Материалдар / Ата-аналар жиналысының хаттамасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
ата-аналармен сауалнама, кеңестер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2023
387
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Шуақ Орда» жеке балабақшасы филиалы

«Таң-Шуақ» тобының ата-аналар жиналысының хаттамасы

Хаттама № 2

Күні:20.10.2022ж. Қатысқаны: 7 Қатыспағаны:17

Күн тәртібіндегі мәселелер:

  1. Топтағы ата-аналарды тәрбиешімен және бір-бірімен таныстыру.

  2. Баяндама «Баланың балабақшаға бейімделуі».

  3. Сауалнама.Ата-аналарға «Үй,жол,жылан, шалбар және орамал» диагностикалық тренинг.

  4. Ата-аналар комитетінің мүшелерін сайлау





Тыңдалды:



Бірінші мәселе бойынша балабақша меңгерушісі А.Қ. Шілдебай сөз алып,топтағы ата-аналарды бір-бірімен ,сонымен қатар топ тәрбиешісі Динара Иманшақызымен таныстырды.

Екінші мәселе бойынша топ тәрбиешісі Д.Иманшақызы «Баланың балабақшаға бейімделуі» баяндама оқып, ата-аналарға сауалнама жүргізді.Балабақша меңгерушісі,психологі А.Қуанышқызы «Үй,жол,жылан,шалбар және орамал» диагностикалық тренинг жүргізді.

Үшінші мәселе бойынша топ тәрбиешісі балалар тізімін таныстырып, ата-аналар комитетінің мүшелерін сайлауға шақырды.

Ата-аналар бір ауыздан комитеттің төрайымы Азаматова Инабат.

Көмекшісі:Мәулен Балқия деп шешілді.



Қаулы:

1.Баяндама оқылды.

2.Ата-аналар комитетінің төрайымы Азаматова Инабат сайлансын.



Төрайымы: А.Шілдебай.

Хатшы: Д.Жолмурзаева.





«Үй, жол, жылан, шалбар және орамал» диагностикасы


Ата - аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі:
• Бұл жұмыста Сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар.
• Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек.
• Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі.
• Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды.


Осыдан кейін ата - аналарға үй, жол, жылан, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5 - 10 сек), ата - аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн.
Ата - аналар салынып біткен суреттерін бір - біріне көрсеткеннен кейін, оқытушы олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтады:








Үй – адамның өзін - өзі бағалау деңгейін көрсетеді.
Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата - ана өзін - өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.
Үйдің есік - терезелері бар болса онда бұл студент – қарым - қатынасқа ашық адам.
Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын юолса, бұл жәйт ата - ананың қонақжай екендігін білдіреді.


Жол – адамның қарым - қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.
Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым - қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді.
Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым - қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.


Жылан – «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы.
Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз.
Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда, онда Сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз.



Шалбар мен орамал – ата - аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді.
Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата - ана өмірде ер адамды әйелдерден жоғары са найды деген сөз.





















































Ата-аналарға арналған сауалнама

Балаңыздың аты – жөні:_________________________________

1. Балаңыздың бүгінгі көңіл - күйі - қандай?
А) Көңілді
Ә) Мазасыз
Б) көңіл - күйі төмен

2. Балаңыз қалай ұйықтайды?
А) тез ұйықтайды
Ә) жай
Б) тыныш
Г) тынымсыз

3. Балаңыз ұйықтату үшін не істейсіз? Әрекетіңіз

_________________________________________


4. Балаңыздың ұйқысы қанша уақыт?
А) 2 сағат
Ә) 1 сағаттан кем емес

5. Балаңыздың тәбеті қандай?
А) жақсы
Ә) тамақты таңдап жейді
Б) тамаққа тәбеті төмен

6. Үйдегі жаңа заттарға немесе ойыншықтарға балаңыз назар аудара ма?
А) ия
Ә) жоқ
Б) кейде



7. Балаңыз қалай ойнайды?
А) өзі ойнайды
Ә) жалғыз өзі ойнамайды.

8. Үлкендермен қарым - қатынасы?
А) тез түседі
Ә) таңдап
Б) қиын

9. Балалармен қарым - қатынасы?
А) тез түседі
Ә) таңдап
Б) қиын



10. Балаңыздың балабақшаға бейімделуі сіз үшін қалай өтті?
А) Бала толықтай балабақшаға бейімделді.
Ә) Бала таңертең балабақшаға барғысы келмей жылайды.
Б) Бала кейде балабақшаға барғысы келмейді.
Г) бала кешке үйге қайтарда балабақшада қалып ойнағысы келеді.



Ата-ананың аты-жөні:__________________________________

Күні:_______________




Жауабыңызға рахмет.




Shape1



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!