жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
АТА-АНАЛАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Чаякова Айдана Даниярқызы
Aidana.toktamysova@mail.ru
АТА-АНАЛАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Аңдатпа. Қазіргі ата-аналар және қалық бұқара арасында психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудың маңызы өте зор. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуге әсер етеді. Тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуы ата-аналардың ықпалына, олардың жалпы және педагогикалық мәдениетіне байланысты. Педагогтер мен ата-аналардың мақсатты түрде ұйымдасқан өзара қарым-қатынасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады және өз міндеті ретінде ата-аналардың педагогикалық ұстанымдарын белсенді қалыптастыру, олардың бала тәрбиесі үшін өзінің азаматтық парызы мен жауапкершілігін түсіну деп біледі.
Аннотация. Большое значение имеет популяризация психолого-педагогических знаний среди современных родителей и общества, популяризация влияет на решение задач обучения и воспитания. Формирование личности в процессе воспитания зависит от влияния родителей, их общей педагогической культуры. Целенаправленно организованное взаимодействие педагогов и родителей осуществляется поэтапно, и осознает что своей задачей является активное формирование педагогической позиции родителей, осознание ими своего гражданского долга и ответственности за воспитание ребенка.
Annotation. Of great importance is the popularization of psychological and pedagogical knowledge among modern parents and society, popularization affects the solution of problems of education and upbringing. The formation of personality in the process of education depends on the influence of parents, their general pedagogical culture. Purposefully organized interaction of teachers and parents is carried out in stages, and realizes that its task is to actively form the pedagogical position of parents, their awareness of their civic duty and responsibility for the upbringing of the child.
Қоғамның қазіргі заманғы өтпелі жағдайында, көптеген мәдени-адамгершілік дәстүрлерді, этнотарихи құндылықтарды жоғалту кезеңінде адамның отбасына деген қатынасын зерттеу ерекше маңызға ие болады. Отбасы адамзат тарихында әлеуметтік институт ретінде қоғамда неғұрлым тұрақты болып қала береді. Осы тұрғыда ата-аналардың педагогикалық және психологиялық мәдениетін жетілдіру мәселелері өте маңызды.
Мұғалімдер мен ата-аналар өздерінің педагогикалық күш-жігерін біріктіре отырып, бірлесе шешетін проблемаларды жақсы білулері тиіс. Бұл проблемалардың аясы кең және белгілі бір шарттылық бойынша оларды үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа мектеп пен отбасы оқу-тәрбие жұмысының мақсатымен және мазмұнымен байланысты проблемаларды жатқызуға болады. Екінші топты оқушыларды отбасындағы өзінің тұлғалық дамуы мен қалыптасуындағы жұмысқа ынталандыру әдістемесі құрайды. Үшінші топқа отбасылық тәрбие процесінде оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру проблемасы жатады. Осы аталған проблемаларды шешуде мектеп пен ата-аналардың бірге атқаратын жұмыстың сипаты қандай болуы тиіс? Отбасы мен мектептің бірлескен іс-әрекетінің маңызды жағы мақсатты нұсқаманы іске асыру және оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының мазмұндылығын арттыру болып табылады. Педагогикалық тәжірибеде сынып жетекшісінің оқушылардың атааналарымен жүргізетін қызметтің бес түрі анықталған:
1.Ата-аналарды түрлі әрекеттердің көмегімен оқу-тәрбие процесіне қатыстыру:
• балалар мен ата-аналардың шығармашылық күнін ұйымдастыру;
• ашық сыныптар мен сыныптан тыс іс-шаралар; мектеп кеңесі жұмысына тарту; мектеп пен сыныптың материалдық-техникалық базасын күшейтуде және сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыруда көмек көрсету.
2. Ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру: мектептік, сыныптық конференциялар; психологиялық, педагогикалық, медициналық кеңестер; тренингтер; қызығушылықтары әртүрлі балалардың (қабілетті балалар, қиын балалар, түрлі үйірмелерге қатысатын балалар т.б.) ата-аналары үшін лекторийлер.
3. Ата-аналарды балаларымен бірге өткізілетін іс-шараларға тарту: • сынып жетекшісі ұйымдастырған шараларға – саяхат, сенбілік, жөндеу жұмыстары т.б. қатысу; • жалпымектептік дәстүрлі іс-шаралар (түлектер кеші, ардагерлермен кездесу т.б.); • оқырмандар конференциясы; отбасылық және отбасыаралық байқаулар; республика аумағына және одан тыс жерлерге жорықтар ұйымдастыру.
4. Жекелеген оқушылардың отбасы тәрбиесінде түзету жұмыстарын жүргізу: психологиялық-педагогикалық кеңестер мен көмектер; «қиын» және «катерлі топ» балаларымен жұмыс; психологиялық ахуалы ауыр отбасына және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына көңіл бөлу.
5. Ата-аналар белсенділері, ата-аналардың қамқоршылық кеңестері мен қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара байланыс. Сонымен бірге, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің бір түрі – ата-аналар университетінің жұмысын жолға қою. Университет көмегімен ата-ана психологиялық-педагогикалық білім алады, тәрбие мен оқыту теориясы және тәжірибе саласында білім жинақтайды. Бұл білімнің тиімділігін арттыру мақсатында конференциялар, семинарлар, тәжірибелік сабақтар, кеңестер, саяхаттар пайдаланылады. Бүгінгі таңда нарықтық экономикаға өтумен байланысты бұл салада атқарылатын шаралар көп. Егер қоғамға пайдалы адам тәрбиелеу, педагогикалық білімнің маңызын көтеру қажет болса, мемлекет оны шешудің экономикалық кілтін табуы тиіс. Білім беру ұйымының ата-аналармен жүргізетін ұйымдастырушылық педагогикалық жұмысы келесі формалар арқылы жүзеге асады: қамқоршылық кеңестері, ата-аналар комитеті (жалпымектептік, сыныптық), ата-аналар жиналысы, конференциялар және т.б Қамқоршылық кеңестері мектеп пен қоғам арасындағы буын, себебі мектеп – қызмет көрсетуші, ал қоғам (ата-аналар, жұмыс берушілер, бизнес, БАҚ және т.б.) – оны тұтынушылар болып табылады. Мектепте қамқоршылық кеңесінің болуы мектепке артықшылықтар беретіні түсінікті. Ол тек бюджеттен тыс қаржыны іздестіріп қана қоймайды, оның мүдделерін түрлі деңгейлерде алға бастыратын адамдарды тартады. Қамқоршылық кеңесінің қызметі – жалпы білім беруді басқаруды демократияландыруға ықпал ететін механизмдердің бірі. Қамқоршылық кеңестері өзін-өзі басқару органы ретінде жалпы білім беретін мектептерде қамқоршылық кеңестері қызметінің Үлгілік ережелеріне және оны сайлау тәртібіне сәйкес құрылады. Мектептердегі қамқоршылық кеңестері қызметінің басты тақырыбы дарынды және аз қамсыздандырылған балаларды қолдау, түрлі үйірмелер мен секциялар ашу, балалар мен жасөспірімдер үшін акциялар ұйымдастыру және өткізу, сол сияқты мектепте инновацияға қолдау көрсету екенін қамқоршылық кеңестері қызметін ұйымдастыруға жүргізілген мониторинг көрсетіп отыр. Педагог қызметкерлер, ата-аналар және жұртшылықтың пікірінше қамқоршылық кеңесі құрамына қаланың (ауданның) құрметті азаматтары, демеушілер, ата-аналар жұртшылығының өкілдері, басшылар, пікірі мен өздерінің өмірлік ұстанымдары өзгелерді қызықтыратын қоғамға танымал адамдар: ата-аналар, іскерлер, мәдениет қайраткерлері, балалар еліктеп жүрген «жұлдыздар» енуі тиімді деп санайды. Ата-аналар комитеті – жалпымектептік немесе сыныптық жиналыстарда сайланатын, ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган. Оның құрамы 5-6 адамнан (төраға және негізгі міндеттерді атқаратын 4-5 мүше) тұрады. Қажет болған жағдайда ата-аналар комитетінің жанында кеңестер, комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін. Дұрыс және тұрақты қызмет еткен кезде ата-аналар комитеті – сынып жетекшісінің оң қолы. Сыныпта атқарылатын күнделікті жұмыстың барлығы (ұйымдастырушылық, орындаушылық, бастамашылық, тәрбиелік, бақылаушылық, үгіттеушілік) сынып жетекшісінің ата-аналар комитетіне шебер әрі бағыттаушылық ықпал етуі арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім балалармен дұрыс қарым-қатынас орнатуы үшін ең алдымен оқушының аты-жөні, мекен-жайы, отбасы, денсаулығы, жеке ерекшеліктері, оқуға, еңбекке бейіні, адамдармен қарым-қатынасы, ақыл-ойы мен дарындылық қасиеті туралы деректерді білуі қажет. Оқушылардың әлеуметтік дағдылары мен пәнге қатысуына ықпал ететін факторлардың бірі – пән мұғалімінің балалармен тіл табыса білу қабілеті болып саналады. Мұғалімнің жеке басының қасиеті мен талабы оқушының пәнге деген қызығушылығына елеулі әсер етеді. Оның сөзі, жүріс тұрысы, өзін-өзі ұстауы, мәдениеттілігі әрдайым бала үшін үлгі болып табылады. Жасөспірімдер үшін мұғалімнің рухани дүниесі, өздеріне деген көзқарасы маңызды рөл атқарады. Ата-аналар жиналысы. Онда күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланып, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолмен қарастырылады.
Қазіргі ата-аналар және қалық бұқара арасында психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудық маңызы өте зор. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуге әсер етеді. Тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуы ата-аналардың ықпалына, олардың жалпы және педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан ата-аналарды педагогикалық-психологиялық білім негіздерімен қаруландыру – мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Мектептің ата-аналар комитеті мұғалімдерге, ата-аналарға көмектесіп, балалардың демалысын, қиын отбасыларын қамқорлыққа алып, балалардың тұрған жеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға, ата-аналар жиналыстарын, конференцияларын, пікірталастарды, балалар мерекелерін өткізуге арналған дайындық жұмыстарына қатысады. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда басты рөл сынып жетекшісіне тиесілі екені даусыз. Жалпы орта білім беретін мектептегі сынып жетекшісі – сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырумен, үйлестірумен және өткізумен айналысатын педагог. Ол сынып ұжымымен жүргізілетін тәрбие түрлері арқылы мектеп пен оқушы арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырады. Сынып жетекшісі өзінің іс-әрекеті арқылы әр оқушының жеке өзіндік ерекшеліктерін көрсете білуіне жағдай жасайды, өз қызметін білім беру ұйымы мен отбасы арасында ынтымақтастық орнату арқылы тұлға тәрбиесіне бағыттап жүзеге асырады. Өскемен қаласының №46 орта мектебінде құрылған әкелер кеңесі мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту және дамыту, әрі насихаттаудағы іс-шаралар балалар мен жастарды заманауи талаптарға сай тәрбиелеуге, оларды мамандық таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсуге, халық шаруашылығы салаларында еңбек етуге даярлауға бағытталып отыр. Кеңестің мақсаты – отбасында бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыру, ұстаз, ата-ана және оқушы арасындағы байланысты нығайту, оқушылардың ғылыми-зерттеу, шығармашылық жұмыстарына қолдау көрсету, сауықтыру, мәдени іс-шаралар ұйымдастыруға көмектесу және т.б. Мұндай шараларды еліміздің көп өңірлерінен көруге болады, мысалы Алматы облысында құрылған Әжелер комитетінің де жас ұрпаққа берер өнегесі мен ұлағатты істері көп. Мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие процесі өз жұмысының нәтижесін бере бастайтыны анық. Қоғамдық тәрбие нышандары жанұядан бастау алады. Отан отбасыдан тұратын болса, мемлекет іргесінің беріктігі, әл-ауқатының мықтылығы және экономикалық тұрақтылығы – сол мемлекетте тұратын азаматтардың адами және білімдік әлеуетіне байланысты. Мектеп пен отбасы арасында тығыз әрі шығармашылық байланыс орнаған кезде ғана өркениетті қоғамда өмір сүруге, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу мүмкін. Бала өмірге келген күннен бастап оның тәрбиесіне ата-анасы, оны қоршаған жақындары, көршілері, дос-жарандары және т.б. ықпал етеді. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап оның өмірінде жаңа кезең басталады, құндылықтарға деген көзқарасы мен қатынасы өзгереді. Бұл кезеңде ата-ананың жауапкершілігі арта түседі, ол баласы мен мектеп ұжымы арасындағы қарым-қатынастан, баласының жаңа ортадағы тыныс-тіршілігінен хабардар болуы тиіс. Бала мен мектеп арасындағы байланыс сынып жетекшісі мен атаана ортасында тығыз ынтымақтастық орнаған кезде сәтті болмақ. Сынып жетекшісі мектеп пен отбасы арасында қарым-қатынас орнату және оны дамыту үшін келесі жағдайларды басшылыққа алуы тиіс: отбасының тәрбиелік мүмкіндігін зерттеу; ата-аналар қауымдастығын құру; сыныптан тыс шараларға ата-аналарды көптен тарту; сыныптағы имандылық сағаттарын атааналармен бірге жүргізу; ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру. Педагогтер мен ата-аналардың мақсатты түрде ұйымдасқан өзара қарымқатынасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады және өз міндеті ретінде атааналардың педагогикалық ұстанымдарын белсенді қалыптастыру, олардың бала тәрбиесі үшін өзінің азаматтық парызы мен жауапкершілігін түсіну деп біледі. Мектеп педагогтері отбасының жақсы тәжірибесіне сүйенеді, оны тәрбие процесінде оң үрдістерді күшейтуде және теріс үрдістерді тегістеу үшін қолданады. Оң бағытты қарым-қатынастағы басты әрі шешуші шарт – мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы сенімге құрылған серіктестік байланыс болып табылады. Ең бастысы байланыс орнатуда ата-аналарда тәрбие процесіне қызығушылықтың тууы, жетістікке жету қажеттілігі, өз күштеріне сенімді болуы маңызды. Ата-аналар белсенділерінің тек өз баласының ғана емес, барлық сынып тәрбиесіне қатысуы осындай педагогикалық өзара қарымқатынас нәтижесі. Сонда ғана мектепте және сыныпта ата-аналардың атсалысуымен өткізілетін ұжымдық іс-шаралар өз мәресіне жететін болады. Жоғарыда айтылған ой-пікірлерді қорыта келе айтарымыз, мектеп пен отбасы, ұстаз бен ата-ана арасында ынтымақтастық орнатып, жемісті жұмыс жасау – бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселесі.
-
Әбiлoва З.Ә. Этнoпeдагoгика. – Алматы: Қазақ Әлeм Тiлдepi Унивepcитeтi, 1997. – 230 б.
-
Жанқазақoва Қ. Oтбаcында баланы дұpыc тәpбилeу жoлдаpы // Баcтауыш бiлiм. – 2006. – № 1. – 23-24-бб.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген