Тақырыбы:
Мен өз
отбасымен мақтанамын
Мақсаты:
Ата- аналар мен балаларды сайысқа
қатыстыра отырып, олардың халық ауыз
әдебиеті, салт- дәстүрі туралы білімдерін
байқау.Отбасы- отанның бір бөлшегі
екенін ұғындырын, балаларды ынтымақ
пен ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Әдісі:
Ата – аналар мен балалармен сайыс
түрлері өтеді.
Көрнекілігі:
Отан, отбасы, ынтымақ, бірлік туралы
мақал- мәтелдер жазылған плакаттар.
Менің отбасым тақырыбындағы шығармалар
көрмесі. Барысы:
Жүгізіші
1:
Отбасы –шағын мемлекет деген сөз бар.
Ынтымағы келіскен,түтіні түзу ұшқан
әрбір шаңырақ –мемлекетіміздің құт
берекесі. Атамыз қазақ Бала –адамның
бауыр еті, Балалы үй базар дейді.
Өйткені
бала-өмірдің жалғасы, отбасының жеміс
берер гүлі. Отбасы-бұл қоғамның негізі.
Баланың болашақта жақсы азамат болып
өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында
берілетін ұлттық тәрбиеге байланысты.
Жүргізіші
2
Бүгін, ата- аналарға арналған онкүндіктін
барысында «Мен өз отбасымен мақтанамын»
атты сайыс ұйымдастырылып өткелі отыр.
Олай
болса, бүгінгі сайысқа қатысушы
аналарымызды балалармен бірге қошеметтеп
ортаға шақырайық.
Елеусіз
Мәрмәр –анасы Айқынгүл апай
Ернарбек
Сая – Бакытгул
апайымен
Зарлыканова
Аяужан -
анасы
Алмагул апай
Әбдырғалиев
Ерасыл –анасы Гульжан апай
Жүргізуші
1:
Өнерпаздар
өнерін салыстырып,
Бәйге
үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті
қолдайтын баға беріп,
Жіберейік
қазыларды таныстырап.
Бүгінгі
сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын
анықтайтын әдіқазылар алқасымен таныс
болыңыздар..............................................................
Сайыс
5
балдық
жүйемен бағаланады.
Жүргізуші
2
Ана-бала,
бала-ана бір ұғым
Бір
–бірінсіз жоқ олардың бақыты
Омыртқаның
үзбеу үшін жұлынын
Екеуінің
өтсін бірге уақыты
Ана
– бала көздің ақ пен қарасы
Бір-бірінсіз
таусылмайтын шарасы
Әр
ананы арманына жеткізер,
Әр
баланың ақылы, ары санасы
дегендей
бүгінгі сайысымыз мынадай бөлімдерден
тұрады.
І
– бөлім . Кел, танысайық! Таныстыру
Жүргізуші
1:
Сәлемдесу-игі дәстүр киелі,
Сөзбен
қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы
сөзге жан семірер қашанда
Жолданады
сайыскерлер сәлемі.
Сайыскерлер
өз реттерімен таныстыруларын айтады.
ІІ
– бөлім.
Жүргізіші
2:
Мақал
айтсаң –жол көрсеттің, мәтел айтсаң-жанымды
жайландырдың демекші, енді сайыскерлердің
ата аналарымен отбасына қатысты
мақалдардың мағынасын түсіндыруге
шақырамыз.
/
өздері тандайды, қима қағазда екі
мақал-мателдер жазылып түр/
III
– бөлім. Жүргізуші
1
(ситуациялық
сұрақтар)1. Балаңыз телеарнадан мультфильм
көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан
сіздің сүйікті телехикаңыз басталды.
Сіз не істейсіз. Балаңызға жасар
әрекетіңіз қандай?
2.
Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз.
Балаңыз
мен сурет салып отырмын деп барудан бас
тартты. Не істер едіңіз?
3.
Мектептен келген балаңыз. Мен ертең
мектепке бармаймын , апай ұрысты деді.
Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?
4.
Мама, сыныптағы балаларда қымбат ұялы
телефон бар , маған да алып берші .
Сіздің әрекетіңіз?
Жүргізуші2
IV
–
бөлім Шебер
қолдар
Шеберлерім
өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған
ата - баба жолынан
.Шебер
қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз
айталық төрелігін соңынан.
V
– бөлім
Жүгізуші
1 «Үй
тапсырмасы» қатысушылар ұлттық тағам
түрін дайындап келу тапсырылған. Тағамның
жасалу жолын,адамға пайдасы туралы
айтып беруі тиіс
VI
бөлім Жүргізуші 2
Шығармашылық
сайысы
Жүргізуші
1
Әділқазыларға
сөз беріледі
Әділ-қазыларға
сөз кезегі беріледі. Марапаттау.
Құрметті
ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздер
бүгін сайысын көріп тамашаладыңыздар.
Сіздерге әрқашанда сәттілік тілей
отырып, отбасыларыңызға береке , ынтымақ
тілеймін.
1Өз
жұрттың - күншіл, Нағашы жұрттың –
сыншыл, Қайың жұрттың міншіл келеді.
2.
Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.
1.Өз
балаңды өскенше бағасың, Немереңді
өлгенше бағасың.
2.Тату
үйдің тамағы тәтті.
1.
Ана-
бәйтерек, бала- жапырақ.
2.
Әдепті
бала – арлы бала, Әдепсіз бала – сорлы
бала
1.
Ағасы бардың жағасы бар,Інісі бардың
тынысы бар.
2.
Жақсы
сөз сүйсіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.
Ұлың
өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол Қызың
өссе,қызы жақсымен ауылдас бол.10.Ағаның
үйі – ақ жайлау.11.Қонақ асына емес қабақ
– қасыңа риза.
12.Тентектің
ақылы түстен кейін кіреді.
13.
14.Ата-балаға
сыншы
15.
Ата тілін алмаған, аман болып көп
жүрмес.
16.Атаңа
не істесең, алдыңа сол келер
17.Ананың
сүті бал, баланың тілі бал
18.Әке
көрген оқ жонар,
Ана
көрген тон пішір.