Материалдар / Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тоқсан сайын өтетін ата-аналар жиналысының хаттамасы
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ата -аналар жиналысы № 2


Күні: 17.11.2022 ж. Қатысқаны: 14 Қатыспағаны: 1


Күн тәртібінде:


  1. «Бала құқығы – адам құқығы» (баяндама оқу, талқылау)

  2. І-тоқсан қорытындысы. 

3. Тыйым салынған интернет сайттарға кірудің алдын алу. (Ғаламтор әлеуметтік желілеріндегі жасөспірімдерге кері әсер ететін қауіпті сайттарға Тик-ток, В контакте, инстограмм, ватцап және т.б. кірудің алдын алу туралы).

4. Мектепте ұялы телефон ұстауға қатаң тыйым салу туралы

  1. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қатысты құқық бұзушылық пен қылмыстық, Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. ҚР «Бала құқығы туралы» Заңымен таныстыру.

  2. Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу.

  3. Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қарым-қатынастың, ерте жүктілік алдын алу. темекі шегу мен алкогольді пайдаланудың, экстремитік-терроризмнің,

  4. Оқушылардың жол көлік жарақатының алдын алу «Автожол бойындағы қайғылы оқиғалардың алдын алу», «Теміржол – аса қауіпті аймақ» таұырыбында ақпарат беру. бойындағы жол-көлік жарақаттануының, өрт қауіпсіздігінің алдын алу.

  5. Оқушылардың мектепке келіп-кету кезіндегі құқық бұзулылығы мен өмір қауіпсіздігі жауапкершілік ата-аналарға жүктелетінін қатаң ескерту.

  6. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру. (Салауатты өмір салтын қалыптастыру, үйірме, спорт секцияларына тарту).

  7. Ата-аналарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 409, 442, 127 баптарын таныстыру, ҚР «Білім туралы» Заңының 49 бабы, 63 баптың 1, 2 тармақтарымен таныстыру.

  8. Жол бойында, көшеқиылыстарында, бағдаршамдарда жарамазан айтуға қатаң тыйым салу. Қ.Р. (Әқбт) кодексінің 442 бабын таныстыру.

  9. Ата-аналарды мектептің ішкі тәртіп ережесімен, ата-аналардың, оқушылардың міндеттерімен таныстыру. ҚР «Білім туралы» Заңы 49-47 баптарымен таныстыру.

  10. Мектептегі «Психологиялық қызметтің» міндеттерін түсіндіру (Педагог-психологтар).

  11. Оқушыларды зиянды әдеттерден сақтау (темекі, электронды сигарет, насыбай, алкогольді заттар).


Тыңдалды:

1-ші мәселе бойынша сынып жетекшісі Тогусбаева Г.А. «Бала құқығы – адам құқығы» атты баяндама жасады. Баяндама жан-жақты талдап, талқыланды.

  • Құқықтары:

  • баланы тәрбиелеу мен оқытудың барлық бағыттары бойынша білім беру ұйымымен өзара қарым-қатынас жасауға;

  • ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген оқыту-тәрбиелеу үдерісін іске асыруға қатысуға;

  • ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңесі, ата-аналар жиналыстарының шешімін орындауға;

  • ата-аналар комитеті арқылы білім ұйымының басқармасы органдарының жұмысына қатысуға;

  • өз балаларының үлгерімі, тәртібі және оқу жағдайына қатысты ақпаратты алуға;

  • психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда өз балаларын оқыту және тәрбиелеу проблемалары бойынша консультативтік көмек алуға;

  • қосымша қызметтерді алуға құқылы.

Міндеттері:

  • білім беру ұйымының Жарғысын және осы шарттың ережесін сақтауға;

  • ата-аналар жиналысына баруға, қажет болған жағдайда оқу-тәрбие процесі және нақты педагогикалық көмек көрсету бойынша жеке педагогикалық әңгімелесу үшін әкімшіліктің немесе мұғалімдердің шақыруы бойынша білім беру ұйымына баруға;

  • мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға;

  • білім беру ұйымын баланың сабақта болмайтыны жөнінде хабардар етуге;

  • ҚР заңнамасына сәйкес білім беру ұйымына оқушының кінәсімен келтірілген материалдық залалды қайтаруға міндетті.

2-ші мәселе: І тоқсан қорытындысы. Сыныпта 15 оқушы бар. Оның 3-еуі үздік, 4-еуі екпінді, қалғандары - қанағаттанарлық. Тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасының көрсеткіші 47 %-ды құрады. Келесі тоқсанда оқушыларға білім сапасын жоғарылату керектігі міндеттелді.

3-ші мәселе: Тыйым салынған интернет сайттарға кірудің алдын алу үшін ата-аналар балаларының телефонда не көретіндігін қадағалап отырсын.

4-ші мәселе: Мектепте, сыныпқа ұялы телефонды (смартфон) әкелуге қатаң тыйым салынатыны туралы. Оқушы мектепке күнделікті сабаққа қажетті оқу құралдары мен оқулық-дәптерлерін алып келуі керек. Мектептен алынған оқулықтар бойынша сабаққа көңіл бөлуі керек. Ұялы телефонды мектепке әкелуге қатаң тыйым салынады. Баланың мектепке телефон әкелмеуіне ата-ана жауапты екенін ұмытпайық.

5-ші мәселе: Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың, қаңғыбастық пен панасыздықтың, Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, аутодеструктивті мінез-құлықтың, экстремистік-терроризмнің, зиянды ғаламтор сайттарына кіруінің алдын алу түсіндіру жұмыстары.

6-ші мәселе: Кәмелетке толмағандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. (Салауатты өмір салтын қалыптастыру, мектептен тыс үйірмелерге оқушыларды тарту). Салауатты өмір салтын қалыптастыру, мектептен тыс үйірмелерге оқушыларды тарту жөнінде сынып жетекшісі сөз алып, мектептегі тегін үйірмелерге оқушыларды қатыстыру жөнінде ұсыныс жасалды. Ата-аналар ұйымы бұл ұсынысты бірауыздан мақұлдады.

7-ші мәселе: Кәмелетке толмағандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, мектептен тыс үйірмелерге оқушыларды тарту ата-анаға жүктелсін.

8-ші мәселе: Оқушылардың мектепке келіп-кету кезіндегі құқық бұзушылығы мен өмір қауіпсіздігіне жауапкершілік ата-аналарға жүктелетіні туралы ескерту. Оқушылардың мектепке келіп-кету кезіндегі өмір қауіпсіздігіне жауапкершілік ата-аналарға жүктелетіні туралы сынып жетекшісі хабарлама жасады. Оқушылардың автожол, теміржол бойындағы құқық бұзушылығының алдын алу, өмір қауіпсіздігі мен өрт қаупінен сақтау. (Тик-Ток. Селфи)

Оқушылардың жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында «Автожол бойындағы қайғылы оқиғалардың алдын алу», «Теміржол-аса қауіпті аймақ» тақырыбында балалардың жол-көлік жарақатының негізгі себептері, төмендегі Жол жүру ережелерін бұзуында болып табылады:

-жаяу жүрушінің жолынан тыс жолдың жүру бөлігінен өтіп кету;

-рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өту;

-реттеу дабылына бағынбау;

-тұрған көлік, құрылыс, көк көшеттерге байланысты жолдың жүретін бөлігіне абайсызда шығып кету;

-тротуар бола тұра жолдың жүретін бөлігінің бойымен жүру;

-көлік қозғалысының бағыты бойынша жолдың жүретін бөлігінің бойымен жүру;

-жолдың жүретін бөлігінде және жолға таяу ойнау. Сондықтан ата-аналар апат пен жазатайым жағдайлардың ықтималдығын және олардың алын ала білуі тиіс.

Оқушылардың жол-көлік жарақатының алдын алу «Автожол бойындағы қайғылы оқиғалардың алдын алу», «Темір жол – аса қауіпті аймақ» тақырыбында жүргізілген түсіндіру жұмыстары қанағаттанарлық деп табылсын.

9-шы мәселе: Бүгінгі таңда бүкіл әлемді елеңдетіп, қоғам дертіне айналып отырған жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы – дүние жүзіндегі ең өзекті мәселелердің бірі. Суицидті зерттеп жүрген мамандардың пікірінше, дүниежүзінде әрбір 20 секунд сайын бір адам өзіне-өзі қол жұмсайды екен. Тіпті жылына 1 миллион адам өзін ажалға қиып, шамамен 20 миллион тұрғын өмірмен мәңгілікке қоштасуға әрекет жасайды. Сорақысы сол, бұлардың 8 мыңы қазақстандықтар екен. Ал бұл дегеніңіз, республика бойынша сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қоштасады деген сөз. Әсіресе, бұл дерттің жасөспірімдер арасында кең етек жайғаны алаңдатады. Оған жасөспірімдік «өтпелі» шақта кездесетін қиындықтарды көтере алмау, айналадағылармен тіл табыса алмау, бала психологиясының толық қалыптаспауы, т.б. жағдайлар себеп болуда. Суицид (лат; suicaedere – өзін өлтіру) – адамның өзіне-өзінің қиянат жасап, өз өмірін қиюы. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының жұртшылыққа жариялап отырған жан түршігерлік мәліметтерінен Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы суицид оқиғаларының көбее түскендігін, өзіне — өзі қол салуға көбінесе олардың заң бұзуы, қылмыстық жауапкершілігі алдында үрейленуі, шыдамсыздығы, төзімсіздігі, қорқақтығы, сабақ үлгерімінің төмендігі, қызығушылық деңгейінің нашарлығы, көңіл күйінің болмауы, тез ашулануы және тәбетінің төмендігі себеп болып отырғаны баршамызға аян. Ендеше адам тағдырына келгенде жауапкершілікті тек ұстаздар мен дәрігерлерге, мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтарына жүктеп қоймай, жұмыла мойнымызға алуымыз керек.

10-ыншы мәселе: Ата-аналарға Қ.Р. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» 409, 442, 127 баптарын таныстыру, Қ.Р. «Білім туралы» заңының 49 бабы, 63-і баптың 1, 2 тармағымен таныстыру. ҚР Білім туралы заңы 49-бап.

Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері

Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің:

1) баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға;

2) ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға;

3) білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;

4) өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардан консультациялық көмек алуға;

5) балаларының шарттық негізде қосымша қызмет көрсетулер алуына құқығы бар.

2. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер:

1) балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;

2) балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке беруді айқындай отырып, мектеп алды даярлығын қамтамасыз етуге;

3) білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға;

4) балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндетті. Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

63-бап. Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы

1. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге білім беру ұйымдары бюджет қаражаттары есебінен көрсететін білім беру қызметтері тегін ұсынылады.

2. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiне:

1) бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттары шеңберiнде ақылы негiзде бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге; 2) осы Заңның 63-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оқушылардан және педагог қызметкерлерден ақшаны өндіріп алуға тыйым салынады.

11. Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Қ.Р. «Бала құқығы туралы» заңымен сынып жетекшісі Тәжібаева Н.Е. таныстырды.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актісіне Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңының 109-бабын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізу ұсынылды. Ол бап бойынша дене жарақатын салған, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтірмейтін басқа да зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында және әдейі кәмелетке толмағандарға қарсы 1000 АЕК-ге дейінгі айыппұлмен немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен немесе 500 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартумен немесе 2 жылға дейін бас бостандығын шектеумен немесе сондай мерзімде бас бостандығынан айыруға үкім шығарылады. Дегенмен бұл ата-анаға “шапалағы” үшін айыппұл салынады немесе түрмеге жабылады дегенді білдірмейді. . “Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы” заңының 24-бабы 1-тармағын ата-аналардың бала тәрбиесіндегі міндеттеріне қатысты 10 тармақшамен толықтыруды ұсынады, олардың арасында жоғарыда аталған ережелер бар: 3-тармақша: 12 жасқа дейінгі балаларды қараусыз қалдырмау (соның ішінде көшеде, үйде, транспорт салонында), 14 жасқа толмаған балаларды жаппай шомылатын жерлерде; 7-тармақша: балаларының электрон және қағаз түрінде порнографияны, зорлық-зомбылықты, экстремизм мен терроризмді қамтитын материалдарды көруіне, оқуына және таратуына жол бермеу; 9-тармақша: балаларының Білім беру ұйымының ішкі ережелерінің және Білім беру ұйымының жарғысы белгіленген талаптарды орындауын қамтамасыз ету.

10-шы мәселе:

11-ші мәселе: Жол бойында, көше қиылыстарында, бағдаршамдарда жарапазан айтуға қатаң тыйым салу. ҚР (Әкбт) кодексінің 442 бабын таныстыру.

Жол бойында, көше қиылыстарында, бағдаршамдарда жарапазан айтуға қатаң тыйым салынады. Жарапазан айтамын деп жол-көлік оқиғасынан зардап шегіп, бақилық болып кеткендер де баршылық. Сондықтан әр баланың көшеге шықпай үйде отыруы ата-ана құзырында екенін ұмытпайық.

ҚР (Әкбт) кодексінің 442 бабын таныстыру.«442-бап. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп  жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы»;

      «2. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы –  заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.»;

      «3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – заңды өкілдеріне он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

12-ші мәселе: Оқушылардың мектепке келіп-кету кезіндегі өмір қауіпсіздігіне жауапкершілік ата-аналарға жүктелетінін қатаң ескерту туралы.

13-ші мәселе: Ата-аналарды мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстыру. Ата-аналардың, оқушылардың міндеттерімен таныстыру. ҚР «Білім туралы Заңның» 49-47 баптарын таныстыру.

14-ші мәселе: Мектептегі «Психологиялық қызметтің» міндеттерін түсіндіру (Педагог-психологтар).

15-ші мәселе: Оқушыларды зиянды әдеттерден сақтау (темекі, электронды сигарет, насыбай, алкогольді заттар).

Жоғарыда айтылғандарды тыңдай келе, ата-аналар жиналысы төмендегіше қаулы етті.

Қ А У Л Ы :

1. «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында жасалған баяндамасы қанағаттанарлық деп табылсын.

2. І тоқсандағы білім сапасының қорытындысы қанағаттанарлық деп табылсын. ІІ тоқсанда білім сапасы көтерілсін.

3. Тыйым салынған интернет сайттарға кірудің алдын алу үшін ата-аналар балаларының телефонда не көретіндігін қадағалап отырсын. Кіруге болмайтын сайттарға қатаң тыйым салынсын.

4. Мектепке, сыныпқа ұялы телефонды (смартфон) әкелуге қатаң тыйым салынатыны туралы

5. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың, қаңғыбастық пен панасыздықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілсін.

6. Мектепте, сыныпқа ұялы телефонды (смартфон) әкелуге қатаң тыйым салу туралы хабарлама қанағаттанарлық деп табылсын және оны қадағалау ата-анаға жүктелсін.

7. Кәмелетке толмағандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, мектептен тыс үйірмелерге оқушыларды тарту ата-анаға жүктелсін.

8. Оқушылардың жол-көлік жарақатының алдын алу «Автожол бойындағы қайғылы оқиғалардың алдын алу», «Темір жол – аса қауіпті аймақ» тақырыбында жүргізілген түсіндіру жұмыстары қанағаттанарлық деп табылсын.

9.Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жұмыстары ата-аналарға және сынып жетекшісіне жүктелсін.

10. Ата-аналарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 409, 442, 127 баптарын таныстыру, ҚР «Білім туралы» Заңының 49 бабы, 63 баптың 1, 2 тармақтарымен таныстыру қанағаттанарлық деп табылсын. .

11. Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары қанағаттанарлық деп табылсын. ҚР «Бала құқығы туралы» Заңымен таныстыру жұмыстары жүргізілді деп есептелсін.

12. Оқушылардың мектепке келіп-кету кезіндегі құқық бұзушылығы мен өмір қауіпсіздігіне жауапкершілік ата-аналарға жүктелетіндігі қатаң ескертілді.

13. Ата-аналарды мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырды. Ата-аналардың, оқушылардың міндеттерімен таныстыру жұмыстары қанағаттанарлық деп табылсын. ҚР Білім туралы Заңының 49-47 баптарымен таныстырылды.

14. Мектептегі «Психологиялық қызметтің» міндеттері таныстырылды. Педагог-психологтардың жұмыстары қанағаттанарлық деп табылсын.

15. Оқушыларды зиянды заттардан аулақ болуға шақыру: темекі тарту, электронды сигарет, насыбай, т.б. алкогольді заттар адам денсаулығына өте қауіпті екендігі туралы ескерту жасалды.






Жиналыс төрайымы: Тогусбаева Г.А.


Хатшысы: Аламарова Н.А.















Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі