Ата-аналар жиналысы.Психологиялық тренинг

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-аналар жиналысы.Психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата аналар жиналысы туралы психологиялық тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай облысы білім басқармасының

Аягөз ауданы білім бөлімінің

«Аягөз қалалық№1 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК

Педагог-психолог Хайсина Майгуль Адилгазиновна

Ата –аналар жиналысы.Психологиялық тренинг.

4 «Алтын балық»тобы
Күн тәртібі:
1. Кіріспе.
2. Баяндама: «Отбасы- бала тәрбиесінің қайнар көзі.»
3. Сауалнама «Барлық уақытта өз-өзінді зертте.

Мінез акцентуациясына арналған «Психогеометриялық фигуралар» әдістемесі.

Қай ағашты таңдайсыз? Психологиялық тест.Суретті тест.

4. Тренинг.Ата-аналарға арналған психологиялық жаттығулар.
5. Қорытындылау.

Мақсаты:Ата-аналармен бала-бақша арасында қарым-қатынасты нығайту,өзін-өзі тану құрметтеу,өзін еркін сезінуге көмектесу.Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Бағыты: ата-аналармен жұмыс.

Құрал-жабдықтар:Музыкалық сүйемел,қалам,сары, жасыл түсті ленталар.
-Сәлеметсіздер ме,құрметті ата-аналар!

4 «Алтын балық» тобында ұйымдастырылған кезекті ата-аналар жиналысына қош келдіңіздер!

Бүгінгі біздің жиналысымыздың тақырыбы: «Отбасы –бала тәрбиесінің қайнар көзі» деп аталады.
Азамат баласының ең негізгі мақсат-дүниеге келген ұрпағының болашағына жауапкершілікпен қарау. Бала - атаның көз қуанышы,болашағы.Бала тәрбиесі –бұл ересек адамға жүктелетін ең үлкен жауапкершілік. Бала үшін дүниеде ең жетілген,білімдіде,мәртебелі адам-оның ата-анасы.Ең бастысы,ата-ананың айрықша рөлі-балаларын сүю мен тәрбиелеу,сонымен қатар олардың бойында өзін-өзі бағалау мен өзіне деген сенімділік сезімдерін қалыптастыру.

Бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге,өз-өзіңізге құрметпен қарауға,бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.












Шаттық шеңбері:
Ата - аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.

«Жұлдыздар» жаттығу.

Мақсаты:қарым-қатынасты белсенділікті арттыру.

Әдемі әуен қойылады.Музыка ырғағымен ортада қатысушылар билеп жүреді.Жүргізуші 5 жұлдыз десе 5адам болып,7 жұлдыз десе 7адам жиналу қажет.Артық қалған ойыншы ойыннан шығады.

«Достық көмек» жаттығу.

Мақсаты:Бірлесіп жұмыс істеу.Сенімді болуға үйрену.

Алдымызда екі арал бар.Сол аралға бәріміз орналасуымыз керек.Шеңбер құрып музыка ырғағымен билеп жүреді,музыка тоқтайды бәріміз бір-бірімізге достық көмек көрсетіп аралға орналасады.Өздерінің достарына деген жауапкершілігін көрсетеді.

«Сілкіп таста» жаттығу.

Мақсаты: жағымсыз қажет емес кедергі жасайтыннан құтылу.

Айналанызда орын қалдырып еркін тұрыңыздар.Қолыңызды, білегіңізді,иығыңызды сілкіңіз.Осы сәтте өзіңізді жағымсыз жағдайлардан арылғандай сезіңесіздер.Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер.Жағымсыз сезімнен тобыққа дейін сілкіңіздер.Жағымсыз сезімнен арылғаңыды біртіндеп сергек,көңілді бола түскеңізді елестетуге тырысыңыз.

Қорытынды: тренингтен алған әсерлерімен бөліседі.

«ХИ!- ХА !-ХО!» Жаттығу.

Қатысушылар шеңбер жасап қолдарын ұстап тұрады.Жүргізушінің нұсқауымен 3-рет жоғары секіреді.Бірінші секіргени кезде қатты айқайлап» «ХИ!». 2-ші рет секіруде «ХА!». 3-ші рет секіруде «ХО»!.Барлығы дауыстап«ХИ!- ХА !-ХО!» деп айқайлайды.Жаттығу аяқталған соң барлығы қолдарын шапалақтайды.Қатысқандарыңызға көп рахмет!


- Міне, қоштасатын да сәт жетті, ата – аналар.
Бала дегеніміз –болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің болашағы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.
Ұлт тәрбиесі- ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, балабақша болып ынтымақтасып та, ат салысуымыз қажет. Бала бақытының кепілі-ата –ананың өнегелі тәрбиесінде.Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені.

Ата - аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін.Әр атқан күндеріміз бақыт сыйласын!





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.05.2023
2291
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі