Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге хаттама.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-аналар жиналысының хаттамасы №1


«Шолаққорған» жалпы орта мектебі КММ

2018-2019 оқу жылының 07 қыркүйек күні 3«Ғ» сыныбында

ата – аналар жиналысы өтті.

Жиналысқа қатысуға тиісті:20

Қатысқаны:15

Қатыспағаны:5

Сынып жетекшісі: И.Хасенова

Күн тәртібінде.

1. Баяндама «Бала тәрбиесіндегі ата ананың рөлі және мектеп байланысы»

2. Ата-анар комитетін сайлау.

3. Ағымды мәселелер.

Тыңдалды:

1 мәселе:Баяндама «Бала тәжірибесіндегі ата -ананың рөлі және мектеп байланысы».

«Отбасы шағын мемлекет.Мен президент, сен премьерминистр»отбасы ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі, өнім бөлімі, сыртқы және ішкі саясаты, басқару тәртібі, міндет-қызмет бөлінісі, кіріс-шығыс бюджеті, қасиеттеп,қастерлеп ұстанатын рәміздері т.б болмыс тіршілік жақтары болады. Адамдардың жақсы өмір сүруі отбасы құрамындағыларға байланысты. Сондықтан отбасы құрылымында зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған,отбасының ар-намысын сақтауға,сырын шашпауға, мүшелерінің бір-біріне адал, қамқор болуына тәрбиелеген.Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз ата-ана.Жанұяда жақсы қасиеттер балаға сөзбен,үлкендердің үлгісімен сіңеді. Өзің жұмыс істеп жүргенде балаңның қолынан келетін ісіне жағдай туғызу, оның үйренуіне көмектесуге берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындалуын төзімділікпен бақылау. Істеген ісін ұқыпты,тындырымды орындауына бағыт беру. Жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіру.Балаға теріс әсер етеді:

Жанұядағы жанжал.

Үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы.

Баланың көзінше басқа біреуді сөгуі бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақтан жиі қалдыруға және әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады.

Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалады.Сондықтан,баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту. Тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру. Табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту. Дұрыс білім алуына жағдай жасау.

Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.

2 мәселе: ата - аналар комитетін сайлау.

Ата - аналар комитетінің құрамына басшы Камашиева Актолқын болып сайланды. Көмекшілері:Джумашев Қайрат, Ашетова Айгүл сайланды.

3 мәселе: сынып жетекшісі И.Хасенова оқу бағдарламасы, оқулықтар, кітап, дәптермен жұмыс жүргізілуі туралы айтылды.

А) мекен - жай, ата - ананың қызмет орны.

Ә) оқушы денсаулығы

Б) оқушы формасы туралы айтылды.

Ағымдағы мәселелер бойынша ата - аналар тарапынан қарсылықтар болған жоқ.



Қаулы:

3- ші сыныпқа керекті оқу құралдарымен өз балаларын қамтамасыз ету ата - аналарға жүктелсін.

Ата - ана комитетінің төрайымы:Камашиева Актолқын

Хатшы: Ашетова Айгүл

Сынып жетекшісі: И.Хасенова









Ата-аналар жиналысының хаттамасы № 2

«Шолаққорған» жалпы орта мектебі КММ

2018-2019 оқу жылының 09 қараша күні 3«Ғ» сыныбында

ата – аналар жиналысы өтті.

Жиналысқа қатысуға тиісті:20

Қатысқаны:15

Қатыспағаны:5

Сынып жетекшісі: И.Хасенова

Күн тәртібінде:

1.І тоқсан қорытындысы.

2.Оқушылардың тәртібі мен сабаққа қатысуы туралы.

3.Ағымдағы мәселелер.
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі И.Хасенова І тоқсан қорытындысына тоқталып өтті. Жалпы 3 Ғ«» сыныбында 20 оқушының ішінде 5 оқу озаты, 5 оқу екпіндісі бар екендігін айтып өтті.Сынып бойынша білім сапасы- 78,57. Бұл тоқсанда бір оқушы оқу екпінділер қатарына қосылды , сонымен қатар әліде оқу үлгерімін көтерілуге мүмкіншілігі бар оқушылардың ата-аналарына ескерту жасалып, келесі тоқсанда оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында үйден қадағалануы сұралды және пән мұғалімдері осы оқушылармен қосымша жұмыс жүргізілсін деген ұсыныс айтылды. Екінші мәселе бойынша И.Хасенова оқушылардың тәртібі мен сабаққа қатысуы туралы тоқталып өтті. І тоқсанда сабақтан үнемі қалатын оқушылар бұл сыныпта жоқ екендігі туралы айтылды, оқушылар тек науқастанған жағдайда ғана себеппен сабақтан қалады, сонын өзінде ата-аналар тарапынан оқушыларды күнделікті сабаққа уақтылы жіберіп, сабақтан қалмауы сұралды.

Қаулы:

І тоқсан қорытындысы бойынша үлгерімі төмендеп кеткен оқушылардың сабақтары ата-аналардың және пән мұғалімдердің тарапынан қадағаланып, үнемі назарда болсын.


ІІ тоқсанда оқушылардың тәртібіне аса зор көңіл бөлініп, сабақтан қалмауы қадағалансын.



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

«СОЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

«ШОЛАҚҚОРҒАН» ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ












Баяндама:

«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі»









Сынып жетекшісі: И.Хасенова






ШОЛАҚҚОРҒАН АУЫЛЫ




























«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі»

Қай ғасырда болсын, тәрбие мәселелері назардан тыс қалып көрген емес. Бала тәрбиесі - мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауларында егемен еліміздің азаматтарын қалыптастыруда тәрбие жұмыстарының ерекше рөлі барын баса айтып келеді. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен өзінің ұрпағымен тікелей байланыстырады.

«Адамның бір қызығы бала деген, баланы медресеге біл деп бердім, қызмет қылсын шен алсын деп бермедім деп», - Абай Құнанбайұлы айтқандай, адам ұрпағымен қымбат, адам баласының ең қызығы, бақыты, ұрпағының жалғасы.

«Балалы үй базар, баласыз үй мазар», - дегендей бала отбасы жалғастығы, ұрпағы. Ал тәрбие тал бесіктен емес құрсақтан басталады. Оның себебі болашақ ана баланы бесіктен емес, құрсақтан бастап тәрбиелеуі керек. Балаға деген мейірімі, сезімі, махаббаты ананың  ыстық ықыласы мен тәрбиесінен берілетін құнды дүние. Бала тәрбиесі ата-ана тәрбиесімен ұштасып жатуы тиіс. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі мақсаты - болашақта баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, саналы ұрпақ болып өсуіне , дұрыс білім алып жетілуіне, өмірде өз орнын табуына көмек беру. Себебі, білім тәрбие арқылы беріледі. Тәрбие жоқ жерде білім де жоқ. Тәрбие қаншалықты тереңде болса білім де соншалықты тереңде. Болашақ білімді, дарынды, адмгершілігі мол ұрпақ үшін бұл өте маңызды. Отбасының бала тәрбиесінде алатын орны айрықша. Ал қазақ отбасының өзіндік ерекшеліктері бар.

1.Халықтық сипат алуы: көп балалы болуды қалауы, ауыл қариялары, көрші-қолаң, тума-туыс, құрбы-құрдас және т.б. тәрбиеге баулуы;

2.Ізгіліктілігі: отбасындағы әрбір әрекет, қарым-қатынас, ұлттық мерекелер мен салт-дәстүрлер;

3.Жеке-даралығы: ұл мен қыз бала тәрбиесі.

Осы аталған қасиеттер тұтас қамтылған жағдайда тұлғалық қасиеттер қалыптасып, кемелдікке жеткізеді.

Әрбір ата-ана өз ұлы мен қызының әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының білімді азаматы мен азаматшасы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі қажет. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы - бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қарым-қатынасы мазмұнды, сенімді болады.

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы - ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» - дегендей, тәй-тәй басып, есі кіріп, тілі шыға бастағаннан-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған дұрыс. Қай заманда болса да бала тәрбиесі - басты байлық, ал ең асыл дүние - оның тәрбиесі. Әрбір мемлекеттің болашағы оның төл мектебінде шыңдалады.

Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары. Осы қағиданы нақты ұғынған елбасы Н.Ә.Назарбаевтың, «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп әрдайым айтқан сөзі дәлел. Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылады. Сондықтан да кешеден бүгінге дейін жалғасын тауып келе жатқан ұрпақ тәрбиесі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы бала тәрбиесi - берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік секілді құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рөль атқарады.

Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата-ана, қала берді қоғам. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Қоғамның алғашқы ұйтқысы отбасында бала үлкендермен араласады. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай, жақсыға да жаманға да бірдей бейімделгіш. Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» немесе «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген нақыл сөздер тегін айтылмаған.

Ата-ана өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, іс-әрекеті арқылы баласына үлгі көрсетеді. «Сіздер баланы тек сөйлеген кезде ғана, оған ақыл айтқанда немесе бұйрық берген кезде ғана тәрбиелейміз деп ойламаңыздар, - деп жазады белгілі педагог А.С. Макаренко, «Сіздер оны өмірлеріңіздің әрбір минутында, тіпті өздеріңіз үйлеріңізде жоқ уақыттың өзінде тәрбиелейсіздер, сіздер қалай киінесіздер, сіздер басқалармен қалай сөйлесесіздер немесе басқа адамдар туралы қалай қуанасыздар және ренжисіздер, сіздер достарыңызбен қандай қарым-қатынаста боласыздар, сіздер қалай күлесіздер, газет-журнал оқисыздар - осылардың бәрінің бала үшін маңызы бар». Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі деп санайды. Дүниенің ең тамаша туындысы - тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы - оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Ал берекелі отбасының ата-анасы өзінің міндеті мен жауапкершілігін жақсы білуі тиіс:

1. Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге міндетті;

2.  Жүйелі білім алуына көмектесуге міндетті;

3. Ұдайы ата-аналар жиналысына қатысуға, оқытушымен кездесуге, баласының мектептегі өмірімен танысуға міндетті;

4. Баланың өміріне, денсаулығына зиян келтіретін темекі, арақ, т.б. улы заттарды қолданбауға, олардың балаға зиянды екенін түсіндіруге міндетті;

5.  «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» деген қағиданы берік сақтауға міндетті.

Отбасында ата-ана баланың жеке басын танып білуге де міндетті.

1.Бала туралы жалпы мағлұматтарды;

2.Оқуға қабілеті мен әрекетін;

3.Баланың еңбекке әрекеті мен бейімін;

4. Баланың арнайы қабілеті

5. Баланың тәртібін

6. Баланың темпераменті мен мінезіндегі ерекшеліктерін.

Осы орайда отбасындағы ата-ааға жауапкершілік те туындайды.

1.Балаға арамза әрекет жасағаны үшін жауапты;

2.Мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты;

3.Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты.

4.Балаға адамгершілік тәрбие беру үшін, өз жанұясында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты. Үйдегі тыныштық баланың мектептегі мәселелерін тиімді шешудің бірден бір жолы;

5.Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты;

6.Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінге баланың салауатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.

 Сонда ғана бүгінгі оқушы мемлекетіміздің ертеңгі үлкен азаматы, кәсіп

иесі. Сондықтан да бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақты назардан тыс қалдырмаған жөн. Оны жұмыс жүргізу формасы ретінде де көрсетуімізге болады.

Қорытындылай келе, белгілі жауынгер Б.Момышұлының «Жауынгерлік тәрбие әскери киімде емес, жөргекте жатыр» деген аталық сөздерінде үлкен мән жатқанын баса айтқымыз келеді. Отбасы – ана-ата – мектеп үштік ұғымы біріккенде сапалы білім мен саналы тәрбие болады.

 





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2019
2600
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі