Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ата-аналармен тренинг
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
"Жүрек жылуы" (ата-аналарға арналған тренинг)
Тақырыбы: "Жүрек жылуы" (ата-аналарға арналған тренинг)
Мақсаты: Бала тәрбиесі
дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы.
Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой
қозғау,
өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір
бөлісу.
ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының
рөлі
жайлы түсіндіру.
Міндеті: ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін
түсінуге
шақыру.
Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар. Бүгінгі
біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз.
Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз
боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында
пайдалану. Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең
алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп,
отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса
қажетті, әрі қасиетті алтын
бесігі.
Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата - ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі тренингімізге қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектебімізге келе беріңіздер демекпіз! Олай болса, бүгінгі тренингімізді бастамастан бұрын өздерімізді таныстырып өтейік.
1. «Танысу» жаттығуы
Алдымен бір бірімізбен амандасып алайық. Амандасуды кішкене өзгеше өткізгім келіп тұр. Қызыл түс белгілер қол алып амандасады, Сары түс дауыс арқылы, Көк түс мимика арқылы бір бірімізбен амандасып алайық.
2. «Қызықты сұрақтар»
ойыны.( доп
лақтыру арқылы)
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып
жетекшісінің толық аты-жөні?
3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
5. Балаңыздың досы кім?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыздың бірінші тісі қанша айында шықты?
8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз
аузыңызға түседі?
3. Жаттығу«Бақыт деген не
өзі»
Кез келген адамнан өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не екенін
сұраңызшы. «Мен тек бақытты болғым келеді» Біз бәріміз де сол үшін
өмірге келгенбіз. Бірақ бақыт деген не?
Ата – аналар, қатысушылар өз ойларымен
бөліседі.
Әрине
«Қанағат қарын тойғызады», ендеше қанағат болған жерде бақыт та
болады. Басқаларға қуаныш, бақыт сыйласаң, өзіңде бақытқа
кенелесің. Өмірдің қызығы да осында!
4.
Жаттығу«Аяқталмаған
сөйлем»
1-топ:
Сәби
бақыты, ол –
Ата – ана бақыты, ол
–
2-топ:
Әйел бақыты, ол –
Ер – азамат бақты, ол
–
3-топ:
Ұстаз бақыты, ол
–
Отбасы бақыты, ол-
Барлықтарыңыздың пікірлеріңізге көп – көп рахмет.
5. «Балама қандай жылулық
беремін?»
Күннің суреті салынған ватман. Сіз жылуыңызды беріп жатқан
күнсіз. Сізден тарап жатқан шуақтарды қалай деп атайсыз. Ата-аналар
шығып балаларына күн сияқты қандай жылулық беріп жатқандарын
жазулары керек. Мысалы: «Мен баламды мейірімді, жылы сөздер айтып
оятамын», «Мен балама күніне бірнеше рет жылы сөздер айтып
аймалаймын», «Мен мейірімдімін» т.с.с. Енді шуақты күнімізге
қарайықшы. Ол да аспандағы күн сияқты өзінің жылуын, мейірімін
уақыт таңдамай, орын таңдамай сыйлап жатыр. Біз де, ата-аналар,
өзіміздің балаларымызды ешқандай талап қоймай жақсы көруіміз
керек.
4. Тыныштық сәті: (баяу музыканың үнімен өткізіледі.) «Гүлдің оянуы»
Терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша!Қане, сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін. Ішкі дүниеміз тап- таза, жап-жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі- түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл сіздің балаңыз. Бұл жәй гүл емес, сүйіспеншілік гүлі. Көзіңіңізді жұмып осы гүлдің елестетіңіздер. Ол әлі кішкентай. Күн оны жылытып, өсуіне көмектеседі.Гүлдің исін иіскейміз. Міне, бізде қандай ғажап гүл пайда болды.
Ал, енді осы сәтті қағаз бетіне түсіріп, ата- аналар ақ параққа гүлдің суретін салып, гүлдестерге баласына деген сүйіспеншілігін жазып, өз ой- пікірлерін айтады.
Тренингке қатысушы көрермендермен сергіту «Таңды қалай қарсы аламын?»
5. «Ащы пияз» қазіргі заман аңызы
Өз балаларыма көңіл бөлуге әрдайым менде уақыт болмайтын. Жұмыс, қызмет бабында өрлеу, жеке бас өмірім. Бірақ, менің балаларым ештеңеден тарықпай өмір сүріп жатты, менің олардың тәттілік – компьютерлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қаражатым жетіп отырды. Менің олардың кемшіліктеріне көз жұмып қарасам, олар менің тарапымнан көңіл бөле алмайтынымды кешіріп жатты. Бірақ мейірімді, жібектей балалық шақтың уақыты тез өтіп кетті. Күрделі жасөспірімдік кезең басталды. Алғашқы өзара кінә қою, алғашқы шынайы сезімдер. Менің жасаған ашылуым: менің балаларым сүйіспеншіліксіз өскен. Мен олардың есеюіне көңіл бөлмеппін, олардың нашар қылықтары мен әрекеттеріне тосқауыл қоймаппын және жамандықты жақсылықтан ажырата білуді үйретпеппін.
Кезекті келеңсіз жағдайдан соң ас үйде пиязды аршып тұрып, көзімнен жас кетті.
Анам кіріп келіп:
- Неге жылап тұрсың? – деді.
- Білесің бе, ащы пияз қолыма түсіпті. Көзді жасаурататын сұрыптары болады ғой, сол шығар , -дедім
- Демек, оны аз суарған шығар деді анам да, Мен бір маңызды нәрсені түсіндім: егер де балаларға балалық шағында аз су құйылса, өздерінің ересек өмірінде олар басқаларды көп жылатады.
Жүргізуші:тапсырма: ватманда бейнеленген жуаның үстіңгі бөлігінде жасыл жапырақты өскін бейнеленген. ата –аналарға әрбір отбасында балаға қандай сезім мен қарым – қатынас болу керектігін, мысалы: мейірімділік, махаббат, түсіністік.....т.с.с. Осындай жақсы сөздермен жуаның жасыл өскінін толтыруды ұсынады.
Біз бүгін сіздермен ең қымбатты бала жаны жайлы ой бөлістік. Ол маңызды,өйткені ол енді ғана өмір деген ұзақ жолға сапарын бастады. Бұл жол - оны рухани байлыққа бастайтын таза және негізгі жол. Бұл жолды барлық нәрсенің басы болып табылатын үлкен әріппен жазылған МАХАББАТТАН бастау керек.Бала ата-ана өмірінің жалғасы.
6. «Жүрек жылуы» жаттығуы
Қатысушыларға кішкене жүрекшелер таратылады.
Тренингке қатысушы аналар....
«Менің сен сияқты керемет анаға тілейтінім!». ..... деген
ойды жалғастырулары керек. Бір-біріне деген жақсы лебіздерін
білдіреді.
Қорытынды. Ата - анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы,
гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін
айтқысы келген екен. Ендеше, ата - аналар, қолымыздағы алтынымызды
жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді
ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді.
Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген
тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға
кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата - бабамыз айтқандай, бала
тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі
мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата - ана мен мектеп
өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса,
тәуелсіз еліміздің ұл - қыздары жан - жақты дамыған азамат болып
шығары сөзсіз Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне
сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік
қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың
мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының
белгісі.
Бала – ата - ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген
шөңге менің маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып
не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді
алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған ата -
аналарымыз аман - есен жүрсін деген тілекпен бүгінгі тренингімізді
аяқтаймыз.
Ананың кезі бар ма кекті болған,
Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан.
Ұмтылса, топырақта жатқан жүрек:
«Құлыным,байқасаңшы»,- депті оған ...
Адамның бауыр еті, жүрегі бала. Сондықтан да осы жүректі аялы
алақандарыңызбен ұстап балаларыңызға деген ақ тілектеріңізді
жеткізіп бір-бірлеріңізге
беріңіздер