400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ата-аналар жиналысының хаттамасы №1,2

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге арналған ата-аналар жиналысының хаттамасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Т.Рысқұлов атындағы шағын орталықты орта мектебі КММ

Ата-аналар жиналысының

хаттамасы № 2

Қатысқандар: 6

1.Сынып жетекшісі –Мақұлбай Г.Н.

2. 9 а сынып оқушыларының ата-аналары

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

  1. І тоқсан қорытындысы

  2. Оқушылардың тәртібі мен сабаққа қатысуы туралы.

  3. Қорытынды атестаттауды өткізудің үлгілік қағидалары

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша сынып жетекші Мақұлбай Гүлдана Новыйбекқызы. І тоқсан қорытындысына тоқталып өтті. Жалпы 9 а сыныбында 6 оқушының ішінде оқу озаты-жоқ, 4 оқу екпіндісі, 2 үлгерімі төмен оқушылар бар екендігін айтып өтті. Сынып бойынша білім сапасы- %. Бұл тоқсанда екі оқушы оқу екпінділер қатарына қосылды , сонымен қатар әліде оқу үлгерімін көтерілуге мүмкіншілігі бар оқушылардың ата-аналарына ескерту жасалып, келесі тоқсанда оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында үйден қадағалануы сұралды және пән мұғалімдері осы оқушылармен қосымша жұмыс жүргізілсін деген ұсыныс айтылды.

Екінші мәселе бойынша Мақұлбай Гүлдана Новыйбекқызы оқушылардың тәртібі мен сабаққа қатысуы туралы тоқталып өтті. І тоқсанда сабақтан үнемі қалатын және тәртібіне көңіл бөлуді қажет ететін оқушы Алпамыш Батырханның ата-анасына ескерту жасалды, оқушылар тек науқастанған жағдайда ғана себеппен сабақтан қалдыруды, сонын өзінде ата-аналар тарапынан оқушыларды күнделікті сабаққа уақтылы жіберіп, сабақтан қалмауын сұралды.

Қаулысы:

  1. І тоқсан қорытындысы бойынша үлгерімі төмен оқушылардың сабақтары ата-аналардың және пән мұғалімдердің тарапынан қадағаланып, үнемі назарда болсын.

  1. ІІ тоқсанда оқушылардың тәртібіне аса зор көңіл бөлініп, сабақтан қалмауы қадағалансын.




Сынып жетекшісі: Г.Мақұлбай


Т.Рысқұлов атындағы шағын орталықты орта мектебі КММ

Ата-аналар жиналысының

хаттамасы № 1

Қатысқандар: 6

1.Сынып жетекшісі –Мақұлбай Г.Н.

2. 9 а сынып оқушыларының ата-аналары

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

  1. Баяндама . Баланың басты ұстазы ата –ана.

  2. Жаңа оқу жылының басталуы. Ата-аналар комитетін сайлау.

  3. Санитарық талаптар

  4. Қорытынды атестаттауға дайындық жұмысының қорытындысы.

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша сынып жетекші Мақұлбай Гүлдана Новыйбекқызы өз сөзін « Баланың басты ұстазы ата –ана» атты баяндама оқып бастады. 
Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан - жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керектігін айтып өтті.

Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін - өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет. 
Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 5 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата - ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата - ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? 


Екінші мәселе бойынша сынып жетекшісі жиналыста короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқыту жүйесі мен ерекшеліктері туралы ата-аналарды хабардар етті.

Ата-налар комитеті етіп өз араларында Хакимова Алтынқызды сайлады.

Үшінші мәселе бойынша Мақұлбай Гүлдана Новыйбекқызы ата-аналарға санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай оқушыларды мектепке маскамен және сулы орамалдармен келуін қадағалауды ұсынды.

Ағымдағы міселелер бойынша сынып жетекшісі оқушылардың сабақтан себепсіз қалмау,қалған жағдайда анықтама әкелу, дене шынықтыру киімін өздерімен алып келу, форма міндетті түрде киетіндіктерін, ақ бантик ,қара туфли , т.б., мектеп мүлкін бүлдірмеу, оқу -құралдарын таза ұстау, қауіпсіздік шарасы бойынша ата –ана тарапын жауапкершіліктерімен таныстыру жүргізілді..

Қаулысы:

  1. «Баланың басты ұстазы ата –ана» атты баяндама тыңдалды.

  2. Ата-аналар комитеті болып Хакимова Алтынқыз сайланды.

  3. Ағымдағы мәселелер бойынша ата-аналар тарапынан қарсылықтар болған жоқ. Бүгінгі көтерілген   мәселелер бойынша бірауыздан қабылданып ,барлығы тарапынан ризашылық білдірілді.



Сынып жетекшісі: Г.Мақұлбай



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
203 ұстаз жүктеп алған
20.11.2020
51561
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі