Ата
– аналармен өткізілетін
іс-шара
Тақырыбы:
«Ал,
қанекей, ойнайық,
ойнайық та ойлайық!»
Мақсаты:
Балабақша мен ата-ана ынтымақтастығын
нығайта отырып, ата-аналарды бала
тәрбиесіне, оның жан-жақты дамуына, жеке
тұлға ретінде қалыптасуына үлкен
жауапкершілікпен қарауға шақыру.
Міндеті:
Балалармен
қолданылатын интеллектуалдық ойындарды
ата – аналарға таныстыру;
Ойындарды
ойната отырып, бірлесе жұмыс жасау.
Ата-аналармен
педагогтың арасындағы қарым-қатынасты
нығайту.
I.
Ұйымдастыру.
Құрметті
ата – аналар!
Бүгінгі
іс-шарамызға қош келіпсіздер!
Қазақ атамыз айтады: «Бала -бауыр еті»
деп, қазіргі таңда барлығымызды
ойландыратын да, толғандыратын да бала
тәрбиесі, оның тұлғалық дамуы мен
қалыптасуы. Бүгінде мына керемет білім
ордасына сіздер сол мақсатты ұстанып,
балаларымыздың қалай тәрбиеленіп, қалай
дамып жатқандығын көріп-білуге жиналып
отырсыздар. Сіздерді қызықтырар көп
мағлұмат аласыздар деп ойлаймыз. Енді
ойын ойнауды бастамас бұрын сіздерге
бір сауал қойсақ. Мектепке дейінгі
жастағы балаларды дамытудың басты
құралы не деп ойлайсыздар? Әрине-ойын.
Ұлы ақын атамыз Абай Құнанбайұлы да
«Ойын ойнап ән салмай өсер бала болар
ма?» деп тегін айтпаған. Ойынның түрлері
көп. Соның маңыздыларының бірі –
интеллектуалды және логикалық ойындар.
Бұл ойындардың ерекшелігі ол балаларды
креативті ойлауға, өзіндік шешім
қабылдауға, тапқырлыққа, лидерлікке
бағыттайды.
Бүгінгі сіздермен
жүргізілетін іс-шарамыздың тақырыбы
«Ал, қанекей, ойнайық, ойнайық та ойлайық!»
тақырыбында өрбімек. Біздің мақсатымыз
күнделікті балалармен ұйымдастырылған
оқу - іс әрекетінде қолданылатын
«INTELLECTUM» және «Эльфимен бірге жануарлар
әлеміне саяхат 3D көзілдірігі» ойындарын
сіздермен бірге ойнап көру. Ойналатын
ойындарымыз бес бөлімнен тұрады. Берілген
тапсырманы тиянақты, бар ықыластарыңызбен
орындауларыңызды сұраймыз. Ендеше іске
сәт! Бірінші ойналатын ойынымыз:
1.
«BLOCK
BUDDIES»
Мазмұны:
карточкалардағы бейнені алдына берілген
фигуралармен байланыстыру арқылы
құрастыру.
2.
«SKIPPITY»-2-4 ата-анадан топтарға бөлініп
ойнайды. Бастапқыда өз
тастарының сериясын жинап, кейін тастар
жиынтығын көбейту мақсатында стратегиялық
есеппен әрекет етеді. Сонымен қатар
қарсыластарының жинап жатқан тас
серияларын тексере отырып жаңа
стратегиялық жолдар қарастырулары
керек.
3.
«ZIG-ZAG»
Көз-қол
үйлесімін дамытатын өте пайдалы
ойындардың бірі.Әр ата-ана түймелерді
Мазмұны:
Әр ата - анаға әр түрлі сурет үлгілері
беріледі, соған қарап әр түрлі тастармен
берілген суретті бейнелеу керек.
4.
«Жануарлармен танысу»
Көзілдірікті
кию арқылы карточкада бейнеленген
жануарларды 3д форматта жандандыру.
Жануарларға сипаттама беру, олармен
танысу.
5.
«Кел бояйық»
Суреттерді
түрлі - түсті қарындаштармен бояу,
боялған суреттерді з д форматта
жандандырып көру.
II.
Физминутка
«Актерлік
шеберлігімізді байқайық!»
Мазмұны:
Ортаға екі ата - анадан шығарып, оларға
көрсетпей бастарына аң немесе жануардың
бейнесі бейнеленген масканы кигіземіз.
Ойнаушы
өзінің қандай маска киіп тұрғанын
білмеуі керек. Оған қарсы тұрған ойнаушы
оның басындағы аңды қимылмен көрсете
білуі керек. Ойын осылайша әрі қарай
жалғасады.
III.
Кері-байланыс
Қуану
– ренжу смайликтерінің көмегі арқылы
өткізілген іс-шараны ата – аналардың
бағалауы. Өз пікірлерін смайликтерге
жаза отыра білдіруі.
IV.
Жағымды сәт
Ата
– аналарға тілек білдіру, естелікке
шағын сыйлықтар ұсыну.
Ойындар
тізімі:
«BLOCK
BUDDIES»
- 2дана
«SKIPPITY»
- 1дана
«ZIG-ZAG»
- 2дана
«Эльфимен
бірге жануарлар әлеміне саяхат 3D
көзілдірігі» - 2 дана