Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынас

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынас

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналармен тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-аналармен тренинг


Тақырыбы: «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас»  

Тренингтің мақсаты: Балаға тәрбие беруде басты рөлді атқаратын отбасы екендігін әңгімелеп, ата-ананың бала көңілін таба білуіне ой түрткі салу, бала тәрбиесін дұрыс берілуіне бағыт-бағдар беру. Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлін анықтау. Ата-ана – мектеп-бала болып, үш жақты тығыз қарым-қатынас орнату.

Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен тығыз байланысын арттыру. Бала тәрбиесінде кездесетін қиыншылықтардың алдын алу.

Қажетті құрал-жабдықтар: АКТ, қауырсын, үлестірмелі қағаздар, А3 формат, қалам, маркер, доп және т.б.

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, психологиялық ойын-жаттығулар.

Жоспары: 

  1. Танысу жаттығуы

  2. «Кім жылдам?» ойыны

  3. Ата-аналарды топқа бөлу

  4. Бейне-фильм көрсету.

  5. «Қауырсын» әдісі

  6. Сергіту сәті

7. Қорытынды: Рефлексия


-Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас»   атты тренинг сабағымызға қош келдіңіздер! Ата –ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана, яғни сіздер.

Барысы:
1. «Танысу» жаттығуы.

-Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық.

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өз есімін және балаңыздың есімі мен жағымды қылығын атаңыз.

Қандай әсер алдыңыздар ?

Не қиындық келтірді?

2. «Кім жылдам?» ойыны: допты тосып алу арқылы ата-ана сұрақтарға жауап береді

Қызықты сұрақтар:

1.Балаңыздың туған күні?

2.Сынып жетекшісінің толық аты- жөні?

3 Балаңыздың парталас көршісі кім?

4.Балаңыз қандай өлшемлі аяқкиім киеді?

5.Балаңыздың сүйікті асы қандай?

6.Балаңыз кеше қандай баға алды?

7.Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

8.Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

9.Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

10.Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?

11.Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?

12.Балаңыздың ең жақын досы кім?

Ата-аналар берілген сұрақтарға тез жауап беруі тиіс.

3. Ата-аналарды топқа бөлу

Енді ата - аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты, табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді. Ал енді ата - аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек, діндер бір бөлек отыруымыз керек.

Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар. Ол үшін алдымен таңдаған ағаштың бөлігін А3 парағына суретін салыңыздар. Яғни, ата - аналар мына үлкен қағазға «тамыр тобы»- тамырды, «діңгек тобы»- діңгекті, «жапырақ тобы»- жапырақты саламыз. (әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).

Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік. Олай болса, слайдқа назар аударайық.

  • Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар.

  • Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар.

  • Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар.

Осы ағаштың тамыры – ата - ана, діңгегі - ұстаз, жапырағы – балаларымыз. Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жемісін береді.

4.Бейне-фильм көрсету.

Балаңыз өзіне сенімді болуы, өзін-өзі бағалауы орынды болуы, батыл, бастамашыл болуы үшін, өз сөздеріңізге абай болыңыздар:өзіңізде теріс қуаты бар сөздер бар ма, соған талдау жасаңыз және баламен сөйлесуде оларды алып тастаңыз. Бейне-фильм қарауды ұсынамын. Экранға назар аударыңыздар. №1 «Мейірімді бала тәрбиелеудің 6 жолы», №2 «Көлеңке» бейнеролигі көрсетіледі. Видеодан алған әсерлерімен бөліседі.

5. «Қауырсын» әдісі арқылы ата-аналар «Бала сіз үшін кім?» деген сұраққа жауап береді. Қауырсынды бір-біріне ұсынып өз ойларын білдіреді. Мысалы: Бала – болашағым, серігім, бақытым, өмірімнің жалғасы т.б.

6. Сергіту сәті. Ата-аналарға «Әлемнің жарығы» әнін караокемен айту ұсынылады.

7. Рефлекция. Ата-аналармен кері байланыс орнатылады. Ол үшін бүгінгі тренингтен алған әсерлерін стикерге жазады.

Құрметті ата-аналар! Бүгін біз сіздермен бірге отырып, бала мен ата-ана арасындағы қарым –қатынасты жақсартуға күш салдық. Олардың денсаулығы мықты, көңіл-күйлері көтеріңкі ақылды, мейірімді, еңбекқор болғанын тілейміз. «Міне, осымен «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас» атты тренингіміз аяқталды. Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2024
225
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі