Материалдар / Ата аналар жиналысына тренинг : Мейірімге толы жүрек
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата аналар жиналысына тренинг : Мейірімге толы жүрек

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата аналар жиналысына тренинг : Мейірімге толы жүрек Мақсаты: Жалпы адами құндылықтардың мәнін ашу Түрі :топтастыру. Жоспары:Тренинг : шаттық шеңбер «Таныстыру» Таныстыру: Ата-аналар ортаға дөңгеленіп тұрып, бірін –бірі таныстырады. Кіріспе сөз: «Ата-ананың басты қуанышы бала» Жаңа ғасырға аяқ басып отырған заманымызда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген,бойында ұлттық сана-сезім қалыптасқан ертеңгі қоғам иелері боларлық азамат тәрбиелеп өсіру әрбір отбасының, мектептің, ортаның, ұжымның барша жұртшылықтың міндеті болып отыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2018
5554
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата аналар жиналысына тренинг : Мейірімге толы жүрек

Мақсаты: Жалпы адами құндылықтардың мәнін ашу

Түрі :топтастыру.

Жоспары:Тренинг : шаттық шеңбер «Таныстыру» Таныстыру: Ата-аналар ортаға дөңгеленіп тұрып, бірін –бірі таныстырады.

Кіріспе сөз: «Ата-ананың басты қуанышы бала»

Жаңа ғасырға аяқ басып отырған заманымызда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген,бойында ұлттық сана-сезім қалыптасқан ертеңгі қоғам иелері боларлық азамат тәрбиелеп өсіру әрбір отбасының, мектептің, ортаның, ұжымның барша жұртшылықтың міндеті болып отыр.

Елі егемендік алған қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз, яғни әрбір жеке тұлға білімді болумен қатар рухани-адамгершілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, имандылық, отансүйгіштік, ізгілік және т.б. игі қасиеттерге ие болуы тиіс. Мектеп есігін ашқан балдырған жарығы мол жаңаша өмірде адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп,өмір заңдылықтарын үйренеді. Рухани адамгершілік тағылымдарын білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алған жөн.

Әдептілік, имандылық , мейірімділік, қайырымдылық,

ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың осы абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл парасытына азық ете, білуіміз қажет. Гуманизм – адам өмірінің рухани негіздерін құрайды, ойластырады, болжайды және адамзат құндылығын қалыптастырады.

1. Топпен жұмыс .Ата-аналарды топқа бөлу. (Гүл күлтелері арқылы)

Баланың жан дүниесі – бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз?Видео ролик көрсету . ?

1- тапсырма: Бес құндылыққа байланысты әр топқа әңгіме беріп, сол бойынша ой қорытынды жасату. Құндылық мәнін ашу

I топ «Лас ұя» Шығыс өсиеті

Бір көгершін үнемі бір ұядан екінші ұяға қоныстап, орнын ауыстырып жүреді екен. Сол ұялардағы жағымсыз иіске шыдау мүмкін емес еді.

Көгершін жағымсыз иісті жақтырмай, ақылды да, тәжірбиелі, байсалды, кәрі көгершінге келіп, жағдайын баяндап береді.

Кәрі көгершін айтқандарының бәрін тыңдап, тек қана басын изеп тыңдап отыратын. Ақыр соңында былай деді. (Сіздің ойыңыз) ____________________________________________________________________________________________________________________________________Жауабы: - Сен қанша ұяны ауыстырғаныңмен сол иістен арыла алмайсың. Иіс ұядан шығып тұрған жоқ, ол сенің өзіңнен шығып тұр деп, айтқан екен.

II топәңгіме «Жайнап өскен гүлдің құпиясы»

Мамасы Ергеннің бөлмесіне ыдысқа отырғызылған екі гүлді әкеліп, терезесінің алдына қойды.

Күнде суарып тұр, олар саған қуаныш сыйлайды – деді мамасы.

Ал Ергенге бір гүл ұнады да, екінші гүл ұнаған жоқ.

Ол ұнаған гүлін суарған кезде іштей: «Қандай керемет гүл...Мен сені жақсы көремін.» деп ойлап суаратын. Ал ұнамаған гүлді суарған кезде: «Бұл жаман гүл. Босқа суарып жатырмын. Мамамның көңілі үшін суарып жүрмін , әйтпесе терезеден лақтырып жіберер едім!» деп іштей ұрсып тұратын. Осылай бірнеше ай өтті. Бір күні мамасы бір гүлдің жайнап өсіп келе жатқанын, ал екінші гүлдің солып бара жатқанын байқады да, баласынан: -Неге бұлай? Әлде біреуін дұрыс суармадың ба?- деп сұрады.

-Екеуін де бірдей суарып жүрмін - деді баласы.

Мамасы солып бара жатқан гүлді өз бөлмесіне апарып қойды да, оны мәпелеп, күтіп: «Мен сені емдеймін. Әлі керемет болып өсесің.» - деп күлімсіреді. Суарған сайын көз алдына: осы гүлдің иісі аңқып, жайнап гүлдеп, жайқалып өсіп тұрған кезін елестетіп тұратын.

Мына ғажапты қараңыз, мамасының жақсы ойы жүзеге асып, қуанышқа кенелді. Солып жатқан гүлдің жанданып, жайнап өсіп тұрғанын көрген Ерген:

-Мама, сен бұл гүлдерге не істедің? – деді.

Сіздердің ойларыңызша анасы қалай жауап берер еді? _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жауабы: -Өзім де білмеймін! – деп жауап берді мамасы.

Бұл құпияны тек ыдыстағы топырақ пен әдемі гүлдің өзі ғана білетін. Бірақ олар айта ала ма?!


III топ Денсаулық дәрісі(аңыз әңгіме)

Бір патша ауырып жатқанда сарайындағы емші оған ем ретінде «Денсаулық» салатын жасап жеуді ұсынады. Ал, салат құрамы мынандай екен: Сіздер қалай жасар едіңіздер, құрамында не болуы қажет?_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

1.Емшінің сөзінен кейін патша емді өмірінде қалай қолданады деп ойлайсыңдар?

Жауабы: «Тыңдай білудің тамырын , тіл табысудың жапырағын салыңыз, жан тазалығы мен сенім жемісін қосып,бәрін сабырлықтың ыдысында сақтап, күнде пайдаланыңыз»- деген екен.

IVЖүрегіңнің отын сөндірме(Авторы белгісіз)

Бір жігіт көршісіне өзін жақында ренжіткен досын жамандай бастайды. Көршісі ол жігітті тыныштандырып, досын кешіруін өтінеді.

Сонда ол ашуланып:

  • Мен неге өзімді ренжіткен адамды кешіруім керек, неге мен өзімді сатып кеткен адамның алдында кешірім сұрауым керек?- дейді.

Тыңдап тұрған көршісі оған бір аңызды баяндап береді:

Ертеде бір адам өмір сүріпті. Ол Табиғат Анадан шам жақпас үшін ешқашан түннің болмауын, пеш жақпас үшін қыстың болмауын өтініп сұрайды. Бірақ, Табиғат Ана ол адамның өтінішін орындай алмайтындығын айтады.Қатты ренжіген ол адам оған былай дейді:

Ендеше, мен саған жарық беру үшін ешқашан шам жақпаймын, саған жылу беру үшін пешті жылытпаймын, үйдің есігін де жаппаймын - дейді.

Осы айтылғандарды естіп тұрған жаңағы жігіт көршісіне:

Бұл неткен ақылсыз адам, бұл өзінің жаққан шамымен Табиғатқа жарық беремін, өзінің жаққан отымен Табиғатты жылытамын деп ойлайды екен ғой - дейді.

1. Көршісі өзінің аңызын айту барысында нені түсіндіргісі келді?

2. Сіз сол жігіттің орнында болсаңыз қандай әрекет жасар едіңіз?

3.Сондағы көршісінің жауабы.

Жауабы: Сонда көршісі:

- Сен де өзіңе соны істеп тұрсың. Сен де өзіңнің жүрегіңнің отын жақпай тұрсың. Саған өзгелердің жарық түсіргенін, өзгелердің келіп жылытқанын күтпей, өз жүрегіңнің отын жағып, өзгелерге жарығың мен жылуыңды сыйласаң, мүмкін, өзгелер де өз жолын табуға ұмтылар – деген екен.


V топТесік шелек

       Бір байдың үйіне қызметшісі күнде екі шелекпен су таситын. Алайда, оның біреуінің түбі тесік болатын. Бүтін шелекпен суды қожайынның үйіне төкпей-шашпай жеткізсе, тесік шелекке құйылған су жол бойы тамып, жартысы ғана кәдеге жарайтын. Осылайша арада екі жыл сырғып өте шығыпты.
        Бір күні әдеттегідей өзен жағасына тағы барғанда, шыдамаған тесік шелек су тасушыға қысыла-қымтырыла: «Сізден кешірім сұрасам деп едім, білсеңіз ылғи алдыңызда ұяттан өртене жаздаймын»,– депті. Таңқалған су тасушы: «Неге?» деп сұрайды. Шелек: «Өйткені, түбім тесік болғандықтан, судың жартысын ғана жеткізіп, өзіме жүктелген міндетті толық орындай алмай жүргеніме іштей қатты қысылам. Менің кесірімнен сіз де тиесілі еңбекақыңызды толықтай ала алмай келесіз» дегенде қызметші: «Оған түк те қайғырма. Одан да қожайынның үйіне баратын жолдың сен жағындағы гүлдеріне бір қарашы», – депті жай ғана.
 Шынында да қожайынның үйіне жеткенше жолдың өз жағы жапырағы жайқалған, иісі аңқыған гүлдермен көмкеріліпті.

Әдемілікке тамсанған шелек бір сәт аңтарылып тұрып қалғанда,

Су тасушы тесік шелекке қандай жауап береді деп ойлайсыз?__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жауабы:

Жолдың сен жағына әдейілеп гүлдер ектім. Күн сайын су алып қайтқанда сен оларды суғарып тұрдың. Екі жылдан бері қожайынды осылайша қуантып келдім. Егер сен тесік болмағаныңда, гүлдер болар ма еді?!», – деген екен. Пенде болған соң тесік шелек секілді әркімнің де өзіне тән кемшіліктері болары сөзсіз. Алайда, одан қуыстанып, қорқа беру де жөн емес. Дегенмен, кемшілігін түзеп, үлгі ала білсе, жақсылыққа қарай ұмтылса, сіздің де біреуге пайдаңыз тиері сөзсіз. 


2 - тапсырма: Бейнеролик көрсету. «Әлемнің жеті кереметі»

3- тапсырма:

I топ Аяқталмаған сөйлем: топпен жұмыс.

Егер баланы үнемі сынап отырса, ...

Егер балаға үнемі күлсе, ...

Егер баланы үнемі мақтап отырса, ...

Егер бала төзімділікте өссе, ...


Дұрыс жауаптары:

Егер баланы үнемі сынап отырса, ... (оның оқуғы құлқы болмайды).

Егер балаға үнемі күлсе, ... (ол бұйығы болып кетеді).

Егер баланы үнемі мақтап отырса, ... (ол өз қадірі үшін оқиды).

Егер бала төзімділікте өссе, ... (ол басқаларды түсінуге тырысады).


II топКінәлі сөздер.топпен жұмыс.

  1. Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің.

  2. Неге сен басқабалалардайемессің?

3.Неге ұсқынсызболыпкеткенсің, шашыңдудыраған, үстіңкір-кір.

4.Тағыосылайістесең, менентаяқжейтінболасың.

5. Сеніңкесіріңненөміріжолымызболмады.


Дұрысжауаптары:

Ата-аналар осы сөздердібылайалмастыруынаболады:

1. «Сеніңде қолынөмірдебірнәрсегежететінесенгім келеді. Оқуозатынемесеоқуекпіндісіболасың» - деп, үмітартуыкерек.

2. «Сенің де басқаларданөзгешеболуыңақұқың бар, сенің де қолыңнанкеледі» - деп, сенімартуыкерек.

3.«Үстіңді реткекелтір, шашыңды тара, киіміңдіауыстыр » - деп, баланыңөзінжақсысезінуінекөмектесукерек.

4. «Бізсағанқиыншылықтыжеңугекөмектесеміз, екіншілейжаманқылықжасама».

5. «Үлкендердіңөміржолындаболыпжатқаныңғайсызжағдайларға сен кінәліемессің. Сеніңболашағыңалда, үлкенғалымболасың, жақсыдәрігер, білімдіұстазболудыарманда » жәнеата-анасынсыйлаукерекекенінайтыпотырукерек.

Міне, осындайбізкөңілаударабермейтінқарапайымнәрсеніңөзінемесеойланбайайтылғанұрыссөзі де баланыңжанынауыртуымүмкін, өмірсүруағынынөзгертуі де ғажапемес.

III топ

1 Мен сені жақсы көремін сөзінің 10 жауабы


1


2


3


4


5


6


7


8


9


10




IV топ

Бала тәрбиесіндегі басты мәселе балаға қандай сөздермен қарым-қатынаста боламыз.Ашу үстінде айтылған сөздерді қандай жағымды сөздермен алмастыруға болады ?


Айқайлама

Жай сөйле

Жүгірме

Ақырындап жүр

Ұят емес пе?

Өз қылығың туралы ойлан

Мен білмеймін

Бірге ойланайық

Сенікі дұрыс емес

Сенің пікірің



V топ

Егер бала адалдықта өссе, ...

Ол адал болып жетеді.

Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ...

Оладамдарғасеніммен қарайды.

Егер бала кекшілдікте өссе, ...

Ол қатыгез болып өседі

Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ...

Ол әлемнен махаббат табуды үйренеді.









4 тапсырма

Тал саялы терекке айналу үшін, ал Бала көкірегі ояу, жан-жақты дамыған адам болу үшін қандай жағдайлар әсер етуі мүмкін?

Тал

Терек

Бала

Адам

қолайсыз

қолайлыы

Прямая со стрелкой 11

Прямая со стрелкой 12

жаман

жақсы







Қорытынды:Адамдар бір-біріне мейіріммен қарауы жақсылық жасауға ұмтылуы қандай жарасымды. Әлемде жақсы сөзден, жылы сөзден тегін дүние жоқ. Сол тегін дүниені аямай шашып жүрсең, айналаң жап-жарық болмай ма? Өзің де жылынасың, өзгені де жылытасың. Сонда бұл не?

Бұл «Мейірім шуағы»





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!