Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналар жиналысының №1,2 және 3 хаттамалары, 6 сынып. Жаңа оқу жылына дайындық хаттамасы, 1 тоқсан қорытынды хаттамасы және 2 тоқсан қорытынды хаттамасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Хаттама №1

Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектебінде 6«А» сынып оқушыларының ата-аналарымен өткен жиналыс

07.09.2021 жыл

Қатысқандар саны: 15

Қатыспағаны:14

Күн тәртібінде:

  1. Ата-аналар комитетінің құрамын сайлау

  2. Ата-аналар жұмыс жоспарын бекіту.Мектеп ережелерімен танысу.

  3. Оқушыларға психологиялық көмек

  4. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және мектеппен байланысы.(баяндама)

  5. Әртүрлі мәселелер.



Бірінші мәселе бойынша сынып жетекші Мүсілім Айнұр Ералықызы жаңадан қосылған ата-аналарға өзін таныстырудан бастады да, негізгі мәселелерге ауысты. Оқу жылының басында кезек күттірмейтін мәселелер:

  • оқушыларды мектепке киетін киіммен қамтамасыз ету, және киімнің мектеп талабына сәйкес болуын қадағалау;

  • оқушыларды кітаппен және керекті оқу құралдарымен қамтамасыз ету;

  • мектеппен ата-аналар арасындағы келісім шартпен танысып, ондағы жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарау;

  • оқушылардың сабаққа әрқашан дайындалып, кешікпей, уақытылы келуін қамтамасыз ету;

  • оқу жылының басынан ата-аналар мен сынып жетекшісінің және мұғалімдердің тығыз байланыста болуы.



Ата –аналар толық келісіп, келісім шартқа өз қолдарын қойды. Қатыспаған ата-аналарға ақпарат беруге келісті. Сынып жетекшісі өз тарапынан ол ата-аналарды қосымша шақыртатынын айтты.

Екінші мәселе бойынша барлық ата-аналардың ортақ шешімімен:

  • ата-аналар комитетінің төрайымы болып Асылхан Гүлзира апай сайланды

  • төрайымның оқушылармен байланыс жөніндегі көмекшісіне Батырбекова Мая апай тағайындалды.

  • төрайымның ата-аналармен байланыс жөніндегі көмекшісіне Таутенбаева Жауқазын апай тағайындалды.

  • Жиналыс соңында ата-аналар өз тілек-талаптарын айтты. Атап айтқанда, үлгермейтін сабақтарға қосымша уақыт қосу, қыз және ұл – балалардың қарым-қатынасына аса назар аудару және т.б. өзекті мәселелер талқыланып ортақ шешімдер қабылданды.



Қаулы:

  1. Оқушылардың жаңа оқу жылына дайындығын қадағалауға ата-аналар мен сынып жетекшісіне бірдей жауапкершілік жүктелсін.

  2. Ата-аналар мен сынып жетекшісі және пән мұғалімдерінің арасында тығыз байланыс орнатуға жағдай жасалсын.

  3. Оқушыларға қатысты барлық мәселелердің уақытылы шешіліп отыруы қадағалансын.



Сынып жетекші: Мүсілім А.Е.

Ата-аналар комитетінің төрайымы: М.Ерназарова

Хатшы: Макульбекова З.





Хаттама №2

Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектебінде 6«А» сынып оқушыларының ата-аналарымен өткен жиналыс

29.10.2021 жыл

Қатысқандар саны: 15

Қатыспағаны:14

Күн тәртібінде:

  1. Оқушыларды себепсіз сабақтан қалдырмау;

  2. Мектеп формасы тазалығы мен тәртібі;

  3. I тоқсан оқу-тәрбие жұмысы

  4. Балалардың каникул кезіндегі демалыс уақытын тиімді өткізу.



Бірінші мәселе бойынша оқушылардың себепсіз сабақтан қалмауын ата-аналарға түсіндірді;

Екінші мәселе бойынша сынып жетекші Мүсілім Айнұр Ералықызы жаңадан қосылған ата-аналарға өзін таныстырудан бастады да, негізгі мәселелерге ауысты. Оқу жылының басында кезек күттірмейтін мәселелер:

  • оқушыларды мектепке киетін киіммен қамтамасыз ету, және киімнің мектеп талабына сәйкес болуын қадағалау;

  • оқушыларды кітаппен және керекті оқу құралдарымен қамтамасыз ету;

  • мектеппен ата-аналар арасындағы келісім шартпен танысып, ондағы жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарау;

  • оқушылардың сабаққа әрқашан дайындалып, кешікпей, уақытылы келуін қамтамасыз ету;

  • оқу жылының басынан ата-аналар мен сынып жетекшісінің және мұғалімдердің тығыз байланыста болуы.



I тоқсан бойынша сынып білім сапасы 27% , соның ішінде 1 үздік:Ануарбек Динара, 7 екпінді: Сенбек Ақбота, Сәбитхан Ұлмарал, Сүлеймен Дамир, Елемес Еңлік т.б. оқушылар. Білім сапасының аз екендігі келесі тоқсан балалардығ сабақ үлгеріміне ата-аналар қадағалауын ұсынды.

Соңғы міселе бойынша күзгі демалыс кезінде балалардығ өмір қауіпсіздігі ата-аналарға тапсырылды, және қол хат жазды.



Қаулы:

  1. Оқушылардың жаңа оқу жылына дайындығын қадағалауға ата-аналар мен сынып жетекшісіне бірдей жауапкершілік жүктелсін.

  2. Ата-аналар мен сынып жетекшісі және пән мұғалімдерінің арасында тығыз байланыс орнатуға жағдай жасалсын.

  3. I тоқсан қорытындысы есепке алынсын;

  4. Оқушыларға қатысты барлық мәселелердің уақытылы шешіліп отыруы қадағалансын.



Сынып жетекші: Мүсілім А.Е.

Ата-аналар комитетінің төрайымы: М.Ерназарова

Хатшы: Макульбекова З.







Хаттама №3

Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектебінде 6«А» сынып оқушыларының ата-аналарымен өткен жиналыс

30.12.2021 жыл

Қатысқандар саны: 16

  1. II тоқсан қорытындыларымен таныстыру

  2. Дарынды, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

  3. Оқушыларды пәндік, қашықтықтан ұйымдастырылатын олимпиадаларға қатыстыру

  4. Сабақтан тыс үйірмелерге тарту

  5. Тоқсандық есеп және I жарты жылдықтағы оқу-тәрбие жұмыстары.

Қатыспағаны:13

Күн тәртібінде:

Бірінші мәселе бойынша ата-аналарды сынып жетекшісі сыныптың оқу үлгерімін таныстырды. Бұл тоқсанда алдыңғы тоқсанға қарағанда әлгерілеу бар. Бірінші тоқсанда сыныптың оқу үлгерімі 27% көрсетсе бұл тоқсан бойынша 41% көрсетіп отырмыз. Сыныпта Ануарбек Д. үздік, 11 оқушы екпінді болды.Атап айтсақ: Сүлеймен Д., Оразбек Д., Сенбек А., Адилханова К., Темирхан Д.,Елемес Е., Әмір Ж., Нұрмахан Е., Тансихбаева А., Қалдыбеков Р. Бір сабақтан 3-ке шыққан оқушы жоқ. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Оқушылардың сабағын қадағалау ата-анаға жүктелсін.

Екінші мәселе бойынша дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспарымен ата-аналарды таныстыру. 6 «А» сыныбында олимпиадаға қабілетті оқушылар бар. Сол оқушыларды пән мұғалімдері олимпиадаларға дайындап жатыр. Атап айтсақ: Адилханова К. Биылғы жылы қазақстан тарихынан, Шохыт М. Математикадан, Тансихбаева А. Жаратылыстану пәнінен, олимпиадаларға қатысты. Оның ішінде бір оқушы қалалық алғыс хатпен маратапатталды. Оқушыларды пәнге қызығушылықтарын арттырып, дарынды оқушыларды олимпиадаларға дайындау пән мұғалімдеріне жүктелді. 2 және 3 сабақтан ғана 3-ке шыққан оқушымен жұмыс жасалып, оларға қосымша тапсырмалар беріліп, қосымша сабақтарға шыұырылып жатқанын пән мұғалімдері айтып, көрсетті.

Үшінші мәселе оқушылардың қашықтықтан ұйымдастырылған олимпиадаларға қатысуын ата-аналарына қадағалау ұсынылды. Биылғы жылы қашықтықтан барлық піндерден олимпиадалар болып жатыр. Ол пәндерге оқушылардың ұызығушылықтарын арттыру үшін оқушыларды онлайн форматта ата-аналары қатыстыруын пән мұғалімдері өтініш жасады. Осындай онлайн олимпиадалардан биылғы жылы Сенбек А., Әмір Ж. Оқушылар орын алды.

Төртінші мәселе бойынша оқушыларды әртүрлі үйірмелерге тарту. Менің сыныбымда Сүлеймен Д. Шахмат үйірмесіне, Оразбек Г., сурет үйірмесіне, Адилханова К. Жүгіру үйірмесіне, Ерген Б. Мен Амантаев Н. Бокс үйірмелеріне қатысады, және де жүлделі орындар алып жүр. Осы секілді оқушыларды үйірмеге ынталандырып қатыстыру керектігі айтылды.

Қаулы:

  1. Оқушылардың сабақ үлгерімін қадағалауға ата-аналар мен сынып жетекшісіне бірдей жауапкершілік жүктелсін.

  2. Ата-аналар мен сынып жетекшісі және пән мұғалімдерінің арасында тығыз байланыс орнатуға жағдай жасалсын.

  3. Оқушыларға қатысты барлық мәселелердің уақытылы шешіліп отыруы қадағалансын.



Сынып жетекші: Мүсілім А.Е.

Ата-аналар комитетінің төрайымы: М.Ерназарова

Хатшы: Макульбекова З.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.01.2022
37313
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі