жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ата-аналар жиналысының хаттама үлгілері
№76 жалпы білім беретін мектебінің
ата-аналар жиналысының
ХАТТАМАСЫ №1
Дербісек ауылы 10.09.2024 жыл
Мектеп әкімшілігі
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері
Ата-аналар комитетінің мүшелері
Жиналысқа қатысушылар саны -110
Күн тәртібінде:
-
Ата-аналар комитетінің құрамын сайлау және бекіту.
-
Өткен оқу жылына қорытынды жасау, жаңа оқу жылына арналған жоспарларды таныстыру.
-
Мектеп формасына қойылатын талаптар. Мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстыру.
-
«Мектепке жол» акциясының қорытындысы.
-
Әр түрлі мәселелер.
Тыңдалды:
Мектеп директоры Сапарбек Ғалымжан Нұртасұлы сөз алып, ата-аналарды жаңа 2024-2025 оқу жылының басталуымен құттықтады. Ата-аналар жиналысының күн тәртібімен таныстырып өтті. Оқу жылы барысында оқушылардың белсенді болуын, ата-ана, мұғалім және оқушы әрқашан бірлесе отырып, жұмыс жүргізуге шақырды.
Күн тәртібі бойынша ата-аналар комитетінің құрамын қайта сайлау және бекіту туралы айтты. 2023-2024 оқу жылында ата-аналар комитетінің төрағасы болып жұмыс атқарған Муратов Қайрат ағамызды қайта сайласақ деген едік. Мұратов Қайрат өте белсенді, ата-аналарды жұмылдыра біледі. Осы қасиеттерін есекере отырып биылғы оқу жылында қайта сайлап, орнында қалдырсақ екен. Ата-аналар Қ.Муратовты қолдап, ұсынды және сайлады.
Жарыс сөзге қамқоршылық кеңесінің төрағасы Қалдаров Асхат сөз алып, ата-аналар комитетінің төрағасы Муратов Қайраттың жақсы жұмыс жасағанын айтты.
Екінші мәселе бойынша мектеп директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Э.Каратаева сөз алып, 2023-2024 оқу жылы барысында атқарылған жұмыстар, жеткен жетістіктер, ҰБТ бойынша оқуға түскен оқушылар, білім сапасы көрсеткіштері салыстырмалы түрде слайд арқылы көрсетіліп, өткен оқу жылына шолу жасалынды. Қазіргі таңда жалпы мектебімізде 27 сынып комплект бар. Жалпы оқушы саны 599. Бастауыш сыныптарда -10, мектепалды даярлық тобы-2, орта буынды сыныптарда-12, жоғары сыныптарда-3. Жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспарларымен таныстырды.
Үшінші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Хайназарова Айгерім апай сөз алып,2023-2024 оқу жылының ерекшеліктері мен мақсат міндеттерімен таныстырып өтті. Тәрбие жұмысы бойынша ұлттық құндылыққа негізделген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»бойынша жұмыс жасаймыз. Мектеп формасына қойылатын талаптар мен мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырды. «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР БҒМ 14.01.2026 ж. №26 бұйрығы, ҚР Оқу ағарту министрінің 30.12.2022 ж. №534 бұйрығымен өзгерістер енгізілгенін айтып өтіп, ата-аналарды бұйрықпен таныстырды.
Күн тәртібіндегі келесі мәселелер бойынша әлеуметтік педагог Керімбекова Нұргүл сөз алып, «Мектепке жол» акциясының қорытындысын айтты және 1-4 сынып оқушыларының тегін ыстық тамақпен қамтылуы туралы мәлімет берді.Мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы барысында ауыл кәсіпкерлерінің демеушілік жасауымен 630000 (алты жүз отыз мың) теңге қаржылай көмек жиналып, әлеуметтік мәртебеге ие 21 оқушыға қажетті құралдары мен киім-кешек алуға 30000 (отыз мың) теңгеден әр баланың ата-анасына қаржылай көмек берілді.
Былтырғы оқу жылынан бастап 1-4 сынып оқушылары бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп келеді. Жалпы тамақпен қамтылатын бастауыш сынып оқушыларының саны- 214.
Әр түрлі мәселе бойынша мектеп педагог-психологы Жаппар Нұрлан сөз алып, оқушылардың тәрбиесі жайында айтып өтті. Оқушылардың көшеде жүру мәселесі, арнайы оқушылар жүретін жолмен жүру керектігі айтылды. Мектеп оқушыларының сабаққа қатысуы мен күнделікті сабақтарды орындап кері байланыс жасап отыру қажет.
Қаулы:
-
2023-2024 оқу жылында атқарылған жұмыстар қанағаттанарлық деп танылсын.
-
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ұлттық құндылыққа негізделген жұмыстар атқарылсын.
-
Мектептің ішкі тәртіп ережелері қатаң сақталсын. Ішкі тәртіп ережесі сақталмаған жағдайда заң аясында ата-анасы жауапкершілікке тартылсын.
-
Ата- аналар комитетінің төрағасы етіп Муратов Қайрат тағайындалсын.
-
Оқушылардың білімі мен тәрбиесі қадағалау сынып жетекшілері мен ата-ана жауапкершілігіне жүктелсін.
Мектеп директоры Сапарбек Ғ.Н.
Хатшы Самбетова Н.
№76 жалпы білім беретін мектебінің
ата-аналар жиналысының
ХАТТАМАСЫ №2
Дербісек ауылы 05.11.2024 жыл
Мектеп әкімшілігі
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері
Ата-аналар комитетінің мүшелері
Жиналысқа қатысушылар саны - 102
Күн тәртібінде:
-
І-тоқсанның қорытындысы 4, 9 сыныптардағы ББЖМ-ға және 11 сыныптардағы ҰБТ -ге дайындық жұмыстарының барысы.
-
Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық, қатыгездіктің алдын-алу. /Баяндама/
-
Сабақтан себепсіз қалу жағдайларының бала психологиясына әсері.
-
Әртүрлі мәселелер.
Тыңдалды:
Мектеп директоры Сапарбек Ғалымжан Нұртасұлы жиналысты ашып берді. Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша мектеп директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Каратаева Эльмира сөз алып, І-тоқсанның қорытындысы туралы мәлімдеме жасады. Оқушылардың үлгеріміне келсек,мектеп бойынша білім сапасының көрсеткіші-43,7 %,оның ішінде 2-ші сыныпта-57,9 %, 3-ші сыныпта -51 %, 4-ші сыныпта -49 %, 5-ші сыныпта-46 %, 6-шы сыныпта -39 %, 7-ші сыныпта -31 %, 8-ші сыныпта-43 %, 9-шы сыныпта -33 %, 10-шы сыныпта -42 % , 11-ші сыныпта -44 % құрады.
4, 9 сыныптарда ББЖМ сынағына дайындық болып, оқушылардан тест алынып жатқаны туралы айтты. Ондағы оқушылардың пән мұғалімдері сынып жетекшілері мектеп әкімшілігі дайындық жұмыстарын жүргізгендігін айтты. ББЖМ сынағына дайындықтағы оқушыларымыздың жетістіктерін, кемшіліктерін айтты. Білім сапасы мен үлгерімге әр сыныпқа талдау жасау арқылы айтып өтті. Жоғары балл жинаған оқушыларды атап өтті. Мектеп бітірушілерінің ҰБТ-ға дайындық жұмыстары қазіргі кезде қызу жүргізіліп жатқандығын мектепшілік сынақтарға оқушылар толыққанды қатысып жатқандығын, пән мұғалімдерінің қосымша дайындық сабақтарын жүргізіп жатқандығын айтты.
Жарыс сөзге ата-ана Садыкова Сауле шығып, кешегі өткізілген ББЖМ сынағына дайындықта біздің оқушыларымыздың жақсы нәтиже көрсетіп жатыр, ол да болса осы мектеп мұғалімдерінің еңбегі, әрине біз оның қаншалықты қиын жұмыс екенін түсінеміз, ендігі алда келе жатқан ҰБТ-ге қатысып мектебіміздің оқушылары жақсы нәтиже көрсетеді деп біз сіздерге сенім білдіреміз деп айтты.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хайназарова Айгерім апай жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың,қатыгездіктің алдын-алу бойынша қазіргі ең өзекті мәселелердің біріне айналып отырған – бұл жасөспірімдердің, балалардың зорлық – зомбылыққа ұшырауы. Барлық балалар үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық – зомбылықпен ұшырасып отырады. Баланың болашақта қандай азамат болуы оның мектепте, отбасында қоршаған ортада алған тәрбиесіне байланысты. Балалар да, ересектер сияқты сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай - ақ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы. Сонымен қатар ата - анаға қосымша кеңес берілді. Қалай зорлық – зомбылыққа душар болмау керек? (А Көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге бармау.
Егер Сізге тұрмыстық зорлық – зомбылық қауіп төндірсе, үйден кетіп қалуға тырысу, ертерек қашып кетуге сөмкеңді дайындау, тиісті құжаттарыңмен бірге, көрші – көлемдеріңмен сөйлесу, айқай – шу шығарылғанда келу және полицияға хабарлау.
Қауіп-қатерді азайту, балаларды зейінділікке, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету керек, ондай жағдайларды олар дала немесе үйде де кездестіруі мүмкін.
Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек;
Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет;
Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету.
Үшінші мәселеге бойынша мектеп психологы Жаппар Нұрлан сабақтан себепсіз қалудың бала психологиясына әсері туралы айтып өтті. Онда түрлі тест әдістері сұрақ жауаптар алып, ондағы қорытындыларын атады.Ата-аналармен психологиялық жұмыс жүргізді.
Әр түрлі мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хайназарова Айгерім апай сөз алып, үнемі сабаққа кешігіп келетін оқушылардың аттарын атады. Түнгі уақытта ата-анасыз жүруге болмайтындығы мен сабақтан кешікпеуін ата-аналардан үйден қадағалап отыруын сұрады. Ата-аналарға аптасына 1 реттен балаларының сабақтарына қатысып, оқушылардың білім деңгейін, үлгеріміне, тәртібі жайлы сынып жетекшілерімен, пән мұғалімдерімен байланыс жасауды, жандандыру ұсынылды.
Жарыс сөзге Абдакимова Гүлжанар біз ата- ана балаларымыздың оқуына, білім алуына жауапкершілікпен қарауымыз керек, Алайда «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, мұғалім болып, ата- ана болып, балаларымыздың сабағына кешікпеуіне , себепсіз қалуына жол бермей білім деңгейін көтеруге бірге ат салысуымыз керек.
Мектеп директоры Сапарбек Ғалымжан Нұртасұлы сөз алып, сабақтан тыс мектептен тыс кездері оқушыларды қадағалап, отыру керектігін, ата аналар балаларының білім алуына сынып жетекшілерімен байланыс жасап, тәрбиесін бақылауға алуын айтып өтті.
Қаулы:
-
І тоқсан қорытындысы есепке алынсын, ББЖМ мен ҰБТ-ға дайындық жұмыстары күшейтілсін.
-
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу қатаң түрде қолға алынып, жұмыстар жүргізілсін.
-
Ата-ана баласының кешке көшеге шығуын, күнделікті сабақтан кешігуіне жол бермеуін, айына бір рет сабаққа қатысуды қамтамасыз етуін, күнделіктерінің дұрыс толтыруын, бос уақытын тиімді ұйымдастыруын, мектептің ішкі-сыртқы ережелеріне қатаң сақтауды талап ету әр ата-ананың міндеті болып табылсын.
-
Оқушылардың түнгі мезгілде, сабақтан тыс уақытында бейберекет жүрмеуге қатаң тыйым салынып, ата-аналарына жауапкершілігі жүктелінсін.
Мектеп директоры Сапарбек Ғ.Н.
Хатшы Бөриева Н.
№76 жалпы білім беретін мектебінің
ата-аналар жиналысының
ХАТТАМАСЫ №3
Дербісек ауылы 08.01.2025 жыл
Жиналысқа қатысушылар саны -95
Күн тәртібінде:
-
І- жарты жылдықтың қорытындысы 4, 9 сыныптардағы ББЖМ-ге және 11 сыныптардағы ҰБТ-ге дайындық жұмыстарының барысы.
-
«Мектепке жол» акциясының қорытындысы.
-
«Бала құқығы-асыл қазына» /Баяндама/
-
Құқық бұзушылық пен діни экстремизмнің алдын алу және мектепте тәртіпсіздікті болдырмау мақсатында оқушылардың тәрбиесін қадағалау.
-
Әр түрлі мәселелер.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселелер мен алдағы мақсат, міндеттер туралы мектеп директоры Сапарбек Ғалымжан Нұртасұлы таныстырып өтті.
Күн тәртібінің 1-ші мәселесі бойынша директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Абдунасирова сөз алып, І-жарты жылдықтың қорытындысы туралы мәлімдеме жасады. Оқушылардың үлгеріміне келсек,мектеп бойынша білім сапасының көрсеткіші-43,5 %,оның ішінде 2-ші сыныпта-55 %, 3-ші сыныпта -54 %, 4-ші сыныпта -49 %, 5-ші сыныпта-36 %, 6-шы сыныпта -39 %, 7-ші сыныпта -36 %, 8-ші сыныпта-43%, 9-шы сыныпта -31 %, 10-шы сыныпта -46 % , 11-ші сыныпта -48 % құрады. Мектепте білім саласы мен тәрбие жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру барысында І- жарты жылдықта атқарылған жұмыстары туралы есеп беріп, ІІ-жарты жылдықта атқарылатын мектептің жоспарымен таныстырып өтті.
4, 9 сынып білім алушыларының ББЖМ-ге дайындалып жатқаны туралы айтып, тағы да ата-аналарға 2024-2025 оқу жылына арналған білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеудің іс-шара жоспарымен таныстырып өтті . Білім алушылардың білім мониторингі ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген ББЖМ жүргізу қағидалары негізінде жүзеге асырылады. Бастауыш, негізгі орта білім беру стандарты талаптарына сәйкес білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі. Жалпы білім беру ұйымдарында ББЖМ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ( АКТ ) қолдана отырып, 4-сынып бойынша оқу сауаттылығынан – 10 тест, математикалық сауаттылықтан- 12 тест , жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтан- 8 тест, жалпы 30 сұрақ бойынша тест тапсырады. 9-сыныпта оқу сауаттылығынан- 30 тест / қазақ,орыс, ағылшын тілдерінде/, математикалық сауаттылықтан- 13 тест , жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтан- 32 тест / физика, химия, биология, география/ жалпы 75 сұрақ бойынша тест тапсыратынын айтты. Әр апта сайын тест алынып тұр. Соңғы тесттің қорытындысы бойынша 4-сыныпта 44 оқушы тест тапсырды. Оқу сауаттылығынан – 5,95 балл, математикалық сауаттылықтан- 4,45 балл , жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтан- 2,35 балл. 9-сыныпта 40 оқушы тест тапсырды. Оқу сауаттылығынан – 4,8 балл, математикалық сауаттылықтан- 3,05 балл , жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтан- 5,4 балл. ББЖМ –ге кесте түзіліп, пән мұғалімдерінің қосымша дайындық сабақтарын жүргізіп жатқандығын айтты.
Ал, 11 сыныптарда ҰБТ- ге дайындықтардың жүргізуі жайында және олардың қанша балл жиғанын айтып, қазіргі кезде әр оқушы тестке өздері тіркеліп, қаңтар айында тест тапсыратынын және 11 сыныптарға қосымша дайындық сабақтары түстен кейінгі уақытта жүргізіліп жатқандығын айтты.
Мектебімізде білім алып жатқан оқушыларымыз бен ұстаздарымыздың жетістіктерін слайд арқылы көрсетті. Мұғалімдеріміз бен оқушыларымыз түрлі байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болып отыр. Нәтижесінде оқушыларымыз мектепшілік, аудандық, облыстық олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша әлеуметтік педагог Н.Керімбекова «Мектепке жол» акциясының бірінші жарты жылдық қорытындысы бойынша есеп берді. Ауыл тұрғындарын 15-қаңтар күні болатын «Қамқорлық» қайырымдылық акциясына қатысып, қайырымдылық жасап, баланың қуануына себеп болуғы шықырды. Акция барысында түскен қаражатқа әлеуметтік осал топтағы оқушыларға мектепке қажетті заттар алынатынын айтып өтті. Сөз жалғасын үшінші мәселе «Бала құқығы-асыл қазына» атты тақырыпта жалғастырып, баяндама оқып, ата-аналардан сауалнама алынды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Хайназарова Айгерім апай шықты . Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып,жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет. Отбасындағы тұрақтылық пен береке болмаса, осыған байланысты қоғам тарапынан көмек көрсету әрекеттері сәтсіз болған жағдайда тіршілік етудің балама орындарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет екендігі белгілі. Яғни, балаларды тұрақты әрі берекелі отбасы жағдайына мейлінше жақындатылған мекемелерде тәрбиелеу болып табылады. Баланың келешегіне кері әсер ететін жағдайларды айтпағанда, олардың ата-анасынан айыруға жол бермейтін ұлттық бағдарлама жасаудың және оны іске асыру қажеттігілігі тууы мүмкін. Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғышарты болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық жағымсыз құбылыстары әсер етеді. Ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмай қараусыз қалған, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп, құқық бұзушылық жасауға баратын балалар санының өсуі осы жағдайдың бір себеп-салдары ғана. «Қазіргі таңда әр баланың қолында смартфон жүретіндіктен, олар үшін, интернеттегі түрлі «экстремистік қақпанға» түсіп қалу қаупі де өте жоғары. Сондықтан әрбір ата-ана өз балаларының интернетте қандай ресурстарға кіретінін, кімдермен сөйлесіп жүргенін, мінез-құлқында қандай өзгерістер болып жатқанын жіті қадағалауы керек. Мұндай кеселдің алғаш пайда болған кезінде алдын алған оңай, ал дендеп кетсе, адамды теріс пиғылынан қайтару қиынға соғады. Бұл әрқайсымыздан қырағылық пен тиянақтылықты талап етеді»,-дейді. Сөзін қорыта келе жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың орын алу себебі, оқушылар уақытын босқа өткізуде.Сондықтан оқушылар уақытын босқа өткізбей, спорттық үйірмелерге, қоғамдық іс-шараларға қатыссын.
Жарыс сөзге Шыңдалиева Замира ата-аналарға балаларының тәрбиесі мен жауапкершілігін өздері қадағаласын. Мектеппен тығыз байланыста болсын.
Әр түрлі мәселе бойынша әлеуметтік педагог Н.Керімбекова мектептегі ыстық тамақ бойынша сөз алды. Мектеп асханасынан 1-4 сыныптар бойынша 211 оқушы, әлеуметтік осал топтағы 5-10 сыныптар бойынша 21 бала бір мезгіл ыстық тамақ ішіп жүргенін айтып, мектеп асханасының жай-күйі туралы, бракераждық комиссияның тексеру жүргізіп, тамақ сапасын қадағалап отырғанын айтып өтті.
Мектеп
директоры Сапарбек Ғалымжан
Нұртасұлы сөз алып,
«Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес,
бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Осыған орай бүкіл ата
– ана, мұғалім тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі
екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне
осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
Балаға жауапкершілікпен қарау, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде
отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет ету
қажет екендігі айтылды. Жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам
болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата-аналар болып қолға
алсақ, болашағымыз жарқын болмақ»,-деп сөзін
аяқтады.
Қаулы:
-
I-ші жарты жылдықтың қорытындысы және 4-9 сыныптағы ББЖМ-ге және 11 сыныптардағы ҰБТ- ге дайындық жұмысы күшейтілсін.
-
ББЖМ мен ҰБТ- леуге дайындық барысында қорытынды тестлеуден төмен бал жинаған оқушылармен қосымша сабақ өткізілсін.
-
Құқық бұзушылық пен діни экстремизмнің алдын алу және мектепте тәртіпсіздікті болдырмау мақсатында оқушылардың тәрбиесі қадағалансын.
-
Оқушылардың бір мезгіл берілетін тегін ыстық тамақ ішуі қадағаланып, тамақ сапасы бойынша қадағалану жұмыстары жалғасын тапсын.
-
Оқушылардың түнгі мезгілде, сабақтан тыс уақытында бейберекет жүрмеуге қатаң тыйым салынып, ата-аналарына жауапкершілігі жүктелінсін.
Мектеп директоры Сапарбек Ғ.Н.
Хатшы Бөриева Н.
№76 жалпы білім беретін мектебінің
ата-аналар жиналысының
ХАТТАМАСЫ №4
Дербісек ауылы 29.03.2024 жыл
Жиналысқа қатысушылар саны - 85
Күн тәртібінде:
-
ІІІ- тоқсанның қорытындысы, 11 сыныптардағы ҰБТ-ге дайындық жұмыстарының барысы.
-
« Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі» /Баяндама/
-
« Құқық бұзушылықтың алдын алу басты- міндет. /Баяндама/
-
Әр түрлі мәселелер.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселелер мен алдағы мақсат, міндеттер туралы мектеп директорының міндетін қоса атқарушы Каратаева Эльмира таныстырып, күн тәртібінің 1-ші мәселесі бойынша ІІІ- тоқсанның қорытындысы туралы мәлімдеме жасады. Оқушылардың үлгеріміне келсек,мектеп бойынша білім сапасының көрсеткіші-44,6 %,оның ішінде 2-ші сыныпта-69,23 %, 3-ші сыныпта -54,72 %, 4-ші сыныпта -53,33 %, 5-ші сыныпта-43,66 %, 6-шы сыныпта -45,59 %, 7-ші сыныпта -47,73 %, 8-ші сыныпта-39,22 %, 9-шы сыныпта -40,91 %, 10-шы сыныпта -44,0 % , 11-ші сыныпта -50,0 % құрады. 11 сыныптарда ҰБТ- ге дайындықтардың жүргізуі жайында айтты. Қазіргі уақытта әр оқушы тестке өздері тіркеліп, тест тапсырып жатқанын және олардың қанша балл жиғанын айтып өтті. 11 «а», 11 «ә» сыныптардың жалпы балл – 69,8% құрады. 11 сыныптарға қосымша дайындық сабақтары түстен кейінгі уақытта жүргізіліп жатқандығын айтты.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша директордың тәрбие жөніндегі орынбасары А.Хайназарова сөз алып «Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі» атты баяндамасын оқыды. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет. Осының барлығына ата-аналар жауапты, біз міндетімізді уақытылы орындасақ біздің оқушыларымыз құқық бұзушылыққа бармайды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша мектеп психологы Н.Жаппар «Құқық бұзушылықтың алдын алу басты-міндет» атты баяндамасын оқыды. Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей не жанама көздейтін құқықтың қайнар көздерінің осылайша көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесінің көзделгендігін көрсетеді. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай мемлекеттіміз отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының тұтастығын сақтауға аса назар аударып отыр.
Отбасында тұрақтылық пен береке болмаса, осыған байланысты қоғам тарапынан көмек көрсету әрекеттері сәтсіз болған жағдайда, тіршілік етудің балама орындарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет.
Ол дегеніміз, балаларды тұрақтылығы бар, әрі берекелі отбасы жағдайына мейлінше жақындатылған мекемелерге тәрбиелеуге берілуі тиіс.
Баланың келешегіне кері әсер ететін жағдайларды айтпағанда, олардың ата-анасынан айыруға жол бермейтін ұлттық бағдарлама жасаудың және оны іс жүзіне асыру қажеттігінің мәні зор.
Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғы шарты болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық жағымсыз құбылыстары жатыр. Ол ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмауы нәтижесінде, соңғы жылдары қараусыз, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп құқық бұзушылық жасауға баратын балалар саны көбейіп отыр.
Балалар өздеріңнің құрдастарың жазған баяндама бүгінгі қоғаммен байланыстырып жасалған.
Жарыс сөзге қамқоршылық кеңесінің төрағасы Қалдаров Асхат мырза сөзге шықты, - Айгерім апай мектебімізде түрлі спорттық үйірмелер жұмыс жасайды. Мысалы; баскетбол, волейбол, футбол, шахмат, тоғызқұмалақ ойындары. Мектебіміздің оқушылары өзі жақсы көрген үйірмелеріне қатысып жүр. Осы домбыра үйірмесі ашылса деген ұсынысым бар – деді. А.Хайназарова ұсыныс ескерусіз қалмайтындығын мүмкіндігінше алдағы күндерде орындалып қалатынын айтып өтті.
Сөз кезегін алған Сарыағаш аудандық ІІБ-нің ЖПҚ ЮПТ-ның мектеп инспекторы Джекебаев А. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық ата-ананың қадағалауынсыз, мектепке жиі келмей қалатын, көшеде көп қыдыратын балалар арасында кездесетінін тілге тиек етті. Сонымен қоса авто көлікті айдауға болмайды. Сіздер бергендеріңіз үшін сіздерге арнайы жаза қолданылады. Республикамызда балалар арасында қылмыстың өршіп тұрғанын, бұған себеп ата-ана тарапынан баланың қадағалаусыз қалуы және мейірімділік танытпауы. Бұл үшін мектептегі ұстаздардан жақсы тәлім-тәрбие, білім алып, ата-ананың үмітін ақтайды деп сенемін-деп сөзін аяқтады.
Әртүрлі мәселеге бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қаратаева Эльмира сөз алып, 4 және 9-сынып білім алушыларының ББЖМ-ге дайындалып жатқаны туралы айтты. ББЖМ мектебімізде 25 сәуірде болатыны туралы ата-аналарға ескертті. 6 сыныптар мектепте «Мың бала» олимпиадасын тапсыратынын және ата-аналар балаларының сынып жетекшілерімен байланыс жасап, сабақ үлгерімін және тәрбиесін бақылап отыруын айтып өтті. Ата-аналар жиналысында барлық мәселелерді тыңдай және талқылай келе, төмендегідей шешім қабылданды.
Қаулы:
-
IІІ-ші тоқсанның қорытындысы және 11 сыныптардағы ҰБТ- ға дайындық жұмысы күшейтілсін.
-
Ата-аналарға бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі күшейтілсін.
-
Оқушылармен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізілсін.
-
Оқушылардың түнгі мезгілде, сабақтан тыс уақытында бейберекет жүрмеуге қатаң тыйым салынып, ата-аналарына жауапкершілігі жүктелінсін.
Мектеп директоры м.у.а Каратаева Э.Қ.
Хатшы Самбетова Н.
Қатысқандар:
1. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Э.Каратаева
2. Сарыағаш аудандық ІІБ-нің ЖПҚ ЮПТ-ның мектеп инспекторы Джекебаев А.
3. №76 жалпы орта мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хайназарова А.
4. Мектеп психологы - Н.Жаппар.
Күн тәртібінде:
-
Оқушылар арасындағы құқықбұзушылық туралы деректі фильм. /Хайназарова А./
-
Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі /Жапар Н/
-
Түнгі клуб, туылған күн кештерін, топтық серуендерді ұйымдастыруға қатаң тиым салынуы туралы /Джекебаев А./
Тыңдалды:
Жиналыс басында «Қылмыс пен жаза» тақырыбында деректі фильм көрсетілді.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Хайназарова сөз алып, қазіргі таңда қоғамда құқықбұзушылықтың көбейіп бара жатқандығын айтып өтті. Мектепте мұғалімдерден және мектеп инспекторымен бірге жасақталған кезекшілік ұйымдастырылған. Кезекшіліктің мақсаты мөлтек аудандарға кешкі уақытта шығып, тәртіпсіздіктерді қадағалап алдын алу жұмыстарын жүргізу. Сондықтан кешкі уақытт көшеде бейберекет жүруді жиыстырып, уақытты білімге, спортқа жұмсауымыз керек-деді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша - Жаппар Нұрлан алып «Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі» атты баяндамасын оқыды. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет. Осының барлығына ата-аналар жауапты, біз міндетімізді уақытылы орындасақ біздің оқушыларымыз құқық бұзушылыққа бармайды.
Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы қолға алынған. Бұл «Неке және отбасы туралы», «Отбасылық үлгідегі балалар деревнялары және жасөспірімдер үйлері туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Еңбек туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Дене тәрбиесі және спорт туралы» заңдары кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялардың, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ішкі істер органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер және т.б.
Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей не жанама көздейтін құқықтың қайнар көздерінің осылайша көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесіннің көзделгендігін көрсетеді. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай мемлекеттіміз отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының тұтастығын сақтауға аса назар аударып отыр.
Отбасында тұрақтылық пен береке болмаса, осыған байланысты қоғам тарапынан көмек көрсету әрекеттері сәтсіз болған жағдайда, тіршілік етудің балама орындарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет.
Ол дегеніміз, балаларды тұрақтылығы бар, әрі берекелі отбасы жағдайына мейлінше жақындатылған мекемелерге тәрбиелеуге берілуі тиіс.
Баланың келешегіне кері әсер ететін жағдайларды айтпағанда, олардың ата-анасынан айыруға жол бермейтін ұлттық бағдарлама жасаудың және оны іс жүзіне асыру қажеттігінің мәні зор.
Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғы шарты болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық жағымсыз құбылыстары жатыр. Ол ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмауы нәтижесінде, соңғы жылдары қараусыз, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп құқық бұзушылық жасауға баратын балалар саны көбейіп отыр.
Балалар өздеріңнің құрдастарың жазған баяндама бүгінгі қоғаммен байланыстырып жасалған. Ал, енді сендердің ойларыңды тыңдасақ, қане кім сөзге шығады.
Жарыс сөзге: Шалхаров Нүркен шықты, - Айгерім апай мектебімізде түрлі спорттық үйірмелер жұмыс жасайды. Мысалы; баскетбол, волейбол, футбол, шахмат, тоғызқұмалақ ойындары. Мектебіміздің оқушылары өзі жақсы көрген үйірмелеріне қатысып жүр. Осы домбыра үйірмесі ашылса деген ұсынысым бар – деді. А.Хайназарова ұсыныс ескерусіз қалмайтындығын мүмкіндігінше алдағы күндерде орындалып қалатынын айтып өтті.
Сөз кезегін алған Сарыағаш аудандық ІІБ-нің ЖПҚ ЮПТ-ның мектеп инспекторы Джекебаев А. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық ата-ананың қадағалауынсыз, мектепке жиі келмей қалатын, көшеде көп қыдыратын балалар арасында кездесетіін тілге тиек етті. Сонымен қоса авто көлікті айтауға болмайды. Сіздер бергендеріңіз үшін сіздерге арнайы жаза қолданылады. Республикамызда балалар арасында қылмыстың өршіп тұрғанын, бұған себеп ата-ана тарапынан баланың қадағалаусыз қалуы және мейірімділік танытпауы. Мұны бүгінгі күнде психологтардың дәлелдеп отырғанын айтты. Көрген деректі фильмнен қорытынды шығарып, еліміздің сенімді, білімді азаматтары болуларыңа тілектеспін. Бұл үшін мектептегі ұстаздардан жақсы тәлім-тәрбие, білім алып, ата-ананың үмітін ақтайды деп сенемін-деп сөзін аяқтады.
Жиналыста қабылданған қаулылар:
1. Оқушыларға бос уақытын мағыналы өткізу үшін үйірмелер мен секциялардың жұмысы одан әрі жандандырылып жұмыс жүргізілсін.
2. Түнгі клуб, туылған күн кештерін,топтық серуендерді ұйымдастыруға, автокөлік жүргізуге қатаң тиым салынсын.
3. Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында учаскелік полиция қызметкерлері мен мұғалімдерден кезекші топ құрылып, рейдтер жүргізілсін.
Жиналыс төрайымы: Э.Каратаева
Хатшы: А.Худиярова
Тыңдалды:
1 сұрақ бойынша сынып жетекші Жанар
Амангельдиновна сөз сөйледі. Оқушылардың 2 - тоқсан бойынша
қорытынды бағаларын мәлімдеп, «жақсы» деген бағадан
«қанағаттандырарлық» бағаға түсіп кеткен оқушылардың сол пәндерге
ынтасы мен қызуғышылығын мәлімдеді. Ата - аналар жиналысына
шақырылған пән мұғалімдері Жунусова А. Е., Жумалдина Д. Б. оқушылар
туралы айтты.
2 сұрақ бойынша сынып жетекші оқушылардың
жетістіктері туралы айтты. «Ақ Бота» олимпиадасына қатысқаны
туралы, 1 орынға ие болған оқушылар тізімі айтылды. КВН ойынында
келесі турға жолдама алғаны туралы айтылды. Қазақ тілі және
әдебиет, математика, физика, информатика пәндері апталығында
белсенді қатысқан оқушылар туралы
айтылды.
3 сұрақ бойынша сынып жетекшісі сөз сөйлеп
қауіпсіздік ережелерімен ата - аналарды таныстырып, жолда бала сақ
жүруіне, абай болуына ата - аналарға үгіт - насихат жұмыстар
жүргізіп, қол
қойғызды.
4 сұрақ бойынша
мектеп психологы Тлебаева Дана суицид туралы баяндама
оқыды.
Жиналыс қаулы
етеді:
1. 3 тоқсанда
оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау, сыныптың білім сапасын
көтеру.
Тыңдалды:
1.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп меңгерушісі Г.Жасыбаева ата-аналарға баяндама жасады.Баяндау барысында 2021 -2022 оқу жылының бірінші тоқсанында оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізген туралы айтты. Биылғы оқу жылы оқушылар саны жыл басында 28 болып нақтыланды.Тоқсан ішінде қозғалыс болды,атап айтқанда 1 –ші сынып оқушысы Муртазаева Айлин мектеп есебінен шығарылды,себебі аталған оқушы шет мемлекетке қоныс аударуына байланысты мектептен шықты.Оқушының шығуы туралы есеп АББ-не берілді.Сонымен бүгінгі күнде оқушылар саны 27 болып тұр.Олар 1-ші сыныпта-5,2-ші сыныпта-10,
3-ші сыныпта -5,4-ші сыныпта-7 оқушы болып бекітілді.
Оқушылардың үлгеріміне келсек,мектеп бойынша білім сапасының көрсеткіші-68,2 %,оның ішінде 2-ші сыныпта-74 %,3-ші сыныпта -60%,4-ші сыныпта -71 %. құрайды.Өткен оқу жылыныы қорытындысына қарағанда өзгеріс бар.Екінші сыныптың білім сапасына жаңадан мониторинг жасалынды, үшінші сыныпта -7%-ға төмендеген,4-ші сыныпта жылдың соңындағы көрсеткіш қайталанды,яғни өзгеріссіз.Бірақ қыркүйек айында бастапқы білім сапасын анықтағанда,сыныптардың көрсеткіштері әлде қайда төмен болған.Сонымен қатар әр сынып жетекші өз сыныптарының пәндер бойынша қорытынды бағаларын мәлімдеп,талдау жасады.
Х А Т Т А М А С Ы
№3
17 қаңтар 2018 жыл Жалаңаш
ауылы
Қатысқан ата- аналар
саны-119
Қатысқан қонақтар: Ауыл мешітінің имамы
Атамбеков Еркебұлан
Күн
тәртібінде
1. Ата- ана комитетінің бір жылда атқарылған
жұмыстарының есебі.
Р.Соқбаева
2. Мемлекеттік білім беру стандарт
талаптарының орындалуы туралы І жарты жылдық
есебі
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі
орынбасары А.
Орынбаева
3. Тәрбие кешенді бағдарламасы бойынша 1
жарты жылдықта атқарылған жұмыстары туралы
есебі.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары С.Марат
4. «Бала тәрбиесіндегі басты тұлға- ата-ана»
баяндама .
Мектеп психологы
М.Молдахмет.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселелер мен , жиналысқа
шақырылған қонақтармен алдағы мақсат, міндеттер туралы мектеп
директоры
таныстырды.
1.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша
ата-ана комитетітін төрайымы Р.Соқбаева 1 жылда атқарылған
жұмыстары туралы сөз
алды.
Ата-аналар жиналысында бала тәрбиесіндегі
өзекті мәселелер, мектепте өткізілген шаралар, ата-аналардың
сабаққа қатысуы, сабақты себепсіз қалдыруы, оқушылардың бір-біріне
әлім-жеттік көрсетуі, түнгі аулада балалардың жүруі т.б айтылды.
Ата-аналарды ойландырып отырған мәселелер мектепте істелген
жұмыстарға тоқталып және таныстырып
өтті.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес,
бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Осыған орай бүкіл ата
- ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін
ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай
ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат. Балаға
жауапкершілікпен қарау, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде
отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет ету
қажет екендігі айтылды. Жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам
болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата-аналар болып қолға
алсақ, болашағымыз жарқын болмақ деп сөзін
аяқтады.
2. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша
мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Орынбаева
хабарлама жасады.
ҚРда білім беруді және ғылымды дамытудың
2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының мақсаты:
Экономиканың орнықты дамуы үшін білім берудің және ғылымның
бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамтыту.
«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының
тәжірбиесі бойынша білім берудің жаңартылған мазмұнына өткен
мектептердң үлесі үлгерімі «жақсы»және «үздік» оқушылардың үлесі
(оқытудың сапасы) 2017 жылы-62 % , 2019-70% -ға жетуі тиіс екенін
айтып өтті. Жаңартылған білім мазмұнына 1,2,5,7 сыныптар көшті және
1-11 сыныптар бес күндік оқуға көшті. Олар жаңа оқу жылында
жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқуда. Білім мазмұнын жаңарты
шеңберінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
білім берудің басты мақсаттарының бірі ретінде айқындалып отыр. Осы
салада білім сапасын көтеруге қандай нәтижеге жеткені туралы
тоқталып кетті. Жаңа 2017-2018 оқу жылында 238 оқушымен бастап, 233
оқушымен аяқтадық. 15 сынып комплектісі бар. Оқу озаттары-22 болса,
89 оқу екпіндісі болғаны туралы хабарлады. Білім сапасы 54%.
Аудандық КҒА , Зерде ғылыми жоба жарысына 6 оқушы қатысып, 3 оқушы
І,ІІ,ІІІ орындар алып қайтты. Олар: Сағымбай Анар. Жетекшісі
Абеуова Бибінұр, Нуранова Амина жетекшісі Жакашева Роза, Садыхан
Толғанай, жетекшісі Мұқатаева Жазира. Аудандық пәндік олимпиадаға
14 оқушы жұмыс жіберілген, іріктеуден 6 оқушы барып, 4 оқушы І-ІІ
орындарды иеленіп келді. Олар: Байұзақ Махаббат, жетекшісі
Амиражанова Гульфариза. Байұзақ Аружан, жетекшісі : Бимағанбет
Шарапат. Садыхан Толғанай, жетекшісі Утегенова Сәуле, Нұрболқызы
Анель, жетекшісі Жакашева Роза. Осы орайда балаларының жақсы білім
алуына үлес қостаны ата-анамен жетекші мұғалімдерге алғысын
білдірді. Жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар
қауымы болып, ең бастысы ата-аналар болып қолға алсақ, болашағымыз
жарқын болмақ деп сөзін
аяқтады.
3. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша
мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Марат
хабарлама жасады.
«2017- оқу жылында ҚР білім беру жүйесінің
тәрбие берудің 2015-2020 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын,
ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамалық негіздерін
басшылыққа ала отырып, тәрбие жұмысының жылдық жлспары, іс-
шаралары жасалынды. Тәрбие жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін
жүзеге асыру барысында І жарты жылдықта атқарылған жұмыстары туралы
айтып өтті. Атқарылған жұмыстар слайд ретінде көрсетіліп отырды.
Оқушыладың Республикалық байқауда алып келген жетістіктері,
жоспарға сай өтілген іс-шаралар туралы есеп берді. Оқушылардың жиі
мебепсіз қалатын сыныптарды мониторингісі шығарылып, ата-аналармен
таныстырды. Түнгі уақытта сағ 19-00ден кейін ата-анасыз жүруге
болмайтындығы сабақтан кешікпеуін ата-аналардан үйден қадағалап
отыруын сұрады. Ата-аналардың сабаққа қатысуы жайлы мониторигісі
шығарылып, нәтижесінде үлкен сыныптардың сабағына ата-аналар көп
қатыспайтындығы , аптасына 1 реттен балаларының сабақтарына
қатысып, оқушылардың білім деңгейін, үлгеріміне , тәртібі жайлы
сынып жетекшілерімен, пән мұғалімдерімен байланыс жасауды ,
жандандыру ұсынылды. Белсенді ата-аналардың аты аталып, мектеп
ұжымы атынан алғыс білдірді. Ата-ана өз міндеті мен жақсы білу
керек екенін айтып , ата-ананың жауапкершілігі мен міндеттеріне
тоқтала кетті. Бала тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарауды, жас
ұрпақты назардан тыс қалдырмауы жөн деп сөзін
қорытты.
4.Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша
мектеп психологы М.Молдахмет «Бала тәрбиесіндегі басты тұлға-
ата-ана» баяндама
оқыды.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын
қазығы-жанұясы. Қай елде , қай кезде болмасын, бала тәрбиесінің
ерекше дамытушы да , ілгері апарушы да- балалар, яғни бүгінгі
ұрпақ- ертеңгі елдің болашағы.Мектепте, сыныпта болатын кез-келген
жұмыстарға мектепішілік іс-шараларға , сынып жетекшілердің ең
бірінші қолдап, демеу көрсететін- сынып оқушыларының ата-аналары.
Осыған байланысты сынып жетекші ең бірінші сынып ата-аналар
төрайымымен және сынып ата-аналарымен тығыз байланыста болуы керек.
Ұлы ағартушы К.Д.Ушинский «Балаға күштеп білім беруден гөрі,
баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат» дегені,
білім мен тәрбие саласындағы мұғалімдерге терең ой
салады.
«Қоршаған ортадағы теріс әрекеттерден үнемі
сақтандырып отырса, мұғалім мен ата- ана әрқашан сергектік ,
шыдамдылық танытып, жан-жылуын беріп, шеберлік көрсете білсе, онда
балаларымыз өзімшіл болмай , қиындықтан қашпай, міндеті мен парызын
орындайтын ұрпақ болары анық»- деп баяндамасын
қорытты.
С Ө Й Л Е У Ш І
Л Е Р:
1. 11 сынып
ата- анасы Керімбекова
Зейнегүл.
Сәлеметсіздер
ме құрметті ата-аналар , ұстаздар. Бүгінгі жалпы ата- аналар
жиналысында қозғалып отырған мәселе өте орынды. Біз ата- ана
балаларымыздың оқуына , білім алуына жауапкершілікпен қарауымыз
керек, Жаңартылған бағдарлама бойынша оқушыларымыз білім алып
жатыр. Алайда «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, мұғалім болып,
ата- ана болып , балаларымыздың сабағына кешікпеуіне , себепсіз
қалуына жол бермей білім деңгейін көтеруге бірге ат салысуымыз
керек. 11 сыныптар үшін алда үлкен сынақ келе жатыр. Сол сынақтан
сүрінбей өтуіне
тілектеспін.
2. 10 А сынып
ата-ана Байкүшікова
Тұрсынхан
Амансыздар ма
құрметті ата-аналар! Бүгінгі жиналыста жақсы мәселелер талқыланып
жатыр. Айтылған мәселелереге толықтай келісемін. Бүгінгі жалпы ата
–аналар жиналысына көп ата аналар жиналыпты. Оның өзі қуантады.
Шынымен бала мектепте 6,7 сағат болса, қалған 18 сағат үйде
болады., сол себепті баламыздың оқуын, жүріс –тұрысын, жолдастарын
сонымен қатар киетін киімдеріне дейін қадағалап, сынып
жетекшілерімен , пән мұғалімдерімен байланыс жасап отыруымыз
қажет.
3. 9 сынып ата
анасы- Шолпанбаева Ақмарал. «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден
он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат
деп сыйла» деген қағиданы бекер айтпаған. Балаға қазіргі заманда
біліміне көп мән беру керек. Бала- біздің болашағымыз, еліміздің
ертеңі. Білімді, саналы, қабілетті ұрпақ тәрбиелеу ол біздің
қолымызда. Осы жерде көп балаларымыз бос уақытын теледидар,
әлеуметтік желіде отырады. Ол әрине денсаулығына зиян келетінін
біле тұра , кедергі жасаудың орнына ,керісінше қолдарына ұялы
телефондар алып береміз. Қазіргі жастар кітап оқу, кітапханаға бару
сирек кездеседі. Денсаулығына зиян келтіретін жұмыспен
айналысқанша, бос уақытында жан-жақты түрлі үйірмелерге
қатыстырсақ.
4. Физика
пәнінің мұғалімі Өтегенова Сәуле «Жаңа білім бағдарламасының
ережесі мен талаптарының орындалуы » туралы түсініктеме
берді.
Бүгінгі таңда
еліміздің білім беру деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып
отыр. Еліміздің білім саласына кезең-кезеңмен енгізіліп жатқан
білім бағдарламасының басты мақсаты , зиялы азаматты-сана әлеуеті
жоғары дамыған, жаңашыл ойлай білетін азаматты тәрбиелеу. Өз
сабағымды алатын болсам, 7 сыныптарға күнделікті сабақ түсіндіріп,
қалыптастырушы бағалау аламыз.Бөлім бойынша Жиынтық бағалау,
тоқсанның соңында ТЖБ алынады. Сондағы тапсырмаларды балаларымыз
орындай алмай жатады. Осы жұмыстар бағаланып, тапсырманың қай тұста
өте жақсы, қай тұсын қалайша жетілдіруге болатындығын айтып отырып,
кері байланыс береді. Оқушылар дәл осындай кері байланысты
жұптасып, топтасып жұмыс жасау барысында өз-өзіне ретке келтіруіне
ықпал етеді. Қазіргі балалар өз ойын еркін жеткізе алмайды. Неге
деп ойлайсыздар? Балалармен еркін сөйлеспейміз, көп кітап
оқымайды,т.б
5. Электронды
күнделікті жүргізу ата-аналардың күнделікпен жұмыс істеу тәртібі
туралы информатика пәнінің мұғалімі Бимағамбет Шарапат хабарлама
жасады. Қазіргі заман талаптарына сәйкес балаларымыздың білімін,
тәртібін, үй тапсырмасын, тоқсандық бағасын бәрін үйде отырып
немесе жұмыста отырып бақылау жасай аламыз. Яғни, Смарт телефон
арқылы немесе компьютер арқылы Kundelik.kz сайтын басып, кіру
батырмасын басасыздар. Ол үшін барлық сынып жетекшілерге әр
сыныптың ата-аналардың логині мен пароль берілді. Пароль уақытша
пароль. Ол парольді енгізген соң, өзіңізге ыңғайлы парольді енгізіп
кіресіз. Балалар тізбегін таңдасаңыз, үй тапсырмасы, сабақ
кестесі,т.б көре аласыз. Сонымен балаңыздың тоқсандық, күнделікті
үй тапсырмасын, пән бойынша бағаларын бақылап, ата-аналарға
арналған хабарландыруларды көре, біле
аласыздар.
6. Жалаңаш
ауылының мешітінің имамы Атамбаев Еркебұлан. Отбасында көрген
тәрбие, тәлім-баланың өміріне ықпал ететін негіз. Балаларыңыз қисық
өспесін, тура жолда болсын десеңіздер , оның сабағына , тіртібіне
немқұрайлы қарамаңыздар. Ата-аналар сабағы емес, пән мұғалімдерінің
атын білмейтіндер де бар .Кіммен отырасың, досың кім, қандай пәнді
қызығып оқисың, партада кіммен отырасың? ,т.б сұрақтардың жауабын
білмей жатады. Қазіргі заманда ата-ана баланы не ішесің, не киесің,
не қалайсың? Соның бәрін алдына алып беріп, аузына салып беріп
жатырмыз. Қазір балаларды бағып қана жатырмыз, тәрбие беріп жатқан
жоқпыз. Мектеп партасында отырған баланың жан-жақты ықпал ететін ең
бірінші ұстаз болса, оның сүйеушісі
–ата-ана.
Күн
тәртібіндегі мәселелерді тыңдай және талқылай келе, жалпы
ата-аналар жиналысы
Қ А У Л Ы Е Т Е
Д І:
1.1 Ата-аналар
комитетінің бір жылда атқарылған жұмыстарының есебі қанағаттанарлық
деп табылсын;
1.2 Балалардың
сапалы білім алуына, жан-жақты бәсекеге қабілетті тұлға болып,
өсуіне және оқу-тәрбие үрдісіндегі іс-шаралардың талапқа сай
деңгейде ұйымдастырылуына ат салысу ата-ананың жеке
жауапкершілігіне жүктелсін;
1.3 Ата-ана
баласының сағат 19.00 кейін көшеге шығуын, күнделікті сабақтан
кешігуін жол бермеу, айына бір рет сабаққа қатысуды қамтамасыз ету,
күнделіктерінің дұрыс толтыруын, бос уақытын тиімді ұйымдастыру,
мектептің ішкі-сыртқы ережелеріне қатаң сақтауды талап ету әр
ата-ананаың міндеті болып
табылсын;
1.4 Сенбі ,
жексенбі күндердегі демалысын дұрыс ұйымдастыру, қаіпсіздік
ережесін қатаң сақтау, әр ата-ананың жауапкершілігіне
жүктелсін;
1.5 Қоғамдық
кеңес шешіміне сәйкес әр тоқсан сайын ата-аналардан жиналатын
мүшелік жарнаны 250тг болып белгіленсін, жарнаны жинау әр сыныптың
ата-аналар комитеті мен мектептің ата-аналар комитеті Р.Соқпаеваның
жауапкершілігіне берілсін;
1.6 Оқушылардың
жаңартылған білім беруге көшуіне байланысты , олардың үй
тапсырмаларын дұрыс орындауына көңіл бөлу, күн режимін жасап жүзеге
асуын қамтамасыз ету, олармен әңгімелесіп, жағдайын күнделікті
біліп отыру,өз бетінше жұмыс жасап, қадағалап, талап ету
ата-аналардан сұралсын;
1.7 Осы
қаулының орындалуына бақылау басшылық жасау, қадағалау, мектептің
ата-аналар комитетінің төрайымы Р.Соқбаеваға және қоғамдық кеңес
мүшесі ДТІЖ орынбасары С.Маратқызына
тапсырылсын.
2.1 Күн
тәртібіндегі екінші мәселе «Мемлекеттік білім стандарт талаптарының
орындалуы » бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі
орынбасары А.Орынбаеваның І жарты жылдық есебі еске
алынсын;
2.2 Баланың
сапалы білім, саналы тәрбие алуына , заман талабына сай
бәсекеге
қабілетті болып
өсуіне, салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруіне жағдай жасау әр
ата-ананың міндеті болып
табылсын.
3.1 Тәрбие
берудің кешенді бағдарламасының І жарты жылдықта атқарылған
жұмыстар туралы есебі еске
алынсын;
3.2 Оқушылардың
себепсіз сабақ қалдырмауы, кешікпеуін қадағалау әр ата-ананың
міндеті болып табылсын;
3.3 Демалыс
күндері оқушының өмір қауіпсіздігін сақтау, ата-ананың міндетіне
жүктелсін;
3.4 Ата-ананың
мектеппен байланысын нығайту және әр ата- ананың айына бір рет
сабаққа қатысуын қамтамасыз ету, сынып жетекшілерінен нұсқаулар
алып орындау, әр сыныптың ата-аналар комитетіне
тапсырылсын.
4. Мектеп
психологы М.Молдахметтің «Бала тәрбиесіндегі басты тұлға- ата-ана»
баяндамасы еске алынсын
.
Мектеп
директоры Т.Теңгебаев
Хатшы
Ж.Мұқатаева
№76 жалпы орта білім беретін мектебінің
ата аналар жиналысының
ХАТТАМАСЫ №3
Дербісек ауылы 10.01.2023 жыл
Жиналысқа қатысушылар саны -97
Күн тәртібінде:
-
І- жарты жылдықтың қорытындысы 9 сыныптардағы ББЖМ-ға және 11 сыныптардағы ҰБТ -ге дайындық жұмыстарының барысы.
-
Тұрмысы нашар оқушыларға жәрдем.
-
Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық,қатыгездіктің алдын-алу. Баяндама
-
Әртүрлі мәселелер.
Тыңдалды:
Мектеп директоры Сапарбек Ғалымжан Нұртасұлы жиналысты ашып берді.Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Каратаева Эльмира апай сөз алып, 9 сыныптарда ББЖМ- ға, 11 сыныптарда ҰБТ ге дайындықтардың жүргізуі жайында айтты. Мектепшілік сынақтардың жетістіктерімен кемшіліктері жайында пән мұғалімдерінің қосымша дайындық сабақтарын жүргізіп жатқандығын айтты. 11 сыныптарға қосымша дайындық сабақтары түстен кейінгі уақытта жүргізіліп жатқандығын айтты.
Келесі мәселе бойынша әлеуметтік –педагог Н.Керімбекова мектептегі әлеуметтік жағдайға тоқталып өтті.Биылғы жылы үкімет тарапынан беріліп жатқан көмектерді ата-аналар алып жатқанын айтып өтті.2022-2023 оқу жылында ыстық тамақпен 20 оқушы қамтылып,олардың тізімдері жасақталып,уақытылы тамақ ішіп жатқанын айтты.
Сөзге келесі мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хайназарова Айгерім апай шықты. Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың,қатыгездіктің алдын-алу бойынша әлемде қазіргі ең өзекті мәселелердің біріне айналып отырған- бұл жасөспірімдердің, балалардың зорлық-зомбылыққа ұшырауы.Барлық балалар үйінде,мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық-зомбылықпен ұшырасып отырады.Баланың болашақта қандай азамат болуы оның мектепте,отбасында қоршаған ортада алған тәрбиесіне байланысты.Балаларда ,ересектерде сияқты сыйлау,қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық саяси, экономикалық,әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы.
Әр түрлі мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хайназарова Айгерім апай сөз алып, бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де,жауапты міндет.Баланы өмірге бейімделуде мектеп,ұстаз және ата-ананың орны бөлек.Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді.Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя болса,баланың бас ұстазы- ата-ана.Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді.Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінге оның алғашқы ұстазы- ата-анасы.
Қаулы:
-
I-ші жарты жылдықтың қорытындысы және 4-9 сыныптағы ББЖМ- ға және 11 сыныптардағы ҰБТ- ға дайындық жұмысы күшейтілсін.
-
ББЖМ мен ҰБТ- леуге дайындық барысында қорытынды тестлеуден төмен бал жинаған оқушылармен қосымша сабақ өткізілсін.
-
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу қатаң түрде қолға алынып, жұмыстар жүргізілсін.
-
Тұрмысы нашар оқушыларға жәрдем жалғасын тапсын.
-
Балаларына тәрбие берудегі ата аналарға қойылатын талаптар өз деңгейінде орындалсын.
Мектеп директоры Сапарбек Ғ.Н.
Хатшы Самбетова Н.
Әр түрлі мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хайназарова Айгерім апай сөз алып оқушылардың көшеде жүру мәселесі,арнайы оқушылар жүретін жолмен жүру керектігі айтылды.
Мектеп оқушыларының сабаққа қатысуы мен күнделікті сабақтарды орындап кері байланыс жасап отыру қажет.Әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен отбасының балаларына көмек беру,оларды оқыту бағдарламасы бойынша сабаққа дайындығына көз жеткізу және мүмкіндігі барынша көмек беруге қолдау жасау.
№76 жалпы орта білім беретін мектебінің
ата-аналар жиналысының
ХАТТАМАСЫ №4
Дербісек ауылы 30.03.2023 жыл
Жиналысқа қатысушылар саны -90
Күн тәртібінде:
-
ІІІ-тоқсанның қорытындысы,11сыныптың ҰБТ-ға дайындық жұмыстарының барысы.
-
«Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі» /Баяндама/
-
«Құқық бұзушылықтың алдын алу басты-міндет» / Баяндама/
-
Әртүрлі мәселелер.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша мектеп директоры Ғ.Н. Сапарбек сөз алды. Оқушылардың 3-тоқсан бойынша қорытындыны мәлімдеп, жақсы деген бағадан қанағаттандырарлық бағаға түсіп кеткен оқушылардың сол пәндерге ынтасы мен қызуғышылығын мәлімдеді. 11 сыныптарда ҰБТ-ға дайындықтардың жүргізуі жайында айтты. Жоғары балл жинаған оқушыларды атап өтті. Мектеп бітірушілерінің ҰБТ-ға дайындық жұмыстары қазіргі кезде қызу жүргізіліп, мектепшілік сынақтарға оқушылар толыққанды қатысып,пән мұғалімдерінің қосымша дайындық сабақтарын жүргізіп жатқандығын айтты. Сонымен бірге қазіргі кезде ҰБТ-ға өзгеріс енгізілгенін айтты.
Сөзге келесі мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хайназарова Айгерім апай шықты. «Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі» баяндаманы оқыды. «Ел болам десең бесігіңді түзе» деп дана халқымыз айтқандай парасатты, зерек, кішіпейіл, адал, адамгершілігі мол ұрпақ ұлтымыздың басты құндылығы.Саналы да білімді жас ұрпақ болашағымыздың кепілі.Бала тәрбиесінде ең маңызды рөл атқаратын әрине ол отбасы екені мәлім.Сәби күнінен ананың әлдиімен ақ бесікте тербетіліп,асыл әженің ертегісін тыңдап тәтті ұйқыға батып өскен әрбір қазақ топырағының перзенті жаман болмайтыны анық.Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де,жауапты міндет.Баланы өмірге бейімделуде мектеп,ұстаз және ата-ананың орны бөлек.Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді.Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя болса,баланың бас ұстазы- ата-ана. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінге оның алғашқы ұстазы- ата-анасы.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша мектеп психологы Н.Жаппар «Құқық бұзушылықтың алдын алу басты-міндет» атты баяндамасын оқыды.Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу,қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады.Заңды,әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып,жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет. Отбасындағы тұрақтылық пен береке болмаса, осыған байланысты қоғам тарапынан көмек көрсету әрекеттері сәтсіз болған жағдайда тіршілік етудің балама орындарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет екендігі белгілі. Яғни, балаларды тұрақты әрі берекелі отбасы жағдайына мейлінше жақындатылған мекемелерде тәрбиелеу болып табылады. Баланың келешегіне кері әсер ететін жағдайларды айтпағанда, олардың ата-анасынан айыруға жол бермейтін ұлттық бағдарлама жасаудың және оны іске асыру қажеттігілігі тууы мүмкін.Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғышарты болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық жағымсыз құбылыстары әсер етеді. Ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмай қараусыз қалған, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп, құқық бұзушылық жасауға баратын балалар санының өсуі осы жағдайдың бір себеп-салдары ғана.Сөзін қорыта келе жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың орын алу себебі, оқушылар уақытын босқа өткізуде.Сондықтан оқушылар уақытын босқа өткізбей,спорттық үйірмелерге, қоғамдық іс-шараларға қатысын. Әртүрлі мәселеге бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қаратаева Элмира сөз алып, сабақтан тыс мектептен тыс кездері оқушыларды қадағалап отыру керектігін, ата аналар балаларының білім алуына сынып жетекшілерімен байланыс жасап, тәрбиесін бақылауға алуын атап өтті. Осы мәселелерді ата-аналар жиналысында тыңдай және талқылау келсе, төмендегідей шешім қабылданды.
Қаулы:
-
IІІ-ші тоқсанның қорытындысы және 11 сыныптардағы ҰБТ- ға дайындық жұмысы күшейтілсін.
-
Ата-аналарға бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі күшейтілсін.
-
Оқушылармен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізілсін.
-
Оқушылардың түнгі мезгілде, сабақтан тыс уақытында бейберекет жүрмеуге қатаң тыйым салынып, ата-аналарына жауапкершілігі жүктелінсін.
Мектеп директоры Сапарбек Ғ.Н.
Хатшы Самбетова Н.
№76 жалпы орта білім беретін мектебінің
ата аналар жиналысының
ХАТТАМАСЫ №5
Дербісек ауылы 21.05.2022 жыл
Жиналысқа қатысушылар саны -97
Күн тәртібінде:
-
ҰБТ- ға қатысу жағдайын ұйымдастыру және дайындық жұмыстары туралы.Емтихан жұмыстарының ережесі мен оның өткізілуі жағдайын таныстыру.
-
25 мамыр «Соңғы қоңырау» іс- шарасы туралы.
-
Соңғы қоңырау туралы рейд.
-
Әртүрлі мәселе.
Тыңдалды:
Жастар тәрбиесі
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгаршілік – рухани тәрбие беру, ізгілікті білім беру ортасын құру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Бала тәрбиесі – игілікті іс. Берері де, сұрауы да, жемісі де мол тәрбие саласының ең өзектісі.
Осы тәрбиенің бастауы жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру – ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс – тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Көрнекі педегог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», – дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Отбасындағы рухани – адамгершілік білім берудің әдістері ата-аналардың балалардың бойында рухани-адамгершілік сапа-қасиеттердің қалыптасуына бағытталған іс-әрекеттерін сипаттайды. Ата-ана қаншалықты білімді, талапты болғанымен, баланың тұлғалық қалыптасуын, қабілеттерінің дамуын тек өздері мұғалімнің көмегінсіз толық жүзеге асыра алмайды. Бұл міндетті қоғам талабы мен әлеуметтік сұранысқа сай мектеп, кәсіби білікті мамандермен бірігіп атқаруға болады.
Тәрбие мәселелерін зерттеген ғалымдар С.Әбенбаев, С.Б. Бабаев, С.С.Қоңырбаева және т.б. пікірінше, тәрбие әдістерін пайдалануда оларды нақты мақсатқа байланысты іріктеп алу дұрыс. Тәрбие тәжірибесі алдымен ежелден келе жатқан дәстүрлі әдістерге арқа сүйейді. Алайда, көптеген жағдайларда олардың да тиімсіз болып қалатыны бар, сондықтан да тәрбиеші әрдайым тәрбиенің нақты шарттарына сай келерін көздеп, мақсатын нақтылыап, шешімін табатын әдістерді іздестіруге мәжбүр.
Тәрбие әдістерін құратыру, таңдау және дұрыс қолдану – педагогикалық шеберлік болып табылады. Тәрбие әдісі – көп өлшемді құбылыс, оның жүйеленуіне негіз болар белгілер көп. Солардың арасында аса танымалыларын атап өтейік. Олар:
-
тұлға санасын қалыптастыру,
-
балалардың іс- әрекетін ұйымдастыру;
-
рухани – адамгершілік мінез – құлыққа ынталандыру, т.б.
Тұлға санасын қалыптастыру тобына жататын әдістер: сендіру, әңгімелесу, этикалық сұхбат, әдептілік тақырыбындағы әңгіме, үлгі – өнеге. Бұл топтағы әдістерді қолдану негізінде тәрбиешінің сөйлеу әрекеті маңызды рөл атқарады. Сондықтан, ата – аналардың аталған әдістерді қолдануы үшін оларды сөйлеу мәдениетін жетілдіруге бағыттаған жөн.
Тұлға санасын қалыптастыру тобындағы әдістерді қолдануға қойылатын талаптар:
-
сөйлеу мәдениеті, қарым – қатынас мәдениеті,
-
ойлау мәдениеті,
-
нақты сұрақ қоя білуі;
-
дәлді –дәлелді тұжырым жасай білуі;
-
әңгіме соңында ойды жинақтап қорытындылау;
-
тыңдау мәдениеті;
-
тұжырымдамалық ойды өмірлік тұжырымдамамен байланыстыру;
-
мақал – мәтелдер, тұрақты сөз тіркестер, даналық нақыл сөздерді қосып сөйлеу;
-
әзілдесу мәдениетін сақтай білу;
-
әдептілік, өзін – өзі ұстай білу;
-
жанжал жағдаятты конструктивті диалогқа айналдыра білу;
-
қимыл мәдениетін сақтай білу (мимика, патомимика т.б.).
Баласағұни бабамыз: «Баланың балалағын тыйдым дегеніңіз, баланың даналығын тыйдым дегеніңіз», – деген екен. Қорыта айтқанда, адам жүрегі кішкентай кезде мейірім мен сүйіспеншілікке толы болып өссе ғана оның жүрегінде қиянатқа, жамандыққа орын болмайды. Өйткені, адамгершілік тәрбиесі – мәңгілік, ол ешқашан да өз мәнін жоғалтпайды.
Құқық бұзушылықтың алдын алу басты –міндет
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі. Заңды, әлеуметтік пайдасы бар қызметке және қоғамға шынайы көзқарасын қалыптастырып, жас ұрпақты қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу заман талабы.Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардыңарасындақұқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында қоғамда балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі құқықтық актілерді қалыптастыру және жандандыру жұмысы үнемі жаңартылып тұрады. Яғни «Неке және отбасы туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Еңбектуралы»,«Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Дене тәрбиесі және спорт туралы» заңдар, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялардың, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ішкі істер органдарының қызметін реттейтін нормативтікқұқықтық актілерде жан-жақты негізделіп ашып көрсетілген.Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей, не жанама көздейтін құқықтық актілердің көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесінің даму бағытын айқындайды. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай Үкімет отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының тұтастығын сақтауға баса назар аударып отыр.Отбасындағы тұрақтылық пен береке болмаса, осыған байланысты қоғам тарапынан көмек көрсету әрекеттері сәтсіз болған жағдайда тіршілік етудің балама орындарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет екендігі белгілі. Яғни, балаларды тұрақты әрі берекелі отбасы жағдайына мейлінше жақындатылған мекемелерде тәрбиелеу болып табылады. Баланың келешегіне кері әсер ететін жағдайларды айтпағанда, олардың ата-анасынан айыруға жол бермейтін ұлттық бағдарлама жасаудың және оны іске асыру қажеттігілігі тууы мүмкін.Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғышарты болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық жағымсыз құбылыстары әсер етеді. Ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмай қараусыз қалған, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп, құқық бұзушылық жасауға баратын балалар санының өсуі осы жағдайдың бір себеп-салдары ғана. Демек, балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстылық деңгейінің артуына ықпал ететін факторлардың бірі атааналардың төлем қабілеттілігінің төмендеуі және бос уақытты өткізудің барлық түрлерінің коммерциялануы болып табылады.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – ең алдымен, жұмыс орындарын көбейтуге, баланы оқытуға, жағдайы келмеген кезде кәмелетке толмағандарға мемлекеттің есебінен жоғары және арнайы орта білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын өсіруге бағытталып отыр. Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз, ата-анасының қарауынсыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың келесі бір бағыты– білім беру саласындағы заңнаманы жетілдіру, оның дәл және біркелкі қолданылуына тиісті бақылау және қадағалау жасауды қамтамасыз ету болып табылады.
Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы зор екендігін жоғарыда келтірілген. Демек, бұл шараларда айтарлықтай бір қатар кемшіліктер бар екендігі баршаға белгілі. Мысалы, теледидар арқылы адам өлтіру, қатыгездік, қанқұйлы оқиғалар, алдап-арбау, эротикалық мағынадағы журналдар, фотосуреттер, жарнамалар шектеусіз көрсетіледі. Мұның өзі келешек ұрпақтың мінезқұлқының қалыптасуы мен даму процестеріне зиян келтіруі мүмкін. Себебі жасөспірім ақпараттана отырып құқық бұзу әрекеттерінің жазаға тартылмау жолдарын қарастыруы немесе ішкі істер органдарының қызметіне қарсы әрекеттер жасау пікірі қалыптасады. Қоғам мүлкін немесе жеке тұлғалардың меншігін қылмыстық жолмен иелену арқылы материалдық қажеттілігін арттыру мақсатында табыс табу жолдарын үйренуге талпынады. Осы жағдайға байланысты бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңда жастарға арналған тиісті қызметтер мен мүмкіндіктерді ашып көрсету қажеттігі туындайды.
Осыған байланысты жасөспірімдер арасындағы заңға қайшы мінез-құлықтың алдын алудың неғұрлым тиімді шарасы девиантты мінез-құлқымен ерекшеленетін кәмелетке толмағандарды, әсіресе қоғамға қарсы бағдарланған жасөспірімдер топтарының басшыларын дер кезінде анықтауға және олардың айналадағы адамдарға теріс ықпал жасауына жол бермеу амалдарын қолдану болып табылады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, осындай жасөспірімдерді арнайы оқу-тәрбие мекемелеріне орналастыру мүмкіндігі болғанда бұл жұмыстың пәрменділігі артады. Осының өзі құқық бұзушылықтың қайталануын болдырмауға, сондай-ақ оларды ересек адамдардың тарапынан болатын теріс әсерден оқшаулауға мүмкіндік береді.
Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз, қараусыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың тағы бір бағыты әртүрлі қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің, клубтардың және т.б. қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру болып табылады. Себебі кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алу көбіне жасөспірімдердің бос уақытында ұйымдастырылатын әртүрлі қызметтердің жұмыс сапасына байланысты. мәдениет, ойынсауық, спорт және туризм мекемелерінің, әлеуметтік қауіпті жағдайда тұрған кәмелетке толмағандарды көркемөнер, техникалық, спорт және т.б. үйірме, секцияларында үйренуге тарту, оларды отандық және дүниежүзілік мәдениет құндылықтарына баулу басты назарда болуы тиіс.
Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар санының өсуін тежеу, қылмыстық істерді тергеу кезіндегі кемшіліктерді жою, заңды тұлғалар мен азаматтардың арыздарын құқық қорғау органдарының кешіктірмей және сапалы қарауын жолға қою мәселелеріне баса назар аударуды тапсыра отырып: «Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес. Бүгінгі күні орта білім беру жүйесінде тәрбие жұмысының бірыңғай бағдарламасын жетілдіру және сабақтан тыс іс-шаралар оқу процесінде қарастырылуы шарт және алған білімді бекітуге арналған бірқатар ісшараларды жүзеге асыру бағытында жасалған бағдарламалар болуы керек.

