Ата аналар жиналысының хаттамасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата аналар жиналысының хаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата аналар жиналысының хаттамасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

5 «Д» сыныбының №3 ата-аналар жиналысы хаттамасы


06.01.2025ж.

Сынып жетекші – Ибраева С.Т.

Ата-аналар – 17

Қатысқандар –

Ана- аналар жиналысының күн тәртібі:


1. ІІ тоқсанның қорытындысы.

2.Қысқы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздік техникасы (Мектепте, қоғамдық орындарда, автомобиль және теміржолдарда өзін-өзі ұстау ережелері). Өрт қауіпсіздігі ережелері. Терроризмге қарсы қауіпсіздік. Қауіпті жағдайларды болдырмау үшін кешкі уақытта оқушылардың мінез-құлық ережелері.

3. Құқықтық жалпы білім беру (Мектеп жарғысы. Мектептің ішкі тәртібі. Педагог мәртебесі. Ата-аналар мен оқушылардың міндеттері. Мектепке кіру тәртібі. Мектеп формасы туралы. Ұялы телефондарды пайдалануды шектеу туралы).

4.Ата – аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығы (АПҚКО). Тақырыбы: «Әрбір бала – жарық жұлдыз. Әр баланың ерекшелігін қалай ашамыз?».

5.Оқу орнын цифрландырудың кешенді жүйесі (АБК). Ақпараттық-бағдарламалық кешен. «Оқу орындарына келушілердің кіруін бақылау және басқару жүйесі» (КБЖ).

6. Әр түрлі.



Тыңдалды:

1.   Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Ибраева Сандугаш Темирбековна ІІ тоқсан қорытындысымен ата-аналарды таныстырып өтті. ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша бала санында өзгешелік жоқ (18 оқушы), білім сапасының пайыздық өлшемі – 39%, үлгерім сапасы 100% -ды құрайды. Яғни, І тоқсанның көрсекішінен 7 пайыз төмендеген. Сыныпта үздік оқушы 1, екпінділер саны – 6, қанағаттанарлық оқитындар саны - 11.

2.Келесі сұрақ бойынша сынып жетекшісі қысқы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздік техникасы (Мектепте, қоғамдық орындарда, автомобиль және теміржолдарда өзін-өзі ұстау ережелері). Өрт қауіпсіздігі ережелері. Терроризмге қарсы қауіпсіздік. Қауіпті жағдайларды болдырмау үшін кешкі уақытта оқушылардың мінез-құлық ережелері туралы толық мағлұмат берді. Оқушылардың қоғамдық орындарында өз-өздерін ұстай білу ережелері туралы айтылды. Сонымен қатар, теміржолдан өткен кезде, қоғамдық көліктерде байқампаздық танытулары сұралды. Қазіргі кездегі мектептегі өрт қауіпсіздігінің барлық жалпы ережелері айтылды. Бұл ережелердің мақсаты - оқушыларды, мектеп қызметкерлерін, жеке және мектеп мүлкін өрттен барынша толық қорғау. Абай болуға шақырды.

3.Күн тәртібінің келесі тармақтары бойынша сынып жетекші маңызды ақпараттар берді. Яғни, құқықтық жалпы білім беру жайлы да сөз қозғалды. Мектеп жарғысы оқылды. Мектептің ішкі тәртібіне бағыну жайлы оқылды. Педагог мәртебесі де тыс қалмады. Сонымен қатар, ата-аналар мен оқушылардың міндеттері жайлы нұсқаулық көрсетілді. Мектепке кіру тәртібі былтырдан бастап қатаң турникет карточкасымен жүзеге асқан еді. Ендігі кезекте бет әлпетті тану арқылы кіріп-шығу жүзеге асатын болады. Бұл оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мектеп формасы, ұялы телефонды пайдалануды шектеу туралы да сөз болды.

4. Ата – аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығы (АПҚКО). Тақырыбы: «Әрбір бала – жарық жұлдыз. Әр баланың ерекшелігін қалай ашамыз?». Осы ретте мектепте ата-аналарды қолдау орталығы бар екені, ондағы мамандар жайлы ақпарат берілді.

5.Оқу орнын цифрландырудың кешенді жүйесі (АБК). Ақпараттық-бағдарламалық кешен. «Оқу орындарына келушілердің кіруін бақылау және басқару жүйесі» (КБЖ). Мектепке кіру тәртібі былтырдан бастап қатаң турникет карточкасымен жүзеге асқан еді. Ендігі кезекте бет әлпетті тану арқылы кіріп-шығу қалай жүзеге асатыны туралы толық ақпарат берді.

6.Әр түрлі мәселелер қозғалды. Оның ең маңыздысы – сыныптың білім сапасын жоғарылату. Оқушылардың тәртібі мен жауапкершілігіне баса назар адарылу туралы айтылды. Ата-аналарға оқушылардың мектеп формасын, күнделік пен дәптердің жүргізілуін, тазалығын, сабағын, мектепке келіп-кетуін қадағалау, 20:00-ден кейін балалардың көшеде болуын шектеу туралы сонымен қатар, мектеппен тығыз байланыста болулары туралы сөз қозғалды.




Шешім:


  1. Келесі тоқсандардың мақсаттары мен міндеттерін орындауға барынша күш жұмсау.

  2. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, баланың сабақтан тыс уақыттағы қауіпсіздігін бақылау ата-анаға жүктелсін.

  3. Оқушылардың сабақ үлгерімі, тәртібі, тазалығын қадағалап отыру, сабақ уақытындағы қауіпсіздігін бақылау сынып жетекшісі мен ата-аналарға жүктелсін.





Жиналыс төрайымы: Ибраева С.Т.

Хатшысы:




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
13.01.2025
188
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі