Материалдар / Ата-аналар жиналысының хаттамасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналар жиналысынң хаттамасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қырқүйек 2024
125
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата-аналар жиналысының хаттамасы №1



Қатысқандар:

Сынып жетекші –

Ата-аналар –

Хатшы –


Күн тәртібінде қаралған мәселе:


1.І тоқсан қорытындысы.

2.Сыныптағы оқушылардың үлгерімі, үздік және екпінді оқушыларды атап өту.

3.Әртүрлі мәселелер.


Тыңдалды:

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша сынып жетекшісі Қалиева Майра Ахметбекқызы сөз алды.Ата-аналарға І-тоқсанның қорытындысын айтып өтті. І-тоқсанды - қыз бала -4 және ұл бала-7барлығы 11 оқушымен аяқтады. Каллиграфиясы төмен, оқу шапшаңдығы төмен оқушылар ата-аналарына балаларын сабақтан тыс уақытта сабақтарын қадағалау тапсырылды.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша сынып жетекшісі: Құдабаева Жанат ата-

аналарға оқушылардың үлгерімі туралы айтты. Үздік- оқушы, екпінді -оқушы, қалған -----оқушы қанағаттанарлық деп атап өтті.

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша ата-аналарға оқу бағдарламасы,

оқулықтар, кітап, дәптермен жұмыс жүргізілуі туралы айтылды. Оқулықтарды таза ұстау,қаптап, күнделіктерін толытырып жүру тапсырылды.

Шешім:

1.І-тоқсан қорытындысы «қанағаттанарлық» деп табылсын.

2.І-тоқсан қорытындысы бойынша -----------------------------------ата-аналарына үйдегі уақытта балаларының сабақтарын қадағалау жүктелсін.

3.Оқушылардың мектептегі оқу үлгерімін, тәртібін қадағалау сынып жетекшісіне

жүктелсін.



Хатшы











Ата-аналар жиналысының хаттамасы №2

Қатысқандар:

Сынып жетекші –

Ата-аналар –

Хатшы –


Күн тәртібінде қаралған мәселе:

ІІ тоқсан қорытындысы.

Дөңгелек үстел: Бала тәрбиесіндегі ата ана рөлі

Әртүрлі мәселелер.

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сынып жетекшісі Қалиева Майра Ахметбекқызы ІІ тоқсан қорытындысымен ата-аналарды таныстырып өтті. Сыныпта - 11оқушы бар, олардың 4- қыз бала, 7- ұл бала. ІІ тоқсанның қорытындысын айтып өтті. ІІ тоқсан бойынша оқушылардың білім деңгейі айтылды. Оқушыларды үнемі бақылап,қадағалап отыру біздің міндетіміз.


Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша ата –аналармен «Мен және менің балам» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып, ата-аналарға өз баласының ерекшелігін білуге, оның жан дүниесін түсінуге, ата-ана бойына өздерін тәрбиеші әрі мұғалім ретінде қарауға жауапкершілігін арттыру.  Дөңгелек үстелге ата-аналар белсене

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша әр түрлі мәселелер қозғалды. Ата-

аналарға оқушылардың мектеп формасын, тазалығын, сабағын, мектепке келіп-кетуін қадағалау туралы айтылды.

Сөз сөйлегендер:

Ата-ана :

апайдың өткізген дөңгелек үстелі өте қызықты өтті. Дөңгелек үстел жақсы деңгейде өтті. Қызықты тренингтер ұйымдастырылып, баламызды сипап сезу

арқылы танып, сурет салып көңіліміз бір көтеріліп қалды. Осындай дөңгелек

үстелдер жиі өткізіліп тұрса деген тілек білдіреміз. Сонымен қатар қызым

Гүлназдың сабағын үйдегі уақытта қадағалап отырамын.

Ата-ана:

Дөңгелек үстел мағанда ұнады. Енді алдағы уақытта баламмен папасы ретінде

емес, досы ретінде қарым-қатынас жасауға тырысамын. Ұлым

математикадан есеп шығаруда көп қателіктер жіберетінін білемін. Қосымшаға

беріпте жүрміз.

Шешім:

1 ІІ тоқсан қорытындысы «қанағаттанарлық» деп табылсын.

2 Отбасындағы ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту ата-анаға

жүктелсін.

Оқушылардың сабақ үлгерімі, тәртібі, тазалығын қадағалап отыру сынып

жетекшісі мен ата-аналарға жүктелсін.



Хатшы:

Ата-аналар жиналысының хаттамасы №3


Қатысқандар:

Сынып жетекші –

Ата-аналар –

Хатшы –

Күн тәртібінде қаралған мәселе:

ІІІ тоқсан қорытындысы.

Баяндама «Менің балам қандай?

Әртүрлі мәселелер.

Тыңдалды:

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша сынып жетекші Қалиева Майра Ахметбекқызы ІІІ тоқсан қорытындысымен таныстырды. ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша сынып сапасы ---- -ды

көрсетті. Сыныпта --- үздік екпінді ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Қалған оқушылар орташа білім көрсеткішін көрсетті.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша сынып жетекші Қалиева Майра «Менің балам қандай?» тақырыбында баяндама оқыды. Бүгінгі білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар еңбек тәрбиесіне жаңаша қарауды талап етіп отыр. Балаларға адамгершілік салаларды қалыптастыруда отбасы шешуші рол атқарады. Сол себепті әр ата-ана өз баласымен тығыз байланыс орнату қажет.Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша ата-аналар өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтар қойып пікірлесті.

Сөз сөйлегендер:

Ата-ана :Баяндама жақсы, түсінікті болды. Мектеппен әрқашанда тығыз байланыста болуға тырысамыз. Баламыздың тәрбиелі білімді болғаны барлық ата-ана үшін маңызды деп ойлаймын. Мектеппен, сынып жетекшімен жақсы қарым-қатынас жасаған. Ұйымдастыру жұмысы да жақсы. Ата-ана: Жиналыста баламыздың тәрбиелі, жақыс білім алу үшін сынып жетекшімен,

мектеппен жақсы қарым-қатынаста болу керек екендігін түсіндім. Сонымен қатар өткізілетін шараларға да қатысуға мүмкіндігімше тырысамын.

Шешім:

ІІІ тоқсан қорытындысы «қанағаттанарлық» деп табылсын.

Бала тәрбиесін қадағалау жұмыстары ата-ана жағынан күшейтілсін.

Оқушылардың сабақ үлгерімін, тәртібін, тазалығын қадағалап отыру сынып

жетекшісі мен ата-аналарға жүктелсін.

Жиналыс төрайымы:

Хатшы













Ата-аналар жиналысының хаттамасы №4


Қатысқандар:

Сынып жетекші –

Ата-аналар –

Күн тәртібінде:

1 Жылдық қорытынды есебі.

2 Балам қалай бағаланып жүр?

3 Ағымдағы мәселелер.

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі І- ші мәселеге сәйкес ата-аналар балаларының ІҮ оқу тоқсаны мен

жылдық оқу қортындысын тыңдады. ІІІ тоқсан қорытындысымен салыстырғанда осы

тоқсанда үздіктер қатарына --------------- қосылып сапа ----ға көтерілді. Ата-аналарға баланың сабағына дұрыс көңіл бөлінбейтіндігі, ешқандай себепсіз сабақтан

қалатын оқушылардың бар екендігі айтылды. Сонымен бірге ата-ана жиналысына шақырғанда түгел келмейтіндігі, жалпы ата-аналардың балдарына 2 сынып болса да онша көңіл бөлмейтіндігі айтылды.

Күн тәртібіндегі ІІ- ші мәселе бойынша «Жазғы демалысты балалар қайда өткізу керек?» тақырыбында ата-аналармен сұхбаттасты. Балалар жазғы демалысында лагерьге барып демалғандары жақсы екені айтылды. Әр ата-ана өз баласының біліміне толықтай қанағаттанатынын айтты. Шындығыны келгенде баланың сабағына өте қатты мән бермейтіндіктерін мойындады. Келешек әр ата-ана өз баласының оқуына, сабағынан ретсіз қалмауына баса көңіл аударатындарын айтты.

Шығып сөйлеушілер:

Алғашқы кезде біраз қиналдық. Үйден өзіміздің, мектепте мұғалімнің үйретуі арқасында біраз жақсы болдық. Сонда да жазуы, сын жұмысынан алған бағасы дұрыстала қоймады. Меңінше бар күш ата-анада болуы керек, себебі мұғалімнің 4-5 сағат үйреткені аздық етеді. Баламның оқу қортындысына көңілім толады. Баламды жазғы демалыста ата-әжесінің ауылына жіберемін. Қызымды бір мезгіл лагерьге жіберім аламын. Өйткені үйде баланың сабағына уақтылы көңіл бөлмейтініміз анық. Бала әлі кішкентай, ойын баласы қараған күні алған бағасы мен онша мән бере қоймаған, сабағының бағасының арасы өте алшақ. Мұғалімге қояр кінәміз жоқ. Сондықтан сіз, біз болып келешек баламыздың сабағына дұрыс көңіл бөлуіміз керек-ақ. Қызымның сабағы төмен, оған келісем. Себебі өзім ертелі-кеш

жұмыстамын. Үйде бала-шаға болып өздері қалады. Егер үйден оқытатын адам болса, ақылы оқытар едім. 2 сыныптағы оқу үлгірімі қортындысы дұрыс деп есептеймін.

Шешім:

ІҮ оқу тоқсан, жылдық оқу қортындысы «қанағаттанарлық» деп бағалансын.

Балалардың жазғы демалыстарын тиімді ұйымдастыру ата-аналарға жүктелсін.

Жиналыс төрайымы:






























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!