Материалдар / Ата-аналарға арналған кеңестер мен ойын-жаттығулар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналарға арналған кеңестер мен ойын-жаттығулар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-ананың басты қазығы, алтын діңгегі –бала. Ата-ананың мақсаты- жасын, жеке ерекшелігін, әлеуметтік ортасын, психологиялық процестерін ескере отырып, білімді, жан-жақты жетілген болашақ ұрпақ тәрбиелеу. Отбасында басты мәселелердің бірі- баланың тіршілік іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Мамыр 2020
9504
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Төртүй ауылы

Екібастұз жалпы орта білім беретін мектеп

Психолог:Сагинбаева Гүлмира Жақсылыққызы


Ата-аналарға арналған кеңестер мен ойын-жаттығулар


Ата-ананың басты қазығы, алтын діңгегі –бала. Ата-ананың мақсаты- жасын, жеке ерекшелігін, әлеуметтік ортасын, психологиялық процестерін ескере отырып, білімді, жан-жақты жетілген болашақ ұрпақ тәрбиелеу.

Отбасында басты мәселелердің бірі- баланың тіршілік іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру.

Мынау жасампаз ғасырда, жаһандыру дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан-жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі- ата-ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс.

Ата-ана мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді шешеді:

  • Баланың гигиеналық жағдайына, денсаулығына ықпал жасау, дұрыс өсіп жетілуін қалыптастыру;

  • Жасы үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіре білу;

  • Үй шаруасында еңбекке араластыру, өзіне-өзі қызмет ету.

«Баланың оқу іс-әрекетіне көмек»

  1. Баланың сабағын жеңілдететін жағдай жасауға тырысыңыз, тұрмыстық- жақсы тамақтану, толыққанды ұйқы, сабақ оқуға жайлы және ыңғайлы орын, жайлы тұрмыстық жағдай.

  2. Эмоционалдық- баланың мүмкіндігіне сенімділік артыңыз, табысты орындауынан үміт күтіңіз, кішкене жетістігі болса да қуанышыңызды білдіріңіз.

  3. Өзіңіздің бала кезіңіздегі жетістіктеріңіз туралы айтып, біліміңізбен бөлісіңіз.

  4. Ата-ананың назарында баланың бағасы ғана емес, білім болу керектігін есте ұстаңыз.

  5. Балаңызды оқу үлгеріміне қарамай, жақсы көретініңзді сездіріңіз.

  6. Баланың бос уақытын құр қалдырмай, оны мазмұнды, әрі пайдалы етіп өткізуге көмектесіңіз.

  7. Балаңызбен ойын-жаттығулар ойнаңыз.

«Доп және түстер» жаттығуы.

Мақсаты: Зейінді, ептілікті, жылдамдықты дамытады.

Керек құралдар: түрлі түсті қағаздар, кішкентай доп.

Ең алдымен түрлі түсті қағаздарды үстелдің екі жағына балалардың қолы жететіндей орналастырып рет-ретімен қойып, ортасына кішкене допты қоямыз. Ары қарай екі немесе үш түсті айтып, доп деп айтамыз. Мысалы: қызыл, сары, доп. Немесе қара, ақ, сары, доп. Сондай-ақ бұл ойынды күрделендіруге де болады . Яғни, ағылшынша, орысша да түстерді айтуға болады.

«Қарама- қарсы сөздер» ойыны.

Мақсаты: Ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын қарама-қарсы сөздермен молайту, зейінділігін арттыру.

Шарты: балаға антоним сөздердің бірін атап допты лақтырады. Допты ұстап алған бала айтылған сөзге қарама-қарсы сөз айтып, допты кері лақтырады.


«Үстелден шырпыны көтер» ойыны.

Мақсаты: Бұл ойын қолдың саусақтарының ептілігін жаттықтырады. Ойын барысы әдемі жазу үлгісін қалыптастыруға әсер етеді.

Нұсқау: Үстел үстінде 5 шырпы жатыр. Ең алдымен солардың біреуін екі үлкен саусақпен көтеру керек. Содан кейін екінші шырпыны екі саусақпен көтеру керек. Сосын төртінші шырпыны аты жоқ саусақ басымен, ең соңында екі шынашақпен көтеру керек.

«Сөйлем құрау» жаттығуы

Мақсаты: Ойлап сөйлеу шығармашылық қабілеттерді дамыту.

Нұсқау: Өзара байланыспайтын 3 сөз алынады, мыс: «көл», «қарындаш», «аю». Осы сөздерден сөйлем құрау қажет. Жауап қарапайым (аю көлге қарындашын түсіріп алды) немесе күрделі (бала қолына қарындаш алып, көлде шомылып жатқан аю суретін салды) болуы мүмкін. Соңынан ұнаған жауаптар талданады. Шығармашылықпен жазылған сөйлемдер мадақталады.

«Бақылаушы» жаттығуы

Бұл жаттығу көру зейініне арналған. Балаға мектеп ауласынан бастап, мектептен үйге дейінгі жолдардан осы уақытқа дейін көрген заттарын суреттеп беру ұсынылады. Кіші мектеп жасындағылар ауызша айтып береді. Қалыс қалған жерлерін толықтырып отыруға болады.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!