400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Ата-аналарға тренинг "Отбасы бақыты"

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

                                      Тренингтің өту жоспары

Тренингтің өтілу кезеңдері

      Уақыты

Тренингке қатысушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру


 5 мин

Кіріспе.мұғалім сөзі

Сіздерге «Лабиринт» ойынын ойнатқым келіп тұр.

Нұсқау: шеңбер бойындағы мәре орнынан допты шытырман жолмен адаспай, межелі орынға жеткізіп, алып шығу.

Топқа бөлу

  3 мин

Лабиринт жіптерінің түстері арқылы берілген геометриялық фигураларды аласыздар. Сыныптағы парталар 3 топқа арнап бөлінген. Әр столда түрлі -түсті фигуралар қызыл төртбұрыш, жасыл үшбұрыш, көк шаршы тұрған столдарға отырасыздар

Төртбұрыш- Әке –асқар тау Шаршы - Ана –баурайындағы бұлақ Үшбұрыш – Бала –жағасындағы құрақ

«Ән –көңілдің ажары»

5 мин

Алынған фигуралардағы жасырынған өлеңді тауып, топ болып айтып шығасыздар.

Топ болып айтасыздар ма, жеке,жұп болып,билеп айтасыздар ма еріктеріңізде. Интернет желісін қолдануларыңызға болады.

Видеоролик


Отбасы- тәрбие бастауы

 «Миға шабуыл»

  5 мин

Осы бейнебаяннан қандай ой түйдіңіздер?

Отбасы бақыты дегенді қалай түсінесіздер?

Отбасы бақыты анықтама табу

Көрініс

  8 мин

Мәтінді 3-топқа бөліп беру. Мәтін бөліктерін анықтап, сол бойынша 3 топтан ата-аналар шығып, көрініс көрсетесіздер.

Мұғалім:  баланың  роліне  ата-аналардың  бірін шақырамын. Қатысушыларға әр топтан  көрініс  кезінде  айтылатын тыйым сөздерді естерінде сақтап, орамалмен  байлап тұру тапсырылады.

Бала мүсіні

1-бөлік

Менің кішкентай  қызым  бірінші  сыныпта  оқиды. Біз екеуміз мектепке асығып келеміз,автобусқа үлгеріп келуіміз керек. Менің қызым өте қозғалғыш,бәрін білгісі кеп тұрады,тіпті автобусқа  асығып  келе жатқанда да көп сұрақтар қояды.Мен қызымның қолынан алдым да,жүгіре  жөнелдік.

Мама,анау не,қарашы!-деді қызым.

Уақыт жоқ,аяғыңның астына қара,сүрінесің де  жүресің!Неге жан-жағыңа  алақтай бересің? Жолға қара. ЖАН-ЖАҒЫҢА ҚАРАМА!-деп жауап бердім мен. Сол сәтте қызым  сөздерді  тура мғынасында  түсініп, менің бұйырғанымдай көзін жұмды. (орамалмен көзін байлаймыз) Біз  әрі қарай  мектепке асығып кетіп барамыз.Автобусқа мініп,мен онда өзімнің құрбымды  кездестірдім.Екеуміз кешегі күнді талқылай бастадық.Қызым мұхият  тыңдап, содан соң былай деді.

  • Мама,мама,құстың сайрағанын естимісің? Сағат деген ағай кім?-деді.

  • Мен, неге сен үлкендердің әңгімесіне  жағаласасың? Құлағыңды түріп алыпсыңғой,үлкендердің әңгімесін тыңдауға ұялмайсың ба? ТЕЗ ҚҰЛАҒЫҢДЫ  ЖАП! (орамалмен қызымның құлағын  байлаймыз)

2-бөлік

Біз а втобустан  түсіп, жолмен жүгіріп келеміз.Мен кешігіп қаламыз ба деп

қайта-қайта сағатыма қарап келемін.

Бүгін қандай күн,тамаша болады!Мама мен Малика күтіп отырған шығар

,мен оған фантик әкелемін  дегенмін,анау ше….. –деді.

  • Қойшы! Не былшылдап кеттің ,уақыт жоқ,онсызда кешігіп келеміз.Осы сен үндемей жүре алмайсың ба? ТЕЗ АУЗЫҢДЫ ЖАП! (орамалмен  аузын байлаймыз). Баламды қолынан ұстап алдымда,әрі қарай жылжыдық.Қызым үндемей келеді,бірақ жерден бір бұтақты көтере бастады. Мен оның тілазар екенін айтып,қолынан салып жібердім.

Осы сенің қолдарыңа тыным жоқ екен.Таста дедім мен саған. ТАРТ ҚОЛЫҢДЫ! (орамалмен  қолдарын байлаймыз)

3-бөлік

Осы кезде секеңдеп, аяғын жан-жаққа сермей бастады. Менің төбе шашым тік тұрып,оған айқайладым.

  • Сен мұндайды қайдан үйренгенсің? Бұл немене тағы?Секеңдегеніңді қой! ТҮЗУ ТҰР! (орамалмен аяқтарын  байлаймыз) Мен сағатыма қарап,кешігетінімізге ашуланып, баланы сілкілей бастадым.

  • Неғып былжырап келесің, аяғыңды бас тезірек,жүруді де ұмытып қалғансың ба, Бол тез! Әкел қолыңды! Қолы қол емес имек сияқты,я дұрыс жаза алмайды, я дұрыстап ұстай алмайды. Жолыңа қара,сүрінбей,соқырға ұқсап келе жатқанын қарашы!Неғып үндемей қалдың,мен сенімен сөйлесіп  тұрмынғой керең  неме! Қызым жыламсырай бастады. Мен одан сайын даусымды көтеріп  айқайлады.

  • Неге жылайсың? Неге жылайсың деймін мен саған.Жылайтындай не болды? Мені ұятқа қалдырдың ғой ! Мен кімге айтып тұрмын. ЖЫЛАМА! (осы сөздерден кейін ішін қатты байлаймын) Сөйтіп,әрі қарай  қызымды қолынан дым келмейтіндігі үшін сөгуді жалғастыра бердім. Яғни мен оның бала екенін және оған  менің көмегім керек екенін ұмытып, оның істеген істеріне көңілім толмай жүре бердім.

Ата-аналардың  ой пікірлерін  тыңдау

  • Сіздердің осы оқиғадан түйген ойларыңызбен бөліссеңіздер?

  • Ата –ана бала көзімен болғанда қандай әсер алдыңыз?

  • Кішкене болсада бала тәрбиесінде кетіп жатқан қателіктеріңізді түзетуге түрткі бола алды деп ойлайсыздар ма?

Жақсы! Керемет ой білдірдіңіздер!


Сергіту сәті

  2 мин

«Шексіз махаббат»

Топтық жұмыс

8 мин

«Отбасылық құндылық ағашы» топтық жұмыс жасаймыз.

Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің құндылық ағашыңыз. Алдын-ала дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар таратылып беріледі.Оларды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек.

Тамыры- сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі.

Ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын , көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілетін 7-10 минут.

Берілетін отбасылық құндылықтар:

  1. Мықты денсаулық

  2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік

  3. Ауызбіршілік

  4. Ортақ қызығушылық

  5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау.

  6. Қамқорлық

  7. Тәртіп

  8. Бос уақытыңызды бірге өткізу

  9. Сенімділік

  10. Ата-ананың сөзі заң

  11. Ата-ана отбасының үлгісі

  12. Әлеуметтік жағдай

  13. Отбасылық сыйласымдылық қарым-қатынас

  14. Махаббат

  15. Мейірімділік

  16. Шынайылық

  17. Сырт көзге үлгі болу

  18. Береке

  19. Үлкенге-ізет, кішіге –құрмет

  20. Көп бала

Соңынан үлкен бәйтерек ағашы шығуы керек. Шыққан суретті өздері қорғап шы

Құрастыру

2 мин

Геометриялық фигуралардан үй құрастыру

«Өз жұлдызыңды тап»

  2 мин


«Өз жұлдызыңызды табыңыз» атты психологиялық жаттығу жасайық.

.Жұлдызшаларымызды құраған үйлерімізге апарып, орналастырайық.


Қорытынды:


Мұғалім сөзі

Shape1

жиһаздарыңды

жаңартасың



Shape2

Зәулім үй

аласыз

Shape3

Таяуда

алғыс хат

аласыз

Shape4

Балаларыңыз

шетелден

білім алады



Shape6 Shape5

Бастығыңның

сізге деген көзқарасы

жақсарады

Статусыңыз

жоғарылайды

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
510
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі