Ата-аналар жиналысының жоспары «Баланың бақыты – ата-ана»

Тақырып бойынша 12 материал табылды

Ата-аналар жиналысының жоспары «Баланың бақыты – ата-ана»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-ана жиналысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚҚ

«Бекітемін»________________

Әдіскер:

«Келісемін»________________

Сынып жетекшісі:



Ата-аналар жиналысының жоспары





Тақырыбы: «Баланың бақыты – ата-ана»

Өтетін орны:

Сынып:

Тобы:

Күні: _______

Машықкер:





Семей, 2024 жыл

Ата-аналар жиналысының мақсаты: Ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір - біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата - ана екенін түсіндіру.

Ата-аналар жиналысының міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.

Ұйымдастыру формасы: Тренинг

Көрнекілігі: Үлестірме қағаздар, А4 форматтағы қағаз, қалам, интерактивті тақта, ватман, маркер

Әдістері: психологиялық жаттығулар, дискуссия, сұрақ-жауап



ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу

  • «Бес қадам» әдісі

  1. Негізгі бөлім


  • Баланың бақыты - ата-ана

  • Топтық жұмыс: «Ой жинақтау» әдісі

  • Ситуациялық жағдаяттар

  • «Жарық шам» әдісі

  • «Менің қалпағым» сергіту сәті

III. Қорытынды

  • Рефлексия (kahoot)



ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ БАРЫСЫ:


I. Ұйымдастыру кезеңі

- Қайырлы күн, құрметті ата-аналар! «Отан- отбасынан басталады» демекші ата - аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата - аналар мен ұстаздар боп атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз. Қазіргі қоғамда ата - ана баласынан не күтеді? Баласын қалай тәрбиелейді? Ата - ананың бақыты неде? Баласы ата - анасын қалай бақытты етпек? Міне осы тұрғыда сөз қозғалатын «Баланың бақыты - ата-ана» атты жиналысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!





«Бес қадам» әдісі

Ата-аналар жерде көрсетілген «іздер» бойынша жүріп, әр қадам басқан сайын өзінің немесе баласының есімінің бас әріпінен басталатын бес қасиетін атауы қажет. Мысалы: «Қызымның есімі- Айдана. Қызыма тән бес қасиет: алғыр, ақкөңіл, ақылды, адал, адамгершілігі мол»

II. Негізгі бөлім


«Баланың бақыты-ата-ана» баяндама қосымшада көрсетілген


Топтық жұмыс: «Ой жинақтау» әдісі

Ата-аналар сандар жазылған қағаздарды таңдайды. Өздеріне түскен топшаға барып жайғасады. Үш топқа тақырып беріледі. Ата-аналар сол бойынша постер қорғап, өз ойларын ортаға салады.


I-топ. Ата-ана мен баланың арасындағы сенім мен сыйластықты арттыру жолдары.
II-топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.
III—топ. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек.

Жағдаяттық сұрақтар. «Jeopardylabs»

Ата-аналар интерекативті тақтада көрсетілген ұяшықтарды таңдау арқылы берілген жағдаяттарды шешу жолдарымен бөліседі, өз ой-пікірлерін айтады.
Жағдаяттық сұрақтар:
1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы, түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады….деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде, елеусіз қалдырасыз ба?
3. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
5. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?
6. Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?
7. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?
8. Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі, алайда бір күні сынып жетекшісі оны үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды, сіздің іс-әрекетіңіз?
9. Балаңыздың сабағы тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрсыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?
10. Биыл сіздіңі балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп, мазаңызды алады, сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыссыз, енді не істейсіз?

«Жарық шам» әдісі
Суретті жарыққа шағылыстыра отырып, көрсетілген сұрақты оқиды. Берілген ситуациялық сұрақтарға жауап іздестіреді. Ата-аналар өзара ой бөлісіп, шешімдер шығарады.
1. Балаңыздың туған күні қашан?

2. Сынып жетекшісінің аты - жөні кім?

3. Балаңыздың парталас көршісі кім?

4. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

5. Балаңыздың сүйікті асы не?

6. Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?

7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

8. Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?

9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

10. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?

Сергіту сәті. «Менің қалпағым» ойыны

Бұл ойын белсенділік пен жылдамдықты талап етеді. Менімен бірге жаңылтпашты айтасыздар, бірақ жаңылтпаштағы кездесетін қалпақ, сөзін айтарда басыңызды көрсетесіз, бірақ сөзді айтпайсыз, келесі менің өзіңізді көрсетесіз, үшбұрыш сөзін айтарда екі қимыл көрсетесіз. Яғни қолыңызды алға созып, 3 саусағыңызды көрсетіп, бұрыш сөзінде қолыңызды шынтағыңыздан бүгесіз. «Менің қалпағым үшбұрыш, үшбұрыш менің қалпағым,егер үшбұрыш болмаса менің қалпағым емес»

III.Қорытынды
Рефлексия «Kahoot»

Ата-аналар «kahoot» сайты арқылы өзіндік қорытынды шығарып, бүгінгі жиналыс жайлы өз пікірлерін қалдырады.


Қорытындылау
Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті. Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.
Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін сіздерге көп рақмет!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.05.2024
799
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі