Келісілді: Мектеп директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары: Молдашева М.Т.
Тақырыбы: «Ұрпақ саулығы – қоғам
байлығы».
Мақсаты:
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар бүгінгі дені
сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы. Бірінші байлық денсаулық дейміз.
Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін
де, мойындамайтында сыңайлымыз. Айтқан сәтте көңілімізге қонады,
құлағымызға жағады, дегенмен мән бермей жүре береміз. Бүгінгі
біздің шарамыз денсаулық жөнінде ой бөлісу болмақ. Ендеше бүгінгі
біздің қозғайтын тақырыбымыз: «Ұрпақ саулығы-қоғам
байлығы».
Бүгінгі бағдарламада:
-
Балаларымыздың денсаулығына
жете көңіл бөліп жүрміз бе?
-
Қазіргі уақытта балаларымыз
дұрыс тамақтанып жүр ме?
-
Ұрпақ саулығы жөнінде көне
көз қарияларымыз не дейді?
-
Қазіргі қоғамның басты індетіне айналып
отырған интернет желісі, ұялы телефон бала денсаулығына зиян
келтіре ме?
-
Жас аналар қандай ой
пікірлерін білдіреді?
-
Пайдалы кеңестер айдарында
не айтылады?
бұл сауалдар төңірегінде
мен сіздермен ой бөлісіп талқылайтын боламын. Баршаңызда қош
келдіңіздер. Алдымен ортамызға қонақтарымыз ата-әжелеріміз,
әкелеріміз сонымен қатар ауыл медбикесі Раушан апайды өз ойларын
бөлісуге ортаға шақырамыз. Құрметті ата-аналар қалай ойлайсыздар
қазіргі таңда балаларымыздың денсаулығына аса мән беріп жүрміз бе?
(ата-аналар жауаптары тыңдалады).
Жүргізуші: Жауаптарыңызға рахмет. Келесі сауалымыз
көбіне балаларымыз дүкен сөрелеріндегі дайын тағамдарды жегенді
жақсы көреді, мысалы фаст-фуд түріндегі қуырылған картоптар, тәтті
қытырлақтар, тез дайындалатын ботқалар, газды сусындар қалай
ойлайсыздар бұлардың бала денсаулығына зияны бар
ма?
(Ата-аналар жауабы
тыңдалады) Жүргізуші:
Сіздерге көп рахмет
келесі кезекте бейнематериалға назар аударамыз. (Бейнеролик
көрсетіледі)
Жүргіуші: Міне керемет, жапырағы кеңге жайылған
ата-әжелеріміз ортамызда, ендеше ақыл-кеңестерін тыңдап
көрейік.
(Ата-әжелер өз ойларын білдіреді)
Жүргізуші: Көбіне балаларымыз үйде бар-жоғы білінбейді,
неге? Мен бұл сауалды көптеген ата-аналарға қойып көрдім.
Естігенім: «Балам телефонмен, компьютермен ойнайды, тіптен тентек
болмайды. Бір орында қанша қаласа да отыра береді»-деп жауап
береді, ал осы ұялы телефон бала денсаулығына зиян келтіре ме?
(Ата-аналар жауабы тыңдалады). Жүргізуші:
Көптеген жақсы нәрселер
айтылды, ақыл-кеңестер тыңдалды, бала денсаулығына немқұрайлы
қарамау керектігі талқыланды осы орайда жас аналарымыз қандай ой
түйді. Тыңдап көрейік. Жас аналарға сауал:
-
Осы өтіп жатқан шарамыздан
қандай ой түйдіңіз?
Рахмет сізге. Осы кезекте
қызықты да, пайдалы кеңестерімен Раушан апамызға сөз кезегін
береміз.
Құрметті ата-аналар:
«Бірінші байлық-денсаулық» дейді қазақ халқымыз. Екі кісі кездессе
алғашқы сұхбат осы амандық саулық болмай ма. «Сау дене, азат ақыл,
адал көңіл үшеуімен болады бақытты өмір» деген нақыл сөз бар. Сол
айтқандай құшыр білекті, батыл жүректі дені сау ұрпақ тәрбиелеу
біздің басты парызымыз. Осы орайда бүгінгі бас қосуымызда сіздердің
айтқан әр-бір пікіріңіз құнды, әр сөздің астарында мән бар. «Тоқсан
ауыз сөздің тобықтай түйіні» елімізде өсіп келе жатқан жас ұрпақтың
денсаулықтары мықты, келешегі зор болуы үшін қолымыздан келеген
жақсы игі істерді аямауымыз керек, - деп айтқым келеді. Ата-ананың
көз қуанышы әр сәбиге «Күліп оян, балақай!» демекпін.
Назарларыңызға рахмет. Келесі кездескенше қош-сау
болыңыздар.