400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ата-аналар жиналысының жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
ата-аналар жиналысын өткізуге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-аналар жиналысының жоспары


Мектеп «Бауман негізгі орта мектебі» КММ Сынып: 3

Мерзімі: 14.09.2019 Ата-аналар саны: 6

Мұғалім: Есенгалиева Айтжан Тайжановна

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Жалпыадамзаттық құндылықтар отбасы тәрбиесінің негізі»


Мақсаты: рухани адамгершілік құндылықтардың тәрбиедегі маңызын түсіндіру.


Міндеттері:

  • ата-аналарға жалпыадамзаттық құндылықтар туралы мәлімет беру арқылы ізгілік қағидасын түсіндіру

  • сабырлыққа, өзара ынтымақтастыққа бағыттау

  • ізгілік қағидасын түсіндіре отырып, жауапкершілік сезімін дамыту.

Ресурстары:

(материалдары, көздері)

Жоспар (жоспардың әрбір пунктін 3-5 сөйлеммен ашу)

  1. Тыныштық сәті (Нұрға бөлену)

  2. Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы мәлімет беру

  3. Жалпыадамзаттық құдылықтардың педагогикалық-психологиялық негіздері

  4. Бейнеролик

  5. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен жауапкершілігі

  6. Шығармашылық тапсырма «5 есім»

  7. Ән айту «Сәби бақыты»

Талдау

Үйге тапсырма: «Баламен бірге мультфильм көріп, оны талқылау»

Жиналыстың қорытынды сәті

Тыныш музыка ырғағымен:

Жақсы адамды кездестірсең, одан үйренуге тырыс, ал жаман мінез құлықтағы адамды кездестірсең, өзіңді зертте.

Ұлы философ және ұстаз Конфуций

1. Күн сайын жағымды көңіл күйге ену тәсілін қолданыңыз. Бұл сананы

тыныштандыру мен бақылау үшін, әлемді ұғынуға арналған тікелей және тура әдіс.

2. Күні бойы барлық адамдарға сүйіспеншілік нұрын шашуға талпыныңыз.

3. Ұйықтар алдында күні бойы не істегеніңізді еске түсіру үшін бірнеше

минутыңызды бөліңіз, шешім қабылдаңыз.

4. Ашу-ызаңызды бақылаңыз, өзіңізді - өзіңіз ұстай біліңіз, өзіңізді ұрсып,

ренжіткен адам сізге өз ашу-ызаңызды бақылауға көмектесетінін әрдайым есте

ұстаңыз. Ашу – ызамен басқа адамды ренжітетініңізді ойлаңыз.

Ашулана бастасаңыз, онда:

  • бір стақан суық су ішіңіз; айнадан бет-жүзіңізге қараңыз;

  • бірден онға дейін іштей санаңыз; тыныш қана жатыңыз;

  • ашуыңыз келіп тұрған жерден кетіп қалыңыз.

5. Өзіңізді тыныштандыратын ізгі немесе жұбату сөздерді дауыстап

айтыңыз, жақсы нәрсе туралы ойлаңыз.

6. Жаныңызды тебірентетін, жайландыратын, жалпыадамзаттық

құндылықтарға толы ән салыңыз.

7. Жақсы компания, орта табыңыз.

8. Басқаларға тыныштық беруге, қызмет етуге және оларды жұбатуға

үйреніңіз, өзіңізді ұстамды, сабырлы адаммын деп есептеңіз.

9. Тыныштық сақтауға үйреніңіз. Жұмсақ, әрі мейірімді интонациямен

сөйлеңіз. Тек қана жақсы нәрсе айтыңыз. Пайдалы нәрсе айта алмасаңыз,

одан да үндемей қалыңыз.

10. Тыныс алуыңызды бақылаңыз: әр уақытта баяу, терең және ырғақты

тыныс алыңыз және бұған кедергі жасайтын нәрсенің бәріне абай болыңыз.

11. Күнделікті өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануға

ұмтылыңыз.

  • Асығыс түбі - өкініш.

  • Ашуды ақылға жеңдір.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
1 қазан
1048
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі