Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас сынып жетекшілерге көмегі болар деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Хаттама №2


Сынып: 5 «Е» Сынып жетекшісі: Битемір А.Б.

Мерзімі: 18.09.2017 жыл

Барлығы: 32 Қатысқаны: 17

Ата-аналар жиналысының тақырыбы:

Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру (Отбасындағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынас)

Ата-аналар жиналысының мақсаты:

Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ояту, ұлттық рухты сіңіру, отбасындағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынас жайлы түсінік беру.

Түйінді идея:

Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар.

Күн тәртібінде:

  1. Оқушылардың білім сапасы

  2. Кәмелетке толмаған оқушылардың физикалық және психикалық денсаулығын нығату мақсатында жүргізілетін психологиялық зерттеу жұмыстарына ата-аналардың рұқсаты

  3. Қала бойынша жұмыс жасайтын сенім телефондары

  4. Кәмелетке толмаған балалардың қылмыс жасауларының алдын алу

Ағымдағы мәселелер:

  1. Оқушылардың қосымша білім алуына жол ашу (100%).

  2. Сабақтан себепсіз қалмау.

  3. Сабаққа кешікпеуге тырысу.

  4. Мектеп ережесін сақтау.

  5. Мектеп формасын сақтау.

  6. Оқушы күнделігіне көңіл бөлу.

  7. Кешке ата-анасыз көшеде жүрмеу.

  8. Ауа райын қадағалау.

  9. Демалыс күндері мәдени орындарға бару.

Ең алдымен ата-аналар жиналысында «Өзіңізге тілегенді – басқаларға тілеңіз» атты сергіту сәті өтілді. Мақсатым: ата-аналарың арасында сыйластық, ынтымақтастық қарым-қатынасты орнату және көңіл күйлерін жақсарту.

5 «Е» сыныбының білім сапасы туралы сөз қозғалды және барлық оқушылардың сабақ үлгерімдері жөнінде сынып жетекші тарапынан қысқаша тоқталып өтілді. Ата-аналар оқушылардың І тоқсан бойынша бағаларымен танысып, үлгерім табелдеріне қол қойды.

Кәмелетке толмаған оқушылардың физикалық және психикалық денсаулығын нығату мақсатында жүргізілетін психологиялық зерттеу жұмыстарына ата-аналардың рұқсаты бірауыздан берілді. Қарсы ата-аналар болған жоқ.

Қала бойынша жұмыс жасайтын сенім телефондары ата-аналарға таратылды.

Келесі кезекте, ата-аналарды «мектеп, бала, әке, инспектор» сөздері арқылы төрт топқа бөлінді және топтық жұмыстар берілді. Презентациядан мынандай тапсырмалар көрсетілді:

1-топқа: Оқушының білім сапасы төмендеп кетті. Кім немесе не кінәлі ?

2-топқа: Әке тәрбиесі қандай болуы керек ? Әкенің жауапкершілігі болмаса ше ?

3-топқа: Бала және қылмыс. Себептері ...

4-топқа: Баланың күн тәртібі қандай болуы керек? Демалыс күндерін қалай ұйымдастырамыз?

Осы тапсырмалар бойынша әр топ өз ойларын постерге түсіріп, ортада қорғады.

«Ойтолғаныс» жұмысында ата-аналар төмендегі бір шумақ өлеңді оқып, талқылады және ойларын білдірді.

«Баланы бастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек».

  «Жағдаят» жұмысы «Бала Аңсардың болашағы … Жарық күн бе, әлде қараңғы түн бе?!» Ата-аналар тарапынан ашық кеңестер берілді.

Сынып жетекші презентацияға жазып, алдын ала дайындаған пайдалы кеңестерін ата-аналарға ұсынды.

Ағымдағы мәселелер бойынша, оқушылардың қосымша білім алуына жол ашу (100%), сабақтан себепсіз қалмау, сабаққа кешікпеуге тырысу, мектеп ережесін сақтау, мектеп формасын сақтау, оқушы күнделігіне көңіл бөлу, кешке ата-анасыз көшеде жүрмеу, ауа райын қадағалау, демалыс күндері мәдени орындарға бару мәселелері тілге тиек етілді.

Шешімі:


1. Оқушылар білімдерінің жақсартылуына ата-ана, сынып жетекші, пән мұғалімдері тарапынан қолдау жасалып, қадағалансын.

2. Мектепке дейін және сабақтан тыс уақытта баланың бос уақытының пайдалы өткізілуін ата-аналар ескерсін.



Сынып жетекші: Битемір А.Б.


Хатшы: Жукина А.Е.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2019
1398
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12