жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ата-аналарға арналған тест сұрақтары
Ойынның
атауы:
"Құрастыр" Ойынның
шарты:
Әр баланың алдына әр түрлі бөлшектелінген
суреттер таратылады. Әр бала суреттің
бөлшектерін құрастыру арқылы, суретті
құрастырады.
Ойынның
атауы:
"Басқа түсті тап" Ойынның
шарты:
Әр баланың алдына суреттер таратылады.
Бала алдындағы берілген тапсырмадағы
басқа түспен боялған суретті табуы
керек.
Ойынның
атауы:
"Қандай ертегінің кейіпкері" Ойынның
шарты:
Әр баланың алдына ертегі бейнесі
бейнеленген карточкалар таратылады
немесе бала өзі таңдап алады. Алған
карточкада бейнеленген ертегінінің
атауын тауып, қысқаша айтып береді.
Ойынның
атауы:
"Пішіндерді орналастыр" Ойынның
шарты:
Әр баланың алдына карточкалар таратылады.
Балалар карточкада бос тұрған орындарға
тиісті пішіндерді орналастырады.
Пішіндердің түстерін, қандай пішін
екенін айтып өтеді.
Ойынның
атауы:
"Қара және сал" Ойынның
шарты:
Әр баланың алдына карточкалар таратылады.
Балалар карточкада бейнеленген
пішіндерді алдарына берілген ақ қағаз
бетіне суретін салады және бояйды.
Ойынның
атауы:
"Жейтін асын тап" Ойынның
шарты:
Әр баланың алдына карточкалар таратылады.
Балалар карточкада бейнеленген
жануарлардың,аңдардың,құстардың
жейтін азығын тауып сызып көрсетеді.
Ойынның
атауы:
"Көкөністер мен жемістерді тап" Ойынның
шарты:
Әр баланың алдына карточкалар таратылады.
Балалар карточкада бейнеленген
көкөністер мен жемістерді тауып
орналастырады.
Ойынның
атауы:
"Көкөністер мен жемістерді тап" Ойынның
шарты:
Әр баланың алдына карточкалар таратылады.
Балалар карточкада бейнеленген
көкөністер мен жемістерді тауып
орналастырады.
Ойынның
атауы:
"Тиісті көкөністі орналастыр" Ойынның
шарты:
Әр баланың алдына бақтың карточкасы
және көкөністер таратылады, балалар
педагогтың айтқан көкөнісін тауып,
алдындағы баққа орналастырады.
Ойынның
атауы:
"Пішіндердің жартысын тап" Ойынның
шарты:
Әр баланың алдына екіге бөлінген
пішіндер таратылады және тақтаға
пішіндер ілінеді. Балалар тақтадағы
пішіндерді көру арқылы алдарындағы
пішіндердің екінші бөлшектерін тауып
біріктіреді.
Ойынның
атауы:
"Үйшіктің есік және терезелерін
орналастыр" Ойынның
шарты:
Әр баланың алдына үйшік және пішіндер
таратылады. Балалар үйшіктің терезелерін
және есігін пішініне қарай орналастырады
және қандай пішін екенін айтады.
Ойынның
атауы:
"Суретті құрастыр" Ойынның
шарты:
Әр баланың алдына карточкалар беріледі,
балалар екіге бөлінген карточкалардағы
суреттерді табу арқылы карточкаларды
құрастырады.
Ойынның
атауы:
"Бос орынды толықтыр" Ойынның
шарты:
Балалардың алдына карочкалар таратылады,
сол карточкада бейнеленген суреттердегі
бос орындарға тиісті суреттерді
орналастыру.
Ойынның
атауы:
"Не артық" Ойынның
шарты:
Балалардың алдарына таратылған
карточкалардағы артық суретті табады
және белгілейді.
Ойынның
атауы:
"Көлеңкесінен тап" Ойынның
шарты:
Балалардың алдарына карточкалар
таратылады. Карточкада бір қатарында
жануарлар, аңдар, құстар және т.б.
суреттері бейнеленген ал екінші жағында
көлеңкелері бейнеленген. Берілген
заттың көлеңкесін тауып біріктіру.
Ойынның
атауы:
"Сыңарын тап" Ойынның
шарты:
Балалардың алдына карточкалар таратылады,
сол карточкада бейнеленген суреттердің
екінші бөлшектерін балалар табады және
карточкада қандай сурет бейнеленгенін
айтып береді.
Ойынның
атауы:
"Шыршаны безендір" Ойынның
шарты:
Балалардың алдына шырша және түрлі-түсті
дөңгелектер беріледі. Балалр түрлі-түсті
дөңгелектерді орналастыру арқылы
шыршаны безендіреді. Қандай түстермен
безендіргендерін айтып өтеді.
Ойынның
атауы:
"Кірпіге көмек" Ойынның
шарты:
Балалардың алдына кірпі және әртүрлі
жемістер, көкөністер таратылады. Педагог
балаға "бір жапырақты орналастыр
немесе екі саңырауқұлақты орналастыр"
деп айтады. Бала педагогтың айтуы
бойынша кірпінің үстіне қойып шығады.
Бала кірпінің үстінде неше зат
орналастырғанын санайды және айтып
береді.
Ойынның
атауы:"Айырмашылығын
тап" Ойынның
шарты:
Балалардың алдарына карточкалар
таратылады. Карточкада екі сурет, екі
суретте айырмашылық болады. Бала ойлану
арқылы айырмашылықты табады.
Ойынның
атауы:"Түсіне
қарай орналастыр" Ойынның
шарты:
Балалардың алдарына түрлі-түсті
суреттер бейнеленген карточкалар
таратылады. Балалар суреттегі бос
орындарды түстеріне қарай толықтырады.
Тапсырманың
атауы: "Пішіндерді
боя" Тапсырманың
шарты:
Балалардың алдарына карточкалар
таратылады. Карточкада берілген
пішіндерді 2,3,4 қатардағы түрлі - түсті
пішіндерге қарап отырып 1-ші қатардағы
пішіндерді бояйды.
Тапсырманың
атауы: "Таспақаны
боя" Тапсырманың
шарты:
Балалардың алдарына карточкалар
таратылады. Карточкада берілген
тасбақаның бір жақ шетін, екінші жақ
шетіне қарап бояу керек.
Тапсырманың
атауы: "Шарларды
боя" Тапсырманың
шарты:
Балалардың алдарына карточкалар
таратылады. Карточкада берілген шарларды
үлгіге қарап бояу керек.
,
Тапсырманың
атауы: "Түстеріне
қарай тап" Тапсырманың
шарты:
Балалардың алдарына карточкалар
таратылады. Карточкада берілген
пішіндерді түстеріне қарай біріктіру
керек.
Асық
технологиясының элементтерімен жұмыс
Қолдың
ұсақ моторикасына арналған ойын-тапсырмалар

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген