Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы қызметі аясында өткізілген сабақтардың өтілуі туралы
АҚПАРАТ
17 қыркүйек күні Бастауыш сынып мұғалімі Иламбекова С.С. 1-4 сынып ата-аналарына арналған АПҚО бағдарламасына сәйкес «Сапалы ұйқы: балалардың дамуы мен денсаулығының іргетасы» тақырыбында 1-4 сынып ата-аналарымен алғашқы АПҚО сабағын жүргізді. Сабақтың мақсаты: баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау факторы ретінде ата-аналардың ұйқыға құндылық қатынасын қалыптастыру болды. Сабақ «Менің балам» атты сергіту жаттығуынан басталды. Негізгі бөлімде «Ұйқының баланың тұлғалық дамуына әсері» дәріс оқылды. Миға шабуыл кезеңінде «Ұйқыға тыйым салу және салт-дәстүрлер» осы тақырыпқа қатысты ата-аналар өздері білетін ырым-тыйымдар мен мақал-мәтелдерді айтып өтті. Ата-аналар 3 топқа бөлініп топтарға жағдаймен танысу және «Дұрыс ұйқының ережелері» туралы ұсынымдар әзірлеу ұсынылды. Топпен жұмыс істеу кезінде мұғалім «Салауатты ұйқы» идеялар шеберханасы байқауы ұйымдастырылатындағы туралы айтып, ата-аналарға сол
байқауға қатысып, «салауатты ұйқы» тақырыбында жаңа идеялар ұсынулары сұралатындығы айтылды. Кім көбірек идея ұсынатынын және кімнің идеялары қызықты (креативті) болатынын анықтап сол ата-ана ынталандыру сыйлығымен мараппатталатындығы айтылды. Нәтижесінде Кажыгалиева Дария апайымыз ынталандыру сыйлығымен мараппатталды.
«Түстер шоғыры» әдісімен ата-аналардан кері байланыс алынды. ата-аналар өздеріне бүгінгі сабақтың ұнаған тұстарын айтып ата-аналар ұйқының баланың денсаулығы мен дамуына әсерін түсінгендіктерін айтып, ризашылықтарын білдірді.
20 қазан күні бастауыш сынып мұғалімі Тулесова И.Г. 1-4 сынып ата-аналарына арналған АПҚО бағдарламасына сәйкес «Дұрыс тамақтану әдет-ғұрпын құру» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: балалардың салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде ата-аналардың тамақтану мәдениетін қалыптастыру болды. Сабақты бастамас бұрын, әр ата-ана себеттен жеміс-жидек немесе көкөніс суретін алып, осы суреттерге сәйкес топтарға бөлінді. Негізгі бөлімде «Дұрыс тамақтану: ақуыздар, майлар, көмірсулар» атты бейнежазба көрсетілді. Бейнежазба бойынша ата-аналарға сұрақтар қойылды. Содан кейін, қысқаша сұрақ-жауап сергіту жаттығулары жүргізілді. Ата-аналарға талдауға ситуациялық жағдаят берілді. Әлішер атты бала туралы оқиғаны ата-аналар тыңдап, оның қандай проблемаға тап болғанын және оны қалай шешуге болатындығы жайында ой қозғау болды. «Балаға дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыруға қалай көмектесуге болады» деген сауал төңірегінде ата-аналар топта өз ойларын ортаға сала отырып, чек постер әзірледі. Ми шабуылы аяқталғаннан кейін ата-аналар назарына балалардың дұрыс тамақтануының мамандар ұсынған 5 қағидасы ұсынылды. сабақты бекіту үшін «Дұрыс тамақтану газеті» қабырға газеті топтық жұмыс ұйымдастырылды. 1-топқа арналған тапсырма. «Пайдалы тамақтанудың ұлттық дәстүрлері» айдарын жасау. 2-топқа арналған тапсырма. «Салауатты отбасының салауатты мәзірі» айдарын жасау. 3-топқа арналған тапсырма. «Пайдалы кеңестер» айдарын жасау тапсырмасы берілді. Ата-аналар өз қабырға газеттерін сәтті қорғап шықты. Сабақ соңында ата-аналардан кері байланыс алынып, «Дұрыс тамақтану» жадынамалары таратылды.
Ағымдағы 2024 жылдың қараша айының 09 күні тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Нургалиева А.Б. 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған АПҚО бағдарламасына сәйкес Назар аударуды дамыту тақырыбында сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Бала тұлғасының тәрбиесінде ата-аналарға қолдау көрсетіп, педагогикалық және психологиялық кеңестер беру. Ұйымдастыру кезеңінде Дәстүрлі емес амандасу бейнеролигі көрсетілді. Әр ұлттың амандасу дәстүрін қолдану, яғни кім қалай амандасты міндетті түрде зейін қойып, есте сақтап, қорытынды сәтте сол адамға өз амандасуын өзіне қайталау ұсынылды. Ата-аналар амандасу рәсімін қызығушылық таныта отырып орындап шықты. Негізгі бөлімде ата-аналарға «Зейіннің негізгі түрлері» бейнеролик көрсетілді. Нәтижесінде ата-аналар Зейіннің өзін үш түрге: Ырықты зейін. Ырықсыз зейін. Үйреншікті зейін бөлінетіндігі жайында білді. Ата-аналарға «Зейін жетіспеушілігінің белгілері» бағалау парақтары үлестіріледі. зейін жетіспеушілік синдромының клиникалық көрсеткіштері яғни ата-аналар QR-кодты сканерлеп, оқып шығады. Зейінді дамытуға арналған «33» ойын-жаттығуы орындалды. Зейінді дамыту әдістері мен тәсілдеріне қолданылатын практикалық бағыттағы жұмыстар жасалды. Зейін жетіспеушілігі синдромы бар балаларға арналған үй жағдайында қолдануға арналған практикалық тапсырмалар мен ойындар нұсқамалары берілді. Балаңызбен бірге ойнауға арналған жаттығулар топтамасы арнайы ескертпеде QR-кодттар үлестірілді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы сабақтарының өтілуі туралы АҚПАРАТ

шағым қалдыра аласыз