Материалдар / Ата-аналар жиналысының хаттамалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналар жиналысының хаттамалары

Материал туралы қысқаша түсінік
1-сынып Ата -аналар жиналысының хаттамалар үлгісі берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Наурыз 2024
288
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«№42 Н.Балғымбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1 «И» сынып оқушыларының ата-аналарымен өткен жиналысының

1 Хаттамасы

Өткізілген күні: 13.09.2023ж

Қатысқандар:18

Қатыспағандар:

Күн тәртібінде:

Қаралған мәселелер:.

1. Мектептің 2023--2024 оқу жылына дайындығы , 1-сыныпқа қабылданған сынып оқушылары туралы, мектеп ережесі мен санитарлық талаптардың сақталуы.

2. Оқушылардың ішкі тәртіп ережесі ,мектеп формасы туралы (мектеп формасы ,классикалық үлгіде)

3. Оқушылардың оқулықтары мен оқу құралдарымен қамтылуы.

4. Жолда жүру ережесі, оқушылардың өмір жол қауіпсіздігі.

5.Ата-аналар комитетін құру (төрағасы мен мүшелерін сайлау)

Тыңдалды:

Сынып жетекшісі: Зүльфия Аманбайқызы :

Бірінші мәселе бойынша мектептің 2023- 2024 оқу жылына дайындығы мектептің ішкі ережелерінің талаптары сақталуы туралы айтып өтті. Биылғы оқу жылының бастағалы отырғанын ол үшін әрбір мұғалім ,ата-ана ,оқушы дайын екенін, сондай-ақ санитарлық ережелер мен талаптар туралы түсінік беріп өтті. Сабақ ұзақтығы бастапқы айда 30 минут. Ең бастысы ата-ана баланың сабаққа уақытында қатысып ,білім алуына жағдай жасап қамқор болу керектігі жайлы айтты.

Екінші мәселе бойынша: Сынып жетекшісі Жұмаш З.А. мектеп формасы ұл бала және қыз балалар формасына тоқталды.Ұл балалар шалбар, ақ жейде. Қыз балалар:қою көк пиджак, жилет юбка, ақ блузка мен ақ бантта келулері туралы түсіндірді.Мектептің ішкі ережелерін қатаң сақтауға шақырды..Асханаға белгіленген уақытта кіріп шығады.

Үшінші мәселе бойынша. Оқушылардың барлығы 1- сынып кітаптарымен қамтамасыз етілгендігі туралы айтты. Барлық кітаптардың жағдайы орташа деңгейде.. Оқушылардың осы оқулықтарды таза ұқыпты ұстауы және ата-аналардың оқулықтардың дұрыс ұсталуын қадағалау керектігін айтып өтті.

Төртінші мәселе бойынша: Жол жүру ережесі , оқушылардың өмір, жол қауіпсіздігі туралы айтып өтті. Оқушылар жол жүру ережелерін сақтай отырып,өмір қауіпсіздігін үйренеді.Ол туралы әр апта сайын сынып сағаттарда, дүниетану, көркем еңбек сабақтарында кең түрде түсінік берілетінін және әр ата-ана күнделікті өз отбасында осы ережелерді еске салып, тұруларын сұрады.

Бесінші мәселе бойынша сынып ата-аналарының ішінен ата-аналар комитетіне 1 төрағасы мен 3 мүшесін сайлау туралы ұсыныс айтылды. Ұсыныс бірауыздан қолдау тауып,

Төрайымы : Рысбаев Флара

Мүшелері: 1.Спанова Гульшат

2.Кенжалиева Айнур

3. Шарипаева Назым

сайланды.



Сөйлеушілер:

Ата-ана-Сапанова Гульшат сөз алды.

- Бала тәрбиесі ата-ана үшін басты міндет.Барлығына түсіністікпен қарап баланың білім алуына жағдай жасау ата-ананың басты міндеті деп ойлаймын. Жаңа оқу жылы құтты болсын. Балалардың алғашқы қадамдарына сәттілік тілеймін. Біз ата -ана тарапынан баламыздың мектепке келуін, сабаққа дайындықтарын қадағалап отырамыз.

Ата-ана -Аубакирова Молдир сөз алды:

-Жаңа оқу жылында балалардың алғашқы қадамдарына сәттілік тілеймін. 1-сыныпты жақсы аяқтауларына тілекшімін. Баланы сабақтан қалдырмау керек, мектеп ережесіндегі қойылған талаптарды қолдаймын, мектеп формасын сақтап мұғаліммен, бір-бірімізбен жақсы қарым-қатынаста болайық деген пікірімді білдіремін.



Шешім

1.Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісінің хабары назарға алынып,әр оқушы мен ата-ана жауапкершілігі арттырылсын.

2.Оқушының сабаққа толық қатысуымен сабақ барысындағы тәртібі назарға алынып,жауапкершілік ата-анаға жүктелсін.

3Оқушылардың жолда жүру ережесін білуі, мектептегі қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауды үнемі айтып ескертіп отыру сынып жетекшісі мен ата-аналарға жүктелсін;

4. Сынып ата-аналар комитетінің тізімі жасақталынып, жоспарлы жұмыстарға,сабақтан тыс ұйымдастырылған тәрбиелік шараларға тарту жұмыстары қолға алынсын. Жауапты:сынып жетекші З.А. Жұмаш.



Ата-аналар жиынының төрайымы: Рысбаева Флара

Хатшысы: Шарипбаева Назым





































«№42 Н.Балғымбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1 «И» сынып оқушыларының ата-аналарымен өткен жиналысының

2 Хаттамасы

Өткізілген күні: 10.11.2023ж

Қатысқандар:21

Қатыспағандар:

Күн тәртібінде:

1.2023-2024 оқу жылының І оқу тоқсанының аяқталуы және сынып оқушыларының алғашқы білім деңгейлері туралы. Сынып жетекшісі: З.А.Жұмаш

2. «Баланың бас ұстазы-ата-ана» тренинг

3.Күзгі каникул кезіндегі қауіпсіздік шаралары және жеке оқушылармен жүргізілетін жұмыстар туралы. Сынып жетекшісі: З.А.Жұмаш

Тыңдалды:

Сынып жетекшісі: Зүльфия Аманбайқызы :

Бірінші мәселе бойынша мектептің 2023- 2024 оқу жылының І оқу тоқсаны бойынша айтып өтті. Сынып оқушыларының бір-бірімен қарым-қатынасы, сабаққа қатысы, білімі жөнінде сөз қозғады. Осы уақыт аралығында 1-сынып оқушысының мектепке, жаңа ортаға бейімделуі туралы айтылды.

Екінші мәселе бойынша: «Баланың бас ұстазы-ата -ана» тақырыбында тренинг өткізілді.

Үшінші мәселе бойынша. Алдағы күзгі каникул уақыты, каникул кезіндегі шаралар туралы айтылды. Каникул күндерінде оқушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтауы және оған ата-ананың жауапкершілігі жоғары болу керектігі ескертілді.

Сөйлеушілер:

Ата-ана-Рахметова Жазира сөз алды:

- Жыл басында 1-сыныпқа келген кездегімен салыстырғанда қазір баламыздың бойында оқуға деген құштарлықты, білімге деген зор ынтасын айқын байқап жүрміз. Барлық ата-аналар атынан ұстазымыз Зульфия апайға зор алғысымызды білдіреміз. Қызым өзі өте жәй болатын , бірақ қазір ортаға тез үйренді.Әріптерді жақсы меңгеріп келеді, оқуы, жазуы өте жақсы.

Ата-ана -Рахманова Гульназ сөз алды:

-Балалардың алғашқы оқу тоқсанын аяқтауларымен құттықтаймын. 1-сыныпты жақсы аяқтауларына тілекшімін. Қызым әзірге оқуды жәй меңгеріп келе жатыр, бірақ сыныбы,ұстазы өзіне қатты ұнайды. Бұл сыныпта оқушылары бір-бірімен өте тату деп ойлаймын. Бүгінгі жиналыста қаралып отырған мәселелерді қолдаймын, барлық пікірлерге қосыламын.Каникул кезіндегі қауіпсіздік шараларын қаперге аламыз.

Шешім:

1. І оқу тоқсаны тойынша жасалынған жұмыстар қанағаттанарлық деп бағалансын;

2.Оқушының каникул уақытында тәртібі назарға алынып,жауапкершілік ата-анаға жүктелсін.

3Оқушылардың жолда жүру ережесін білуі, кез-келген ортада қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауды үнемі айтып ескертіп отыру сынып жетекшісі мен ата-аналарға жүктелсін;

Ата-аналар жиналысының төрайымы: Рысбаева Флара Хатшы : Шарипбаева Назым



«№42 Н.Балғымбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1 «И» сынып оқушыларының ата-аналарымен өткен жиналысының

3 Хаттамасы

Өткізілген күні: 26.01.2024ж

Қатысқандар:20

Қатыспағандар:

Күн тәртібінде:

1.2023-2024 оқу жылының ІІ оқу тоқсанының аяқталуы және сынып оқушыларының алғашқы білім деңгейлері туралы. Сынып жетекшісі: З.А.Жұмаш

2. «Әке-асқар тау» тренинг

3.Қысқы каникул кезіндегі қауіпсіздік шаралары және жеке оқушылармен жүргізілетін жұмыстар туралы. Сынып жетекшісі: З.А.Жұмаш

Тыңдалды:

Сынып жетекшісі: Зүльфия Аманбайқызы :

Бірінші мәселе бойынша мектептің 2023- 2024 оқу жылының ІІ оқу тоқсаны бойынша айтып өтті. Сынып оқушыларының бір-бірімен қарым-қатынасы, сабаққа қатысы, білімі жөнінде сөз қозғады.

Екінші мәселе бойынша: «Әке -асқар тау» тақырыбында тренинг өткізілді.

Үшінші мәселе бойынша. Алдағы қысқы каникул уақыты, каникул кезіндегі шаралар туралы айтылды. Каникул күндерінде оқушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтауы және қысқы деамалыс орындарындағы мұздан сақтану ережелері ,оған ата-ананың жауапкершілігі жоғары болу керектігі ескертілді.

Сөйлеушілер:

Ата-ана-Машатова Гулдана сөз алды:

- Жыл басында 1-сыныпқа келген кездегімен салыстырғанда қазір баламыздың бойында оқуға деген құштарлықты, білімге деген зор ынтасын айқын байқап жүрміз. Барлық ата-аналар атынан ұстазымыз Зульфия апайға зор алғысымызды білдіреміз. Ұлым өте қозғалшақ болатын , бірақ қазір ортаға тез үйренді.Әріптерді жақсы меңгеріп келеді, оқуы орташа жазуы жақсы.

Ата-ана - Батыров Наурызбек сөз алды:

-Балалардың алғашқы оқу тоқсанын аяқтауларымен құттықтаймын. 1-сыныпты жақсы аяқтауларына тілекшімін. Қызым әзірге оқуды жақсы меңгеріп келе жатыр,ұстазы өзіне қатты ұнайды. Бұл сыныпта оқушылары бір-бірімен өте тату деп ойлаймын. Бүгінгі жиналыста қаралып отырған мәселелерді қолдаймын, барлық пікірлерге қосыламын.Каникул кезіндегі қауіпсіздік шараларын қаперге аламыз.

Шешім:

1. ІІ оқу тоқсаны тойынша жасалынған жұмыстар қанағаттанарлық деп бағалансын;

2.Оқушының каникул уақытында тәртібі назарға алынып,жауапкершілік ата-анаға жүктелсін.

3Оқушылардың жолда жүру ережесін білуі, кез-келген ортада қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауды үнемі айтып ескертіп отыру сынып жетекшісі мен ата-аналарға жүктелсін;

Ата-аналар жиналысының төрайымы: Рысбаева Флара Хатшы : Шарипбаева Назым





«№42 Н.Балғымбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1 «И» сынып оқушыларының ата-аналарымен өткен жиналысының

4 Хаттамасы

Өткізілген күні: 19.03.2024ж

Қатысқандар:18

Қатыспағандар:

Күн тәртібінде:

1.2023-2024 оқу жылының ІІІ оқу тоқсанының аяқталуы және сынып оқушыларының білім деңгейлері мен тәртібі туралы. Сынып жетекшісі: З.А.Жұмаш

2. «Құндылықтар аралы» тренинг

3.Көктемгі каникул кезіндегі қауіпсіздік шаралары және жеке оқушылармен жүргізілетін жұмыстар туралы. Сынып жетекшісі: З.А.Жұмаш

Тыңдалды:

Сынып жетекшісі: Зүльфия Аманбайқызы :

Бірінші мәселе бойынша мектептің 2023- 2024 оқу жылының ІІІ оқу тоқсаны бойынша айтып өтті. Сынып оқушыларының бір-бірімен қарым-қатынасы, сабаққа қатысы, білімі жөнінде сөз қозғалды.

Екінші мәселе бойынша: «Құндылықтар аралы » тақырыбында тренинг өткізілді.

Үшінші мәселе бойынша. Алдағы көктемгі каникул уақыты, каникул кезіндегі шаралар туралы айтылды. Каникул күндерінде оқушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтауы және көктемгі демалыс кеөінде Жайық өзені бойындағы демалыс орындарындағы жұқа мұздан сақтану ережелері ,оған ата-ананың жауапкершілігі жоғары болу керектігі ескертілді.

Сөйлеушілер:

Ата-ана-Каналина Жагамбике сөз алды:

- 1-сыныпқа келген кездегімен салыстырғанда қазір қызымның бойында оқуға деген құштарлықты, білімге деген зор ынтасын айқын байқап жүрмін. Барлық ата-аналар атынан ұстазымыз Зульфия апайға зор алғысымызды білдіреміз. Қызымның тәртібі жақсы,әріптерді таниды, қосып оқи алады. Сабақты жақсы меңгеріп келеді, оқуы орташа, жазуы жақсы.

Ата-ана -Қалдымұратова Гүлсезім сөз алды:

-Балалардың алғашқы оқу тоқсанын аяқтауларымен құттықтаймын. 1-сыныпты жақсы аяқтауларына тілекшімін.Ұлым әзірге оқуды жақсы меңгеріп келе жатыр, мәнерлеп оқу өте жақсы. Тақпақтарды тез жаттайды,ұстазы өзіне қатты ұнайды. Бұл сыныпта оқушылары бір-бірімен өте тату деп ойлаймын. Бүгінгі жиналыста қаралып отырған мәселелерді қолдаймын, барлық пікірлерге қосыламын.Каникул кезіндегі қауіпсіздік шараларын қаперге аламыз.

Шешім:

1. ІІІ оқу тоқсаны тойынша жасалынған жұмыстар қанағаттанарлық деп бағалансын;

2.Оқушының каникул уақытында тәртібі назарға алынып,жауапкершілік ата-анаға жүктелсін.

3Оқушылардың жолда жүру ережесін білуі, кез-келген ортада қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауды үнемі айтып ескертіп отыру сынып жетекшісі мен ата-аналарға жүктелсін;

Ата-аналар жиналысының төрайымы: Рысбаева Флара Хатшы : Шарипбаева Назым

































































Shape1 Shape2











































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!