жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ата-аналардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы жасалатын жұмыс түрлері»
«Отбасы барлығының басы,баланың жеке басының жан-жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты.
Отбасындағы ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынас нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгісі қалыптасады».
В.Сухомлинский
Ата-ана балаларын адамдарға деген құрмет пен ризашылық сезіміне тәрбиелей отырып,оларға үлкендермен сөйлесе білуді, берілген сұраққа жауап беруді, қиқаңдамауды, сыпайы «сіз» деп сөйлесуді талап етеді. Егер жақын адамдарына құрметпен қараушылыққа отбасында үлкен мән берілсе, онда ол тамырын терең жаяды. Отбасының қарым-қатынас ерекшелігін білумен бірге оны өмірдің әр кезеңіне сақтай білуді үйрену керек.
Сондықтан отбасы тәрбиесінде келеңсіз қасиеттерден аулақ болу үшін ата-аналарға педагогикалық қағидалар мен халық педагогикасының негізін білу керек. Бала тәрбиесі дұрыс ұйымдастырылуы үшін ата-анадан мынадай белгілі ережелерді үнемі қадағалап отыру;
Баланың дамуын үнемі қадағалап отыру;
Бала денсаулығына қамқорлық жасау;
Баланың оқуына көмек беру;
Баланы болашақ өмірге даярлау.
Күн өткен сайын жас ұрпақтың талғамы өзгеріп, қоғаммен бірге ілгері дамып отырады. Осыған орай оның талабын қанағаттандыратын, қоғамның, ұлтымыздың ұстанған бағытымен сабақтас тәрбие жүйесін жүзеге асыру – ұстаз бен ата-ананың басты міндеті.
Қай заманда, қай елде болса да отбасының адамзат ұрпағына тигізетін ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің күші мен салыстыруға болмайды.
Қазіргі кезеңде еліміздің нарықтық қатынастарға өту жағдайында отбасының жылдар бойына қалыптасқан құндылық негіздері әлеуметтік –экономикалық тұрғыдан өзгерістерге ұшырауда. Әсіресе жаңа әлеуметтік шындықтың сұраныстарына сәйкес отбасындағы ұрпақ тәрбиесі дағдарысты жағдайға кез болып отыр. Осыған байланысты қазіргі қоғамның әлеуметтік күрделі процесіне талдау жасау қажеттігі педагогика, психология ғылымдарының күн тәртібінде тұрған басты проблемаларының бірі.
Егер отбасы жеке тұлғаның қалыптасу процесі мен нәтижесінде шешуші ықпал жасайтын әлеуметтік фактор деп есептелсе,онда дұрыс тәрбиелік ықпалды ұйымдастыруда ең алдымен отбасына қоғам және мемлекет басты назар аударуы қажет. Себебі рухани адамгершілік негізі қалыптасқан ынтымақты, инабатты отбасы ең ауқатты мемлекет болудың тірегі болып есептеледі. Бұл аксиомадан тарихта бірде –бір өркениетті ел шет қалған емес. Осы ретте бүгінгі таңда отбасы бірнеше әлеуметтік саламен тікелей байланысты болу шарт. Ең алдымен, мектеп, өнер, әдебиет, мәдени орындары, клубтар, кітапхана, мұражайлар, театр, кино, түрлі спорттық, туристік орталықтар, нарық экономикасына байланысты акционерлік бірлестіктер, фирмалар, әртүрлі қоғамдар орта және шағын бизнестер т.б. тәрбиелік, білімдік мақсатта, қарым–қатынаста болуы болашақ ұрпақтың қазіргі қоғамның өркениетті бағытта дамуына сай тәрбиелеуіне мүмкіндік жасайды.
Осыған орай отбасының мынадай тәрбиелік ролі айқындалады.
бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып есептеледі;
өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны;
отбасы– болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырамайтын басты тірек–арқауы;
отбасы– жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілуіне, шынығуына,рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;
отбасыбалатәрбиесінде адамзатқоғамның тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрді жасаушы;
отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикамының мемлекеттік заңдарын құрметтеуші елжанды азамат тәрбиелеу;
отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасау;
отбасыөзінің ұрпағынболашақотбасылық өмірге дайындаушы; Сонымен қазақстандықтардың келесі ұрпағы, тәуелсіз мемлекеттің мұрагерлері, жан–жақты, жарасымды болып өсуі отбасымен тікелей байланысты екенін көреміз.
Әлеуметтанушылардың зерттеуі бойынша жұмыс жасайтын аналар бала тәрбиесіне тәулігіне 16 минут, ал жексенбі күндері 30 минут қана бөле алады екен. Ата-аналардың көпшілігінің балаларымен рухани қарым-қатынаста болу ( бірге кітап оқу, бірге отырып теледидар көруі,театрға бару т.б.) мүмкіндігі мүлде жоқ деуге болады.
Осы орайда отбасында жеке тұлғаның адамгершілік тұрғыдан толымды адам болып жетілуі мынадай міндеттермен айқындалады:
еліміздің өркениетті даму жолында адамгершілік тәрбиесі рухани құдіретті күш ретінде жеке тұлғаны қалыптастырудың ең негізгі басты шарты екендігі:
болашақ ұрпақ бойында құнды қасиеттерді қалыптастыру және сол қасиеттерді қастерлей білуге үйрету,дағдыландыру;
адамгершілік сананы, тұрақты адамгершілік сенімді көзқарасты тәрбиелеу;
қоғамныңнарық экономикаға өту кезеңінде болашақ ұрпақты қоғамдық әлеуметтік, рухани, мәдени саладағы халықаралық қарым-қатынас, жоғары мәдениеттілік, адамгершілік мінез-құлық,әдет-дағдысын қалыптастыру;
қоғамның жаңа тарихи даму кезеңінде жас ұрпақты экономикалық бизнесте білімділігімен,кәсіпкерлігімен, адамгершілікжоғары парасаттылық қасиеттімен қатар бәсекелік қабілеттікте адалдық көрсете білуге тәрбиелеу;
жас ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне ықпал ету,жалпы адамзаттық құндылыққасиеттерді қалыптастыру толықанды отбасының бірлігі мен тәрбиелігіне байланысты болатындығы;
ұлттық төл мәдениетіміздің кемелді келбетін, салт-дәстүрдің,әдет-ғұрыптың ғасырлар сынынан өтіп келе жатқан бай мұрасы негізіде жас ұрпақты тәрбиелеудің ұтымды жолдарын пайдалану.
Қоғамның дамуына байланысты сауаттылық ұғымының мәні тарихи тұрғыдан өзгергенін, тұлғаға қойылатын талаптарда оқу, жазу, санай білу қабілеттерінен гөрі белгілі бір қоғамда өмір сүруге қажетті білім мен біліктердің жиынтығын игеру, яғни функционалдық сауаттылыққа жету деген сипатта ұғынылады. Қазіргі әлемдегі, еліміздегі өріс алып отырған түрлі бағыттағы дамулардың әсерінен қоғамның адамға қоятын талаптарының өзгеруі нәтижесінде функционалдық сауаттылық ұғымы кең тарала бастады.
Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төмендегідей негізгі механизмдерін бөліп көрсетеді. Ұлттық жоспардың жоғарыда аталған мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда төмендегідей тетіктері нақтыланып, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынады.
Олар:
•білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);
•оқыту нысандары мен әдістері;
•білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;
•мектептен тыс қосымша білім беру бағдарламалары;
•мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);
• барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;
•ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.
Ата-аналардың
балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді
қатысуын
қамтамасыз ету
Ата-ананың бала тәрбиелеуде функциональдық сауаттылығын көтеру мектеп мұғалімдерімен олардың тығыз байланыс жасап, екі жақты әріптестік әрекетінің негізінде қалыптасады. Яғни ата-ананың баласының ерекше қасиетін тануы, оны түрлі жағдаятта түсініп, қол ұшын беруі, олардың қабілетін дамытуға, бойына рухани құндылықтарды қалыптастыруға, жағымсыз мінез-құлық, әдеттерден арылтуға көмек беретін функционалдық сауаттылық ата-ана бойында да болуға тиіс. Бұдан байқалатын нәрсе, білім мен тәрбиенің екі жақты мәселе екендігін көрсетеді.
Осы мәселені іске асыру үшін ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардың мына түрлерін ұсынамыз:
жиналыс (шақыру билеті арқылы)
ата-аналармен жасалатын жұмыс түрлері(алуан түрлілігі)
трейнинг
психологиялық тестілер(өзін-өзі тану,ата-аналар көп қызығушылық танытады )
баланың жетістігін айту
ата-анамен жеке жұмыс
ата-анамен тең деңгейде сөйлесу
шығармашылық жұмыстар (бояулар,ермексаз,сурет салу)
ашық есік күні
ашық сабаққа қатыстыру,шақыру
тәй-тәй бағдарламасы бойынша «орталықтарға» ата-аналарды белсенді қатыстыру
БАЯНДАМА
Тақырыбы: «Ата-аналардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы жасалатын жұмыс түрлері»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген