.
Әр адамның өмір сүру
тәжірибесі әр түрлі. Дегенмен кез келген отбасы нәресте дүниеге
келген күннен бастап, күнделікті дағдысына, уақыт кестесіне өзгеріс
енгізгені жөн. Сонда баламен шұғылдануға күн сайын бір-екі сағат
уақыт табылатын болады.
Бала тәрбиесіндегі ең басты
шарт – күнделікті, тұрақты, нақты, сабақтастықты үзбеу. Балаларымыз
– болашағымыз. Ал болашағымыз бапты, бақытты болғанға не
жетсін.
Қашан, қай жаста болса да
бала тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Кеш те болса,
жалғастыру керек. Алайда, бала өскен сайын тәрбиелеу тәсілдері де
қиындай беретіні жасырын емес.
-Қателігін түсіне
білетін,
Дұрыс жүріп, күтіне
білетін,
Үлкенді сыйлап, кішіні
сүйетін,
Білімді жинап, дүниені
шолатындай, - балаларыңыз, үлкен азамат болып
өссің!
Сөз соңын ұлы ұстаз
Макаренконың: "Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай
біліңіз.
Кіре берістегі, жол-жөнекей
айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды деген", -
парасатты ойымен түйіндегенді жөн көрдім.
Бұдан шығатын түйін, бала
тәрбиесіне ең алдымен оның ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы,
ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер
етпек.