Тақырыбы: «Томпаңдаған бөбегім, ертеңіңе
сенемін!»
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі шағын
орталықпен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мінез –құлқы,
бейімі, қызығушылығы, мүмкіндігін зерттеу. Ата-ана, бала, тәрбиеші
үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал
ету.
Барысы:
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар қош
келдіңіздер! Ата-бабаларымыз «Бала адамның бауыр еті», «Балалы үй
базар»- деген. Өйткені бала-өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер
гүлі. Ал, біз қазіргі уақытта жұмысбастылықпен балаларымыздың
іс-әрекеті, мінез-құлқы, қызығушылығы мен бейімділігіне немесе
күнделікті көңіл-күйіне жеткілікті көңіл бөлеміз бе? Балаларымыз
қалай өсіп келеді? Алдағы жарты сағат уақыт ішінде осы сұрақтар
төңірегінде ойланып көрмекке сіздермен бас қосып
отырмыз.
Тәрбиеші: Бүгінгі бас қосуымыз әдеттегі
іс-шараларға қарағанда өзгеше. Бүгін сіздер бір сәт балалық
шақтарыңызға қайта ораласыздар, балаларыңыздың көзқарастарына
сәйкес ойланасыздар, балаларыңызды өздеріңізге беймәлім қырынан
танып білулеріңіз мүмкін. Ендеше іске сәт
дейік!
Тәрбиеші: I-кезеңіміз атамыз қазақ
айтқандай: «Сәлем сөздің
анасы» алдымен амандасып
алайық.
II-кезеңіміз «Менің балам...»
деп аталады. Бұл кезеңде сіздерге өз балаларыңызды барынша мақтап
қалуға мүмкіндік бар. Әңгімелеріңізді кезекпе- кезек «Менің
балам...» -деп бастап, әрі қарай өз балаларыңыздың тәтті қылықтары,
мінезіндегі, түр-сипатындағы ерекшеліктері туралы айту ұсынылады.
Дайын болсақ бастайық!
IV-кезең ата-аналар сіздерге
арналған, мен екі топқа сұрақтар қоямын, сіздер өз жауаптарыңызды
айтыңыздар.
Құрметті ата-аналар мен
көбіңізбен сұқбаттасқан кезде мынандай сұрақ қойдым: Балаларыңыз
үйде немен шұғылданады, бос уақытын қалай
өткізеді?
Көптеген ата-аналардан мен осы
жауапты естідім: «Үйде балам телефонмен ойнайды, тентек болмайды,
компьютерде отырады, көп далаға шықпайды».
Қазіргі заман талабына сай
әрине телефон, компьютер білген жақсы, дегенмен сіздің балаңыздың
жас ерекшелігі сай келе ме?
Жауаптарыңызға
рахмет!
Ендігі кезекте мектебіміздің
психологы Нүргүл Болатқызының сіздерге арнайы алып келген бірнеше
сұрақтарымен сауалнамасына жауап
беріңіздер.
Келесі айдарымыз «Сиқырлы
бұтақ» деп аталады. Бұл кезеңде сіздер өз балаларыңызға деген жүрек
жарды лебіздеріңізді, ақ тіліктеріңізді, мейірімді сөздеріңізді ақ
қағазға түсіріп, ағашқа іліңіздер.
Тәрбиеші: Қадірменді ата-аналар сіздерге
көп рахмет айта отырып, әрбәр отбасына күннің шуағындай шаттық,
жылылығындай мейірімділік, қуаныш, береке, бақыт тілей отырып,
әрқашан өз балаларыңыздың болашағына сеніммен қараңыздар, сіздердің
үміттеріңізді ақтар тұлға болады деп сеніңіздер дей келе
«Томпаңдаған бөбегім, ертеңіңе сенемін» атты отырысымызды
аяқтаймыз.
Назарларыңызға
рахмет!