Ата аналармен викториналық сұрақ: «Тіл мәртебесі»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата аналармен викториналық сұрақ: «Тіл мәртебесі»

Материал туралы қысқаша түсінік
материал өзіме қажет. І санаттқа өтуім үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Тіл мәртебесі» 

Мақсаты: Ата –аналардың өз елін, туған жерін, мемлекеттік тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге, Ата аналарды тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіңе үйрету. 


Барысы: Жүргізуші:- Армысыздар, ардақты да аяулыда ата аналар қонақтар! Біздің бүгінгі «Тіл мәртебесі» апталығына қош келдіңіздер! Балабақша  ауыл  көркі  бүгінде

Пәк  сезім  бар  сәбилердің үнінде

Әрбір  үйдің  қуанышы  еркесі

Қызықта  сол  бал – бөбектің  тілінде

Балалықпен  өмір  жолы  басталған

Балалардың  бақытыда  басты арман


-Кірпігі ине болып қадалды да,

Ұшқындап көрермендер жанарында,

Балбұл жанып сайыскерлер шықты ортаға,

Қол ұрмай қалған сірә,адам бар ма?- дей отырып ортаға қатысушыларымызды шақырайық....


Сән – салтанат  жасайық
Күй  сандықты  ашайық
Бұл  мереке  бұл  тойға
Ән  мен  шашу   шашайық

Ән: тұлпар тобының бөбектерін шақырайық—«Туған ел»

Қазақ тілі өте бай, әрі көркем тілдердің бірі – қазіргі қазақ тілі – дамыған тіл.

Бүгін сайыста екі топ қатысады. Бірінші топ «Тапқырлар» деп аталады, ал екінші топ «Ойшылдар» деп аталады

Сайыс 5- бөлімнен тұрады:

1-бөлім «Жедел жауап»

2-бөлім «Кім жылдам?»

3-бөлім «Қызықты ұйқастар»

4-бөлім«Тіл - өнер»

5- бөлім «Тапқыр болсаң – тауып көр».

1 бөлім. «Жедел жауап».

Шарты: бұл бөлімде әр топқа 5-сұрақтан қойылады. Қатысушы жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншының жауап беруге мүмкіндігі болады. Жауап берер кезде қолымызды көтереміз.

1 топ.

1. Қазақ халқының ұлттық аспабы не? (домбыра)

2. Қазақша жаңа жылды қашан тойлайды? (наурыз)

3. Балалардың тілін дамытуға арналған оқу қызметі қалай аталады?(Сөйлеуді дамыту.)

4. Атақты күйші кім? (Құрманғазы Сағырбаев)

5. Балаларға патриоттық тарбие беретін мерекелерге қайсысы жатады?

)1-Маусым, ә)16 желтоқсан, б)Алтын күз)


2 топ.

1. Қазақтың үш биін атаңдар. ( Төле би, Айтике би, Қазыбек би )

2. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим )

3. Келген емес жайдан жай,

Жеңдік барлық езгіні,

Тәуелсіздік алған ай,

Жылдың қай мезгілі, қай айы? (Қыс мезгіл, Желтоқсан айы).

4.Отан соғысына қатысқан батыр қыздар кімдер? ( Маншук Маметова, Алия Молдагулова )

5. Қайсысы патриоттық әндерге жатады? (а)Кел балақан,балақан. ә)Дудар-ай, б)Менің Қазақстаным!)


 Екінші бөлім «Кім жылдам?»

Бұл бөлімде берілген әріптерден тез сөздер құру.

Құрылатын сөздер:

бөбекжай-ӨЖБЕЙБАК, АШТАМА– тамаша

тәуелсіздік- КІЛСӘІЗДТУЕ, НЕЛКҮ – үлкен

Бүлдіршін мен бәріміз,

Отбасындай бір ұямыз

Береміз ендеше

Әлирахманға кезегін.
• 
Үшінші бөлім «Қызықты ұйқастар» 
Әр топтың мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.

1.Игра-ойын, шея-…(мойын).

2.Жизнь-өмір, уголь-….(көмір).

3.Число-сан, кровь- ...(қан).

4.Молоко-сут, жди-… (күт).

5.Человек –адам, шаг- ...(қадам).

ІІ топ:

1.Возьми- ал, мед-…(бал).
2.Рыба- балық, народ-…(халық).

3.Дверь- есік, колыбель-…(бесік).

4.Город- қала, ребенок- …(бала).

5.Таможня- кеден, пол-...(еден).


• 
Төртінші бөлім «Тіл - өнер»

Ойынның шартты : Мақал – мәтелдерді толықтырып айтыңдар.

І топ :

1.Ең тәтті де тіл,...(ең ащы да тіл).

2.Оқу-білім бұлағы, ...(білім-өмір шырағы).

3.Жүз сом ақшаң болғанша, ...(жүз досың болсын).

4.Білім таппай мақтанба, ...(өнер таппай баптанба).

5.Тіл-қылыштан ...(да өткір).

6.Отан ...(оттан да ыстық).

ІІ топ: 
1.Шебердің қолы -ортақ, ...(шешеннің тілі- ортақ).

2.Отансыз адам-...(ормансыз бұлбұл).

3.Ер жігіт елі үшін туады, ...( елі үшін өледі).

4.Мектеп-кеме, ...(білім- теңіз).

5.Жақсы жолдас- жанға серік, ...(жаман жолдас-малға серік).

6.Өнер алды- ...(қызыл тіл).

Әсем әуен салдырған

Сәбилер де алғыр жан

Бал дәуреннің қызығын

Есте қалар балдырған.

Кезегімізді әнге берейік.

Ән: Екатерина
«Білімді мыңды жығар,
білекті бірді жығар»демекші,келесі кезеңіміз жұмбақ жасыру.

Бесінші бөлім «Тапқыр болсаң – тауып көр».

Мақсаты: бұл ойында жұмбақтың жауабын тауып үш тілде жауап беру керек (Қазақша, орысша, ағылшын тілінде)

Шексіз көк аспанды жамылады,

Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі

Бірігіп бір жүректен шырқайтұғын,

Әнұран- мемлекеттің халық әні.


І топ: 
1.Көреді бәрін өзгенің, көре алмайды өздерін. ( көз, глаза eyes )

2. Күндіз шайқасады, түнде айқасады. ( кірпік- ресницы- eyelashes)

3. Бірі үлкен, бірі кіші, туысқан бірге бес кісі ( бес саусақ - пальчики- fingers )

4. Іші жұмсақ, сырты қатты. Еті қызыл, сүті тәтті.(қарбыз –арбуз-watermelon )

5. Ерте тұрады, жар салады. ( қораз-петух cock) 
ІІ топ:

1. Асқар тауда қара орман ( адамның шашы-волосы- hair)

2. Екі бала қатар тұрса да, бірін – бірі көрмейді ( көз-глаза-eyes)

3. Ти десем тимейді, тиме десем тиеді ( ерін-губы-lips)

4. Бір үйде көп бала, біреуі – көк бала, біреуі – қызыл бала, біреуі – қара бала, біреуі – сары бала. ( түсті қарындаштар –цветные карандаши-colour pencils)

5. Қалын киім ұнатады, Шешіндірсең, жылатады. ( пияз –лук-bow onion )


Қорытынды.

Сонымен, Ата-аналар біздің сайысымыз аяқтала келеді.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда,

Тұлпардан тұлпар озар шабысқанда», дегендей, бүгінде үш тілді еркін игеріп өздерінің білімі мен ой- өрісін таныта білген ойыншыларымызға алғыс білдіреміз. Екі топта қалыспай жақсы жауап бергендері үшін жеңімпаз екі топ. Бұл ойында «Достық жеңді» деп шешім қабылдайық.

Осы жеңістерімен құттықтай отырып, Мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілін құрметтеп, оны үйреніп, білуіміз қажет деп ойлаймын.

Ана тілім – тастамайтын әліппем,

Болғаным жоқ әріптерін танып мен.

Өз тілімді жақсы көру арқылы

Достасамыз басқа барлық халықпен! дей отырып Мен сіздермен қоштаспаймын келесі кездескенше Сау болыңыздар! деимін


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2019
2999
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі