400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ата-аналар жиналысының хаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
ата-аналар жиналысының хаттамасы
Материалдың қысқаша нұсқасы


ХАТТАМА


ЖАЛПЫ АТА – АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ №_01__

«_____»_қазан_2025 ж

Күн тәртібінде:

  1. Балабақшаның 2025-2026 жаңа оқу жылына алған мақсаты мен міндеттерін таныстыру.

  2. Баяндама «Тәрбие отбасынан басталады» Тәрбиеші Н.Калдыбаева

3. Өткен оқу жылы туралы ата - аналар комитетінің есебі

4.Әр түрлі мәселелер


Қатысқаны_ _____ адам

Шақырылған қатысушы


Күн тәртібі бойынша сөйлегендер:


Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша меңгеруші Р.Карабасова балабақшаның 2025-2026 жаңа оқу жылына алған мақсаты мен міндеттерін таныстырды. Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеу. Тәрбие мен білім беруде қазіргі заманғы оқыту әдістемелері мен технологияларын пайдалану арқылы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру. Міндеттері: Баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру; Мектепке дейінгі білім берудің сабақтастық және үздіксіздік ұстанымдарын қамтамасыз ету; Балалардың дене, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативтік дамуына бағытталған білім беру салаларының оқу қызметінде тәрбие мен білім беруді дамыту; Әр жас топтарында бағдарлама материалының мазмұнын игеру бойынша мониторинг жүргізу; Мектепке дейінгі ұйым мен отбасының өзара ықпалдастығын нығайту –деді. Сонымен қатар орталықтың даму жоспары мен алдағы атқарылатын іс-шаралар туралы да айтып өтті.

Екінші мәселе бойынша «Тәрбие отбасынан басталады» атты баяндамасын оқумен басталады. Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды. Ата -ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті. Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Тәрбиенің негізі отбасынан бастау алатыны жайлы айтып өтті.

Үшінші мәселе бойынша ата- аналар комитеті сайланды. Ата- аналар комитетінің төрайымы/төрағасы Дүйсембаева Арайлым

Оның мүшесі Қарабасова Нұржанат.

Өткен оқу жылында ата- аналар түгел келісім шартқа отырды. Мектепте ағымда түрлі іс- шараларға ата- аналар комитеті өз қолдауларын көрсететіндігін айтып өтті. Ата- аналардың балаларына дұрыс көңіл бөліп, тәрбие беруі және орталықтан себепсіз қалмауы, ұқыпты таза келуі, ауырған жағдайда орталыққа бірден хабар беруі туралы, балаларға көбірек көңіл бөлуі жайында қоса айтып өтті. Тоқтала келе ата- аналар мен балабаша арасында тығыз байланыс орнатылуы тиіс екендігі айтылды.


Жиналыстың шешімі:


1. Өткен оқу жылының қорытындысы қанағаттанарлық деп табылсын.

2. 2024-2025 оқу жылының мақсаты мен міндеттері күн тәртібінде басты назарда болсын.

3.Ата- аналар комитетіне төмендегі ата- аналар тағайындалсын.



Орталық меңгерушісі: Р.Карабасова


Ата – аналар комитеті: Дүйсембаева Арайлым

Қарабасова Нұржанат

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
17 ұстаз жүктеп алған
26 шілде
203
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі