Материалдар / Ата-аналармен шеберлік сыныбы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналармен шеберлік сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат – үштік одақ арасындағы желілік қауымдастықты орнату арқылы қарым-қатынасты арттыру, «Құндылықтар әлемі» клубының жұмыстарымен таныстыру. Ата-аналар мен оқушылар өздерінің қалаулары бойынша әр кабинеттегі жұмыстарға қатысты. Шеберлік сыныбында барлығы 10 түрлі жұмыс болды. Бірнеше жұмысқа қатысу мүмкіндігі болды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қазан 2021
393
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М ектеп, оқушы, ата-ана бірлескен іс-әрекет

Мұнайлы ауданы, Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектептің «Құндылықтар әлемі» клуб жетекшісі Нұрболқызы Жәннат


«Өзін-өзі тану әлемінде әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып тұрған мейірімді адал, елін, жерін, тілін, отбасын сүйетін адал адам тәрбиелейтініміз сөзсіз» деген болатын С.А.Назарбаева

Бұл туралы айту жеткіліксіз, әрекет ету керек. Осылайша мектепте «Өзін-өзі тану» пәні пайда болады. Ол – бірегей пән, өз-өзіңді түсінуге, өз ішкі әлеуетіңді ашуға, қоршаған ортамен үйлесімде өмір сүруге, оның дербес және ажырамас бөлшегі болуға мүмкіндік береді. Балалардың бұл пәнді қуанышпен қабылдауының тағы бір себебі – бұл пәнді зерделеу ерекше беріледі. Өйткені мұнда олардың заттарға және өмірге деген өзіндік көзқарасы, пікірі ескеріледі. Сонымен бірге, бұл пән қандай да бір уақыттық шеңбермен шектелмейді, ол өмір бойы жалғасады.

Қандай жағдай болмасын біз және біздің балаларымыз, немерелеріміз, шөберелеріміз барлық өмір сынынан адамның жоғары атағын лайықты түрде алып шығуымыз арқылы өзіндік ой түйіндеуін насихаттау барысында «Құндылықтар әлемі» клубын 2-4 сыныптар арасында жүргізуді қолға алдық. Клуб 2021 жылдың қаңтар айынан бастап жүргізіліп келеді. Клубка қатысу үшін клуб мүшелері ант қабылдады. Осы уақытқа дейін клуб мүшелерімен қызықты күндер мен сұхбаттар жүргізіліп келеді. Жан-жақты, біз білмейтін қырлары мен сырларын байқаудамыз. Оқушылар бос уақыттарын тиімді пайдалануда. Өзін-өзі тану пәнімен ғана шектелмей, апта күндерінде сапаны көтеру мақсатында логикалық тапсырмалар, сондай-ақ орыс тілі мен ағылшын тілін қоса қосымша меңгере алады. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы - ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Ал бар тәрбиеміздің көзі – ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздер, яғни небір кереметтің барлығы осы айтылған нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер екені сөзсіз. Соның ішінде балаларымызды өнерге баулу ісінің өзіндік орны ерекше. Отбасы күнін қалт жібермей, әр аптаның жұма күнін «Отбасы күні» деп белгілеп, отбасымен бірге орындайтын тапсырмалар беріліп отырады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан басталады. «Құндылықтар әлемі» клуб мүшелерінің ата-аналарымен шеберлік сыныбы өткізілді.  Құндылыққа негізделген 2-4 сыныптың мүшелері ата-аналарымен бірге шеберлік сыныбына белсене қатысты. Сондай –ақ, ата - аналар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты. Барлығы 6 бағыт бойынша сыныптардан 152 оқушы қыздар аналарымен, ұлдар әкелерімен шеберлік с ыныбында түрлі материалдардан ерекше бұйымдар жасауды үйренді.

Бұл шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат – үштік одақ арасындағы желілік қауымдастықты орнату арқылы қарым-қатынасты арттыру, «Құндылықтар әлемі» клубының жұмыстарымен таныстыру. Ата-аналар мен оқушылар өздерінің қалаулары бойынша әр кабинеттегі жұмыстарға қатысты. Шеберлік сыныбында барлығы 10 түрлі жұмыс болды. Бірнеше жұмысқа қатысу мүмкіндігі болды. Мектебіміздің технология пәні мұғалімдері өз жұмыстарын көрсетіп, таныстырып клубтың мүшелеріне ата-аналарымен бірге жұмыс жасауды үйретті. Мектепте ата-аналарымен бірге қол еңбегі жұмыстарын жасаған бұйымдардың оқушыларға ерекше әсер бергенін олардың көзінен байқау қиынға соқпады. Шеберлік сыныбына қатыса алмаған оқушылар мен олардың ата-аналары үшін әр топ жеке әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізді. Сонымен қатар, келген қонақтардан сұхбат алынды. Кабинеттерде табиғи материалдармен безендірулер, жіптен гүл жасау, гипстен мүсін, таспен жұмыс, мата қалдықтарынан мозайка, эко сөмке, гипстен ваза, қағаздан гүл секілді жасалынған жұмыстар көрмеге жинақталды.








Оқушылар шеберлік сыныбына қатысу арқылы мамандықтарды

т алдай  және   таңдай  білуге, өзінің  қабілетін,  бейімін,  қызығушылығын мамандыққа  сай  тани  білуге  үйренеді, оқушылардың бағдары – құндылықтар  туралы  мәлімет беру, оқушылардың  болашақтағы мамандықтарына  бағыт  беру. Сыни  тұрғысынан  ойлауға  үйрету  арқылы табысты  оқытуға  қол  жеткізу шеберлік сыныбының негізгі мақсаттарының бірі.

Шеберлік сыныбы үштік одақ тарапының көңілінен шығып, «өте жақсы ұйымдастырылды» деген баға алып, алдағы уақытта жалғасын тапса деген сынды ұсыныс, пікірмен қорытындыланды. Алтын уақыттарын бөліп, шеберлік сыныбына қатысқан клуб мүшелері мен олардың ата-аналарына Алғыс білдіреміз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!