Кайырлы
күн,кұрметті
ұстаздар,ата-аналар,балалар!
Бүгін біз келешек ұрпағымыз
көрегінді, тәрбіелі де әдепті болуын алдын ала ойластыру,
ата-аналар мен балабақша арасындағы байланысты нығайту максатында
« Жыл ата-анасы
2021 » такырыбында сайыс өткізгелі
отырмыз.
Адам артына із қалдыру үшін
жер бетінде,баска адамдардың ақыл-ой дүниесінде,жүрегінде із
қалдыру үшін туады демекші, ата-ана өмірге ұрпақ әкелген соң оның
жаксы азамат болып өсуіне, тәрбиесінің дұрыс болуына мән беріп ,
аса бір ілтипатпен карайды. Ал осындай саналы да тәрбиелі ұрпактың
өсуіне ата-анамен бірге балабақша ұжымы да бірдей ат
салысады.
Балалық шақ –адам өміріндегі
қайталанбайтын маңызды шақ.Балаға деген қарым-қатынасымыз о бастан
қандай болса,баланың жеке басы соған қарай қалыптасады. Баланын
жеке бас қасиеттерін дер кезінде байкау – келешекте оның жақсылыққа
жақын болуына, ата – ананы қадірлеп, өмірден өз орнын табуға
көмектеседі.
Құрметті біздің
аналар!
Көктемнің шуақты күндеріндей,
сан алуан гүлдеріндей кұлпырып жайнап жүре беріңіздер деп « Жыл ата
– анасы 2021» атты мерекелік сайысты бастауға рұқсат
етіңіздер.
Жүргізүші:
Жүргізуші:
Өнерпаздар өнерін
салыстырып,
Бәйге үшін терлетер
шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға
беріп,
Жіберейік қазылырды
таныстырып.
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын
беріп, жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс
болыңыздар!
-
Балабақша меңгерушісі: Крымова
Рита Илесовна
-
Балабақша әдіскері: Досанова
Мандайлы
-
Бейнелеу пән жетекшісі:
Қалмағанбетова Балданай
Жүргізуші:
Аналар бар өнерін салары
анық,
Өнегелі тәлімді алған
қанық
Ал ендеше , таныстырып өтейін
мен
Білімдерін сайыстың бөліп
жарып.
Сайыс шарттары
мынадай:
-
« Жеті атасын білген ер, жеті
жұрттың қамын жер» -таныстыру
-
« Білгенге –маржан...»- сүрак
жауап.
-
« Ата көрген оқ жонар, ана
көрген тон пішер»- колонер бұйымдарын
қорғау
-
« Тәрбие тірегі отбасында»
-жағдаят сұрактарына жауап беру.
-
« Отбасылық- сүйікті тағам» үй
тапсырмасы.
Жүргізуші: Баурап алар бірақ ауыз
сәлемі,
Қазақ қызы әдептіде,
әдемі.
Қазак кызы ақылына көркі
сай,
Тұнып тұрган сұлулыктың
әлемі,-дей отыра, бірінші бөлім « Сәлем сөздің анасы» бойынша
аналарымызды өз-өздерін таныстыруға рұқсат
етіңіздер.
-
Ата –анамыз: Наурызғалиева
Ранай
-
Ата-анамыз: Абаева
Зауреш
-
Ата-анамыз:Айтбаева
Тамара
-
Ата-анамыз:Боранбаева
Қазына
-
Ата-анамыз:Базарбаева
Мендіқал
-
Ата-анамыз:Көкекбаева
Жамиля
-
Ата-анамыз:Сарыбаева
Мереке
-
Ата-анамыз:Битибаева
Орал
-
Ата-анамыз:Аяпбергенова
Мөлдір
-
Ата-анамыз:Худайбергенова
Аксулу
-Әділ қазылар алқасы I
бөлімнің қортындысын сұраймыз( қазылар алқасы бағасын
береді
Жүргізуші:-
Әдет-ғұрып,салт-дәстүрі қазақтың
Жарасымды үйлесімді ғажап
шын
Ұмыт болған дәстүрлерді
сақтайық
Насихаттап, жаңартудан
қашпайық,
Жыл ата-анасы байқауымыздың II
бөлімі « Кім мықты» бастайық.
Аналарымызды ортаға
шақырамыз.Билет алу арқылы сұрақтарға жауап
береді.
-
Билет
1. «Ажырасу көже» –дегеніміз
не?
2.
Билет
1. «Үш
алыс»-ата
3.
Билет
1. «Үш
даүсызды»-ата
4.
Билет
1. «Тоғыз жауды»
ата
5.
Билет
2. Ұясы жоқ қүс –
көкек
6.
Билет
1. Ағаштан жасалған сү тасуға
арналған қүрал-Иін ағаш
7.
Билет
2. « Жеті ырыс»
ата
8.
Билет
1. Шарана шайқау- деген
не?
9.
Билет
1. « Үш мақсатты»
ата
10.
Билет
1. « Түйе мұрындық» -дегеніміз
не?
11.
Билет
1. « Бастаңғы» -деген
не?
Жүргізуші: Құйылған ақ сезіммен дара
шындай,
Жүрегі аналардың ақылға
бай
«Ана көрген тон пішер» деген
бабам
Шеберлігі бұл аналардын таң
қалғандай
Өнері өрге жүзер
талаптының
Таланты талмай ұшар
қанатының
Әлди әуен әлемі-өнер
атты
Шарпып өтсін лебімен
қанатының,-деп «Әке көрген оқ жонар,шеше көрген тон пішер» атты III
бөлімі аналарымыздың өнерін тамашалайық.
-
Ата –анамыз: Наурызғалиева
Ранай
-
Ата-анамыз: Абаева
Зауреш
-
Ата-анамыз:Айтбаева
Тамара
-
Ата-анамыз:Боранбаева
Қазына
-
Ата-анамыз:Базарбаева
Мендіқал
-
Ата-анамыз:Көкекбаева
Жамиля
-
Ата-анамыз:Сарыбаева
Мереке
-
Ата-анамыз:Битибаева
Орал
-
Ата-анамыз:Аяпбергенова
Мөлдір
-
Ата-анамыз:Худайбергенова
Аксулу
Жүргізуші:-Әділ қазылар алқасы
ІІІ бөлімнің бағасын береді
-Келесі бөлім «Сөздің
көркі-мақал»-деген.Олай болса мақал –мәтел сайысымызды
бастайық.
1.Жақсы кісі байқап
сөйлер,.... (жаман кісі шайқап сөйлер)
2.Жақсының аты
өлмейді...(Ғалымның хаты өлмейді)
3.Жалған достан....(жау
артық)
4.Ата-анадан жар жақын….( Туысқаннан мал жақын
)
5.Баланың өзі болғандай, ...(
Келіннің өзі келгендей)
6.Ақ жаулығы ананың, ....(Ақ
көрпесі баланың)
7.Ағайы-алтау, ....(
Ана-біреу)
8.Мал балада қалды,...( Бай
далада қалды)
9.Бала-бауыр,...(Дос
–тамыр)
10.Астың дәмін тұз
келтірер,....( Ауылдың сәнін қыз келтірер)
-Әділ қазылар алқасы 4
бөлімнің қортындысын сұраймыз.
Жүргізуші:-Ата-бабаларымыздан
келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі- қонақжайлылық. Қандай жағдайда
да, «Құдайы қонақпын» деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы
шыраймен қарсы алып, қолдағы барымен дегендей, шамасы келгенше
сый-құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын.
Ендеше V бөлім «Ас адамның арқауы» . Бұл сайыста аруларымыз 3 мин
ішінде тағам әзірлейді және таныстырады. (Арулар дайындаған
тағамдарын таныстырады)
Жүргізуші: -Әділ қазылар
алқасы V бөлімнің бағасын шығарғанша №13 «Жауқазын» тобының
бүлдіршіндерінің өнерін тамашалайық.
Хор: «Милая
мама»
(Әділ қазылар бағасын
береді)
Жүргізуші: Халқымыздың ежелгі
үрдісі бар
Адастырмас оң жолдан үлгісі
бар
Үлкен сыйлау ұққанға соның
бәрі
Зердерлі ол, зейінді келіп
сынар,- дей келе қазылар алқасының қорытындысын
тыңдайық.
Жүргізуші: Сұлулықтың дүниеде
барын қарап
Аққайың да ұрлана
таңырқамақ
Пай-пай шіркін! Қазақтың
құдіреті- ай
Ес еркінді әкете
барымталап
-Құрметті көрермен бүгінгі
«Жыл ата-анасы -
2021 !» байқауы өз мәресіне жетті.
Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын.
Қош сау болыңыздар!