Ата-аналар жиналысының Хаттамасы №3

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ата-аналар жиналысының Хаттамасы №3

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖШС «Успех GOLD-8» «Асыл бесік» балабақша – бөбекжайы «Құлыншақ» тобының ата-аналар жиналысының №3 хаттамасы Күні «28» 05 2024ж Өткізу орыны: онлайн,ватцап желісі арқылы Өткізу түрі: қашықтықтан, сұрақ – жауап. Жауаптылар: Тилейхан Катила, Даңғыл Зирагүл Қатысқандар: 24 Күн тәртібінде: 1. Тәрбиешілерге алғы сөз 2. 2023-2024 оқу жылында жыл бойы жүргізілген оқу тәрбие жұмыстары бойынша қорытынды есеп. 3. Кеңес беру. Тақырыбы: «Жаз мезгілінде жұқпалы аурулардың алдын алу» баяндама. Жауапты: балабақша медбикесі Кенжетай Абдурасуловна 4. Әр түрлі мәселелер (келесі жылғы топ атауы және комплектация бойынша, жаз уақытындағы киімдері жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:

«Успех GOLD-8» ЖШС

«Асыл Бесік» балабақшасының

меңгерушісі

_____________ А. Мамырбаева

«___»____________2024ж










2023-2024 оқу жылына арналған

«4-5 жастағы балалардың даму ерекшеліктері» атты

«Құлыншақ» ересек тобының ата-аналарымен

жүргізілген жиналыстың

3 ХАТТАМАСЫ










Тәрбиешілер: Тилейхан К

Даңғыл З













Өскемен қаласы,

2023-2024 оқу жылы

ЖШС «Успех GOLD-8» «Асыл бесік» балабақша – бөбекжайы

«Құлыншақ» тобының ата-аналар жиналысының

3 хаттамасы


Күні «28» 05 2024ж

Өткізу орыны: онлайн,ватцап желісі арқылы

Өткізу түрі: қашықтықтан, сұрақ – жауап.

Жауаптылар: Тилейхан Катила, Даңғыл Зирагүл

Қатысқандар: 24


Күн тәртібінде:

  1. Тәрбиешілерге алғы сөз

  2. 2023-2024 оқу жылында жыл бойы жүргізілген оқу тәрбие жұмыстары бойынша қорытынды есеп.

  3. Кеңес беру. Тақырыбы: «Жаз мезгілінде жұқпалы аурулардың алдын алу» баяндама.

Жауапты: балабақша медбикесі Кенжетай Абдурасуловна

  1. Әр түрлі мәселелер (келесі жылғы топ атауы және комплектация бойынша, жаз уақытындағы киімдері жайлы (пижама, ласина жеңіл киімге ауыстыру жайлы т.б)



Тыңдалды:

1.Бірінші мәселе бойынша топ тәрбиешісі Тилейхан Катила балалардың қорытынды білім деңгейіне қатысты есеп берді. 2023-2024 оқу жылында балабақшаға 4 пен 5 жас аралығындағы «Құлыншақ» ересек тобын қабылдадық. 2023 – 2024 оқу жылында «Құлыншақ» ересек тобына барлығы 35 бала қабылданды. Басқа ұлт өкілдері болған жоқ. Оның 17 қыз бала және 18 ұл балалар. Жаңа оқу жылында ақпан, наурыз6 сәуір айларында жаңадан балалар қабылданды. (Амангелді Сабыржан, Әділмұратова Алима, Садвакасов Ерасыл және) Берікұлы Тамирлан, қараша айында тобымызға жаңадан Кабиев Халид және сәуірде Ержан Муслим атты ұл балалар келді. Сонымен топта барлығы 35 бала.

3 бала – басқа балабақшаға ауысуына баланысты шығып кетті. Олар: Рахатов Умар, Манарбек Малика және Әлібек Әдемі. Жыл соңында 35 бала оқу - тәрбие іс - әрекетін аяқтады.

Білім беру салалары «Денсаулық» «Қатынас» «Таным» «Шығармашылық» «Әлеумет» бойынша ересек тобына жыл көлемінде барлық сабақтар өткізілді.

«Денсаулық»білім беру саласы бойынша дене шынықтыру;

«Қатынас» білім беру саласы бойынша сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет; сауат ашу; орыс тілі.

«Таным» білім беру саласы бойынша математика негіздері, жаратылыстану, құрастыру;

«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша сурет салу, мүсіндеу, аппликация, музыка;

  • Денешынықтыру. Жалпы дамытушы жаттығулар. Негізгі қимылдар: Жүгіру, секіру. Допты домалату, қағып алу, лақтыру. Еңбектеу, өрмелеу. Тепе-теңдікті сақтау. Сапқа тұру. Музыкалық – ырғақтық жаттығулар жасау. Велосипед, сомокат тебу.

  • Сөлейудің дыбыстық мәдениеті. Сөздік қор. Тілдің грамматикалық құрылымы. Байланыстырып сөйлеу. Шығармашылықпен сөйлеу. Шығармаларды қабылдау.

  • Көркем әдебиет. Көркем шығармаларды қабылдай білу. Мәнерлеп оқу. Мазмұндау. Театрланған әрекет дағдыларын дамыту.

  • Қазақ тілінен. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс дыбыста алуға үйрету. Айқын дикцияны дамыту. Дыбыстық сөйлеу мәдениеті: Сөздік қорын дамыту.

  • Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру. Сан, 1-ден 5-ке дейінгі сандарды санау. Шама және гометриялық фигуралар. Кеңістікті бағдарлау.

  • Қоршаған ортамен таныстыру. Тірі және жансыз табиғат объектілері мен құбылыстары. Табиғаттың маусымдық өзгерістерін ажырата алу, өсімдіктер әлемі. Бала, отбасы және үй. Қоршаған заттардың мақсаты, құрылымы, материалы арасындағы байланыс туралы білім қалыптастыру.

Ертеңгіліктер мен тәрбие сағаттары:

Қазан айында мереке мен тәрбие сағаты болды. «Білімнің бастауы - балабақша» атты тәрбие сағаты 1 қыркүйекте өтті. Қазан айында «Күз мереке, күз береке» мерекелік ертегілік аталып өтілді. Балалар әдемі күзгі мерекеге арналған киімдерін киіп, ойын ойнады. Барлық балалар тақпақ айтты. Қонаққа «Алтын күз» және «Жаңбыр» келді. Залдың ішін күз тематикасы бойынша безендірлген.

Қазақстан Республикасы күні” тақырыбында тәрбие сағатын өткіздік, тұңғыш елбасымызбен, рәміздер, мемлекеттіміз туралы таныстырдық.

16 желтоқсанда «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты тәрбие сағатын өткіздік.

Жаңа жыл қарсаңында «Құтты болсын, Жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгілік өтті. Жаңа жылдық іс - шараға ұлдар мен қыздардың ата-аналары арнайы костюмдер тіктірді. Балалар: Аққалалар, Сағаттар, Ұлпақарлар болып киімімен келіп, аяз аталарына әндерін, тақпақтарын айтып, билерін билеп сыйлық алды. Қонаққа Аяз Ата, Ақшақар, Қоян, Мұз, Боран, Ұлу келді. Негізгі мақсат достық туралы түсіндіру.

Наурыз айында балабақшамызда 8 – наурыз аналар мерекесіне арналған «Ана – аса қымбатты жан» атты ертеңгілігіміз өтті. Мақсатымыз: бүлдіршіндерге мерекелік көніл күй сыйлау, әндер арқылы анаға деген мейірімді сүйіспеншілікті арттыру. Қыздарымыз бен ұлдарымыз мерекеге сай болып киінді. Ұлдар мен қыздарымыз жаттаған тақпақтарын айтты. Аналарына арнап, музыка жетекшісімен бірге “Анашым” әнін бар ынталарымен орындады. 8 - наурыз мерекесіне орай, балалар аналарына арнап сыйлық жасады.

Ұлыстың ұлы күні 22-Наурыз мейрамына «Наурыз жыл басы» тақырыбында мерекелік ертеңгілігіміз өтті. Топ ішін ата – аналар көмегімен, қазақ бұрышы жасалып, наурызға арналған дастархан жайылды. Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет–ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, салт -дәстүріміздің бір түрі ұлттық ойын «Теңге алу» мен «Жассақ» (көшет) отырғызу дәстүрін көрсеттік. Аталар мен әжелер қонақ болып келді.

Мамыр айында Бірлік күніне «Қазақстан татулығы жарасқан шаңырақ» атты ертеңгілігіміз өтті. Ертеңгілікке байланысты ата-аналар балаларын сәнді киіндіріп, мерекелік іс-шараға ат салысты. Біздің топтық балалары әр түрлі ұлттың киімдерін киіп, тағамын көрсетіп, биін билеп, ойын ойнап, өлең, тақпақтарын айтты. Мақсатымыз: Қазақстан халқының бірлігін нығайту, балаларды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу.

Жыл көлемінде Ата-аналармен бірлесе отырып мынадай жұмыс түрлері атқарылады:

Қазан айында «Күз кереметтері» балабақшаішілік барлық топтар арасында қолдан жасалған бұйымдар көрмесі ұйымдастырылып, ата - аналар балаларымен бірлесіп, жеміс – жидек, көкөністерден әртүрлі мүсіндер жасаудан жарыс өтті. Бас жүлде Бақытбек Ясмин, Рахатов Умар I- орын Саматов Амир, Теміржанов Алихан, Манарбек Батырхан; II, ІІІ- орын Алтай Нұржігіт, Вальерева Жасмина, Талғатова Айя және Мұратбек Дария марапатталды. Жалпы топтар арасынан «Құлыншақ» тобы ІІ орынмен марапатталды.

«BILIMGER.KZ» Республикалық білім порталы ұйымдастырған балалар арасындағы «Алтын күз» атты көркемсурет пейзаж байқауында үздік танылып, 1-орынды жеңіп алғаны үшін Саматов Амир Қанатұлы, Талғатова Айя және Рахатов Умар марапатталады.

Қараша айында «Балаларға базарлақ» кітап бұрышы ұйымдастыру Балабақшаға кітап сыйлау акциясы өтті. Ата аналар ат салысып әртүрлі кітаптар әкелді.

Тәуелсіз Қазақстан” күніне арналған топтар арасында табиғи материалдардан көрме ұйымдастырылды. Астаналық оқу-әдістемелік орталық «ТҰҒЫРЫ БИІК ТӘУЕЛСІЗДІК» атты Тәуелсіздік күніне орай Республикалык шығармашылық байқаудың номинациясы бойынша «бейнелеу өнер» жеңімпазы Саматов Амир марапатталады. Жетекшісі: Тилейхан Катила Орталық жетекшісі: Тіркеу № 967/19.12.23 жыл. Байболатова Ж.Т. және Амангелді Сабыржан марапатталады. Жетекшісі: Тилейхан Катила. Орталық жетекшісі: Тіркеу № 966/19.12.23жыл. Байболатова Ж.Т.

Жаңа жыл мерекесіне орай ұйымдастырылған Ата - аналар мен бірлескен «Ең үздік жаңа жылдық безендіру» топтар арасында сайыс ұйымдастырылды. Топтың іші безендірлу керек болды. Соған орай ата аналар қолдан қиып жасалған қар қиыршықтарын мен әртүрлі суреттермен қолдан жасалған заттар әкелініп топтың іші безендірілді.

«Жаңа жылдық» ертегі атты тақырыбында табиғи материалдардан қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Қыс қызығы жайында түсінік беру және қыс мезгілі туралы ойларын кеңейту арқылы қыс бейнесін қолдан жасалған бұйымдар арқылы көрсетілді. Бас жүлде Саматов Амир I-орын, Тілеуқабыл Нариман II-орындармен марапатталды.

12- сәуір «Ғарышкерлер күніне» арналған көрме ұйымдастырылды. Ата-ана мен балаларымыздың ғарыш, ғарышкерлер, аспан әлемі туралы қолдан бұйымдар жасап әкелінді. Саматов Амир І орын, Талғатова Айя марапатталды.

Балабақшада «Күз береке» атты жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде қолөнер бұйымдары және тәттілер сатылымға қойылып, қаражат жиналды. Балалар, педагогтар, ата аналар өз өнерін көрсетті. Жиналған қаражатқа топқа қажетті оқу-құралдары мен қажетті ойыншықтар мен заттар алдық.

Мақсатымыз: топқа қажетті заттар алу. Ата-аналармен тығыз байланыста болып барлық ата-ананың қатысуы арқылы үлкен жәрмеңкеге топ болып қатысты. Ол көрмеге де ата-аналар барлығы жұмыла ат салысты.

Балабақшамызда ата-аналармен бірге осы сияқты көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып отырады. Ата-аналармен бірге тығыз байланыста жұмыс жасаймыз. Әрбір Мереке кездерінде ата – аналар топты безендіруге көмектесті.

Қыркүйек айында ата – анамен жүргізілетін жұмыс жоспар құрылып, жыл бойында балабақша және тәрбиешімен тығыз қарым – қатынаста жұмыс атқарылды. Қыркүйек айында «4-5 жастағы балалардың даму ерекшелігі» тақырыбында, қаңтар айында І жарты жылдықтың қортындысы және мамыр айында өткен жиналыста «Жыл бойы жүргізілген оқу-тәрбие жұмыстарының қортындысы» тақырыбында баяндама оқылды. Ата – аналардың сұрақтарына жауап беріліп, жыл көлемінде белсенді болған ата – аналарға мадақтау қағазы берілді.

Мамыр айында ата – аналар көмегімен балабақша ауласындағы белгіленіп берілген өз жаппамызды боядық.

Балабақшада әдістемелік кеңес өтіп тәрбиешілер бір-бірімен тәжірбие алмасып, өз білімдерін толықтырады. Балабақшада әр мерекелік іс-шарада акт залы безендіріліп, мерекелік көңіл күй сыйлауға тәрбиеші ретінде безендірулерге белсене ат салысамыз. Және де жоғарыда айтылған барлық ертеңгіліктер мен ашық сабақтарға кейіпкер болып, балалардың көңілін аулап, тәрбие мен білімді ұштастыруды басты назарда ұстаймыз.

2023-2024 оқу жылы «Құлыншақ» ересек тобының

жалпы жылдық қорытынды есебі


Бала саны

Білім %

Бастапқы Жоғары

18

51

Орташа

12

35

Төмен

5

14

Аралық Жоғары

17

50

Орташа

13

38

Төмен

4

13

Жылдық Жоғары

31

89

Орташа

4

11

Төмен

0

0

Қортындылай келе, балалармен жұмыс жасау барысында оқу жылы көлемінде алдымызға қойған мақсатымызға жету үшін бірқатар жұмыстар атқарылды. Балалармен жеке жұмыс жасау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жету үшін көзделді. Балалардың меңгерген және жеткілікті деңгейде меңгерген білім деңгейлері қорытынды білім деңгейіне сай бағаланды.

2024 – 2025 оқу жылына қойылған мақсатымыз:

Жаңа техналогияларды қолдана отырып, баланың болашақта жеке тұлға ретінде қалыптасып, қазіргі заман талабына сай, білімді азамат ретінде қалыптасуына үш жақты үрдісті қолдануды басты орынға қою.

Ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту, жаңа сөздерді меңгерту, үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру, өмірлік оң көзқарастарға тәрбиелеу.

  1. Ата-аналар назарына!

Жаз – балалар үшін сауық-сайран мен жайбарақаттық кезең. Ал ата-аналар өте мұқият болуы керек, себебі демалыс орындарында түрлі қауіптер болуы мүмкін. Сондықтан әр ата-ана жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерімен таныс болу керек. Жазғы уақытта демалыста болатын балалардың ата-аналарына қауіпсіздік ережелері ескертілді. Балаға күн тиіп қалмас үшін жаздың ыстық күндері міндетті түрде бас киім кигізу керек. Табиғат аясындағы қауіпсіздік. Суға түсер кездегі қауіпсіздік. Үйдегі тоқ және газ қауіпсіздігі ескертілді.

Тәрбиеші Тилейхан Катила ата-аналарға әлі де балалардың дамуына өз үлесін қосатынын айтып, ризашылығын білдірді және жаз маусымына балаларды бас киімсіз жібермеу керектігін ескертті.

Балабақша медбикесі Кенжетай Абдурасуловна ата- аналарға «Жаз мезгілінде жұқпалы аурулардың алдын алу» туралы баяндама жасады.

3). Әр түрлі мәселелер (келесі жылғы топ атауы және комплектация бойынша, жаз уақытындағы киімдері жайлы (пижама, ласина жеңіл киімге ауыстыру жайлы ата-аналар сұрақтарына жауап берілді т.б)

Қорытынды:

Жыл көлемінде өткен барлық мерекелік шаралар, ашық сабақ пен тәрбие сағаттары туралы слайд көрсетілді. Жыл көлемінде балалар белсенділік танытып, өнерлерімен, білімдерімен және тәрбиеліктерімен ерекше көзге түсіп, алдыңғы қатардан көріне білді. Келесі жылдың комплектациясы бойынша сөз қозғалды.

Келесі жылы балалар Мектепке даярлық тобы болып өзгеретіні жайлы айтылды. Ата- аналар комитетімен барлық белсенді болған ата -аналарға тәрбиешілер атынан үлкен алғыс айтылды.



Келісілді:

«Успех GOLD-8» ЖШС

«Асыл Бесік»

балабақшасының әдіскері:

____________ Еркешева Ж.К.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.04.2025
602
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі