жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ата-аналармен дөңгелек үстел
«Бақытты сәт» ата-аналар арасындағы дөңгелек үстел
Мақсаты: - Отбасы тəрбиесіндегі ата-ананың балаға тəрбиелік ықпалын арттыру.
- Тəрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тəрбиесіндегі
мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым-қатынасты жақсартып, бала тəрбиесіне
көп көңіл бөлудің маңыздылығын дəлелдеу. Балабақшамен тығыз қарым-қатынас орната
білу керек екендігін түсіндіру.
І. Кіріспе бөлім
- Сəлеметсіздерме, құрметт іата-аналар!
Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Бүгін «Бақытты сәт» тақырыбында өткелі отырған дөңгелек үстелімізге қош келіпсіздер.
Халқымыз ежелден отбасын шағын мемлекетке теңеген. Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты үш тіреуден тұратындығы белгілі. Олар – ері, əйелі, баласы. Үшеуінің берекелі бірлігі – отбасының ұйытқысы.
Қазіргі кезде ата-ананың бірінші мақсаты қаражат табу, балаларын еш нəрсеге мұқтаж етпеу болып қалды. Көпшілік ата-анада тұрақты жұмыс жоқ. Бала-шағаның қамымен жүрген ата-аналардың тəрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Жас жеткіншектеріміздің тəрбиесінің негізі отбасында қалыптасады. Демек, баланың келешекте қандай адам болуы
ең алдымен өзі туылған отбасында алған тəлім-тəрбиесіне байланысты екені күмəнсіз.
Барлық бала жақсы мен жаман əдеттерді өзі өскен шаңырақта үйренеді. Отбасындағы жиі ұрыс-керістер баланың психикасына қатты əсер беріп, ол бала бара-бара кекшіл,жасқаншақ, жігерсіз, немқұрайлы болады. Егер отбасындағы адамдар жақсы қарым-қатынаста болса, олардың балаларының ақыл-ойы жақсы дамыған, еңбекқор, əдепті,тəрбиелі, саналы, өз-өзіне сенімді болып өседі. Халқымыз «Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда сонны іледі» деп бекер айтпаған. Жас кезде алған тəрбие бала санасында мəңгілік мөрленіп қалады. Баламыз Отанына адалқызмет етсін, өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек бала тəрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.
ІІ. Негізгі бөлім
Психологиялық жаттығу: «Танысу»
Шарты: Ата-аналар баласының жақсы мінезіне, қылығына атын қосып, өзін таныстырады.
Мысалы: Мен сүйкімді Еркеназдың анасы Гүлмирамын.
Ə) Дөңгелек үстелімізді бастамас бұрын ата - аналар 3 түсті жүрекшелерден бір – бірден таңдауларыңыз сұралады. Бірдей түсті ата - аналар бірігіп бір топ боласыздар.
1 топ - Қызыл 2 топ- Көк 3 топ - Сары
ІІІ. «Ойыңды толық айтуға ұмытпа?»
1. Бір күніңізді баламен қалай өткізесіз?
2. Демалыс күндері балаңызбен бірге немен шұғылданасыз?
3. Балаға балабақша не үшін керек?
4. Балабақшаға балаңызды қандай мақсатта əкелдіңіз?
Жұмысқа тұруға байланысты
Жан тыныштығы үшін
Жақсы тəрбие алу үшін
5. Таңертең жəне кешк уақытта балаңызға қандай тəрбие бересіз?
6. Сіз тəрбиешілерге бала тəрбиесіне қатысты қандай көмек беріп жатырсыз?
7. Ата-əже берілген тəрбие дұрыс па?
8. Тəрбиеш іжұмысын одан əрі жандандыру үшін қандай үлес қосар едіңіз?
9. Кейбір ата-аналар менің балама көп көңіл бөл,ерекше қара деп жатады, бұл дұрыс па
Қалай ойлайсыз?
10. Тəрбиеші жұмысы оңай ма, əлде қиын ба қалай ойлайсыз?
11. Дарынды бала қандай бала?
12. Бала құқығы туралы не білесіз?
13. Сіздің балаңыздың өмірінде тəрбиешінің рөлі?
14. Планшет немесе телефонмен ойнаған дұрыс па, дұрыс емес пе?
15. Баланы қайжастан бастап тəрбиелеу керек?
16. Менің балам бұзық,айтқанымды тыңдамайды менің тəрбиеме көнбейді деп көптеген ата-аналар айтып жатады, сіз ол ата-аналарға ата-ана ретінде қандай кеңес берер едіңіз?
ІV. «Ортада сахналап көрейік»
Шарты: Бір сəт тəрбиешілердің жұмыстары қандай екен сахналау барысында байқайтын боламыз? Ата-аналар сіздер тəрбиеші рөлінен еніп ортада көрініс көрсетесіздер?
1 - жағдаят. Топтың ішінде 25 бала отыр. Барлығы қызыға ойнап отыр. Кенеттен 2 бала
əдемі бір ойыншыққа таласып қалды. Біреуі мен аламындейді, екіншісі жоқ ол менікі деді. Сіздің əрекетіңіз?
2-жағдаят. Сіздің алдыңызда мына көрнекіліктер тұр. Сіз осы көрнекілікті пайдаланып,
Қандай ойын ұйымдастырар едіңіз?
3-жағдаят. Топтыңтəрбиешісі өз жұмысын білетін озық тəрбиешілердің бірі. Ол апай сіздің балаңызға ұнамайды. Сізге үнемі сол апай жайында айта береді. Сіздің əрекетіңіз.
Қорыту сөз: Бала тəрбиелеуде шыдамдылық, төзімділік, қайсарлық, ақылдылық,көрегендік, білімділік талап етеді. Осы талаптардың барлығы біздің тəрбиешілер бойынан табылып отыр.
VІ. Тыныштық сəті: (баяу музыканың үнімен өткізіледі.) «Гүлдің оянуы»
Терең демалайық! Енді көзімізді жұмып, мен айтқан сөздерді көз алдымызға елестетіп отырыңыздар. Төбемізден бар жылуын шашып күн сәулесі нұрын шашып, жарық беріп тұр.Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік жəне қуаныш жарығы. Қандай тамаша!
Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық,сүйіспеншілік əкелсін. Ішкі дүниеміз тап- таза, жап-жарық болып кетті.
Міне, керемет! Жүрегіміз де əдемі гүл ашылып келеді. Қандай əдемі! Түрлі- түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл сіздің балаңыз. Бұл жəй гүл емес, сүйіспеншілік гүлі.Ол əлі кішкентай, сіз оны иіскеп мейірімге бөлеңіз. Күн оны жылытып, өсуіне көмектеседі.
Міне, бізде қандай ғажап гүл пайда болды.
Ал, енді осы сəтті қағаз бетіне түсірейік.
Ата-аналар ақ параққа гүлдің суретін салып, гүлдестерге баласына деген сүйіспеншілігін
жазып, өз ой- пікірлерін айтады
Психологиялық кеңес. «Гүлге жасалған тəжірибе»
Ғалымдар гүлге тəжірибе жасап көріпті. Гүл егілген 1 плантацияға – рок, айқай-шуға толы музыка қосып қойыпты. Ал, 2-ші плантацияға – классикалық жайлы музыка қосып қойыпты. Белгіленген уақыттан кейін 2 плантациядағы гүлді салыстырса: рок музыка тыңдаған гүлдердің сабағы қысқа, түстері солғын болып өсіпті де, классика тыңдаған гүлдер жайқалып өскені байқалыпты. Бұдан шығатын қорытынды не? Бала мен гүлді салыстырып көріңіздерші. Бала да гүл сияқты нəзік. Сондықтан отбасында қолдан келгенше жайлы орта қалыптастырып, жайлы климат орнатуға күш салайық.
VІІ. «Тілек шамы». (Қорытындылау)
Мақсаты: дөңгелек үстел туралы пікірлерін ортаға салу.
«Міне, қоштасатын да сəт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы,ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мəніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.
Қорытынды сөз: Сонымен ата-аналар бала тəрбиесі ең маңызды - мəселе. Ең басты – ата-ананың бала тəрбиесіндегі маңызы зор. Бүгін міне бала тəрбиесіне байланысты ойларыңызды ортаға салдыңыздар. Осы іс – шарамыздың соңында сіздерге мандаринұсынғым келеді. Барлығыңыздың мандариндеріңізді ашыңыздар. Ашып ауыз тиюлеріңізге болады. Мандаринді берген мақсатым: Мандарин жемістің бір түрі. Өзі жұмсақ, нəрлі шырынында дəрумені көп жемістердің ішіндегі, тез көп жеміс беретін өсімдік. Мандарин қандай қасиеттерге ие болса, бізде балаларымызға жұмсақ мінез
танытып, жан-жақты тəрбие берейік.
Бала – ата-ана өмірінің жалғасы. «баламның табанына кірген шөгір менің маңдайыма кірсін.» деп əлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа қатер төнгенде «Өзімді алып,баламды аман қалдыр,»деп құдайға жалбарынған ата-ананың жүрегі не деген кең, не деген ерекше десеңші!
Бала тəрбиесінің қызығы мен қиыншылығы қатар жүретіні бəрімізге белгілі.
Сондықтан бəріңіздің отбасыларыңызға амандық, тек жақсылық тілеймін.
Келесі кездескенше күндеріңіз нұрлы болсын.
Шарты: Бір сəт тəрбиешілердің жұмыстары қандай екен сахналау барысында байқайтын боламыз? Ата-аналар сіздер тəрбиеші рөлінен еніп ортада көрініс көрсетесіздер?
1 - жағдаят. Топтың ішінде 25 бала отыр. Барлығы қызыға ойнап отыр. Кенеттен 2 бала
əдемі бір ойыншыққа таласып қалды. Біреуі мен аламындейді, екіншісі жоқ ол менікі деді. Сіздің əрекетіңіз?
2-жағдаят. Сіздің алдыңызда мына көрнекіліктер тұр. Сіз осы көрнекілікті пайдаланып,
Қандай ойын ұйымдастырар едіңіз?
3-жағдаят. Топтыңтəрбиешісі өз жұмысын білетін озық тəрбиешілердің бірі. Ол апай сіздің балаңызға ұнамайды. Сізге үнемі сол апай жайында айта береді. Сіздің əрекетіңіз.
Ашық оқу қызметі. ҚМҰҚ
Тақырыбы: «Ғажайып математика»
Күні: 25.12.2019 ж
Қатысқан бала саны: 9
Алдыма 3 мақсат қойдым:
1.Білімділік: Геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға баулу. Балаларды дөңгелек, шаршы, үшбұрыш тәрізді геометриялық пішіндермен таныстыру, оларды ажыратуға үйрету.
2.Дамытушылық: Кеңістікте бағдарлау қабілетін қалыптастыру, дамыту.
3.Тәрбиелік: Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Көрнекіліктер: Геометриялық пішіндер: үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, үй бейнелейтін жапсырмалар.
Сөздік жұмыс: Көктем, үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы
Билингвальді компонент: көктем-весна, жасыл-зеленый, үшбұрыш-треугольник, төртбұрыш-квадрат, пішіндер-фигуры
(Білімділік мақсатын) Геометриялық пішіндердің түрлерімен таныстыру арқылы білімділік мақсатыма жете білдім.
Геометриялық пішіндерді ажыратуға үйреттім
Кеңістікте бағдарлау қабілетін қалыптастырдым, дамыттым.
Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиеледім

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген