400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ата-аналар үшін жадуал

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Ертең балаңыз ұйқыдан оянғанда оған: «Қайырлы таң!» деңіз де жауап күтпеңіз. Жаңа күнді ұрыс-айқайсыз, көңілді бастаңыз. 2. Балаңызға ұрысқан кезде «Сен әрқашан», «Сен ылғи», «Сен мәңгілік» деген сөздерді айтпауға тырыс. Сіздің балаңыз әрқашан, ылғи, мәңгі жақсы, бүгін ғана кемшілік жіберді. Осы туралы оған айт. 3. Баламен ұрысып айырылыспаңыз. Міндетті түрде татуласыңыз, содан кейін ғана өз жұмыстарыңызға кетіңіз
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ата-аналар үшін жадуал

1. Ертең балаңыз ұйқыдан оянғанда оған: «Қайырлы таң!» деңіз де жауап күтпеңіз. Жаңа күнді ұрыс-айқайсыз, көңілді бастаңыз.

2. Балаңызға ұрысқан кезде «Сен әрқашан», «Сен ылғи», «Сен мәңгілік» деген сөздерді айтпауға тырыс. Сіздің балаңыз әрқашан, ылғи, мәңгі жақсы, бүгін ғана кемшілік жіберді. Осы туралы оған айт.

3. Баламен ұрысып айырылыспаңыз. Міндетті түрде татуласыңыз, содан кейін ғана өз жұмыстарыңызға кетіңіз

4. Бала мектептен келгенде одан: «Сені тақтаға шығарды ма? Қандай баға алдың?» деп сұрайды. « Мектепте бүгін қандай қызық болды?- деп сұраған дұрыс.

5. Бала отбасы тұратын үйге келуге асығыс болуы керек. Сондықтан үйге келгенде әрқашан: «Біздің үйіміз бәрінен де жақсы ғой» -деп айтыңыз.

6. Егер балаңызға: «Өтірік айтпа, соқпа» дегіңіз келсе, езу тартып күлмдеңізде: «Біреу өтірік айтып тұр»-деңіз.

7. Балаңызға психологиялық денсаулықтың ескі қағидасы: «Сен жақсысың, бірақ басқадан артық емессің» дегенді жаттатқыз.

8. Балаға айтыңыз: «Сәнді болма – сыныпта сәнқойларды жақсы көрмейді. Лас болма – оларды да жақсы көрмейді. Тек ұқыпты, жиңақы бол».

9. Біз ересектер түнде демаламыз, ал бала жұмыс істейді, ол өседі. Таңертең ол тұрғанда оны тамақтандыр.

10.Бала далаға кетерде оны есікке дейін шығарып сал да: «Асықпа, сақ бол!»- деуді бала үйден неше рет шықса, сонша рет қайтала.

11. Бала үйге оралғанда оны әрқашан есік алдында қарсы ал. Бала оның үйге келуіне қуанатынын білуі керек, тіпті кейде кінәлі болып қалса да.

12. Сіз балаңыз туралы бәрән білуге міндетті болсаңыз да ешқашанда баланың портфелін, қалтасын қарамаңыз.

13. Қанша шаршасаңыз да балаңызға шаршағаныңызды білдірмеуге тырысыңыз. Наразылық білдірсеңіз, балаңызды да наразылыққа үйретін, аяныш білдіруден айырасыз. Бала өзін аяғаннан гөрі басқа адамды, туған-туыстарын аяюды үйренген жөн.

14. Ұлыңыз немесе қызыңызбен бәсекелескенде олардың да көңіліне қараңыз. Сіздікі әрқашанда дұрыс, ал олардікі ылғи бұрыс болып жүрмесін. Балалар өздерінің кінәсін мойындап, кемшіліктерін түсінуге үйренеді













Балалар өмірден үйренеді, егер:

1. Егер баланы жиі сынаса, ол жек көруді үйренеді.

2. Егер оны жиі кінәләса, ол өзін әрқашан кінәлі сезінеді.

3. Егер мазақтай берсе – тұйық болып өседі.

4. Сіздің әдепсіздігіңіз оны дөрекілікке баулыйды.

5. Сіздің әділетсіздіңіз – оның адал еместігі.

6. Айтқанын орындамау немесе алдау үлкенге деген құрметті жою.

7. Егер бала төзімді, шыдамды болып өссе, ол басқаға да төзімді болады және жалғыз, қорғаусыз қалмайды.

8. Егер оны жиі қолдап отырса , ол өзіне сенуге үйренеді.

9. Егер оның жақсы істері мен пікірлерін қолдауды ұмытпасаңыз, ол өзін бағалауды және бекзат болуға үйренеді.

  1. Егер достық пен махаббатта өссе, әрқашан дос пен махаббатты

табуға үйренеді



АТА-АНАҒА АРНАЛҒАН ПЕДАГОГИКА

Әрқашан таңертең өз бойымдағы барлық жақсылыққа шақырамын:

«Маған жіберілген бала, ол менің құрметті қонағым; оның бар болғанына мен оған алғысымды айтамын.

Мен сияқты ол да өмірге келген – біз бармыз, біз тірі адамдармыз. Ол да мен сияқты, ол адам, болашақтікі емес, бүгіегі күнгі, сондықтан ол басқа, барлық адамдар сияқты; мен оны кез келген басқа адам сияқты қабылдаймын.

Мен баланы қабылдаймын...

Мен оны қабылдаймын, оның балалық шағын қорғаймын, мен түсінемін, шыдаймын, қабылдаймын, кешіремін.

Мен оған күш қолданбаймын, өз күшіммен оны қорламаймын, себебі мен оны сүйемін.

Мен оны сүйемін, және мен оған алғысымды айтамын, себебі ол бар, оны сүюге мүмкіндік берген үшін, сол себепті менің рухым көтеріңкі болады.»




Ата-аналарға арналған анкета.


1. Сiздiң аты-жөніңіз-----------------------------------------------------------------------------------------

2. Балаңыздың аты-жөнi--------------------------------------------------------------------------------------

3. Баланыз туған жылы---------------------------------------------------------------------------------------

4. Үйдің телефоны---------------------------------------------------------------------------------------------

5. Жан ұянын құрамы: 1) толық ; 2) тек кана шешесi; 3) тек қана әкесi; 4) шешесi, өгей әкесi;

5) әкесi, өгей шешесi; 6) шешесi,әкесiнiң ата-анасы; 7) әкесi, шешесiнiң ата-анасы.

6. Бiлiмi және жұмысы

ШЕШЕСI ӘКЕСI

----------------------------------------- бiлiмi ----------------------------------------------------

----------------------------------------- мамандығы ----------------------------------------------------

----------------------------------------- жґмыс орны ----------------------------------------------------

7. Жанұядағы бөтен балалар: жоқ, бар (қанша, жасы, жынысы)--------------------------------------------

8. Баланың тәрбиесiнде кiмнiң ролi басымды? Шеше, әке. әже, ата, жанұяның бөтен мүшесi (ол кiм)--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

9. Жазалаудың қандай түрi қолданалады: қол жұмсау, кейкезде қол жұмсау,


10. Баланың 3 сүйiктi iсiн атаңыз-----------------------------------------------------------------------------

11. Сiздiң балаңызда жолдастары бар ма? Сiздiң үйiңiзге олар келе ме?-------------------------------

12. Сiздiң балаңыз қандай ойындарды артық көредi: жылжымалы, бiр орында отыратын, жеке, ұжымдық, т. б.(сызып қойыңыз).















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қазан
418
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі