400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Балалар арасындағы суицидті алдын алу»

Материал туралы қысқаша түсінік
Суицид ұғымы туралы түсінік беру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Отбасылық Тәрбие Мектебі

Ата-аналар жиналысының жоспары

Өтетін орны: Шымкент қаласы №27«Мәртөбе» жалпы орта білім беретін мектебі

Өткізді: 8 «А» сынып жетекшісі аты-жөні: Қайқыбай Гүлімжан Қыдырбайқызы

Жиналыс барысы:

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Балалар арасындағы суицидті алдын алу»

Мақсаты: Суицид ұғымы туралы түсінік беру;

Суицидтік мінез-құлықтың сыртқы белгілерімен ақпараттандыру;

Суицидтік мінез-құлықтың сыртқы белгілері, суицид себептері өзін өлтіру тәсілдері:

Суицид себептері:

А) Жеке өмірдегі келеңсіздіктер: бақытсыз махаббат, жалғыздық, жұмыстағы мәселелер, мақсатқа бағытталған қысым (өзін өлтіруге дейін жеткізетін), физикалық қорлаушылық, өмірдің мәнін жоғалту.

Ә) Финанстық мәселелер

Ә) Денсаулық мәселелері

Б) Психикалық аурулар (депрессия, шизофрения)

В) Діни фанатизм

Өзін өлтіру тәсілдері:

1.Суық қару көмегімен өзін өлтіру (сэппуку немесе харакири, қылышқа құлау, венаны немесе артерияны кесу)

2.Техникалық құралдарды пайдалану арқылы өзін өлтіру (поезд/машина астына түсу, электрді қолдану, аурудың өмірін ұстап тұрған аппаратты өшіру)

3.«Полицейлік өзін өлтіру» — тәртіп қорғау бөлімінің қызметкеріне, күзетшіге шабуыл жасау арқылы оны қару қолдануға итермелеу (формальді көзқарас бойынша өлім болып саналады, өйткені өзін өлтірушінің өмірін басқа адам тоқтатады)

Кіріспе бөлім: Тақырыпты баяндау (слайд)Біздің заманда мұндай жағдайлардың орын алуы күннен-күнге көбейіп барады, әсіресе балалар арасында.Суицид бұл сөз тек ата-аналар мен ұстаздарды ғана үрейлендіріп қоймайды барлық елді алаңдатуда. Бұл түсінікті, себебі, олардың біреуі де осы проблемамен жұмыс жасау үшін толық дайындық алған жоқ. Бірақ, өмірдің өзі балалар суициді мен оның алдын-алу туралы білімнің маңыздылығын көтеруге тура келтіріп тұр.

Латын тілінен аударғанда «суицид» сөзі — өзін-өзі өлтіру дегенді білдіреді.

10 қыркүйек — дүниежүзілік суицидке қарсы күрес күні. Бұл күн өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу жөніндегі халықаралық қауымдастық бастамасымен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен атап өтіледі екен.

Дәрігерлер өзін-өзі өлтіруді үш түрге бөледі:

Бірінші, анық күйзелістік жағдайдан соң, өмірдің мәнін жоғалтып, адам өзін ұзақ уақыт өлімге дайындайды.

Екінші, жасырын суицид, адам өзін өлімге арнайы дайындамайды. Тек саналы түрде тәуекелге бел буу күтпеген өлімге алып келеді.

Үшінші, басқалардың көзінше ашық түрде өлімге бет бұру. Бір нәрсені дәлелдеу

үшін, біреуге ерегісу.

«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы төмендегі сұрақтарға жауап беру:

1.Қазақстанда неге адамдар суицидтке көп барады?

2.Қазақстандағы суицидті азайту үшін қандай амал қолданар едіңіз?

3.Суицидке адамдарды қандай амалдар итермелейді?

Қорытынды:

Суицидтің алдын алу үшін бірінші кезекте күнделікті қарым-қатынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай танытып, ішкі жандүниесін түсінуіміз қажет.

«Балама қандай жылулық беремін?» ойыны

Күннің суреті салынған ватман. Сіз жылуыңызды беріп жатқан күнсіз. Сізден тарап жатқан шуақтарды қалай деп атайсыз. Мысалы: «Мен баламды мейірімді, жылы сөздер айтып оятамын», «Мен балама күніне бірнеше рет жылы сөздер айтып аймалаймын», «Мен мейірімдімін» т.с.с. Енді шуақты күнімізге қарайықшы. Ол да аспандағы күн сияқты өзінің жылуын, мейірімін уақыт таңдамай, орын таңдамай сыйлап жатыр. Біз де, ата-аналар, өзіміздің балаларымызды ешқандай талап қоймай жақсы көруіміз керек.

Рефлексия

Сіздің бүгінгі күннен алған әсеріңіз. Қандай қорытынды жасар едіңіз?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
2257
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі