Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналар жиналысының жазылған хаттама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-аналар жиналысының


Х а т т а м асы 1



Сыныбы: 7 «Ә»

Жиналыстың өткен күні: 11.09.2024ж

Қатысуға тиісті ата-ана: 20

Қатысқаны: 12

Қатыспағаны: 8


Күн тәрбінде:

1.Өткен 2024-2025 оқу жылына есеп беру.

Баяндамашы: М.Бекмуратова

2. 2024-2025 жаңа оқу жылына ата-аналар комитетінің жаңа құрамын сайлау, алда тұрған міндеттерге жоспар түзу.

Ата-аналар комитетінің төрайымы: Ж.Балабекова

3.Жыл бойы оқушылармен жүргізілетін психологиялық тренинг, сауалнама, жеке,топтық жұмыс т.б үшін ата-аналарының келісімін алу.

Сынып жетекші:М.Бекмуратова

4. Ата-аналарға мектептің ішкі тәртібін, оқушылардың жолда жүру қауіпсіздігі бойынша ата-аналарға түсіндіріп, таныстыру..

5. «Тәрбие тал бесік» атты тақырыпта баяндама оқу.

Сынып жетекші: М.Бекмуратова

6.Түрлі мәселелер


Жиналыс сынып жетекші Бекмуратова Меруерт сөз алуымен басталды. Алдымен күн тәртібіндегі мәселені қарамастан бұрын ата-аналарға психологиялық ахуал қалыптастырды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша өткен оқу жылына қорытынды шолу жүргізілді. Оқу үлгерімдері, тәртіптері , емтихан қорытындылары сөз етілді.

Екінші мәселе бойынша, жаңа оқу жылының ата-ана комитеті тағайындалды. Атап айтқанда, өткен жылда ата-аналар комитетін дауыс беру арқылы балабекова Жанар апай болатын. Биыл қайта Балабекова Жанар апайды сайлады. Ата-аналар комитетінің төрайымының орынбасары болып Асильбекова Гүлнәр апайды, хатшылық қызметке Кулшинбаева Камила лайық деп саналып, бір ауыздан дауыс беріліп тағайындалды.

Үшінші мәселе тұрғысында, ата-аналардан оқушымен жасалынатын психологиялық жұмыстарға келісімдері алынды.

Төртінші мәселе бойынша тоқталсақ, жолда жүру ережері бойынша слайд сабақ ұйымдастырылып, барынша сақтық шараларын сақтауға шақырды. Мектептің ішкі тәртіп ережелерін қамтамасыз ету қағидалары Оқу ағарту министрлігінің қағидаларына сүйене отырып, оқушылар мектеп формасын дұрыс кимеген жағдайда, бұзақылық, тәртіпке бағынбаған жағдайда үш мәрте ескерту беріледі. Ата- анасына да үш мәрте ескертіледі. Оған көнбеген жағдайда ата-анасымен оқушыны бірге педкеңеске салып, мектептен шығаруға құқығымыз бар екенін ескертіп, таныстырып өтті.

Күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша, «Тәрбие тал бесік» атты тақырыпта баяндама оқылды. Тәрбиенің үш мектебі адамның құлқын қалыптастырып, адамгершілік болмысын жетілдіріп, оны бақытты етіп, қоғамға мейірбан нұрын шашады. Адам бойына қандай да бір бейімділік белгілерін егуді емес, оны адамгершілігі тұтас тұлға етіп тәрбиелеуді, тұрақты ізгі қасиеттерін қалыптастыруды көздейді. Адамның кім болмағы, қандай болмағы ата - ана, ұстаз бен қоғамға ғана тәуелді емес, алдымен ол адамның өзіне байланысты. Ұрпақ тәрбиесінде әрбір отбасы иесі, әрбір әке мен шеше өз еріктерін өздері меңгеріп, отбасы тәрбиесі деп аталатын, мемлекетіміз аса мән беріп отырған әлеуметтік саяси салаға сергек қарап, өз ұрпақтары алдындағы парызын өтеуде төмендегі шарттарды міндетті түрде орындауды ұсынамыз.

Түрлі мәселелер бойынша: мектеп формасының қадағалануы, мектеп ережелерінің сақталуы, мектепке сай шаш үлгісі, тәртіп, ең маңызды бөлік – білім туралы сөз қозғалды.

Қаулы

  1. Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылап, мектеп формасымен сабаққа жіберу ата-аналарға міндеттелсін;

  2. Сабақтан тыс уақыттарда оқушылардың жолда жүру қауіпсіздігі ата-аналарына міндеттелсін;

  3. Оқушылардың білім сапасын көтеру ата-ана тарапына және мұғалімге міндеттелсін.




Ата-аналар комитетінің төрайымы: Ж.Балабекова

Жиналыс хатшысы: К.Кулшинбаева













































ХАТТАМА

2


2024 жылы 20 желтоқсандағы «С.Қожанов атындағы №9 ЖББМ» КММ

7 «Ә» сыныбында

ата-аналар жиналысы болып өтті


Қатысты: 15

Қатыспады -6

Күн тәртібінде


  1. Жаңа жыл мейрамында және қысқы демалысы кезіндегі оқушылардың отандық және шет-елдік пиротехникалық жарылғыш заттардан сақтандыру, қысқы суық, өмір қауіпсіздігі және жолда жүру ережелерін сақтау.

  2. Әртүрлі мәселелер

Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Бекмуратова Меруерт апай сөз алды. Құрметті ата-аналар! Сіздер білесіздер ме? Барлық құқықбұзушылықтың көбі каникул және мейрам күндері кезінде жасөспірімдермен жасалады. Жасөспірімдердің қайғылы оқиғаға ұшырауы да негізінен каникул кездерінде болады. Сондықтан, каникул кезінде балалардың қауіпсіздігі мен қамтылуын қамтамасыз ету аса маңызды. Қысқы демалыс, мейрам уақытында өмір қауіпсіздігіне ата-ана ретінде жауапкершілік сіздердің мойындарыңызда.Жаңа жыл мерекесі кезінде және қысқы демалыс кезіндегі оқушылардың отандық және шет-елдік пиротехникалық жарылғыш заттардан сақтандыру, қысқы суық, өрт қауіпсіздігі және жол ережелерін сақтау жөнінде айтып таныстырылды.Осыны тұрақты назарда ұстау керектігін атап өтті.Сондай-ақ, тауға мал қайырып келуге жұмсамауға ата-ана ретінде бала құқығының қатаң сақталуына жауапты екендігін хабарлаймын. Бұл жөнінен мектеп әкімшілігі тарапынан ескертілді. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!

Екінші мәселе бойынша ата-аналар қазіргі уақытта балаларға  интернеттен немесе теледидардан көрген немесе басқа адамдардан естіген ақпаратты түсіну қиын болғандықтан, олар алаңдаушылық, күйзеліс және қапа болу секілді жағымсыз сезімдерге бөленуі мүмкін.

Мейрам күндері және қысқы демалыс кезінде қалалық, ауылдық жерлерде, туысқандарының қасында жұмыс жасамау мәселесі айтылды. Қысқы мезгілге байланысты жолда жүру ережесін сақтау ескертілді. Ата-аналардан қолхат алынды.

Шешімі:


  1. Мейрам күндері және қысқы демалыс кезіндегі балалалардың өмір қауіпсіздігі ата-аналардың жауапкершілігінде екені қатаң ескертілді.

  2. Мектеп уақытысында мұғалім жауапты, мектептен тыс уақытта тікелей ата-аналар жауапты екені айтып таныстырылсын.


Сынып жетекшісі М.Бекмуратова







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2025
173
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі