Ата аналар жиналысына хаттама

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ата аналар жиналысына хаттама

Материал туралы қысқаша түсінік
хаттама
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ертөстік» Бөбекжай бақшасы.

«Таң - шолпан» ортаңғы топ ата-аналар жиналысының хаттамасы.

Хаттама 3

Тақырыбы: Қазіргі уақыттағы дәрумендердің бала организміне пайдалы жақтары.

Өткізген күні: 29.11.2024ж.

Тізім бойынша бала саны: 25

Қатысқан ата-аналар саны: 18

Қатыспаған ата-аналар саны: 7 (белгілі бір себептері блды)

Күн тәртібі:

1. Қазіргі уақыттағы дәрумендердің бала организміне пайдалы жақтары.

2. «Күз жомарт» көрме.

3. Әжелер мектебі.

4.Ата-аналар жиналысының шешімі


5.Қорытындылау.

1. Қазіргі уақыттағы дәрумендердің бала организміне пайдалы жақтары.

Бөбекжай медбикесі: Ақашова. Ж. Ата аналарға қазіргі уақыттағы дәрумендердің бала организміне пайдалы жақтарын түсіндірді.Витаминдер — адам ағзасына қажетті ең құнды заттар. Метаболизмнің барлық түрлері, жүйке-асқорыту, жүрек-қан тамырлары жүйелерінің жұмысы дәрумендердің қатысуымен ғана дұрыс жүзеге асырылатынын ескере отырып, күз мезгілінің салқындауына байланысты балалардың имунитеттері түсіп кетпеуіне үлкен жауапкершілікпен қарауларын өтінді . Бала ағзасын витаминдермен толықтырып отырған жөн екенін айтты.

ДӘРУМЕНДЕРДІҢ РӨЛІ

Витаминдер органикалық құндылықты білдірмейді, бірақ коферменттер мен гормондардың құрамына кіреді, сондықтан метаболизм жүйесінің өте маңызды компоненті ретінде қызмет етеді және қалыпты жұмыс істеуі үшін өте маңызды. Витаминдер организмде синтезделмегендіктен, оларды тамақтанудың таптырмас факторлары қатарына жатқызады. Сонымен, оларды үнемі тамақпен қамтамасыз ету керек. Азық-түлікте дәрумендердің кем дегенде біреуінің ұзақ уақыт болмауы аурулардың дамуына әкеледі. Дәрумендерді жеткіліксіз қабылдаған кезде шаршау күшейеді, ағзаның жұмыс қабілеттілігі мен төзімділігі төмендейді.Сондықтан уақытылы витамині бар азықтармен бала ағзасын толықтырып отыруға кеңес берді.

2. Топ тәрбиешісі: Тулеева Римма. «Күз жомарт» атты көрмеге ата -аналар түрлі поделкалар жасап әкелгенін және күз көрмесі керемет блып өткенін айтып, Балалар берілген тақпақтарын жатқа айтып, әндерін жақсы орындағынын айтып мақтады. Ата аналарға алғысын білдіріп Алғыс хат берді.

3. Топ тәрбиешісі: Бейсенбекқызы Фариза. «Бір тұтас тәрбие» аясында

«Әжелер мектебі» жоспары бойынша ата аналар ретінде алдын ала бір екі әжелерді шақырған болатын. Әжелер жүн иіріп отырып, жанында отырған немересіне өздерінің өмірлік тәжірибелері, және қазақтың ұлттық салт -дәстүрлері,

ойындары,тағамдары,киімдері туралы айтып берді. Қыз бала әжесінің жанында жүріп, өмірлік тәжірибе жинақтайды. ертегі мен аңыздар, жаман және жақсы әдеттер туралы айтып, сол арқылы ұлттық салт - дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға деген сүйіспеншілігін оятып, мейірімділікке баулиды. Қыз бала мұның бәрін түсініп, сезініп, әжесі мен анасынан үлгі алады, оларға еліктеп, ұқсағысы келеді.

4. Ата-аналар жиналысының шешімі:

Ата аналармен « Бір тұтас тәрбие» жоспарына сәйкес «Әжелер мектебі» тақырыбындағы ұйымдастырылған іс шараға жақсы дайындықпен келіп жақсы өнегелерімен, тәжірибелерін бөліскендері үшін алғыс білдіріп әжелеріміз марапатталды.Сонымен қатар ата аналар медбикенің айтқан кеңестеріне құлақ асып, асқан жауапкершілікпен қарайтындарын айтты.


7.Қорытындылау.

Бүгінгі бас қосуымыз аяқталып келеді. Балаларымыз аман болсын.Еліміздің үлгілі азамат пен азаматшасы болсын! Келіп,көріп, қатынасқандарыңыз үшін көп-көп рахмет.

Хатшы: Тулеева Римма.





















«Ертөстік» Бөбекжай бақшасы.

«Таң - шолпан» ортаңғы топ ата-аналар жиналысының хаттамасы.

Хаттама 4

Тақырыбы: Балалар – біздің болашағымыз.

Өткізген күні: 13.12.2024ж.

Тізім бойынша бала саны: 25

Қатысқан ата-аналар саны: 15

Қатыспаған ата-аналар саны: 10 (белгілі бір себептері блды)

Күн тәртібі:

1. Балалар – біздің болашағымыз.

2. Диагностикалық зерттеудің қорытындысы.

3. «Қош келдің -Жаңа жыл»

4.Ата-аналар жиналысының шешімі


5.Қорытындылау.

1. Балалар – біздің болашағымыз. (баяндама)

Бөбекжай психологы: Оспанова. М «Балалар – біздің болашағымыз» тақырыбында баяндамасын оқып берді.
Ұлт тәрбиесі - ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып та ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі - ата – ананың өнегелі тәрбиесінде. Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастырады. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты. Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі - отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттігін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. 

2. Топ тәрбиешісі: Тулеева Римма. топ балаларының диагностикасының бастапқы көрсеткіш нәтижелері туралы хабарлады, өткен оқу жылының қорытынды көрсеткішімен салыстырғанда жаңа оқу жылындағы бақылау нәтижелері айтарлықтай жақсы өзгеріс көрсеткенін айтты , білім беру салаларын дамытуда оң динамика байқалады, барлық білім беру салалары бойынша пайыздық көрсеткішке әкелді. Кейбір балалардың даму деңгейі жасына сәйкес келмейтінін, өте артта қалғанын бөлек атап өтті.Жаңа оқу жылы басталғаннан топ пен балабақша өміріне белсене араласқан ата-аналар атап өтілді.  Топтағы оқу үдерісінің ұйымдастырылуы мен ерекшеліктері жаңа «Біртұтас тәрбие» жоспары туралы әңгімелеп берді, сабақта қолданылатын оқу құралдарын көрсетті.


3. Топ тәрбиешісі: Бейсенбекқызы Фариза. «Қош келдің -Жаңа жыл» атты мерекелік іс шараға дайындық басталып жатқанын, балалардың карнавалдық киімдері туралы ата аналармен бірге талқыланып, мерекелік іс шараның өткізілетін орыны мен уақытын айтып. Балалардың тақпақтары мен өлеңдерін үйден қайталатып отыруларын сұрады.

4. Ата-аналар жиналысының шешімі:

Ата аналармен бірінші,екінші, үшінші мәселелер талқыланып.Ата аналар пікірі тыңдалды.Сонымен қатар ата аналар психолог М. Оспанованың. «Балалар – біздің болашағымыз» атты баяндамасынның жақсы, түсінікті блғанын айтып бала болашағының жақсы жақтарға бейімделуіне балабақша тәрбиешілерімен қатарласып ортақ көзқараспен қолдайтындарын айтты.


7.Қорытындылау.

Бүгінгі бас қосуымыз аяқталып келеді. Балаларымыз аман болсын.Еліміздің үлгілі азамат пен азаматшасы болсын! Келіп,көріп, қатынасқандарыңыз үшін көп-көп рахмет.

Хатшы: Бейсенбекқызы Фариза.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2025
107
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі