400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-аналардың бала тәрбиесінде сенімділік білдіруі,қолдау көрсетуі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарға
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: Ата-аналардың бала тәрбиесінде сенімділік білдіруі, қолдау көрсетуі.

(Ата-аналармен жұмыс)

Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы (сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.

Міндеттері:

- Шағын дәріс арқылы ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты ақпараттар беру;

- Ата-аналардың баламен қарым-қатынасында, баланың үмітіне балта шабатын сөздерден аулақ болуға кеңес беру.

Тренинг бағдарламасы:

Шағын дәріс “Бала тәрбиесінде ата-ана тарапынан қандай қасиеттер керек?”

Мақсаты: Баланы бағалауға, сезінуге, түсіне білуге баулу.

Ата-аналар тәрбиеде шыдамдылықты талап ететіндігін мойындайды. Алайда оған арнайы білім қажеттігін жұрттың бәрі біле бермейді. Бүгінгі жиналысымызда ата-ана мен бала арасындағы психологиялық қарым-қатынасы жайлы әңгімелеп, оны жаттығулар арқылы көрсетуге тырысамыз.

Бала үшін отбасы-оның туған ұясы және өмір сүретін негізгі ортасы(материалдық және рухани). Дәл осы отбасыда бала қоршаған дүние туралы алғашқы түсініктерді алады. Отбасы –белгілі бір рухани-психологиялық ахуал, бұл бала үшін адамдармен қарым-қатынас жасау мектебі. Дәл осы отбасыда баланың жақсылық пен жамандық, тәртіптілік, материалдық және рухани құндылықтарға сыйластықпен қарау туралы түсініктері қалыптасады. Отбасыдағы жақын адамдарымен ол махаббат, достық, жауапкершілік, әділдік сезімдерін бірге сезінеді. Бұл жерде ата-ана махаббат сезімдерінінің көрсету мөлшері маңызды. Ата-анасының махаббатын толық ала алмаған бала көбінесе мейірімсіз, ашушаң, басқа адамның сезімдеріне жаны ашымайтын, ұжымға сыймайтын, кейде тұйық, өте ұялшақ болып өседі. Ал шексіз махаббат, еркелету, құрметтеуді көріп өскен бала...кішкентай адам өзінің бойында өзімшілдік пен менмендікті, ерке-шолжаңдылықты, екіжүзділікті қалыптастыра бастайды.

Бала әрдайым ата-ананың аялы алақанын қажетсініп тұрады. Қиындықтар туған сәтте ата-анасының тарапынан қолдау тауып, үлкен сенім артылған бала ісі оңға басады.

Әрине, әр ата-ана баласына деген сезімін түрліше жеткізеді. Қандай жағдай болмасын, баланың өзіне деген сенімін тудырып, қолдап отыру керек. Бала бір істен қателескен жағдайда оған шыдамдылық көрсету керек. Мұндай сәтте өзге отбасыларымен салыстыруға әуестенбеу керек. Рас, кейде өзге біреудің балалары бойындағы қабілеті айрықша сияқты көрінеді. Бірақ, ол басқа бала. Сондықтан әр баланың өзінің жеке басының ерекшелігін, ешкімге ұқсамайтын кейбір қасиеттерін сезіну керек. Мұндай жағдайда ата-ана баласының жай ғана талпынысының өзін қолдап түсіне білуі керек. Ең бастысы, бала біздің оны қалай бағалайтынымызды және одан не күтетінімізді сезінуі және түсінуі тиіс.

Кінәлі сөздер

1. Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің.

2. Неге сен басқа балалардай емессің?

3. Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір.

4. Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.

5. Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.

Дұрыс жауаптары:

Ата-аналар осы сөздерді былай алмастыруына болады:

1. «Сенің де қолын өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді» - деп, үміт артуы керек.

2. «Сенің де басқалардан өзгеше болуына құқын бар, сенің де қолыңнан келеді» - деп, сенім артуы керек.

3.«Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр » - деп, баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек.

4. «Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама».

5. «Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда » және ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек.

Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес.

«Бала тәрбиесі» тақырыбындағы бейнесюжет көрсетілді. Бұл бейнесөжеттен кейін ата-аналар арсында мынандай ойлар қалыптасып, пікірлер айтылды:

Қорытынды:

• Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - ата-анасының өз баласын ардақ тұтып, өзінің ата-аналық парызын бір сәтке де есінен шығармауында.

• Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.

• Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.

• Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін баламыздың жан дүниесіне үңілейік!

Әр баланың құпия арманы:

маған сеніңіздер.

мен тәртіпсіз болғанда да жақсы көріңіздер.

мені жақсы көретіндеріңізді жиі қайталап айтыңыздар.

кешіре біліңіздер.

түсінуге тырысыңыздар.

Ата-ананың сүйіспеншілігіне бөлінбеген бала – тірі жетім. Ондай бала ата-ананың бір-біріне деген қарым-қатынасына да немқұрайлы қарай алмайды.

Ол қаншама кішкене болғанымен, бәрін де сезеді, әке – шешесініңтатулығы мен ұрыс-керісін тез аңғарады

Естеріңізде болсын: балаңыз жер бетіндегі ең бақытты бала болсын десеңіз, балаңызға өз сүйіспеншілігіңізді аямаңыз.





Рефлексия



Құрметті ата-аналар! Сіздер бүгінгі тренингтен қандай ой-түйдіңіздер, қандай көңіл-күйде болдыңыздар, алған әсерлеріңізді алдарыңызда жатқан гүлдерге жазып,енді ғана көркейіп келе жатқан мына ағашымызды «жақсы қасиет» тамшысымен нәрлендіріп, осы түрлі-түсті гүлдермен жас талымызды безендіріп, осы жас тал болашақта үлкен бәйтерек болып, сіздер оның

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 маусым
898
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі