«Бекітемін»
№
18 «Мереке» бөбекжай-бақшасы
МКҚК-ның
директоры: ________ А.Б.
Ожахаева
«_____» «______________»
2020ж.
Мақсаты: отбасында ата-ананың өз
баласын рухани тәрбиеге баулу деңгейін анықтау. Баласын қазақи,
рухани тәрбиемен сусындатудың жолдарын көрсету. Ата-ананың
бөбекжай-бақшамен байланысын нығайту.
Күтілетін
нәтиже: ата-аналармен бірлесіп,
отбасындағы рухани тәрбиенің ахуалын анықтау, бала тәрбиесінде
дұрыс бағыт алуларына ықпал ету. Әр ата-ана баласымен және
тәрбиешімен тығыз байланыста болып, отбасындағы рухани тәрбиені
арттыру.
Қолданылатын
материалдар: интерактивті тақта,
карточкалар, плакат, стикер, маркер, қалам, екіжақты
магнит
Әдіс-тәсілдер: топқа бөлу, түсіндіру,
ым-ишарамен түсіндіру, өлең оқу, жарыс, таңдау, қолдау,
тыңдау.
Кіріспе сөз:
«Ел есінде бір жыл қалғың
келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың
келсе – бала тәрбиеле» дейді халық даналығы. Ал бала
тәрбиесі біздер мен сіздерге берілген ең жауапты аманат деп
білемін. Ендеше, «Отбасы – рухани тәрбиенің
бастауы» тақырыбындағы коучингке қош
келдіңіздер!
Коучингтің өту жоспары
|
Өткізілу кезеңдері
|
Берілетін уақыт
|
Жүргізуші мен коучингке қатысушылардың
іс-әрекеті
|
|
Ұйымдастыру.
Жайлы атмосфера құру.
Танысу
|
3 мин
|
Жанында тұрған қатысушының денесіне алақанын
тигізе отырып өз есімін атайды және топқа қарап ыммен
амандасады.
|
|
Топқа бөлу
|
1 мин
|
3
түрлі ою-өрнектің 4-ке бөлінген қиындыларын таратып, әр қатысушы
келесі қиындысын тауып, бірігеді. Үш түрлі ою-өрнек үш топқа
бөлініп отырады.
|
|
Мақсатымен таныстыру
|
1 мин
|
Отбасында ата-ананың өз
баласын рухани тәрбиеге баулу деңгейін анықтау. Баласын қазақи,
рухани тәрбиемен сусындатудың жолдарын көрсету. Ата-ананың
бөбекжай-бақшамен байланысын нығайту
|
|
Ой-қозғау
|
2 мин
|
Экраннан бүтін лимон мен
шырыны сығылған лимонның суретін көрсету.
- Осы 2 суретті отбасындағы
рухани тәрбиемен байланыстыра аласыз ба?
3 топтың жауабы
тыңдалады.
|
|
Миға шабуыл
|
2 мин
|
Халық
арасында 7
саны туралы көптеген
аңыз-әңгімелер тараған. Біз үшін 7
саны киелі сан. Ал сіз
осы 7
саны туралы не айта
аласыз?
7
санының
қасиеті
1 жұмада 7 күн
Жұма сайын 7 шелпек пісіру
Әр мұсылман 7 атасын білу керек
7 қазына
7 жұт
7 жоқ
7 жетім
7
керемет
|
|
Топтық жарыс
|
2
мин
|
Құстұмсық
тобы – ұлттық
ойындар
Тұмарша
тобы – қазақ
ертегілерін
Қайнар
тобы – қазақтың ақын-жазушыларын
айтып жарысады.
|
|
Нақыл сөз аясында практикалық
жұмыс
|
4
мин
|
«Балаңды 5 жасқа дейін
патшаңдай сыйла, 15 жасқа дейін құлыңдай жұмса, ал 15 жастан кейін
досыңдай сырлас» деген мағыналы сөзді
барлығымыз білеміз, мағынасын да
түсінеміз.
Қазір
сіздермен рухани
азық сататын дүкенге барып, бірінші
топты 5 жастағы баласына, екінші топты 15 жастағы баласына, ал
үшінші топты 15 жастан жоғары жастағы баласына рухани азық сатып
алуға шақырамын. Олай болса, іске сәт!
|
|
Шығармашылық
/топтық жұмыс/
|
4
мин
|
3 топ бір-біріне
А.Құнанбаевтың өлеңінен үзіндіні ым-ишара арқылы түсіндіреді.
Келесі топ сол шумақты ауызша айтып
береді.
Құстұмсық тобы
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.
Тұмарша тобы
Өлең сөздің патшасы, сөз
сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін
айналасы.
Қайнар тобы
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып, шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
|
|
Рефлексия
Кері байланыс әдісі арқылы
бағалау
|
3 мин
|
-Құрметті әріптестер, бүгінгі
коучингтен алған әсерлеріңізді кері
байланыс беру түрінде айтып
өтсеңіздер...
- Рахмет, құрметті әріптестер!
Ендеше, бір-бірімізге сыйлаған керемет көңіл-күймен коучингті
аяқтаймыз. Белсене қатысқандарыңыз үшін өз алғысымды білдіремін
және бала тәрбиесіндегі әрбір істеріңізге сәттіліктер тілеймін!
Өмірлеріңіз қазақтың ою-өрнектеріндей әдемі
болсын!
|