жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ата-аналармен тренинг-сабақ
Қ
ОСТАНАЙ
ОБЛЫСЫ «Ы. АЛТЫНСАРИН ӘКІМДІГІ БІЛІМ АТЫНДАҒЫ
ДАРЫНДЫ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН
МЕКТЕП– ИНТЕРНАТЫ» КММ
Психологиялық қызмет
«Отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектеп-интернаттың өзара іс-қимылын күшейту»
Психолог: Танжарыкова А.Р.
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ
Психологиялық әдіс-тәсілі: Ата-аналармен тренинг-сабақ
Қатысушылары: 5-7 сынып ата-аналары
Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі»
Ата-аналармен тренинг-сабақ
Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің жетілдірудің тиімді әдіс-тәсілдерімен таныстырып, отбасы мүшелерінің қарым-қатынастарын нығайту.
Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.
Қажетті құрал-жабдықтар: Үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, маркерлер және т.б.
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар.
ТРЕНИНГ ЕРЕЖЕСІ:
1.Тыңдай білу.
2.Сөзді бөлмеу.
3.Белсенділік.
4.Шығармашылық.
5.Төзімділік.
6.Сыйластық.
7.Түсіністік қарым-қатынас.
Тренинг барысы:
Танысу: Әр ата-ана өзінің баласының есіміне әдемі теңеу сөзді қосып айтады.Мысалы: мейірімді Мейірлан, Ақылды Айдана.
Психолог сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» атты тренинг-сабағымызға хош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек. – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.
1. Ата-аналарға сауалдарға жауап беру
1.Бала тәрбиесіне отбасында кім көңіл бөледі? (әкесі немесе шешесі)
2.Балаңыздың бойында ерекше қасиеттері бар ма? Байқаған жағдайда қандай мүмкіндік жасадыңыз? (Биге бейім, ән айтқанды ұнатады т.б.)
3. Балаңыздың сабағы негізгі пәндерден төмендеп кетсе не істер едіңіз?
2.Ситуациялық жағдайларды талдау.
1. Сіз сабақты слайд
түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті тақтаны
қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алады, не істер
едіңіз?
2. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап
алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып мазақ етіп
жазып қойған. Не істер едіңіз?
3.
Бір оқушыға мықтап ұрысып алдыңыз. Ал ол үйіне барып апай басымнан
ұрды деп арыз айтып, ата - анасын ертіп әкелді. Сіздің әрекетіңіз
қандай?
4. Бір оқушы журналды бүлдіріп тастайды. Сіз
әрине мықтап сөгіп алдыңыз. Сізді сол күні кешке қонаққа шақырады,
жаңағы оқушы да сол үйге атасымен еріп келген. «Ата, мынау менің
апайым, бүгін маған ұрысты» деп есіктен кірер кірместен айқайлап
жібереді? Сіз өзіңізді қалай ұстар
едіңіз?
5. Алдыңғы қатарда отыратын оқушының басында
бит өріп жүргенін көріп қалсаңыз не істер
едіңіз?
8. Мұғалім сабаққа кірген кезде, тақтадан
өзінің карикатурасын көреді. Балалардың ойынша мұғалім кінәлі
оқушыны іздеп, сабақ өткізбейді. Не істеу
керек?
9. Ата-аналар кеңесуге мұғалімге келді. Олардың 13 жасар қызы өте көп оқиды, үлгерімі жақсы, соңғы кезде қыз бен ата-ана арасында кейбір мәселелер туындап жүр. Ескертулерге қыз: - сендер мені жақсы көрмейсіңдер, үйден кетемін, - дейді. Ата-ана бұдан қорқып, қыздың барлық жағдайын жасайды. Ол жиі қайталанып жүр. Ата - анаға кеңес.
-
Сіз жұмыстан ашулы келдіңіз, балаңыз компьютер алдында отыр, үйдің іші жиналмаған, тамақ істелмеген, сіздің айтып кеткен тапсырмаңыз орындалмаған сіздің әрекетіңіз?
-
Сіз мектепте «жұлдыз» ауруына ұшыраған оқушыңыздың теріс қылықтарын көріп қайта-қайта ескерту жасадыңыз, ертеңіне оқушының анасы мектепке келіп үстіңізден прокуратураға шағымданатынын айтты. Сіздің әрекетіңіз?
12.Тоқсандық қорытынды бойынша сіздің балаңыз бір сабақтан үшке шықтың делік. Сіздің іс-әрекетің?
13.Сіз балаңыздың өміріне қауіпт төндіретін сайттарда отырынын сынып жетекшіңіз хабарлап, мектепке шақырды. Сол кездегі сіздің әрекетіңіз?
14. Сіз балаңыздың өзінен 3 жасқа үлкен жігітпен (қызбен) жүріп жүргенін біліп қалдыңыз. Осы сәтте сіздің әрекетіңіз қалай болады?
15.Жанұядағы еңбек тәрбиесі - баланың мінез-құлқының қалыптасуына себепші болатын негізгі фактор. Мысалы: ер балаға су әкелу, малға шөп салу, қыз балаға ыдыс-аяқ, еден жуу, үй-ішін жинастыру жұмыстары тапсырылады. Балаңыз сіз тапсырған жұмыстарды жақсы орындады, бірақ сабағына дайындалмады. Не дер едіңіз?
16.Балаңыздың оқу үлгерімі орта деңгейде. Үйде ешкім жоқ болып, бүгін үйде қалуды ескерттіңіз. Балаңыз сабақтан қалғысы келмейді. Сіз былай деп жеңдіңіз: "Сен мектепке барғанмен не бітірем дейсің, оқығанмен сенен бәрібір ештеңе шықпайды, сенің басың істемейді". Ата-анасы ашумен айтып қалды. Сіз не дер едіңіз?
17.Балаңыз сыныптасымен керісіп, көйлегін жыртып келді. Сіз не істер едіңіз? Баланың арасына түсесіз бе?
3. "Сіздің өміріңізде бала қандай орынға ие?" Ата-аналарға сауалнама.
Шарты: зейін қойып сұрақтарды оқыңыз және шын мәніндегі жауапты беруіңізді сұраймыз.
Жауаптар:
А) қолымнан келеді және әркезде солай жасаймын.
Ә)қолымнан келеді,алайда әр кезде солай істей алмаймын.
Б)қолымнан келмейді.
Сұрақтар:
1.Кезкелген жағдайда жұмысыңыздың барлығын тастап,балаңызбен айналысу қолыңыздан келе ме?
2.Баланың жас ерекшелігіне назар аудармай,ақылдасу қолыңыздан келе ме?
3.Баланың алдында жасаған қателігіңізді мойындау қолыңыздан келе ме?
4.Өзіңіз қателескеніңіз үшін баланың алдында кешірім сұрау қолыңыздан келе ме?
5.Егер баланың қылығы сіздің ашуыңызды келтірсе,өзіңізді ұстау қолыңыздан келе ме?
6.Өзіңізді баланың орнына қою қолыңыздан келе ме?
7.Бір уақытқа өзіңізді ертедегі қайырымды Ханша немесе Би ретінде елестете алу қолыңыздан келе ме?
8.Бала кезіңізде болған оқиғаның тәрбиелік мәні мен айтып беру қолыңыздан келе ме?
9.Баланың жүрегіне ауыр тиетін сөздерді әр қашан айтпау қолыңыздан келе ме?
10.Баланың жақсы тәртібі үшін оның арманын орындап беру қолыңыздан келе ме?
11.Не істесе дағы өз білгенін жасауына балаға бір күн бөлу қолыңыздан келе ме?
12.Егер де сіздің балаңыз басқа бір баланы ұрып не итеріп жіберсе немесе күнәсіз жазаласа елеп-ескермеу сіздің қолыңыздан келе ме?
13. Балаңыз егер де бір нәрсені алып бер деп жылап сұранып тұрса, сіз осыған ұстамдылық ете білу қолыңыздан келе ме?
Кілт: А-3ұпай, Ә-2ұпай, Б-1ұпай.
16 ұпайға дейін------- Баланы тәрбиелеуде сізде үлкен мәселелер бар. Сіз не білімділікке,не ойға жиі мән бермейсіз. Не ұстамдылық жеткіліксіз. Баланы тұлға ретінде қабылдауға назар аудару қажет.Ұстаздар мен психолог мамандарға баруды ұсынамыз.
16-30 ұпайға дейін----Сізде ең бірінші дәрежеде тұратын мәселе - ол балаға деген қамқорлық. Сізде тәрбиешінің қабілеті бар,бірақ іс жүзінде Сіз оны әрқашан қолдана алмайсыз. Кейде сіз тым қаталсыз, кей жағдайда - тым жұмсақсыз. Баланы тәрбиелеуде мән берген өте қажет деп ойлайсыз.
30-39 ұпайға дейін----Сіздің өміріңіздегі ең үлкен құндылық,сіз баланы түсінуге және білуге тырысасыз.Балаға сыйластықпен қарап,Тәрбиелеудегі ең тиімді әдістерді қолдануға ынталысыз. Басқаша айтқанда,Сіздің іс-әрекетіңіз түзу және ісіңіздің жемісті болуына үміттенеміз.
4. «Ашық айтсам…» жаттығуы; қорытынды:
Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып, толтырылады.
Сабақтың жүргізілген күні___________________________________________
Менің тренингтік есімім_____________________________________________
Менің тренинг барысында түйгенім____________________________________
__________________________________________________________________
Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады_________________________________
Жүргізушіге ұсыныс_________________________________________________
__________________________________________________________________ Қолы__________________
-
Рефлексия: «Алақанға жан бітір» ойыны.
Жүргізуші қатысушыларға альбом парағына алақанын салып, оған жан бітіру керектігін ұсынады. Алақанға ауыз, көз..... салу. Саусақтарын бояу. Әрбір саусаққа ерекше есімдер ойлап тауып жазу. Соңында неге олай аттағандықтары туралы айтып беру.
-
Қорытынды:
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой-өлкесі, — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Адам да өсімдік сияқты, күтілмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізде ұстайық.
-
Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға көмектесу.
-
Балаға маман тарапынан тағылған мін, ескертулерді шын пейілмен түсіну және түсіндіру.
-
Баланы ағза қызметінің қалыптасуымен мұқият таныстыру.
«Отбасы ең үлкен, мықты тәрбие ошағы» атты отбасылық онкүндік аясында ұйымдастырылған «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» ата-аналармен тренинг-сабақтың сараптамасы
Күні: 09.02.2018жыл
Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі»
Қатысушылар: 5-7 сынып ата-аналары
Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің жетілдірудің тиімді әдіс-тәсілдерімен таныстырып, отбасы мүшелерінің қарым-қатынастарын нығайту.
Мынау жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан-жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі – ата-ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс. Бала тәуліктің ¼ бөлігінде, яғни, 6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.
Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген нақыл сөз тегін айтылмаған. Ата-ана өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, іс-әрекеті арқылы баласына үлгі көрсетеді. Сондықтанда ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін жетілдіріп, бала тәрбиесіндегі негізгі ерекшеліктерін арттыру негізінде 5-7 сынып ата-аналарымен «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» атты тренинг сабақ өткізілді. Тренинг-сабақта қатысушылармен әртүрлі жаттығулар өткізілді. Сауалдар кезеңінде ата-аналар өз ойларын еш бүкпестен айтты.
Сонымен бірге ситуациялық сұрақтарға белсенді жауап бере отыра "Сіздің өміріңізде бала қандай орынға ие?" атты ата-аналардан сауалнама алынды.
Ашығын айтсам бөлімінде ата-аналар өз ойларын ашық жазып, ұсыныстарын айтты.
Рефлексия бөлімінде
«Алақанға жан
бітір» ойыны
өткізілді. Ойынның шарты қилған алақанға жан бітіру.
Яғни алақанның әрбір саусағына көз, ерін салып , саусақтарды бояу.
Әрбір саусаққа ерекше есімдер ойлап тауып жазу.
Жүргізуші қатысушыларға альбом парағына алақанын салып, оған жан
бітіру керектігін ұсынады. Алақанға ауыз, көз..... салу.
Саусақтарын бояу. Әрбір саусаққа ерекше есімдер ойлап тауып жазу.
Соңында неге олай аттағандықтары туралы айтып
беру еді. Ата-аналар берілген
тапсырмалардың бәріне жауап бере отыра, өз ұсыныстарын
ұсынды.
«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» ата-аналармен тренинг-сабақтан үзінді



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген