Материалдар / Ата-аналар жиналысының хаттамасы 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналар жиналысының хаттамасы 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сыныпта өткізген ата-аналар жиналысының хаттамасы. Хаттамада күн тәртібінде берілген сұрақтар қарастырылып, шешім шығарылғаны туралы жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Наурыз 2022
4355
23 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

8 «А» сынып ата-аналар жиналысының хаттамасы


Өткізілген күні: 29.03.2022 ж


Қатысты: 4 ата - ана


Тақырыбы: «Баланың бас ұстазы-ата-ана»

Ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтар:

  1. «Баланың бас ұстазы-ата-ана»

  2. Нұсқаулық өткізу

  3. 4 тоқсанның жұмыс жасау тәртібі

  4. 3 тоқсан бойынша оқушылардың жетістіктерімен таныстыру

  5. ВТР бойынша мониторинг

  6. Күнделік бойынша мониторинг

  7. Тамақтану бойынша мәлімет беру

  8. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

  9. Келесі оқу жылында болатын аттестациямен таныстыру


Тыңдалды:

1. «Баланың бас ұстазы-ата-ана» тақырыбы бойынша мәлімет:

Ардақты ата - аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.

2. Нұсқаулықпен таныстыру:

  • Тұрмыстағы жазатайым оқиғалардың алдын алу, ЖҚЕ, ЖҚЕ,ТБ;

құқық бұзушылықтың, жыныстық қолсұғылмаушылықтың алдын алу, жеке

заттардың сақталуы

  • балаларды өзенге ересектердің қадағалауынсыз жібермеңіз, әсіресе мұз жүру кезінде; отбасындағы балаларға қиянат жасағаны үшін жауапкершілік;

  • терроризмге қарсы қорғау (өткізу режимі) бойынша;

  • сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша;

  • ұялы телефондарды пайдалану бойынша, оқу орнында бөгде заттарға тыйым салу туралы;

  • балалардың көңіл көтеру ұйымдарында және тұрғын үйден тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болуы, сағат 23.00-ден кейін заңды тұлға қастарында болуы керек.;

  • мектепке бару және кері қайту жолында заңды өкілдер жауапты болады;

  • бала тәрбиесін бақылау мен жауапкершілік ата-аналарға жүктеледі;

  • баланың орналасқан жері мен оның айналасын ата-ана бақылауы..

3. Ата-аналарға 4 тоқсанның жұмыс жасау тәртібі бойынша түсініктеме берілді.

4. Оқушылардың 3 тоқсан бойынша жетістіктері:

Мақшар І, Тұңғышпай А - жақсы оқитындар


Айболат С, Тлеуова А - қанағаттанарлық

Білім сапасы - 50 %

5. ВТР ережелерімен таныстырылды, сынып бойынша мониторинг: -- сабаққа кешігіп келетіндер жоқ,

- 28.01-4.02 Тлеуова Аружан сабақта болған жоқ ауырғанына байланысты,

- 28.01-7.02 Мақшар Іңкәр сабақта болған жоқ ауырғанына байланысты,

-31.01-4.02 Айболат Сапарбек сабақта болған жоқ ауырғанына байланысты

6. Күнделікке кіру мониторингі: оқушылар мен ата-аналар уақытында кіреді мұғалімнің көмегімен.

7. Тегін тамақтану бойынша құжаттардың тізімі жіберілді ватсап ар-қылы. Тегін тамақтанатындар: Айболат С, Мақшар І, Тұңғышпай А.

Тлеуова Аружан тамақтанбайды, ішкісі келмейді .

8.Сыныптан тыс іс-шараларға барлық оқушылар белсенді қатысты. Ең белсенді оқушы-Айболат Сапарбек. Тұңғышпай Алдияр ешқандай үйірме-ге қатыспайды, қатысқысы келмейді.

9.Келесі оқу жылында қараша айында мектептің аттестациясы болады. 9 сынып оқушылары тестілеуден өтеді. Ата-аналар осы бойынша мәлімет-пен таныстырылды.

Шешімі:

1.Ата-аналар жиналысы кезінде алынған ақпаратты ескеріп, қолдану.

2.Барлық жіберілген нұсқаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау.

3.Төтенше жағдай кезіндегі барлық қауіпсіздік ережелерді сақтау, демалыс

кезіндегі іс-шараларға қатысу, бос уақытты тиімді пайдалану.

4.ВТР ережелерін сақтау, сабаққа кешікпеу, себепсіз сабақтан қалмау.

5. Төртінші тоқсанда оқушыларды әртүрлі сайыстарға қатыстыру.

6."Күнделік" платформасына күнделікті кіріп, сабақ нәтижелерін қадағалау

7. Тегін тамақтың құжаттарын тапсыру бойынша ұсыныс Дюсембаева Б.Т айтылды, бірақ жинамаймыз деп қарсылық білдірді.

8. Үйірмелерге 100 пайыз қатыстыру балаларды.

9. Ата-аналрға жазғы демалыс кезінде оқушылардың дайындығын қадағалау

Ата – аналар жиналысына қатысушылар тізімі.


Аты жөні

Қатысты

Қатыспаған

1

Ерен Садеп

+


2

Депу Меруерт

+


3

Дюсембаева БТ

+


4

Дюсембаева СЕ

+




Сынып жетекшісі : Жалгасбаева СК


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!