400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ата-аналармен коучинг өткізудің тәсілдері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Дефектолог,логопед мамандарына қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

АТА-АНАЛАРМЕН КОУЧИНГ ӨТКІЗУДІҢ ЖОЛДАРЫ.

Үсенова Райхан Әлімқызы МКҚК №17 «Шұғыла» МДҰ дефектологы

Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдардың ата-аналарымен, соның ішінде арнайы топтардың ата-аналарымен бірге жұмыс жасау оңай шаруа емес. МКҚК №17 «Шұғыла» МДҰда 9 инклюзивтік, 2 арнайы топ жұмыс жасайды. Мен оқыту тілі қазақ тілінде жүретін №4 «Кәусәр бұлақ» арнайы тобында бірнеше жылдан бері дефектолог қызметін атқарып келемін . Педагогтар қауымына ауыр міндет жүктелгендіктен бүгінгі заман талабына сай , баламен қоса ата-ананы да тәрбиелеу өздігінен туындап отырған мәселе болып отыр. Бұл мәселенің алдын алу мақсатында жалғыз біздің мекеме емес, талай жылдардан бері көптеген мектептер мен балабақшалар оңтайлы нәтижемен жұмыс жасап келегені анық.Сөз жоқ, жұмыс барысында небір түрлі ата –аналар болады, адекватты, адекватсыз мінез-құлықтары адам шошырлықта жоқ емес. «..Жүре берсең, көре бересің » деген сияқты тағы солай солай кете береді. Әрбір ата-ана баласының дені сау дүниеге келгенін қалайды. Әрине біз құдай басқа салмасын деп тілейміз.Енді құдай басқа салса, амал қанша? Ауыратын балаларды тәрбиелеп жеткізу әрине ата-анаға психикалық түрде де, физикалық түрде де өте ауыр болып келеді. Ата-аналармен жұмыс жасағанда мен көбінесе әрқайсысына жеке көңіл бөлуге тырысамын. Баламен қоса әр ата-ананы зерттеймін. Отбасын, ортаға бейімделуін, көңіл күйін т.б. қоғамдағы орнын, өз-өзін ұстауын, басқа ата-аналармен қарым қатынасын.Біздің топқа әр түрлі диагноздағы балалар тәрбие алуға келеді. Осындай балалардың ата-аналары үнемі күйзелісте жүретінін байқадым. Сондықтан көбіне мен психикалық көңіл-күйді көтеретін, рухани деңгейін арттыратын коучингтер өткізуге тырысамын.

Біздің балабақшада әр жылда көптеген эксперименттік алаңдар ашылып нәтижеге бағытталған жұмыстар атқарылып келеді. Біз 2019 жылы «Аутист балаларға арналған «PECS» карточкаларымен жұмыс» атты эксперименттік алаң бойынша бірнеше педагог облыстық деңгейде жұмыс бастап кеттік, қазіргі жағдайда дайындық кезеңінен өтіп, екінші этап жұмыстарын атқарудамыз.Ата-аналармен арнайы келісім шарттарға отырдық.Осындай жұмыс болсын, баламен жеке жұмыс болсын үнемі ата-анамен бөлісіп отыруға тырысамын. Мүмкіндігінше облыстық, қалалалық, халықаралық конференция-семинарлардан алған тәжірибеммен, маған ұнаған баланы оқыту және дамыту істеріне қатысты жаңа технологиялармен жұмысты міндетті түрде өз ата-аналарыммен өткізуге тырысамын. Біздің балабақшаның әдіскері Ахметова Г.К, қазақ тілі маманы Курамысова Ж.Ә 2017-2020 жыл аралығында «Қазақ тілін криотерапия элементтері арқылы оқытудың маңызы » атты нәтижелі эксперименттік алаң жұмысын аяқтады. Бірнеше мәрте қалалық, облыстық, халықаралық деңгейдегі семинарларға қатысып өз тәжірибелерімен бөлісті. Маған қатты ұнағаны мұзбен ойнатылатын ойындар балаға әсері. Осы әдісті пайдаланып мен де ата-аналарыммен кауч өткіздім. Ата-аналарға қатты ұнады. Мұздың бала денсаулығына пайдасы өте зор екен. Жұмыс барысында көптеген ата-аналармен әр түрлі деңгейдегі жұмыстар жүргізілді. Сол өткізген жұмыстардың бірін сіздерге ұсынамын.



Ата –аналармен өткізілген коучтің жүргізілу барысы:

Қош келдіңіздер құрметті ата-аналар! Бүгінгі күндеріңізге сәттілік тілеймін. Сіздерге бірнеше тапсырмалар ұсынамын. Белсенділік танытып жаңа криотерапия технологиясымен жұмысты бірге атқарайық. Алдын ала рахмет!

Тапсырмалар

  1. Топқа бөлу . Танысу.Түрлі түсті жүректер арқылы топқа бөлу. Әр ата-ана өздерін таныстырып өтеді.

2 Алдымызда бірне үзілген жолдар тұр соны жалғау үшін тапсырмаларды дұрыс орындауымыз қажет. Жолдарды жалғап, елді мекеннің атын өздеріңіз анықтайтын боласыздар! Екі дөңгелекке қатырылған мұз әкелінеді. Ішінде аңдар, жануарлар қатқан. Бұл жануарлардың атауларында қандай ерекшелік байқалып тұр? Яғни қандай дыбыс қайталанып тұр? Қ дыбысымен жұмыс!

3 Бір ыдысқа қар салынып әкелінеді, бір ыдысқа жылы су құйылып әкелінеді.

Саусақпен қар бетіне жүргізу арқылы «қ» әріпін салу керек!!

4. Сергіту сәті. «Мұз аю» Мұз болып қатқан аюдың дене мүшелерін анықтау.

5. 3Д сурет. Берілген тапсырмаларды боялардың көмегімен бояу. Тастармен әшекейлеу.

6. Жаңылтпаштар айту кезеңі. Бір ыдысқа қар салынып әкелінеді, бір ыдысқа жылы су құйылып әкелінеді. Ішінен қақпақтар шығады.

1.Ақ қақпақ, көк қақпақ, ақ қақпақ көк қақпақтан да көп қақпақ!

2.Қырық ақ қақпақтан моншақ жасап мойныма тақпақпын,

Көп көк қақпақтан көрпе жасап қақпақпын!!!

Тапсырмалардың барлығын орындадық. Жолдарымыз жалғанып келеді. Ай далаладан біз елді мекен жасадық!! Қаланың салынуына байланысты от шашу жасайық!!!

Бағалау. Тілшімен сұхбат!!!Газетке мақала!!Өз пікірлерімен бөліседі!!!

Міне, осы коучинг маған ұнағандықтан ата-аналарыммен өткіздім. Ата-аналарда риза болды. Осындай жұмыстарды үнемі қадағалап бағыт бағдар беріп жүрген әдіскеріміз Ахметова Гаухар Қойлыбайқызына және қазақ тілі маманы Жансая Әділғалиқызына алғысым шексіз.

Жоспарымда алдағы уақытта «Аутист балаларға арналған «PECS» карточкаларымен жұмыс» атты эксперименттік алаңның нәтижесі бойынша ата-аналармен бөлісетін боламын! Жұмысыз нақты, мақсатымыз айқын болса, ыңғайға кемейтін ата-ана болмайды. Бәрі өзімізге байланысты.





2


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
577
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі