Материалдар / ата аналармен тренинг "Ата-ананың алақаны -балаға саялы бақ"

ата аналармен тренинг "Ата-ананың алақаны -балаға саялы бақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздар қауымы және педагог психолог мамандарға қажетті
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2017
3086
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бекітемін: Күні: 1.03.2017жТренинг тақырыбы: «Ата – ананың алақаны – балаға саялы бақ »Мақсаты: Қазіргі таңда баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру. Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Ата-ананың баласына деген сенімін ояту, оқу тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру.Жоспары:І.Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім: 1. «Киіз үй» тренингі (шаңырақты бейнелеу) 2. Ата-аналар топтарын құру ( ән арқылы) 3.”Мен үшін қымбат...”(Ой қозғау) 4.”Бала деген кім?”(Ой қозғау) 5.”Жүректен шыққан жылы сөз”: А)”Мейірімділік шуағы”; 6. «Орыныңмен орыныңды ауыстыр»ойыны 7. ”Жағымсыз қылықтар” 8.”Жақсы қасиеттер” 9. «Бақытты жанұя» (постер қорғау) 10.Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар 11.Жаттығу “Тілек шырағданы” 12.Қорытынды -ананың аялы алақаны;-бақыт салатының рецептісі;Барысы: - Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған тренингтің тақырыбы: «Ата – ананың алақаны – балаға саялы бақ » деп аталады. Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды. Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы , жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.Біздің балаларымызға мектепте өз үйіндей сезінуге жағдай жасау біздің қолымызда. Ол үшін мұғалім мен ата-ана тығыз байланыста болып, бірігіп жұмыс жүргізу қажет.“Киіз үй” тренингі (шаңырақты бейнелеу)Сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.Дөңгеленіп тұрайықКерегені құрайық.Уықтар боп иіліп,Шаңыраққа киіліпКиіз үйді құрайық.Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.«Әнмен бой сергіту »Ата-аналардың өздерін еркін сезініп, ойларын ашық айтуға мүмкіндік беру үшін Шәмші әндері арқылы топқа бөлу.



Мұғалім танымал 3 ән жазылған  қағаз таратады. Ата-аналар өзіне тиген ән бойынша топ құрады.-Рахмет! Енді орындарыңызға отыруларыңызды сұраймын. Ата-аналар топтасып отырған соң әр топ өз әндерін орындайды.Бүгінгі балаларымыз туралы әңгімемізді мынадай бір аңыздан бастағым келеді. Ертеде 100 адамнан тұратын бір жанұя өмір сүріпті. Олар үнемі бейбітшілік, махаббат, келісушілікпен көзге түсіпті. Бұл хабар елді  басқарушының құлағына шалынады. Ол жанұя басшысын өзіне шақырып, «Бір жанұяда бір-біріңмен ұрыспай, ренжіспей қалай өмір сүресіңдер?»-деп сұрапты. Сонда ол қағазды алып, жаза бастайды. Жауапты ел басқарушы оқыған кезде таңданыпты, себебі қағазда «түсінушілік» деген сөз 100 рет жазылған екен. Жаңағы аңызда айтылғандай, түсінушілік бар кезде татулық болады. Ал жанұяны басқарудың басты кілті бір адамның  қолында- ол әке. Әкеге бағыну сөзсіз, яғни толығымен әкемен келісу керек.Ой қозғау    «Мен үшін қымбат ...»Ой қозғау    «Бала деген кімГүлдің бейнесін келтіріп, гүлдің жапырақшаларының ішіне ата - аналар жауаптарын жазады. Мысалы: бауыр етіміз, болашағымыз, үмітіміз, мұрагерім, жанымның саясы, асыраушым, т.б.«Жүректен шыққан жылы сөздер»А) «Мейірімділік шуағы» Ғалымдардың айтуынша, баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл – күймен тұруы – бүкіл бір күндік көңіл – күйіне әсер етеді екен. 1. Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?2. Балаңыздың тәтті қылықтары3. Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?Сергіту сәті:«Орыныңмен – орыныңды ауыстыр» ойыны Бала – ата – ананың үміті, өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» -деп перзентін әлпештеп өсірген ата – ананың жатса – тұрса тілейтіні -баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені. Ендеше сіз балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?« Баламның бойындағы жағымсыз қасиеттер,баламның бойындағы жағымды қасиеттер»«Бақытты жанұя» (постер қорғау)Құрметті ата-ана! Еліміздің болашағы сіздің балаңыздың, яғни баршамыздың балаларымыздың қолында, ол бақыт отбасындағы тәрбиеге байланысты. Сондықтан да балаларыңыз бақытқа кенелсін десеңіздер бала тәрбиелеудегі қателіктерге жол бермеңіздер! Сіздің ойыңыздағы «Бақытты жанұя» ұғымын алдарыңыздағы қағаз бетіне түсіруіңіз сұралады.Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар«Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Енді мектепке барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?» «Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады.Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» - дедіңіз.Балаңыз тыңдамай есіктітарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?» «Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, сабаққа бармай – ақ қояйыншы», - деді. Сіздің әрекетіңіз? “Тілек шырағданы”Отбасы,ұшқан жанұя-жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне үңілер болсақ,оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Ал ананың алақаны оттан да ыстық. Сондықтан

оттың басы,ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Қорытынды: Бүгінгі тренингте сіздер бала тәрбиесінің оңай емес екенін байқап отырған боларсыздар. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғи да қуантып, қуанышқа бөлей берсін!Құрметті ата-аналар! Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін алдарыңыздағы мейірімділікке толы ана алақанының суретіне бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізді, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде жазып, тақтаға ілулеріңіз сұралады.Аялы алақанға байланысты мен бір өсиет әңгімеге тоқталғым келеді.Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.— Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?) Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.«Бақытты бала» салатының рецептісіҚұрамы: Махаббат (мүмкіндігінше көбірек)Тосын сый (тек жақсылары мен жаңалары)Күлкі (тек жолдастық, достық түрі ғана)Бақыт (шексіз)Мейірімділік (тіршіліктің барлығына)Жауапкершілікр іске жеткілікті мөлшерде)Күтім (шексіз)Дайындалу әдісі: Бар тіршілікке жетерлік мейірімділікке бір уыс махаббат қосыңыз. Осы екі қоспаны мұқият араластырып, бір қасық күлкі, екі қасық күтім мен жауапкершілік салыңыз. Салаттың бетін әдемі тосын сыймен безендіріңіз
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ