Материалдар / Ата-аналардың инклюзивті білім беруге деген көзқарастары мен қатынастары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналардың инклюзивті білім беруге деген көзқарастары мен қатынастары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерекше білімді қажет ететін балалардың дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы.Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу.Ақыл – ойы шама деңгейіндегі балалардың ата – аналарына жүйелі түрдегі психологиялық – педагогикалық көмек көрсету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2024
355
5 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Жүрек жылуы"атты (инклюзивті білім алатын балалардың ата-аналарына арналған танымдық сабақ )

Тақырыбы: Ата-аналардың инклюзивті білім беруге деген көзқарастары мен қатынастары.

Мақсаты:

Ерекше білімді қажет ететін балалардың дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы.Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу.Ақыл – ойы шама деңгейіндегі балалардың ата – аналарына жүйелі түрдегі психологиялық – педагогикалық көмек көрсету.

Міндеті: Ерекше білімді қажет ететін балалардың ата-аналары өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру.

Сабақтың барысы:

Мұғалім сөзі:

Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен танымдық сабағымызды бастаймыз. Танымдық сабағымыздың ерекшелігі сол, ерекше білімді қажет ететін балалардың тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Инклюзивті білім беру, мектеп пен мектептегі іс-шараларға қатыса алмайтын, мектеппен ынтымақтастық қарым-қатынас құруға мүмкіндігі болмаған ата-аналар басты мәселе уақыттың жетіспеуі деп көрсетті. Яғни, зерттеу нәтижесіне сүйенер болсақ, көптеген отбасылар мектеппен қарым-қатынас құруға маңыз бермейді. Немесе, мектеп тарапынан ата-аналардың уақыт мәселесіне байланысты келісілген ортақ шешімдер қабылданбайды.

Сондықтан, мектеп ұжымы тарапынан оқушылардың отбасыларымен педагогикалық ынтымақтастықты дамытудың жаңа формаларын қарастыру міндеттері көзделеді. Ал, ата-аналар тарапынан бала тәрбиесіндегі мектеппен ынтымақтастыққа оң көзқарас таныту маңыздылығын түсініп, осы үрдісті қалыптастыруда мектептің одақтасы болып, бірлесіп жұмыс атқару көзделеді. Отбасы мен мектеп арасындағы тепе-теңдік оқушының білімі мен тәрбиесін қалыптастырады. Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.

1. «Әсем-әдемі» танысу жаттығуы

Алдымен бір бірімізбен амандасып алайық. Амандасуды кішкене өзгеше өткізгім келіп тұр.

Қызыл түс белгілер қол алып амандасады,

Сары түс дауыс арқылы,

Көк түс мимика арқылы бір бірімізбен амандасып алайық.

Дөңгеленіп отырған әрбір қатысушы өзінің есімінің бірінші әрпіне сәйкес сын есімді қосып айтуы қажет.Мысалы:Әсем әдемі,Алмас адал,Ілияс ілтипатты т.б





2. Бейне көрсетілімді тамашалайық

Ата аналар өз ойларымен бөліседі, тренинг «Аяқталмаған сөйлем»

Сәби бақыты, ол –

Ата – ана бақыты, ол –

Әйел бақыты, ол –

Ер – азамат бақты, ол –

Отбасы бақыты, ол-

Барлықтарыңыздың пікірлеріңізге көп – көп рахмет.

3.Сіз балаңызды жақсы білесіз бе?» Ойынның мақсаты: ата ана баласын қаншалықты білетінін байқау. «Қызықты сұрақтар» ойыны.( қаламсап иесін сұрап сол қонаққа сұрақ қою)

1. Балаңыздың туған күнінде қандай сыйлық алғысы келетінін білесіз бе ?

2.Сіздің балаңыздың дамуына не кедергі ? немесе не пайда?»?

3. Мүгедек балалардың ата-аналарының басым көпшілігі үйде оқытуды

және сыныптық жүйені қалайды, сіздің ойыңыз қандай?

4. Бірлескен оқуға деген көзқарасыңыз?

5. Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып, баланың

шығармашылық қабілетінің дамуына қалай жағдай жасайсыз?.

6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

7. Балаңыздың сүйікті асы қандай және сүйікті асын жиі жасайсыз ба?

8. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?

9. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөлесіз бе?

10.Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырасыз ба?

11.Баланы қалай тыныштандыруға болады?

12. Балаңыздың даму ерекшеліктерін білесіз бе?

4.Жағдаяттық сұрақтар

1.Сіздің қызыңыз төбелесіп қалған, төбелестің себебі электронды темекі шеккенін сыныптасы видеоға түсіріп алған, бірақ сіз ол жағдайды екі күннен кейін сыныптас қыздан естідіңіз, сіздің іс-әрекетіңіз...

2. Сіздер балаға тек қана ата - ана емес, дос болуларыңыз керек. Бұл үшін не істеулеріңіз керек…..

3. Егер сіз балаңыздың ұрлыққа қатысы барын естідіңіз . Сіздің әрекетіңіз қандай?

4. Таңертеңгі мезгіл. Анасы қызын сабққа оятады. Қызы ұйқысынан тұрғысы келмеді. Әкесі қызын жақтап, сабаққа бармауын өтінді. Осы кезде сынып жетекшісі телефон соғады. Қызыңыз «аурып жатыр» деген өтірік айтуын өтінді. Сіздің іс-әрекетіңіз...

5. Сіздің көңіл - күйіңіз төмен болса, отбасыңызға , балаларыңызға әсері тие ме?

6. Сіз балаңыздың жаман қылығын білдіңіз. Сіз қалай қабылдайсыз?

7. Балаңыз рұқсатсыз үйдегі машинаны мініп кетті. Сіз не істейсіз?

8. Қызыңыз құрбысының Каспи голдынан рұқсатсыз ақшасын жаратқан. Ол бір емес, бірнеше рет қайталанған. Құрбысының анасы сізге осы жайлы хабарлады. Сіздің іс-әрекетіңіз...

5. «Мен ұлымды немесе қызымды мақтан тұтамын»

Ата аналар жүрекшеге өз ұлдары мен қыздарына арналған тілектер жазады.

6. «Тамаша екен» жаттығуы

Мұғалім сөзі: Қатысушыларға өз бойындағы бір қасиетпен бөліседі.Сіздің осы қасиетіңіз балаңызға дарысын Тренингке қатысушы аналар....

«Менің сіздей керемет анаға тілейтінім!». ..... деген ойды жалғастырулары керек. Бір-біріне деген жақсы лебіздерін білдіреді.

Қорытынды:

Ата - анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі,

Көңіліне көп жұбаныш.

Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата - аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата - бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата - ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл - қыздары жан - жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.

Бала – ата - ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған ата - аналарымыз аман - есен жүрсін деген тілекпен бүгінгі танымдық сабағымызды аяқтаймыз.

Ананың кезі бар ма кекті болған,

Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан.

Ұмтылса, топырақта жатқан жүрек:

«Құлыным,байқасаңшы»,- депті оған ...

Адамның бауыр еті, жүрегі бала. Сондықтан да осы жүректі аялы алақандарыңызбен ұстап балаларыңызға деген ақ тілектеріңізді жеткізіп бір-бірлеріңізге беріңіздер



.

Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.

Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып, баланың шығармашылық қабілетінің дамуына қалай жағдай жасайсыз ба?.

Отбасының баланың тілін дамытудағы көмегі.

Баланың сөздік қорын қалай молайтуға болады?

Баланың танымдық қызметін дамыту.

Мүгедек балалардың ата-аналарының басым көпшілігі үйде оқытуды және сыныптық жүйені қалайды, олар білім берудің осы түрлеріне, сондай-ақ балаларының білім сапасына толық немесе ішінара қанағаттанады. Сонымен бірге олардың бірлескен оқуға деген көзқарасы оңды, қиындықтар оларды қорқытпайды.





































Бекітемін

мектеп -гимназия директоры

Р.К.Урумова

_______________











Тақырыбы: Ата-аналардың инклюзивті білім беруге

деген көзқарастары мен қатынастары.









Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Примбетова























Түркістан 2024 ж

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!