жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ата-аналармен дәстүрден тыс жұмыстанудың түрлері
Тақырыбы:
«Ата-аналармен жұмыс ұйымдастырудың жаңа бағыттары»
Болашақ ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған кезкелген мекеме үшін отбасымен жұмысты тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі, отбасы баланың түпкі тамыры, болмысын қалайтын мекен. Отбасымен жұмыс мүмкін педагогтардың жүргізетін жұмыстарының ең қызықты бір бағыты шығар. Бір жағынан, бұл жұмыс аса бір шеберлікті, құпиялықты, мәдениетті, білімді, тәжірибені қажет ететін жұмыстардың бірі. Өйткені, отбасымен жұмыс жүргізген кезде түрлі адамдармен, түрлі түсініктермен, түрлі мінез-құлықтармен, түрлі қиыншылықтармен қарама-қарсы кездесесің. Осының барлығынан педагогтық абыройыңа кір келтірмей шығу үлкен өнерді қажет етеді. Сол себептен білім беру мекемесінде отбасымен жүргізілетін жұмыстарды әдістемелік жағынан орынды ұйымдастырудың маңызы өте зор. Отбасымен жүргізілетін жұмысты әдістемелік дұрыс ұйымдастыру дегеніміз не ? Бұл - мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыстарды педагогикалық қағидаларға сәйкес, баланы жан-жақты дамытуға негізделген, бала құқығын сақтауға және қорғауға бағдарланған түрде ұйымдастыру. Отбасымен жүргізілетін жұмыстарды әдістемелік жағынан белгілі бір ретпен, жүйелі түрде ұйымдастыру жүргізілген жұмыстың нәтижесіне әсер етеді.
Отбасымен жұмыстар төмендегі бағыттармен жүргізіледі:
1. Мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жоспарын құру;
2. Педагогтарды отбасымен жұмыс жүргізу шеберлігіне дайындау;
3. Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жаңа бағыттарын үздіксіз игеру.
Мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыс жоспарының мақсаты – отбасымен қарым-қатынастың тиімді, оңтайлы түрлері арқылы отбасын мекеме жұмысына белсендіре араластыру, бала тәрбиесіне деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Осыған байланысты жылдық жоспарда мынадай жұмыс түрлері жоспарланады:
· Ата-аналарды балабақшамен таныстыру (презентация);
· Ата-аналарғ аарналған ашық сабақтар;
· Ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестер (оқу жылында 1 кеңесті арнауға болады);
· Педагогикалық әңгімелер
· Тақырыптық кеңестер (әр топта оқу жылында 3-4 рет және осынша жалпы түрде);
· Жиналыстар (оқужылында 3-4 рет);
· «Дөңгелек үстелдер» (дәстүрден тыс түрде ата-аналармен өзекті тақырыптар төңірегінде әңгімелесу);
· Ата-аналарға арналған конференция (ата-аналар, шектеулі мамандар, тәрбиешілер өмірлік жағдаяттарды моделдейді, тақырыптар аналарға арналған «Анам жайлы әңмелесейікші», әкелерге арналған «Мен үшін ең қымбат жан» т.с.с.);
· Ата- аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету;
· Көрнекі насихаттық жұмыстар.
Балабақшамен таныстыру жұмысы – жылына 1 рет оқу жылының басында жүргізіледі. Бұлжұмыстың негізгі мақсаты ата-аналарды балалардың білім алу және тәрбиелену ортасымен таныстыру болып табылады. Яғни, отбасын балалар өмір сүріп отырған ортаның материалдық-техникалық базасымен және осы ортаның оқу-әдістемелік қамтамасыздану дәрежесімен, педагогикалық ұжыммен, мамандармен таныстыру және осы арқылы олардың оң көзқарастарын қалыптастыру, достық қарым-қатынас құру.
Ата-аналарға арналған ашық сабақтар – отбасына баланың белсенділігін, даму деңгейін ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар топ ішінде сабақтардың ұйымдастырылу ерекшеліктерімен де таныстырады. Сондай-ақ балабақшада балалар тек ойын әрекетімен айналысады деген жансақойлардан сақтайды.
Ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестер – оқужылында 1 рет болуы мүмкін. Бұл кеңесті әсіресе оқужылының басында өткізген ыңғайлы. Көбіне бұл бала тәрбиесінде кездесетін өзекті мәселелерге арналады.
Педагогикалық әңгімелер – отбасына баланы таңертең әкелгенде және кешке әкеткенде тәрбиешінің ата-анамен әңгімелесуінен бастау алады, тәрбиеші оларға бала тәрбиесіне қатысты бағдар көрсетеді, өз ойнайтып, ата-ана ойын тыңдайды. Бұл әңгімені жалпылай да өткізуге болады.
Тақырыптық кеңестер – белгілі бір тақырыпқа байланысты болуы мүмкін. Бұл кеңестерді тәрбиеші, дәрігер, шектеулі мамандар бере алады. Тақырыптар жиі кездесетін сұрақтар төңірегінде таңдалады.
Жиналыстар – оқу жылында бірнеше реет ұйымдастырылады. Баланың жетістіктері жайында ата-аналарғ аақпараттар беріліп, топтың түрлі мәселелері шешіледі.
Дөңгелек үстелдер – еркін түрде ұйымдастырылып, еркін ашық әңгімелесуге бағытталған. Бұл ата-аналардың ашылып әңгімелесулеріне мүмкіндік береді. Тақырыптар тәрбиешінің қалауымен немесе ата-аналардың сұранысымен таңдалуы мүмкін.
Конференция– түрлі жағдаяттарды моделдеу арқылы ата-аналарға балабақшаның тыныс-тіршілігін таныстыруға мүмкіндік туады.
Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету – бұл ата-аналарға бала дамуындағы ерекшеліктер туралы кәсіби кеңестер беру. Арнайы педагогикалық немесе медециналық мамандықтары жоқ ата-аналар кей кездері қиыншылықтармен, түсініспеушіліктермен кездесіп қалуы әбден мүмкін. Осыған байланысты мұндай кеңестердің маңызы өте зор.
Көрнекі-насихаттық жұмыстар – бәрімізге таныс хабарландыру, дәрігер бұрышы, мәзірт.с.с. ұқсас, күнделікті бағыттармен ғана шектелмеуі керек. Көрнекі ақпараттар ата-аналарға өте жақсы әсер етеді. Сол себептен бұл жұмыс түріне аса бір шығармашылықпен қарған жөн. Осыған орай мынадай қызықты жұмыстарды жүргізуге болды:
«Бізкішкентай болғанда» - ата-аналардың өз балаларының кішірек кезі жайындағы қысқаша әңгімелері.
«Мен үйренген нәрсе» - әр баланың жетістігі туралы тәрбиеші тарапынан жасалатын ақпарат.
«Бала тілімен» - балалардың тосын айтқан қызықты әңгімелері.
«Мен не туралы ойлаймын» - баланың қандайда бір адамға байланысты, құбылысқа байланысты айтқан қызықты ойларының жазбасы.
«Өзім жайлы» - әр бала туралы қысқаша таныстыру ақпараты. Бұлпарақтартопқаәкелетіндәлізбойыменқабырғағаілінуінемесетоптыққабылдаубөлмесініңқабырғасынаілінуімүмкін.
«Эстафеталық кітапша» - ата-аналар бала тәрбиесінде кездесіп жүрген қиыншылықтарымен бөлісетін арнайы кітапша. Бұлсұрақтарға ата-аналар да, тәрбиешілер де өз ойларын жазып білдірулері мүмкін. Жұмыстың бұл түрі отбасымен тығыз қарым-қатынас жасауға, достық қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.
Педагогтарды отбасымен жұмыс жүргізу шеберлігіне дайындаудың мақсаты – оларды ата-аналармен және отбасы мүшелерімен мәдени қарым-қатынас жасауға үйрету. Аталған бағыт бойынша мекемеде төмендегідей жұмыс түрлері жүргізіледі:
· Топ ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жоспарын құру бойынша әдістемелік көмек көрсету және осы жұмыстарды қадағалау;
· Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың барлығын салауатты рәсімдеуді қамтамасыз ету;
· Отбасы мүшелірімен қарым-қатынас жасау мәдениеті бойынша психолог тарапынан кеңестер беру және осы жұмыстың орындалуын қадағалау;
· Педагогтардың ата-аналар мен мекеме арасында жасалатын келісім-шарттың мазмұнын нақты білулерін қамтамасыз ету;
· Ата-аналармен болуы мүмкін келеңсіздіктердің алдын алу жұмыстары;
· Бала құқығын қорғау конвенциясының мазмұнын меңгерулерін қамтамасыз ету;
· Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың мониторингін жүргізу.
Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жаңа бағыттарын игерудің мақсаты – отбасымен қарым-қатынасты жақсартуға мүмкіндік беретін тиімді әдіс-тәсілдерді ендіру, тәжірибеде қолдану.
· Білім кеңістігінде пайда болған отбасымен қарым-қатынастың жаңа формаларын игеру, озық тәжірибелерді ендіру;
· Ата- аналардың белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік беретін дәстүрден тыс қарым-қатынас түрлерін тәжірибеде қолдану (сайыстар, рингтер, дөңгелек үстелдер, диспуттар, пікірталастарт.с.с.);
· Отбасымен жүргізілетін жұмыстар бойынша өзінің жаңа авторлық жобасын ұсынған педагогтарға қолдау көрсету.
Бүгінгі таңда бұл жұмыстар өз нәтижелерін беруде. Дегенмен, отбасымен жүргізілетін жұмыстар үздіксіз өзгерістерді қажет етеді. Себебі, бүгінгі күннің ата-аналары жаңа заманның, озық технологиялардың адамдары. Осыдан бірнеше жыл бұрыңғы ата-аналар үшін балаларының уақытылы тамақтанылуы, қаралуы ғана маңызды болса, бүгінгі ата-аналар үшін аталған шарттармен қатар баланың сапалы білім мен саналы тәрбиемен қамтамасыз етілуі де аса маңызды. Сондықтан ата-аналар қауымын мекеме жұмысымен таныстырудың бірден бір жолы оларды мекеме жұмысына, яғни бала тәрбиесіне белсендіре араластыру болып табылады. Ал ол үшін ата-аналарды мекемеде жасалып жатқан жұмыстарға қызықтыра білу керек.
Сондықтан, бөбекжайда барлық топ ата-аналарымен, әжелермен үйірмелер ұйымдастыру арқылы отбасының бөбекжай педагогтарымен тығыз байланыстарын күшейте түсу.
Ата-аналармен жұмыс формалары:
Форма – (латын сөзі forma) – құрал, бірнәрсенің құрылымы, ұйымдастыру жүйесі.
Бүгінгі күні ата-аналар педагогикалық білімін ағартудың дәстүрлі емес, жаңашыл деп саналатын әртүрлі әдістері мен формалары қолданылып келеді:
- көрнекі насихаттау;
- оn-line бақылау;
- отбасына қатынау;
- консультациялық пункттер;
- ата-аналар жиналысы;
- әңгімелесу мен консультациялар;
- ата-аналар конференциялары;
- ауызша журналдар;
- сауалнама жүргізу;
- ашық есіктер күні;
- дөңгелек үстелдер;
- клубтар ұйымдастыру;
-біріккен бос уақыттар;
- іскер ойындар ұйымдастыру және т.б.
Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен жұмыс қабылдауы әртүрлі: жанды сөз, тәрбие жұмыстарын көрсету, ата-аналар үлгісі және т.б. Ата-аналармен жұмыстың барлық түрлері ұжымдық, жекелік және көрнекі-ақпараттық болып бөлінеді.
Ата-аналармен ұжымдық жұмыс түріне өздеріңізге таныс белгілі іс-шаралар жатады.
Біріншіден, бұл - ата-аналармен жұмыстың тиімді формасы болып табылатын ата-аналар жиналысы. Ата-аналар жиналысында топтың тіршілік әрекетінің мәселелері талқыланады. Ата-аналар жиналысына дайындық кезінде келесі ережелерді ұстану қажет:
- жиналыс мақсатқа бағытталған болуы;
- ата-аналардың өтініші мен қызығушылығына жауап беру;
- нақты белгіленген тәжірибелік мінездеменің болуы;
- диалог түрінде өткізілуі;
-жиналыста бала кемшілігін және бала тәрбиесіндегі ата-аналардың қателіктерін жарияламау керек.
Ата-аналармен жұмыстың дәстүрлі емес,тиімді формаларының бірі - шағын жиналыс. Қызықты отбасы анықталып, оның тәрбиелеу тәжірибесі зерттеледі. Одан кейін шағын жиналысқа екі-үш отбасы шақырылады, онда отбасы тәрбиесіндегі позицияларымен, отбасының дәстүрлі тәрбиесі туралы бөліседі.
Ата-аналармен жұмыстың бір формасы - тренингтер. Тренингтік ойын жаттығулары мен тапсырмалары баламен іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдеріне баға беруге, жағымсыз формаларды конструкциялыққа ауыстыруға көмектеседі. Ойын тренингіне тартылған ата-ана баламен сөйлесуді бастайды, жаңа шындыққа жетеді.
Заманауи кезеңдегі тағы бір қызықты формалардың бірі – әртүрлі конкурстарды – сұрақтар мен жауаптар кештерін өткізу болып табылады. Бұл форма өзінің педагогикалық білімін нақтылауға, оларды практикада қолдануға, жаңалықты білуге, бір-бірімен білімін толықтыруға, бала дамуындағы кейбір мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.
Ақпараттық насихаттаудың мысалы - ата-аналар бұрышы. Ата-аналар бұрышының материалдарын мазмұны бойынша екі бөлімге бөледі:
- Ақпараттық сипаттағы материалдар (ата-аналарға арналған ереже, күн тәртібі, әртүрлі сипаттағы хабарландырулар)
- Балабақша мен отбасында бала тәрбиесі сұрақтарын жариялайтын материалдар.
Онда баланы дамыту мен тәрбиелеу бойынша ағымдағы жұмыс көрінеді. Ата-аналар балаларының бөлмесін немесе бұрышын қалай жабдықтауды көрнекі түрде көре алады, сұрақтарына жауап алып, жақын арада қандай консультациялар болатындығы туралы біле алады.
Ата-аналармен жұмыстың тиімді формасы әртүрлі көрмелер болып табылады. Мысалы, балалар жұмыстарының формасы: бала суреттері, қолдан жасалған ойыншықтар, балалар кітаптары, альбомдары және т.б. Көрмелер сонымен бірге ата-аналарға бағдарламаның маңызды тарауын жариялау үшін мысалы: «Отбасы мен балабақшада балалардың бейнелеу іс-әрекеті», «Ойыншықтар және оның тәрбиелік рөлі» тақырыбында өткізілуі мүмкін
Ақпараттық парақтардың да рөлі зор, себебі мұнда өткізілген жиналыстар туралы, оқиғалар, экскурсиялар, көмек көрсету өтініштері, ерікті көмекшілерге алғыс туралы ақпараттарды енгізуге болады.
Педагогтармен ата-аналармен ойнауға болатын тест ойындар ойналды:
«Өзіңді білгің келсе», «Жұмыртқа»
Педагог-психолог тренингтер өткізді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген