400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ата-аналарға сауалнама

Материал туралы қысқаша түсінік
Класс жетекшілерге өте қажет,ата-аналар жиналысында қолданса
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақыл-ойы дұрыс дамыған 6-7 жастағы бала мыналарды білуі тиіс:

Аты-жөнін, ұлтын, руын, тұратын мекенжайын (көше атауы, үйдің нөмірі); • Жасы мен жынысын (ұл бала, қыз бала);

Қай елдің азаматы екенін, Қазақстанның қай облысында (қала, аудан, ауыл) тұратынын;

Ата-анасының аты-жөні мен қандай қызмет атқаратынын (қай мекемеде кім боп жұмыс істейтінін);

Ата-анасының телефон нөмірін жатқа айтуды;

Отбасында қанша адам бар екенін;

Қанша әпкесі, ағасы, інісі бар? Үйінің нешінші перзенті?

Үлкен адаммен сәлемдесуді;

Мектепке не үшін баратынын;

Қаламсапты дұрыс ұстауды;

Түстерді ажыратуды; Бағдаршамның қызыл түсі жанғанда – тоқтауды, сары түсі жанғанда – дайындалуды, ал жасыл көзі жанғанда – жүруге, жолдан өтуге болатынын;

Қазір жылдың қай мезгілі екенін, бір жылда 12 ай, бір аптада 7 күн болатынын; • Жыл мезгілдерін, ай аттарын, апта күндерін;

Сағаттың неше болғанын;

1-ден 10-ға дейін санауды; кері санауды;

Дене мүшелерін;

10 шақты жануар мен құстың, жемістің атауын;

Оң, сол, жоғары, төменді ажырата біледі;

Заттарды бір-бірімен салыстыруды (үлкен, кіші, ұзын, қысқа);

Адам мен қуыршақтың, самолет пен құстың айырмашылығын;

Қарапайым геометриялық фигураларды ажыратуды;

Суретке қарап әңгімелеуді; • Қайшымен қағаз қиюды;

Таңертең және кешке тісін тазалауды. Егер, бала осының бәрін (немесе 80 пайызын) білсе, онда ол 1-сыныпқа баруға дайын. Сонымен қатар, психолог мамандары баланың білім ұясының табалдырығын аттауға дайын екенін тексеру үшін «Мектеп» деп аталатын рөлдік ойын ойнауды ұсынады. Мектепке дайын бала оқушының рөлін таңдаса, ал дайындығы аз бала мұғалімнің рөлін ойнағанды жақсы көреді екен. Ата-ана мектепке баратын балаға мыналарды үйретуі керек:

1. Мұғалімнің сұрағына дұрыс жауап бере алмаса, шығарған есебі дұрыс болмаса, сөздерді дәптерге жазғанда қате жіберсе – ешкім де оны мектептен шығарып жібермейтінін;

2. Қате жауап беру, түсінбесе қайталап сұрау ұят емес екенін;

3. Өз пікірін білдіруден, әжетханаға барғысы келсе сұранудан қорықпауды. Ал, ата-ана білуі тиіс:

- Баласының денсаулық жағдайын;

- Перзентінің бойы мен салмағын;

- Қабілет-қарымын, неге бейім екенін;

- Баласының енді бүлдіршін емес, оқушы екенін, демек енді ойыннан гөрі оқу-білімге көбірек уақыт арнау керектігін;

- Балаға алғашқы алты айда мектепке үйрену қиындық тудыратынын, сондықтан да оған көмек, қолдау, ата-ана мейірімі көп мөлшерде қажеттігін; - Балаға жеке тұлға деп қарауды, айтқандарын мұқият тыңдауды;

- Бала үлгерімі нашар болып жатса, үй тапсырмасын орындай алмаса, қаталдық пен сынап-мінеуден аулақ болуды;

- Оқу-білімге қызықтырудың әдістерін;

- Баланың күн тәртібін дұрыс жоспарлауды;

- Баланың бойында өзін-өзі құрметтеу сезімін және өзіне деген сенімділікті қалыптастыруды...































Құрметті ата-ана! Өтініш құжат бойынша қатесіз толтырыңыз!!!

1.Оқушының аты-жөні:______________________________________________

2.Туған жылы,айы,күні:____________________________________

3.Балаңыз үйдің нешінші перзенті?____________________

4.Әкесінің аты-жөні:___________________________________________

5.Қандай қызмет атқарады?___________________________________________

__________________________________________________________________ (қай мекемеде кім боп жұмыс істейді?);

6.Білімі: ______________________

(Арнаулы орта,жоғары)

7.Телефон номері:___________________________

8.Анасының аты-жөні:

9.Қандай қызмет атқарады?___________________________________________

__________________________________________________________________

(қай мекемеде кім боп жұмыс істейді?);

10.Білімі: _____________________

(Арнаулы орта,жоғары)

11.Телефон номері:____________________________

12.Отбасында қанша адам бар?___________________

1._________________________________________________________

(аты-жөні;туған жылы,айы,күні,ИИН номері)

2._________________________________________________________

(аты-жөні;туған жылы,айы,күні: ИИН номері)

3._________________________________________________________

(аты-жөні;туған жылы,айы,күні: ИИН номері)

4._________________________________________________________

(аты-жөні;туған жылы,айы,күні: ИИН номері)

5._________________________________________________________

(аты-жөні;туған жылы,айы,күні: ИИН номері)

6._________________________________________________________

(аты-жөні;туған жылы,айы,күні: ИИН номері)

7._________________________________________________________

(аты-жөні;туған жылы,айы,күні, ИИН номері

8._________________________________________________________

(аты-жөні;туған жылы,айы,күні: ИИН номері)

9._________________________________________________________

(аты-жөні;туған жылы,айы,күні: ИИН номері)

10._________________________________________________________

(аты-жөні;туған жылы,айы,күні: ИИН номері)


Жауабыңызға рахмет!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15.12.2020
973
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі